«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады:
Ұсынылған ақпарат, проблема бойынша өз елестетуін жеткізе алады;
Әр алуан түсіндірулерді көре алады;
Өз жұмысын кластастарымен талқылап, мәтінге терең талдау жасайды;
Белсенді оқу тәжірибесі пайда болады ;
Таным әрекетінде қарым-қатынас жасау шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам: оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алынғанын белгілеп қояды.
3-қадам: кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазып қояды. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе өз еріктері.
4-қадам: мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.
5-қадам: ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы-пікірталастың бағытын ұстап тұру және ұсақ пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.
7-қадам: енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады және басынан қайта басталады.
«Қалам столдың ортасында» әдісі Күтілетін нәтижелер. Оқушы жасай алады:
ұсынылған ақпарат, проблема бойынша кластастарына өз елестетуін жеткізе білу;
кластастарымен өз жұмысын талқылау, мәтінге, проблемаға терең талдау жасау;
идеяларын кластастарымен алмастыру, өзгелердің пікірін ескере отырып, қорытынды жасау ;