0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет26/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
СТО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 66

«Тұжырымдамалық кесте »сызбасы
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • үш және одан да көп аспектілерді немесе сұрақтарды анықтамалық белгісі мен қасиетіне қарай салыстыра біледі;

  • мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады;

  • ақпаратпен ынталы жұмыс жасайды;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас жасау шеберлігі.

Жүзеге асыру қадамдары
1 -қадам: мұғалім үлкен қағазға кесте-сызба дайындайды :


Салыстырылатын нысан

температура

өлшемі

Агрегаттық жағдайы

Серігі

Юпитер













Сатурн













Марс













Жер












2 -қадам: егер бұл қорытынды сабақ болса, оқушылар кестені оқыған мәліметтері негізінде толтырады;


- егер жаңа тақырыпты меңгеру сабағы болса, кестені ақпаратты алу барысында толтырады.
3-қадам: жұпта, топта талқылау.

«Сиқырлы сұрақтар» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • білімін, әсерін, тәжірибесін актуалдандыру;

  • ұсынылған сұрақтар бойынша сараптау, болжау, қиялдау;

  • жаңа ақпаратқа қызығушылықпен қарау;

  • жаңа білімді алуда өз қажетін анықтау және тақырыпты меңгеруге өз жоспарын құру;

  • сұраққа өз жауабының сәйкес келгенін, немесе келмегеніне рефлексия жасау;

  • таным әрекеті процесінде қарым – қатынас жасау шеберлігі.



Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: мұғалім тақырыпқа байланысты өзінің «ашық» сұрағын аудиторияға ұсынады (сұрақты тақтаға жазған дұрыс. Сұрақ кез-келген түрде әзіл, жұмбақ, проблема т.б болуы мүмкін)
2-қадам: әуелі 2-3 минут сұраққа жауапты өзі жазады, сосын өз ойын жұпта / топта бөліседі.
3-қадам: бірнеше топ өз жұмыстарын аудиториямен бөліседі және жаңа тақырыпқа ауысады.
4- қадам: жаңа тақырыппен танысып болған соң, сиқырлы сұраққа өз жауаптарының қаншалықты сәйкес келгенін салыстырады және қорытындылайды.

Кіші топтарға бөлу әдістері.
Сезімнің ширығуын тарқататын қолданылып жүрген қызықты әдістер бар.
а) «Молекулалар».
Топқа бөлудің мұндай әдісінде ойынға қатысушылар жүргізушінің «Атомдар»деген командасын естіген бойда немесе музыка ойнатып, оны тоқтатып тастаған уақыта оқушылар әртүрлі қимыл - әрекеттерін тоқтата қоюы керек. Сосын жүргізуші «Молекула-1,2,3,4,5 т.б» санай бастағанда, топтала бастауы қажет, осылайша қанша топ құрғысы келсе сонша рет оқушыларды музыкамен немесе «Атом» деген бұйрығымен әрі сергітіп, әрі топтап алады.
б) «Мақал құрастыру».
Бұл жағдайда жүргізуші алдын-ала кеспеқағаздарға бір мақалды бөліп-бөліп жазып, таратады, сосын ойыншыларға кеспеқағаздағы жетіспей тұрған сөзді тауып, мақалды құрастыру ұсынылады. Осылайша топтар құрылады.
в) «Сүйікті жемістер». Топқа бөлу үшін жемістер атауы немесе суреті ұсынылады: алмалар, алмұрттар, апельсиндер т.б.(жемістің аты қанша болса, сонша топ құрылады) Құрылған топтар «Алма» тобы, «Алмұрт» тобы т.б. деп аталады.
Осындай тәсілмен келесі топтар құрылады:
г) «Тәулік уақыты» Таң- күн – кеш-түн.
д) «Жыл мезгілі». Жаз, күз, қыс, көктем.
ж) …жәнет.б.

Рефлексия!Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ беретін пәніңіздің жоспар-конспектісін жасаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет