0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет23/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
СТО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 66

«Зерттеушілік конференциясы» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • зерттеу үрдісі;

  • айналасындағылардың пікірін үйрену;

  • жарияланымды сараптау;

  • проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай білу;

  • зерттеу нәтижесін шығармашылық тұрғыда көрсете білу;

  • ұсынылған проблема бойынша өз елестетуін таныстыра білу;

  • таным әрекеті процесінде қарым- қатынас жасау шеберлігі .

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: тақырыптың қойылуы (немесе таңдау)
2 -қадам: кіші топтарға бөлу және топтардың тапсырмаларын анықтау:

  1. жазбаша сұрау (сауалнама) ұсынылған проблема бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында ( толтырылған сауалнамалар ұсынылады, сауалнама нәтижелерінің қорытындысы және сараптамасы);

  2. ауызша сұрау (сұхбат алу) ұсынылған проблема бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында («тірі сұхбат»ұсынылады, сұхбат алу процесі көрсетіледі, сұхбаттың қорытындысы мен сараптамасы);

  3. проблема бойынша бастырылған (печатный) мәліметті оқу (жарияланымды оқу нәтижесінің сараптамасы мен қорытындысы: графикалық және кестелік);

  4. бақылау ( бақылау нәтижесінің жазбаша және ауызша сипаттамасы немесе бақылау нәтижесін сахналау);

  5. берілген проблема бойынша өз көзқарасы тұрғысынан рефлексия жасау (дәйектелген эссе).

3-қадам: оқушылармен бірге зерттеу жұмысының өлшем бағаларын анықтау:
1. Берілген тақырыпқа (тапсырмаға) сәйкестігі ( 0 ден 5 баллға дейін).
2. Жинақталған деректі мәліметтің сонылығы және құндылығы ( 0 ден 10 баллға д).
3. Зерттеушілік шеберлігі: жинақталған мәліметті қайшылықсыз қолдану және дәлелдер арқылы қорыту ( 0 ден 10 баллға д.).
4. Құрылымы (композициясы): ( 0 ден 6 баллға д.).
5. Шығарманың тілі мен стилі ( 0 ден 5 баллға д.).
6. Жұмысты көркемдеу мәдениеті ( 0 ден 3 баллға дейін).
7. Жұмыстан алған жалпы әсері ( 0 ден 10 баллға д.).
4-қадам: топтардың тапсырманы орындауы.
5-қадам: топтардың жұмыстарына презентация және бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет