Лого-ырғақ жаттығулары бұл -әуен ырғағымен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі.Түзету жұмыстарында лого –ырғақтың атқаратын маңызы зор.Себебі музыка оқу қызметінде үнемі лого –ырғақтың элементтерін енгізу тілді , жалпы моториканы және үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді. Лого-ырғақ жаттығуларын “денсаулық” білім беру саласында дене шынықтыру оқу қызметінде элементтерін пайдаланамыз.
Қолдың саусақтары жақсы жұмыс жасауы үшін баланың сурет салып үйренуіне, қайшымен жұмыс жасауына, мозайка, пазлы жинауына, түймелерді тағып, шешуі секілді әрекеттерді атқаруына басымдық беріледі.
Көптеген тәжірибелерге сүйенсек,сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасында ауытқушылықтар байқалады. Қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары мектепке дейінгі кезеңде де мектеп жасында да маңызды болып табылады. Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың маңызы бар.
Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының да орны ерекше.Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын , көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда , зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы роль атқарады.
Ата-аналар мен тәрбиешілердің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн. Ойындар, жаттығулар , түрлі тапсырмалар беріліп отыруы керек.
Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз: 1.Сөйлеу тілі жетіледі.
2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3.Икемділігі арта түседі.
4.Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.
5.Танымдылық деңгейі артады.
Қарапайым жаттығулар барысында балаға түрлі жануарларды таныстырып, олардың жүрісін, қандай дыбыс шығаратынын қайталатқан абзал. Бұл бала үшін әрі қызық әрі керемет жаттығу. Мәселен, мысық қалай жүреді?, ол қандай дыбыс шығарады?- деген сауалдарға баладан жауап алып, оның қимылын бағалауға болады. Бұдан басқа бірнеше жан-жануарларды атап шығуға болады. Ол үшін әрине, балаларға сол жануарлар туралы алдын ала мәлімет беру арқылы оқу қызметін өткізіп алған дұрыс. Сондай-ақ, аталған аңдарды көз алдына елестетуді үйреткен жөн. Ол өз кезегінде оның логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы баламен қарым-қатынас нығаяды, сенім артады, баланың өз-өзіне деген көзқарасы жақсы жағына қарай өзгереді, көрсем, білсем деген ынтасы, қызығушылығы оянады. Ойын ақыл-ойды дамытатын тәсіл. Сондықтан оны тиімді пайдалану арқылы көздеген нәтижеге жетуге әбден болады.
Баламен неғұрлым көбірек сөйлесіп, оны диалогқа тарта білу қажет.Сол арқылы оның сөздік қоры қалыптасады. Тек баланың дұрыс сөйлеуін ғана бақыламай, тәрбиеші өзінің де құлаққа жағымды, дыбыстарды анық, мәнді етіп айтуына үлкен маңыз беріледі.