1- дәріс. Аэроғарыштық әдістердің ерекшеліктері мен маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата10.12.2023
өлшемі1,69 Mb.
#136426
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Дәрістер

 
 
 
 


15-дәріс. Қазақстаннның ғарыштық бағдарламасы 
1991 жылы 13 наурызда .мемлекеттің қолдауымен «Қазақстан-Ғарыш» кешенді 
бағдарламасы жоспарланды. Бағдарламада Қазақстан Республикасындағы ғарыштық 
зерттеулердің негізді бағыттары анықталды. Жаңа саланың дамуы үшін 1991 жылы 
Ғарыштық зерттеу институты ашылды. 
Қазіргі кезде мемлекетте ғарыштық саласын даму үшін 2007 жылы «Ұлттық ғарыштық 
агентствосы (Қазғарыш) құрылды. Қазғарыштың бағыты ғарыш технологиясын еңгізуге 
және ғарыш ғылымын дамутуға бағытталды.
Қазақстанның ҒЗИ мамандары мен ғалымдардың байланыстары және Қазақстанда 
Ресей ғарыштық саласының ұйымдастырылуы арқылы 1991 жылы «Мир» ОК қазақ 
ғарышкері Т.О.Әубәкіровтың ұшуынан зерттеулер басталды. 
Ғарыш 
эксперименттерінің жоспарлануы, құрастырылуы және іске асуы 
Қазақстанның 20-астам ҒЗИ және ұйымдарының ғалымдарымен жүргізілді. 1994 жылы 8 
ғарыш эксперименті ӛткізілді, 1998 жылы – 23. 2001 жылы Қазақстан алғашқы болып 
халықаралық ғарыш станциясында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізілді. 
1996 жылдан бері Қазақстан республика аумағының ғарыш суреттері IRS/P6 
(Үндістан) және RADARSAT (Канада); Terra/MODIS және NOAA (США) 
зымырандарынан қабылданып ӛнделіп келеді. 
Сонымен, Қазақстан Орталық Азия мемлекет арасында ең алғашқы ӛзінің ғарыш 
бағдарламасын іске асырды. ҚР мақсаты: тек ӛз тұтынушыларына ғана емес, сондай-ақ, 
шетел тұтынышуларына кӛмек кӛрсету.
KazSat-1 — жеңіл телекоммуникациялы геостационарлы зымыран (тұру нүктесі -
103
0
ШЕ). Зымыранды құрастыру үшін 15 шетел және ресейлік және борттық 
телекоммуникациялық құралдар шығаратын Boeing, Alcatel Alenia Spazio Italia, ComDev 
фирмалар қатысты. Зымыранды «Протон-К» тасымалдаушы және ДМ-3 блогы арқылы 
орбитаға шығарылуы жоспарланды.
Аппарат 2006 жылы 18 маусымда ғарышты ұшырылды. Коммерциялық пайдалануы 
(теледидар жүйесі мен интернет-коммуникациялары) 2006 жылы қазақ айында басталды. 
2007 жылдың соңында зымыранның жүктелуі жоспардан тыс 70 %-ға жетті. Соған 
байланысты 2008 жылы 10 қантарда зымыранның жұмысы тоқтап қалды. Ол 10 сағатқа 
байланыстан тыс шығып, содан қайтадан байланысқа шықты. 
Бірақ, 2008 жылы 8 маусымда зымыранда техникалық себептерге байланысты тағы 
проблема пайда болды.
2008 жылы 30 қазанда зымыранмен байланыс орнатылып, техникалық себептерін 
анықтау ол белгіленген нүктеге жеткізілді, бірақ 26 қарашада зымыранмен байланыс 
жоғалып, ол белгісіз бағыттқа ұшып кетті.
2009 жылы 6 - 13 тамыз айы арасында KazSat-1 қалдықтар сақталатын орбитаға 
кӛшірілді. Себебі, ӛзінің сақталып тұратын нүктесінен еністеп кетсе, ғарыш аппараты 
геостацинарлы орбитадағы басқа шетел мемлекеттердің зымырандарының жұмысына 
кедергі болар еді. Сондықтан ғарыш аппаратының ұшуын басқаратын барлық жұмыстар 
тоқтатылды. 
Бүгінгі күндері ғарышта Қазақстанның екі зымыраны: «Kazsat-2», «Kazsat -3» және 
арақашықтықтан зерделеу тобынан екі зымырандары жұмыс істеуде: «KazEOSat-1» және 
«KazEOSat-2». KazSat-2 2011 жылдың шілде айында орбитаға шығарылды. Оның 
шамадан тыс жүктелуі 64% құрайды. Оның себебі- алғашқы KazSat-1 зымыранның 
жұмыстан шығып қалуы. «KazSat-2» зымыраны 2011 жылы 16 шілдеде Бақоңыр ғарыш 
алаңынан 
геостационарлы 
орбитаға 
(ГСО) 
шығарылды. 
«KazSat-2» 
негізгі 
сипаттамалары: ГСО –ғы тұрақты нүктесі - 86,5 град. ш.е., массасы – 1272 кг., бағдарлау 
дәлдігі- 0,1 град., жұмыс істеу мерзімі – 12,25 жыл. Борттық аппаратура «РКС» ААҚ-ң 3 
кешеннен тұратын бағдарламалы-уақытша құралы.


Байланыс және телехабар зымыраны тапсырыс бойынша ресейлік ФГУП «М.В. 
Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-ӛндірістік орталығы» АҚ «РЦКС» 
мекемесімен бірге Thales Alenia Space (Италия) компаниясы құрастырылған. «KazSat-2» 
зымыраны үкіметтің электрондық қызметін атқаруға, телерадиохабар жүргізуге, 
телефония, мультимедиа, мәліметтер беру және жылжыма байланыс қызметтерін атқаруға
арналған. Оның жұмыс істеу зонасына барлық Қазақстан Республикасы, Орталық Азия, 
солтүстік-батыс Қытай, Моңғолия, орталық Ресей, Закавказ мемлекеттері, Украина және 
Беларусия республикаларының бір бӛлік аумақтары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет