1- дәріс. Аэроғарыштық әдістердің ерекшеліктері мен маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата10.12.2023
өлшемі1,69 Mb.
#136426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Дәрістер

.
нысандардың контрасты – қарсыластығы 
ландшафттың жарықтық интервалын
U= В
ж max

жmin
анықтайды. 
Жарықтық контрасттың
ең аз кӛрсеткіші

дала аудандарында байқалады

ең 
кӛбі
– биік таулы аймақтарға тән. 
Интегралды жарық коэффициенттер 
Нысандар 
Жаңа жауған қар 
1,00 
Ӛзен мұзы 
0,30 
Теңіз беті 
0,07 
Кварц құмы 
0,20 
Қара топырақ 
0,03 
Басқа топырақтар 
0,15 
Жапырақты орман 
0,07 
Қылқан жапырақты орман 
0,05 
Құрғақ шалғын 
0,07 
Мүкті батпақ 
0,05 
Ауылшаруашылық жерлер 
0,10 


Қала мекендері 
0,20 
Қара топырақты жолдар 
0,08 
Басқа топырақты жолдар 
0,20 
Асфальт 
0,02 
Үшкіртасты гранит 
0,15 
Қызыл кірпіш 
0,20 
2.2. Шағылысу индикатриса 
Кӛптеген табиғи нысандар сәулені жан-жаққа қарай әр түрлі етіп шағылыстырады. 
Сондықтан олардың жарықтығы бір бағытта кӛбірек болса, екінші бағытта аз болуы 
мүмкін. Нысандардың әр түрлі бағыт бойынша таралған жарықтық коэффициентінің 
жиынтығын 
шағылысу индикатриса
сы дейді және оны график түрінде кӛрсетеді. 
Шағылысу индикатрисасы үш түрге бӛлінеді: а) тегіс (айналы) жер; б) бұдырлы (күңгірт) 
жер; в) тілімденген жазық жер (16-сурет). 
Шағылысу индикатрисасы
ең кӛп болатын беттері тегіс (айналы) нысандарға 
тән
. Оларға 
су, мұз беттері, тақырлар, тегіс жолдар жатады.
Бұндай нысандардың 
жарықтығы ең кӛп күнге қарама-қарсы тұрған жағдайда байқалады. 
 Тегіс (а), бұдырлы (күңгірт) (б) және тілімденген (в) жазықтықтардың
шағылысу индикатрисасы

Бұдырлы жерлер күн сәулесін жан-жаққа бірдей шағылыстырады – (шашады) – б 
сурет, бұндай нысандарға – жазықты тегіс құмды беттер жатады (құмды жерлер). 
3. Спектрлі жарықтың коэффициенті 
Жер бетінде ең кеңінен таралған – бұл түрлі-түсті боялған нысандар. Олардың 
жарықтығы әр түрлі спектрлі зонада бірдей болмайды және олар спектрлі жарықтың 
коэффициентімен кӛрсетіледі. 
Нысандардың спектрлі жарықтығы негізінен тәжірибе жасау арқылы анықталады. 
Спектрлі жарықтың коэффициенті екі шағылысқан сәулені салыстыра отырып, зерттеу 
нысанынан эталонға дейін фотоэлектр құрал (спектрометр) арқылы ӛлшейді. 
Спектрдің кӛрінетін диапазонында шағылысу қабілетіне байланысты ландшафта 
түрлі нысандарды тӛрт топқа бӛлуге болады, олардың әр қайсысы ерекше спектрлі 
жарықтың қисық сызығымен ерекшеленеді. 
1- топ (тау жынысы, топырақ) спектрдің қызыл зонасына жақындаған сайын 
спектрлі жарық коэффициентінің ӛсуімен сипатталады. 
2 - топ (ӛсімдік жамылғысы) шағылысу қабілетінің ең кӛбі жасыл (550 км), ең азы 
– қызыл (660 км) және шағылысуының күрт жақын инфрақызыл зонасында ӛсуімен 
ерекшеленеді. Ӛсімдіктердің шағылысу коэффициентінің қызыл зонасында ең аз болуы 
жұтылуымен байланысты, ал оның жасыл зонасында ӛсуі - сол сәулелердің хлорофилл 
арқылы шағылысуымен байланысты. Жарық коэффициенттердің инфрақызыл зонада 
күрт ӛсуі хлорофилл арқылы ӛтуімен және жапырақтың ішкі тканімен шағылысуымен 
байланысты. 
3 - топ (су беті) шағылысу коэффициенттің кӛк – күлгін түстен қызыл спектр 
зонасына дейін азаюымен (ұзын толқынды сәуле сумен қатты жұтылады) ерекшеленеді. 
4 - топ (қар жамылғысы) шағылысу коэффициенттің ең жоғары кӛрсеткіші тек
спектрдің жақын инфрақызыл зонасында аз ғана тӛмендейді. Қар суланған кезде бұл 
тӛмендеу күрт кӛтеріледі. 
 


Сәулелену, белгілі бір биіктікте орналасқан қабылдаушы құралға жеткенше, 
кӛмескі, күңгірт ортадан - атмосферадан ӛтуі керек. Атмосфераның негізгі массасы (газ 
қоспалары, су буы) жерге жақын қабатта (10 км) орналасқан. Атмосфера сәулеленуге және
оның ӛзгеруіне әсер етеді. Оның ӛзгеруі, біріншіден, ауа қабатының массасы, екіншіден, 
ионосфера қабатының электронды шоғырлануына (концентрациясымен) байланысты. 
Электромагниттік сәулелену атмосферадан ӛткенде рефреакция мен әлсізденуге 
(жұтылумен шашырауға) ұшырайды. 
Рефракция (сәуленің майысуы) атмосфераның әр түрлі қабатында температураның, 
қысымның, 
ылғалдылықтың 
ӛзгеруімен 
сыну 
коэффициентімен 
байланысты. 
Рефракцияның әсері жоғары емес – нысаналау бұрышының бұрмалануы бірнеше 
бұрышты секундты құрайды. 
Сәуленің жұтылуы электромагниттік сәулелену газдарда және аэрозолдар 
құрамында жұтылуға ұшырайды. Жұтылуда негізгі рӛлді су буы атқарады 
Шашырау. Сәуленің шашырауы атмосфераның кӛмескілену және түсіп тұрған 
сәуле толқындарының ұзындығымен байланысты. Шашыраудың екі түрі болады: 1) 
газдардың молекуларымен шашырау (Релея шашырау деп аталады); 2) аэрозоль 
бӛліктерімен шашырау (Ми шашырау). Бірінші түрі қысқа толқынды сәулеленуге 
(кӛгілдір түсті аспан осыған байланысты), екіншісі – ұзын толқынды сәулеленуге әсер 
етеді. Ультракүлгін сәулеленуге атмосфера тұнық болып келеді. Ұзын толқындарға ӛте 
бастағанда спектрдің мӛлдір үлестірімі кездесе бастайды (мӛлдір коэффициенті ӛте 
жоғары). Спектрдің оптикалық үлескісінде ең практикалық маңызды болып келетін – 
барлық кӛрінетін диапазон және кейбір инфрақызыл диапазондағы (3-5 мкм және 8-12 
мкм) үлескілер. Миллиметрлік диапазонда бірнеше мӛлдір үлескі (терезе) кездеседі. Ең 
маңыздысы – 8,6 мм толқындар ұзындығындағы. Миллиметрлі толқындар қармен, 
жаңбырмен, бұршақпен, тұманмен жұтылады. Тек қана сантиметрлік толқындар 3-5 см-
ден ұзын толқындар олардан кедергісіз ӛтеді. Ал дециметрлік диапазондағы толқындар 
атмосфераның барлық қабатынан, кедергісіз, бұлтқа да қарамастан, жеңіл ӛтеді. 
4. Жердің табиғи және жасанды түрде сәулеленуі 
Температурасы –273

С-тан жоғары нысандар, электромагниттік толқындарды 
сәулелендіреді. Жер күн энергиясын қабылдай отырып, ӛзі де радиацияны шашырату кӛзі 
болып табылады. Жердің сәулеленуінің ең жоғары толқындарының ұзындығы ≈ 10 мкм-
ге тең инфрақызыл сәулелеріне сәйкес келеді. Жерден қайтып кететін сәулелердің негізгі 
энергия толқындарының ұзындығы ≈ 3-30 мкм. 
Қазіргі кезде инфрақызыл жылы сәулелерді тіркеу үшін спектрдің 2-і интервалын 
пайдаланады: 3-5 мкм және 8-12 мкм. 
Әуеғарыштық әдістерде күн сәулесінен басқа жасанды түрде сәулеленуді 
пайдаланады. Жасанды сәулеленуде барлық диапазондардағы электромагниттік 
толқындарды пайдалануға болады. Қазіргі уақытта кеңінен ӚЖЖ (СВЧ)- диапазондағы 
кедергісіз жер бетіне дейін жететін метеорологиялық жағдайға қарамастан 
радиосәулеленуді пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет