1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Үш түрлі әлем: қарқынды дамыған елдер мен дамуы төмен елдердің арақатынасы



бет13/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Үш түрлі әлем: қарқынды дамыған елдер мен дамуы төмен елдердің арақатынасы
АҚШ халқын үш әлеуметтік тапқа жіктегендей, әлемдегі басқа елдерді солай жіктеп қарастыруға болады.
Қарқынды дамыған елдер- әлеуметтік экономикасымен және саяси тәуелсіздігімен белгілі Құрама Штаттар, Жапония, Аустралия секілді мемлкеттер. Бұл елдердің жалпы халық саны әлем халқының шамамен 20 пайызын құраса да, әлемдік жалпы өнімнің 80 пайызын өндіреді және әлемдегі автомобильдердің 90 пайызын иеленеді.
Сальвадор мен Қытай сияқты орташа дамыған елдер әлемдің саяси экономикадаңы орта шептен орын алады. Олардың өмір сүру деңгейі ең дамыған елдерден әлдеқайда төмен, бірақ дамуы төмен мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Әлемде халықтың қалған 75 пайызын төмен дамыған елдерде тұрады. Гаита және Сьерра-Леоне сияқты елдердің ерекше сипаттары-кедейлік пен саяси әлсіздік. Олардың халқының саны, саяси идеологиялары мен ресурстары бойынша айырмашылықтары айтарлықтай болса да, дамуға бағытталған шараларды іске асыруға ынғайланбауы бірдей.
Дамуы төмен елдерде әсіресе әйелдер мен балалар қауіпті жағдайда. Мысалы, ондай елдерде босану үстінде өлім-жетімге душар болған әйелдердің саны дамыған елдердегімен салыстырғанда 100 есе жоғары. Сол сияқты Сьерра-Леонедегі бір жасқа толмай қайтыс болған сәбилер саны Норвегиямен салыстырғанда 40 есе басым.
Бірақ ең бай елдерде өмір сүру сапасы міндетті түрде ең жоғарғы деңгейде деп айтуға болмайды. Мәселен, АҚШ-та жан басындағы шаққандағы жалпы ішкі табыс Канадаға қарағанда 22 пайызға жоғары. Ал Канада адами даму индексі рейтингісінде 1-ші орында, себебі бұл елдегі азаматар денсаулық сақтау, білім алу және қажетінше тамақпен америкалықтарға қарағанда жақсы қамтылған. Неліктен кейбір мемлекеттердің басқаларға қарағанда тым төмен? Біздің дамудың екі теориясының- модернизация және әдемдік жүйелер теориясын қарастырамыз және бұлардың жаһандық теңсіздікпен күресудегі әсерін анықтаймыз.


Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Құрылымдық-функционалдық анализ теориясының негізін салған кім?
2. Бұл теорияның мәнісі неде?
3. Қоғамға құрылымдық-функционалдық тұрғыдан сараптама беріңіз.
4.«Қоғам» ұғымына анықтама беріңіз.
5.«Әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік құрылым»
ұғымдарының айырмасы неде?
6.«Әлеуметтік мәртебе» ұғымы қандай мағына береді?
7.Қоғамға құрылымдық-функционалдық тұрғыдан талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет