1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы



бет17/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
лекция

Жастық шақ
Жастық шақ балалық пен ересектік арасындағы көпір іспеттес. Жастардың алдында тұрған басты мәселе- ата-анасына тәуелсіздік алу.
Жас кезімізде біз көбінесе алдын-ала әлеуметтенуді жүзеге асырамыз. Болашықты ұстанатын әлеуметтік сипатымызға қажетті сенімдер мен әрекеттерді үйренеміз. Мысалы, шамамен, 1980 жылға дейін америкалық қыздардың көбі « үй шаруасы» курстарын тәмәдауға, яғни тамақ пісіріп, тігін тігуді үйренуді тиіс еді. Ал ұлдар машина жөндеу, ағаш жөндеу мен ағаш өңдеу, құралдарын пайдалануды үйрену үшін арнайы курстарда оқуға мәжбүр болды. Қазір ұлдар аспаздық курстарда оқи алады. Ал қыздар ағаш ұстасы болып істей береді. Алайда, жастардың үй-шаруашылығындағы жұмыстары, қосалқы жұмыс орындары мен еріктілер тобындағы жұмыстары әлі де болса дәстүрлі бағыт бойынша бөлініп келеді. Ұлдар үй шаруасына кейде септігін тигізсе де көбінесе тамақ пісіру, үй жинау және бауырларына қарау сияқты жұмыстар қыздардан талап етіледі. Егер ұл бала үй шаруасына араласса көгал қырқу немесе машина жуу сияқты «жігіттің» жұмыстарын жасауы мүмкін. Сол сияқты қыздар көбінесе киім дүкендерінде, ал ұлдар техника дүкендерінде жұмыс істейді. Осылайша, қыздар мен ұлдар отбасылық өмірге және ересек адамдар ретінде болашық жұмыс орындарына дайындалады.
Ересек өмір

Алдын ала әлеуметтенудің арқасында көпшілігіміз жұбай, ата-ана, жұмысшы ретінде өз міндеттерімізге біршама дайын боламыз. Ересек болып саналатындардың отбасы мен қоршаған ортаның қабылдау дағдылары қалыптасқан. Көз-қарастары дамыған және мақсаттары да айқындалған. Алдан ала әлеуметтену ешқашан жеткілікті деңгейде болмайтындықтан белгілі бір кәсіппен айналысқысы келетін кез-келген адам алдымен кәсіби әлеуметтенуден өтуі тиіс. Кәсіби әлеуметтудің мақсаты- белгілі бір кәсіпкер сай білім алып, соған қажетті дағдылар мен мәдениетті үйрену. Полиция қызметкерлерін дайындау осы тенденцияның жақсы үлгісін ұсынады.
Полиция академиясына бірнеше ай бойы бақылау жүргізген әлеуметтанушы Норма Контидің айтуы бойынша билікке мойынсыну және сыйлау полиция мәдениетінің басты бағыты болып саналады және жаңадан қабылданғандар оқуды содан бастайды. Бұл жаттығулардың көпшілігі, мысалы, аяқ-киімін мұқият жылтырытпаған үшін немесе дене шынықтыру жаттығуларын нашар орындаған үшін масқаралауға, мазақ қылуға немесе жаман сөздермен ұрысуға негізделген. Сонымен қатар жаңадан қабылданғандар түрлі кемсіту рәсімдерінен өту тиіс. Мысалы, Конти бақылаған академияда әскери жаңа шақырылғандар азаматтық тұлғаны немесе офицерді көрген сәтте «пошта» деп айқалдап, содан кейін жақын қабырғаға сүйеніп тұруы керек екен.
Академиядағы оқыту құқықтық мәселелер мен мылтық ату сияқты жаттығуларды қамтитыны белгілі. Ал айлар бойғы жаттығу кемсіту рәсімін артықшылықпен теңдестіреді, полиция қызметкерлері қатарына қабылдаған жағдайда бұл үлкен қуаныш. Дегенмен билікке мойынсұнбаған кез келген адам тез арада сөзсіз оқудан шығарылады. Масқаралау мен марапаттанудың бұл қосындысы түлектердің полиция дағдылары мен полиция мәдениетін толығымен қабылдауына кепілдік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет