1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


-дәріс. Билік - саяси институт ретінде



бет22/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
8-дәріс. Билік - саяси институт ретінде
1. Саяси биліктің мәні. Саяси биліктің объектілері мен субъектілері, , ресурстары. Билiктi iске асырудың нысандары мен әдiстерi.
2.Партиялық және мемлекеттік билік. Билiктiң өкiлеттiгi және өкiлеттiктердiң бөлiнуi. Демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық биліктің ерекшеліктері. Саяси биліктің заңдылығы және оның көздері.
3.Әкімшілік басқару органдары. Бюрократияның модельдері. Сыбайлас жемқорлық проблемалары. Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік билік.


Сабақтың мақсаты: саясаттанудың негізгі категориясы ретінде саяси биліктің мәнін, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның қажеттілігі мен маңызын зерттеу. Саяси биліктің легитимділігі ұғымын игеру.
1. Билік саясаттың негізгі объектісі және қозғаушы күші ретінде қызмет атқарады. Билік үшін күрес кез-келген қоғамның, кез-келген дәуірдің саяси өмірінің сипатты белгісі болып табылады. Сол себепті «билік» ұғымы саясаттанудың негізін салушы категориялардың біріне жатады. Билік саяси институттардың, саясат пен мемлекеттің мәнін ашады. Билік пен саясаттың арақатынасының тығыздығы саяси теориялар тарихында әрқашан көрініс табады. Саясат билікпен және билікті жүзеге асыру іс-әрекеттерімен тікелей және жанама байланысымен сипатталады.
Ежелгі грек философы Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде «Билдеуші мен бағынушылардың көп түрі бар, алайда бағынушылар жоғары тұрған сайын, оларға деген билік кемелдене түседі, мысалы, жануарларға билік жүргізгенге қарағанда адамға билік жүргізу әлдеқайда жетілген, кемелденген. Яғни шебердің шеберлігі артқан сайын, оның жасайтын жұмысы да гүлдене түсері анық. Барлық тіршілік иесіндегі билікті әміршіл және саяси деп қарауға болады. Жан билеуші ретінде денеге билік етсе, ал ақыл мемлекеттік басшы ретінде біздің бастауларымызға билік етеді».
Билік дегеніміз не, оның табыиғаты қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Қоғам дамуының барлық кезеңдерінде саяси ғылым саясат пен билікті егіз ұғымдар ретінде қарастырып келді. Билік саясаттың негізгі құралы және қоғамдағы мақсаты. «Саясатқа қатысқанның барлығы да бидік үшін күреседі» деген болатын Макс Вебер.
Билікке қатысты көптеген анықтамалар орыған. Солардың бірнешееуін қарастырып көрелік.
Билік – біреуге әмір жүргізу, құқық, бедел, ерік, мәжбүрлеу сынды түрлі құралдар көмегімен адамдардың тағдырына, мінез-құлықтарына немесе іс-әрекеттеріне ықпал етуге қабілеттілік, құқық немесе мүмкіндік.
Билік – адамдарды саяси билеу.
Билік – мемлекеттік органдар жүйесі.
Билік - тиісті мемлекеттік, әкімшілік өкілеттіктер берілген тұлғалар, органдар.
Билік – адамдардың мінез-құлықтарына және іс-әрекеттеріне ықпал ететін шешім қабылдауға және оны орындауға қабілеттілік немесе әлеуетті мүмкіндік.
Жалпы саясаттанудың негізгі мәселесі билік болса, ал саясаттың мазмұны билік үшін күрес, билікті жүргізу. Шығыстың ойшылы Ибн Холдун адамдардың басқа жан – жануарлардан ерекшелігі билік үшін күресуінде деп айтқан. Ал ағылшын философы Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғалымдарда негізгі ұғым билік болып табылады.
Саяси ғылымда билікке төмендегіше анықтамалар беріледі:
1. телеологиялық анықтама бойынша билік белгілі бір мақсаттарға, нақты нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі.
2. Бихевиористік анықтама - басқа субъектілердің мінез-құлқын өзгертуге негізделген іс-әрекет.
3. Инструменталистік анықтама – билік белгілі бір құралдарды, оның ішінде күштеуді пайдалану мүмкіндігі.
4. Структуралистік анықтама – билік басқарушы мен бағынушы арасындағы ерекше қатынас түрі.
5. Билік - өзгелерге ықпал ету құралы.
6. Функционалдық анықтама – қоғамға қажетті мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғам ресурстарын жұмылдыру қабілеті.
7. Конфликтілі анықтама – билік шиеленіс жағдайында субъектінің игілікті бөлуді реттейтін шешімді қабылдау мүмкіндігі.
Жоғарыда аталған анықтамалардың ешбірін әмбебап, негізгі анықтама деп қарауға болмайды. Олар бір жағдайда сынау немесе жоққа шығару арқылы, енді бірде бір-бірін толықтыра отырып, үнемі бәсекелестікте болады.
Саяси билік белгілері:
- ұлылығы - оның шешімінің барлық қоғам үшін және биліктің басқа түрлеріне де міндеттілігі. Ол биліктің басқа формаларының ықпалын мүлде тоқтата алу қабілетіне ие.
- Жариялылық, яғни көпшілік – саяси биліктің барлық қоғам үшін заң негізінде жұмыс істеуін білдіреді.
- мемлекет аумағында күш қолдану және биліктің басқа құралдарын пайдалануға заңдылығы.
- моноорталықтық – яғни шешім қабылдаушы жалпы мемлекеттік орталықтың (билік органдары жүйесі)болуы.
-билік ресурстарының көпқырлылығы.
Билік русурстары дегеніміз индивидтің немесе топтың өзінің мақсаттарына жетуі үшін, яғни билікке қол жеткізу үшін пайдаланатын құралдары:
Материалдық – қаржылай ықпал ету; материалды емес – БАҚ көмегімен; мәжбүрлеу - әкімшілік жазаларды қолдану арқылы; күштеу - әскери аппаратты пайдалану арқылы; саяси – келіссөз және ымараға келу арқылы ықпал ету.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» делінген (3 бап).
Халық билік көзі бола отырып, оны:

  • тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы;

  • мемлекеттік билік органдары арқылы;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Саяси биліктің атрибуттары ретінде төменделігерді айтуға болады:

  • экстенсивтілік – биліктің ықпал ету көлемінің кеңдігі;

  • ауқымдылық – биліктің жүзеге асырылатын салаларының көптігі;

  • интенсивтілік – биліктің өзінің объектілеріне ықпал ету шараларының ауқымдылығы.

Биліктің объектілерге ықпал етуі түрлі формаларда жүзеге асырылады. Оның негізгілері:

  • билеу;

  • жетекшілік ету;

  • басқару;

  • үйлестіру;

  • ұйымдастыру; бақылау.

Бұл әрекеттерді жүзеге асыру барысында билік жоғарыда атап өткен ресурстарды пайдаланады.
Биліктің қажеттілігі неден туындайды деген сұраққа келер болсақ:
Біріншіден, билік инклюзивті (лат. «инклюзере» - біріктіру), яғни қоғам өмірінің барлық салаларына енеді және жұмыс істейді.
Екіншіден, билік қоғамдық қатынастарды (мемлекет пен партиялар арасындағы, адамдап топтары арасындағы т.б.) қоғамдық қатынастарды реттейді.
Үшіндішен, билік қоғамдық өнідірісті ұйымдастыру үшін қажет.
Төртіншіден, билік қоғамның (мемлекеттің) барлық мүшелерін ортақ ерік негізінде бағындырады.
Бесіншіден, қоғамның тұтастығы мен бірлігін әлеуметтік құрылым ретінде қолдайды.
Алтыншыдан, қоғам ішіндегі адамдарды және әлеуметтік топтарды байланыстырушы рөлді атқарады.
Билік қоғамдық құбылыс ретінде ұйымдастырушы, реттеуші және бақылаушы қызметтерді атқарады. Жүйелік тұрғыда биліктің келесі негізгі қызметтерін бөліп көрсетуге болады:

  • саяси және қоғамдық жағдайларды және нақты оқиғаларды талдау;

  • өзіндік стратегияяларды және жеке, тактикалық міндеттерді анықтау;

  • жазалаушы қызметі – тәртіп нормаларына бағынуды қадағалау және бұлтартпау;

  • қажетті ресурстарды иемдену және оған билік ету;

  • саясаттың ресурстарын (сенімділік, келісімділік шаралары, марапаттау т.б.) бөлу.

2. Саяси биліктің негізгі принципі – легитимділік болып табылады. Легитимділік сөзі – латынның «leg» - заң деген сөсзінен шыққан, заңдылық деген мағынаны береді. Легитимділік дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
«Легитимділік» термині XIX ғасырда Францияда пайда болды және Б. Наполеонның билікті заңсыз тартып алуынан ерекшеленетін, король билігін дара заңды, легитимді ретінде қалпына келтіруге тырысушылықтарынан көрініс тапты.
Биліктің күшпен ауысуына және мемлекеттік шекараларды күштеп белгілеуге қарсы реакция ретінде пайда болған, биліктің легитимділігінің талабы қазіргі таңда өркениетті биліктің де міндетті белгілері болып табылады.
Легитимді билік өзге адамдардың мінез-құлық нормаларын реттеу билігін мойындауға негізделеді. Бірақ, бұл барлық азаматтар түшелдей дерлік осы билікті қабылдауы керек дегенді білдірмейді. Себебі, кез-келген қоғамда тәртіп бұзушылар, анархистер кездеседі.
Сондай-ақ, легитимділік барлық азаматтар осы билікті қолдауы қажет дегенді де білдірмейді. Қоғамда билікті сынаушфлар, азшылықтың пікірімен келіспеушілер әрдайым болып тұрады.
Олай болса, легитимділік қабылданған заңдар мен жарлықтарды қоғамның басым бөлігі орындайды дегенді білдіреді.
Легитимділіктің екі түрі бар:
1) либералды-демократиялық – оның жақтастары биліктің тек демократиялық жолдармен, яғни сайлау, референдум арқылы қол жеткізген түрін легитимді деп таниды;
2) прагматикалық – жақтастары билікке ие болумен бірге қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге қабілеті легитимді саналады.
Сонымен бірге, демократиялық жолмен қол жеткізген билік азаматтық және ұлтаралық соғыстарды және шиеленістерді тоқтата алмаса, легитимді деп танылмайды.
Билік легитимді болуы үшін екі шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы қажет; 2) конституциялық қағидаларға сай жүзеге асырылуы керек.
Биліктің бөліну принципі, нақтырақ айтсақ, осы принципті жүзеге асыру – биліктің озбырлығын және жеке басқа табынушылықты жоюдың маңызды шарттарының бірі. Билік бөлінісі олардың қызметтерін, құзыреттерін шектеуді, тепе-теңдік жүйесін құруды көздейді.
Демократиялық саяси жүйеде билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп бөледі. Оның негізін салғандар ағылшын ғалымы Джон Локк және француз ғалымы Ш.Л. Монтескье.
1. Заң шығарушы билік – конституцияға түзетулер енгізеді, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағытын анықтайды, барлық атқарушы билік органдарына және азаматтарға міндетті заңдар шығарады, олардың орындалуын бақылайды, мемлекеттік бюджетті бекітеді, салық салуды анықтайды. Заң шығарушы билік өкілеттігін конституция, құқық, адам құқықтары принциптері арқылы шектеледі. Демократиялық мемлекеттерде бұл билікті жүзеге асырушы парламент болып табылады. Парламент бір палаталы немесе екі палаталы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет