1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы



бет21/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
лекция

Саяси философия – философиялық тәсілдерді мемлекет тұрғысынан, саяси өмірді басқару түрлерін зерттеуге пайдаланады және билік қатынастарының құндылық аспектілерін зерттейді;
Саяси әлеуметтану – саясаттың қоғам өміріне ықпалын, саясатпен қоғамдағы саяси институттардың арақатынасын және азаматтық қоғамның билік бөлінісіне ықпалын зерттейді;
Саяси ілімдер тарихы – ұғымдар мен теорияларға негізделген саяси ғылымның қалыптасуын зерттейді;
Саяси психология – саяси мінез-құлықтың субъективті қырларын зерттейді;
Саяси география – географиялық, табиғи және климаттық факторлардың саясит өмірге ықпалын зерттейді;
Саяси тарих – қоғамның даму процесіндегі саяси институтттар мен нормалардың өзгерісін зерттейді.
Саясат дегеніміз қоғамның іс-қимылының түрін, жеке адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың көмегімен өз мүддесін іске асырудағы объективтік және субъективтік өзара қарым-қатынас саласы. Саясат мемлекеттік және қоғамдық істерді, адамдар, әлеуметтік топтар, халық, ұлттар, мемлекеттер мен билік қатынастары арасындағы іс-әрекет саласын білдіреді.
Саясаттанудың категорияларына ғылым пәнінің мәндік қырларын білдіретін негізгі, ортақ ұғымдарды білдіреді. Саясаттанудың басты катеориясы «саяси билік» болып табылады. Сонымен қатар, саясат және оның түрлері (ішкі, сыртқы, әлеуметтік, әскери және т.б.), мемлекет, демократия, саяси тәртіп, саяси партия, саяси сана, саяси мәдениет, саяси жүйе, тұлға, элита, соғыс, ұлттық қауіпсіздік т.б. сияқты негізгі катеориялар жатады.
Саясаттану ғылым ретінде саясаттың жұмыс істеу және даму заңдылықтарын зерттейді. Олардың қатарында төмендегілер бар:
- саяси мүдделердің, көзқарастардың, тұжырымдардың және теориялардың пайда болу, жұмыс істеу және даму заңдылықтары;
- саяси биліктің қалыптасу, жұмыс істеу және оның мәні мен мазмұнының өзгеру заңдылықтары;
- саяси процестің (саяси қатынастар мен саяси іс-қимылдардың) жұмыс істеу және даму заңдылықтары.
Саясаттанудың нақты заңдары төмендегілер болып табылады:
- тұлғаның мүддесі мен құқығы мемлекет мүддесі мен құқығынан жоғары;
- саяси өмірдегі заңның жоғарылығы және ұлылығы;
- саясатта таптық құныдылықтардан жалпы адами құндылықтың жоғарылығы;
- қоғамдағы экономикалық қатынастардың қоғамдық және бұқара билікке қызмет етуі;
- саяси көппікірлілік;
- саяси тұрақтылық пен сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Сонымен, саясаттану – мемлекетті басқру механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік пен қоғамдағы күнделікті процестердің өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану негізгі пәндердің бірінен саналады. Біз болсақ, генетика мен кирбернетиканы оқу үрдісінен аластағанымыздай, саясаттану пәнінен де ат-тонымызды алып қашып келдік. Себебі тоталитарлық, диктаторлық жүйенің әкімдері қол астындағы халықтың көзі ашық болғанын қайдан қаласын? Соның кесірінен бүгін жапа шегудеміз. Халықтың саяси сауаты өте төмен. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды мұқият оқып-үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп білу үшін бірнеше әдістерді пайдаланады.
Салыстырмалы әдіс - әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың ортақ жақтары мен жекелеген ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі – саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін зерттейді.
Әлеуметтік әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайларына байланысты анықтайды.
Тарихи әдіс – тарихта болған саяси құбылыстарды зерттей келе, бүгінгі қоғамға қажет тұстарын пайдалану.
Бихевиористік әдіс – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін-өздері қалай ұстауын талдауға негізделден.
Нормативтік әдіс – адамдардың табиғи құқықтарын дәріптеуге бағытталған.
Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.
3. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдыментанымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Саясаттанудың ерекшелігі оның қоғамдағы қызметтерімен айқындалады:
Танымдық қызмет – қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Бағалау қызметі – саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
Саяси әлеуметтену қызметі – азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Реттеушілік қызметі – адамдардың саяси өмірдегі қызметтерін реттуге негізделеді.
Басқару қызметі – саяси даму процесті бақылай отырып, қоғамды тиімді басқару үшін мағлұматтар жинақтайды.
Болжау қызметі – саяси оқиғаларды алдын-ала болжап, оңтайлы саяси өзгерістер жасауға шешім қабылдауға негізделеді.
Саясаттанудың мәні неде? Ол болашақ мамандарға не береді?
Саясаттану саясатты меңгеру өнеріне, яғни билік етуге, адамдар мен еңбек ұжымдарына жетекшілік ету өнеріне үйретеді. Саяси мәдениетті қалыптастыру отырып, жастардың санасында азаматтық, өз Отанына жауакершілік сезімдеріне тәрбиелейді. Білім берудің демократиялық жүйесінің бөлігі бола отырып, гуманизм, адами және адамдарды сыйлау, олардың пікірдеріне шыдамдылық таныту сияқты қасиеттерге тәрбиелейді. Сонымен бірге, саяси ғылымның негізін білу қабылданатын шешімнің мүмкін нәтижелерін алдын-ала болжауға көмектеседі.

Бақылау сұрақтары:



    1. Саясаттанудың объектісі мен пәнін көрсетіңіз

    2. Саясаттанудың негізгі проблемаларын анықтаңыз

    3. Саясаттанудың негізгі категорияларын көрсетіңіз

    4. Саясаттану қандай заңдар мен заңдылықтарды оқытады?

    5. Саясаттанудың негізгі қызметтерін атаңыз

    6. Саясаттану қандай ғылымдармен байланысады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет