1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет62/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Жазықтар топырақтары
Республиканың жазық бөлігінде топырақ жамылғысы ендік бойымен горизонталдық зона құрап таралады. Мұнда қаратопырақ, күңгірт-күрең, күрең, ашық-күрең, құба, сұр-құба топырақ типтepi басымырақ келеді. Зоналардың топырақ жамылғыларындағы кебірлік және сортаңдық дәрежесі біркелкі болмайды. Соған бай­ланысты республиканың жазық бөлігінің топырақ жамылғысында ала-құлалық және кешендік сипат байқалады. Жазық бөлікте кеңірек таралған кебірлер, сортаңдар және ылғалды сортаңдардан басқалары солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналық орналасу тәртібі бойынша сипатталады.
Сортаңдар Қазақстанның жазық бөлігіндегі барлық зоналарда та­ралған. Республикада сортаң және оның басым келетін кешендерінің жалпы ауданы 10 млн. га шамасындай. Сортаңдардың қалыптасуы көне және қaзipгi тұз жиналу үрдісімен (түсетін атмосфералық жауын-шашыннан булану мөлшерінің артық болуынан) байланы­сты болады. Сортаңдардың көлденең қимасының өн бойында жеңіл еритін тұз көптеп жиналған (әсіресе топырақтың беткі қабатында), ал генетикалық горизонттар (қарашіріктік, өтпелі горизоттар және топырақ құраушы жыныстар) нашар ажыратылады. Топырақтың қарашіріктілігі жоғаргы горизонттарда 0,5 %-тен 3 %-ке дейін және одан да жоғарырақ мөлшерге ауытқьш отырады, реакциясы баяу сілтіліктен күшті сілтілікке дейінгі орта болады. Тұз жиналу си-патына қарай сортаңдар хлорлы, сульфатты, содалы және аралас түрлерге бөлінеді. Сортаңдардың тұз жиналған беткі қабаттарының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай қабыршақты, кеуекті және т.б. түрлері болады. Гидроморфтық сортаңдар жер асты суы жақынырақ жатқан жерлерде қалыптасқан. Олардың көлденең қимасы горизонттарға нашар ажыратылады. Шалғындық сортаңдар респуб­ликаның солтүстік аудандарындағы өзен жайылмаларында және көл террасаларының кейбір беліктерінде жиі кездеседі. Бұлардың көлденең қимасы горизонттарға айқынырақ ажыратылады. Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Арал мен Балқаш көлі маңында, тартылып кеуіп қалган көлдер түбінде және өзендердің құрғақ арналарында сортаңданған жыныстардың жер бетіне шығып жатқан аудандарында қалдық сортаңдар дамыған. Суландыру жұмысы дұрыс жолға қойылмау салдарынан жер асты суының деңгейі көтеріліп, топырақтың беткі қабатында қайта тұз жиналып, сорға айналу үpдici екінші қайтара жүреді. Сортаңға айналу дәрежесінің жалпы өсу тенденциясы қуаңшылықтың арту бағытына да байланысты. Солтүстіктен оңтүстікке қарай содалы-сульфатты және сульфатты сортандар сульфатты-хлорлы және хлорлы тұз жиналумен алмасады. Бұл жалпы заңдылық өзен атырауларында бұзылады. Мысалы, Сырдария өзенінің атырауында хлорлы тұз жиналудың орнына хлорлы-сульфатты, ал Іле өзенінің атырауында содалы-сульфатты және суль­фатты тұз жиналуы басымырақ келеді. Сортаңданған топырақтарды шаруашылыққа пайдалану үшін алдымен топырақтағы көп мөлшердегі тұзды шаю керек. Тым сортаңданған топырақтарды шаю қaзipгi уақытта күpiш eгiciн егу арқылы icкe асырылып жұр. Негізінен сор­таңдар тек табиғи жайылым ретінде ғана пайдалынады.
Кебірлер Қазақстан аумағында кең таралған. Топырақтың бұл түpi орманды дала, дала, шөлейт зоналарында, сонымен қатар шөл зонасының солтүстік бөлігінде кездеседі. Кебірлер көпшілік жағдайларда топырақ кешендерінің негізгі компоненттерін құрайды, кейбір жағдайда өз алдына жеке массивтер күйінде таралады, республика аумағындағы таралу сипаты зоналық заңдылыққа бағынады. Солтүстіктен оңтүстікке, қара топырақты даладан шөлге жылжыған сайын топырақ жамылғысындағы тұзданған топырақ ба­сымырақ келетін кешендердің ауданы артады, әpi бipтeктi кебірлерден тұратын массивтер жиірек кездесе бастайды. Кебірлердің көлденең қимасынан қapaшipiктiлiгiнe қарай кебірленген, карбонатты және гипсті топырақ қабаттары ажыратылады. Қарашіріктің мөлшері жоғарғы горизонтта 6 % және одан да жоғары көрсеткішке ауытқып отырады, epiгeн тұздардың максимумы тереңірек қабаттарда байқалады. Олардың таралу сипаты зоналық заңдылыққа бағынышты және жергілікті жағдайларға байланысты өзгеріп оты­рады. Кебірлердің өсімдік жамылғысы бip зонадан екінші зонаға ауысқан кезде әжептәуір өзгеріске ұшырайды. Қара топырақты зонаның кебірлерінде жусанды-бетегелі өсімдік жамылғысы, күрең топырақтарда жусан, қараматау, көкпек, шөл сораңы еседі. Бұнымен қатар кебірлердегі тұз жиналу сипаты және морфологиялық ерекшеліктері де өзгереді. Әр аймақта ылғалдану сипатына қарай сортаң топырақтардың автоморфты, жартылай гидро-морфты және гидроморфты түрлері ажыратылады. Орманды дала және дала зоналарын­да жартылай гидроморфты (шалғындык-далалық) және гидроморфты (шалғындық), ал шөлейт және шөл зоналарда автоморфты (шөл далалық және шөлдік) кеірлер басым таралған. Кебірлерді үстіңгі горизонттарының қалыңдығына қарай қалдықты кебірленген (5 см-дей), аз кебірленеген (10 см-ге дейін), орташа кебірленеген (15 см-дей астам) деп жіктейді. Иллювийлік горизонттарының құрылысына қарай бағаналы, жаңғақ пішінді және призмалы кебірлерге, ал тұздың ену тереңдігіне қарай сортаңды (тұз 30 см-ден жоғарғы қабаттарда жатады), сортаңдау (тұз 30-80 см-лік қабаттарда жатады) және сортаң (тұз 80-130 см-лік қабаттарда жатады) топырақтарға бөлінеді. Тұз жиналу сипатына қарай кебірлердің хлорлы-сульфатты және сульфатты-хлорлы, кейбір жағдайда таза сульфатты және таза хлорлы түрлері болуы мүмкін. Оқта-текте содалық кебірлер жамылғысы да кездеседі.
Кебірлер есебінен республиканың ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемін ұлғайтуға зор мүмкіндік бар. Қазақстан аумағында 40 млн. га жуық кебірлер бар, ал кебірлер басымырақ келетін кешендер 30 %-тен асады. Бұл мөлшердің 9 млн. га жуығы қара топырақты және күңгірт күрең топырақты зоналарда орналасқан. Кебірлер негізнен жайылым ретінде пайдаланылады.
Ылғалды кебірлер далалық алқаптардағы қара топырақты зонаның көктеректі-қайыңды және талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаңдау жерлеріне тән. Ылғалды кебірлердің аморфты кремний қышқылына және кварц қалдықтарына жақсы қаныққан бозғылт және ақ ұнтақты тұз жиналған горизонттары бар. Бұл горизонт негізінен тереңдігі 8-10 см және жер бетіне тым жақын жатқан жұқа қабатты шымды қapaшipiктi орман асты төсеніш қабатын құрайды. 30-50 см тереңдікте бұл горизонт күрең немесе күңгірт-күрең иллю­вийлік горизонтқа ауысып кетеді. Карбонатты горизонт 70-100 см тереңдікте жатады. Топырақтың көлденең қимасынан артық ылғал­дану іздерін (көкшіл сұр және тат басқан дақтарды, темірлі конкрецияларды) байқауға болады. Ылғалды кебірлер қapшіpiктi горизонттың сипатына қарай жер асты суы 1,5 м, 1 м және 0,5 м тереңдікте жатқан жағдайда дамитын нағыз шымды-глейлі (шалғындық) және шалғындық-батпақты топырақ түрлеріне ажыратылады. Ылғалды сортаң топырақты зона мал жайылымына және шабындыққа пай­даланылады.
Орманның сұр топырағы - Қазақстанның қиыр солтүстігінде орналасқан топырақ түpi. Бұл зона республиканың солтүстігіндегі көктеректі-қайыңды орман астында қалыптасатын шағын аудандарды қамтиды.

  1. Шөлейттің құба топырағы. Шөл зонасының топырақтары. Шөлді сұр-құбы топырағы, тақырлар. Сортаң, кебірлер, солодтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет