ШӨЛ ДАЛАЛАР МЕН ТАУ БӨКТЕРЛЕРІ ТОПЫРАҚТАРЫ Бұл зона Тұран ойпатын, Үстірт және Бетпақдала шөлдерін, Памиро-Алай мен Тянь-Шань тау бөктеріндегі жазықтарын алып жатыр. Зонаның жалпы ауданы 210 млн. га, оның 65% құба, сұрғылт-құба және сұр топырақтар, 25% құмды шөлдер және 10% тұзды топырақтар.
Құба топырақтар Құба топырақтар 46 млн. га немесе республика аумағының 20 % алып жатыр. Күрең топырақтардан айырмашылығы, қарашіріктің,аз мөлшерде болуы (2 %-тен артық емес). Өте құрғақ даланың сирек өсімдік жамылғысы астында қалыптасады. Жусан, бетеге, бұйырғын; тасбұйырғын және т. б. өсімдіктер басым болады. Топырақ бетінде көбінесе қыналар мен көк-жасыл балдырлар өседі. Жыңғыл, жүзгін және басқа да құаншылық пен тұзга төзімді бұталар нуы кездеседі.
Құрғақ даланың құба топырақтарының кескіні:
А1 1 - 15 см - қарашірікті-аккумулятивті,сұрғылт немесе сұрғылт-құқыл, борпылдақ, қатпарлы;
В1 15-35 см - иллювиалды, құба-коңыр, тығыз немесе тығыздалған кесекті, шымырлайды;
Вк 35-70 см - ала боялған, сары-құба карбонат дақты, кесекті (немесе жанғақты), қатты шымырлайды;
С 70-160 см - гипс жинақталған горизонт бөлектенеді, оның астында көп мөлшерде тұз жинақталады, қатты шымырлайды. Бұл ашық-күрең мен сұрғылт-құба топырақтар арасындағы өтпелі топырақтар. Олардың табиғи құнарлылығы төмен, суаруды, тұздану мен жел эрозиясына қарсы күрес жүргізуді қажет етеді.
Бұл ашық-күрең топырақтардан шөлдің сұрғылт-құба топырақтарына ауысатын өтпелі топырақтар. Олардың табиғи құнарлылығы төмен, суаруды, тұзданумен және жел эрозиясымен күресу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Сұрғылт-құба топырақтар Шөлдердің сұрғылт-құба топырақтары құмдармен, тақыртәріздес топырақтармен және сортаңдармен қосқанда 140 млн. га, немесе зонаның 6,3 %-iн қамтиды. Сұрғылт-құба топырақтардың бeтi құқыл-сұр түсті қабыршақпен қапталған, оның астында А горизонты - қалындығы 5-10 см, одан төмен В горизонты - тығыздалған, балшықтанған, құба не қызыл-құба түсті карбонаттары бар, одан сон - иллювиалды-тұзды гипс кристалдары бар В горизонты орналасқан. Топырақ реакциясы сілтілік, 5-6 см тереңдікте шымырлайды. Қарашірік мөлшері 1 %. Суда еритін тұздары бip метр тереңдікте таралған. Оларды карбонаттылығы, кебірлігі және сортаңдылығы бойынша жіктейді.
Тақыр - балшықты шөлдердің топырақтары, көбінесе өсімдіксіз болады да, суы ағып кетпейтін ойпандарда қалыптасады.
Көктемде тақырлардың бeтi жабысқақ балшықтан тұрады. Жазда, су буланып кеткен соң, тақырлардың беті жарылып, кепкен балшықты, қалындығы 5-7 см қабықтар түзіледі, олардың астында тұзданған аналық топырақ түзуші жыныстар орналасқан. Топырақ бетінен шымырлайды. Карбонаттар мен оның тұздары (көбінесе NaCl және СаСl2) тақырлардың бетінде көрініп жатады.