1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет61/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Қосымша әдебиеттер


1.Зонн С.В. Почвообразование и почвы субтропиков и тропиков. М.: Наука. 1974. 195 с.


2.Фридланд В.М. Почвы и коры выветривания влажных тропиков. М.: Наука. 1964.


ЛЕКЦИЯ 14

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҒЫ


ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
Қазақстанның топырақ жамылғысы тым күрделі және сан алуан. Республика аумағында таралған топырақ түрлері топырақ түзуші факторлармен тығыз байланысты, сондықтан топырақ түрлерінің тиicті географиялық заңдылықтарға сай орналасуын анықтау онша көп қиындық тұғызбайды. Республиканың жазық бөлігінде ендік немесе горизонтал зоналық айқын байқалады, яғни белгілі топы­рақ типін құрайтын аймақ ендік бағытында созыла орналасып, зона түрінде солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын басқа топырақ типімен ауысып отырады. Бұл құбылыс басты топырақ түзуші фак­торлармен (өсімдік жамылғысына және климатқа) тығыз байланыста жүреді.
Қазақстанның жазық аймағын 4 табиғат зонасы (орманды дала, дала, шөлейт және шөл) кесіп өтеді. Жазықтарда қаратопырақ (чер­нозем), күңгірт-күрең (темно-каштановый), күрең (каштановый), ашық-күрең (светло-каштановый), құба (бурый) және сұр-құба (серо-бурый) топырақ зоналары таралған. Топырақтың ендік (горизонтал) бағытта орналасқан топырақ зоналарының ішінде зона тармақтары айқын байқалады. Республиканың қиыр солтүстіктігіндегі Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстары жеріндегі орманды дала зонасының шағын бөлігінде орманның сұр топырағы таралған. Қара топырақ зонасы республиканың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін, яғни 52° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай, негізінен Қостанай, Торғай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Көкшетау облыстарының бірталай бөлігін алып жатыр. Бұл зона республика аумағының 9,5 % қамтиды. Қара топырақты зона сілтісізденген қаратопырақ, кәдімгі қаратопырақ және оңтүстіктің қаратопырағы зона тармақтарына жіктеледі. Сілтісізденген қара­топырақ республиканың қиыр солтүстігіндегі орманды дала ай-мағының шағын ғана ауданын (0,4 млн. га) алып жатыр. Бұлардың аралығында орманның сұр топырағы кездеседі. Оңтүстікке қарай, қоныржай қуаң далада, Қазақстан топырағының 4,6 % мөлшерін қамтитын кәдімгі қаратопырақ зона тармағы орналасқан. Оны оңтүстіктің қаратопырағы зона тармағы ауыстырады, оның ауданы кәдімгі қаратопырақ зона тармағымен шамалас (4,9 %). Қара то­пырақ 53° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай күрең топырақпен алмасады. Бұл зона батыстан шығыска қарай ені кейде 700 км-ге жeтeтiн тұтас жалпақ жолақ жасап, созыла орналасқан. Мұндай то­пырақ түрлері Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде, Жем үстіртінің бipaз бөлігінде, Торғай үстіртінің оңтүстік бөлігінде, Сарыарқада және т.б. жерлерде кен таралған.
Күрең топырақ Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Орал, Қостанай, Торғай, облыстарында басым. Топырақтың бұл түрінің жалпы үлeci 34,3 %. Күрең топырақ аймағы да бірқатар зона тармақтарына бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай күңгірт-күрең топырақ күрең топырақпен, ол одан әpi ашық-күрең топырақпен алмасады. Бұлар Қазақстан топырағының 10,5 %-ке дейінгі бөлігін қамтиды. Күңгipт-күрең және күрең топырақ түрлері құрғақ зона тармағында, ал ашық-күрең топырақ шөлейт зоналарда қалып-тасқан. 48° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай шөл зонасы басталады, мұнда құба және сұр-құба топырақтар кеңінен таралған. То­пырақ типтерінің бұлайша алмасуы жауын-шашын максимумының көктемгі және қысқы маусымдарға алмасуымен және жусанды-ас-тық тұқымдас өсімдік жамылғысының жусанды-сораңды өсімдік жамылғысына алмасуына сай келеді. Мұндағы құба және сұр-құба топырақтар республика аумағының көп бөлігін қамтып (43,6 %), Үcтipт, Каспий маңы ойпаты, Торғай төрткүлді өлкесі, Бетпақдала және басқа ipi ойпаттарда үлкен массивтер түрінде таралған. Құба және сұр-құба топырақтар зонасы республика шегінде тұтас аумақ құрап, солтүстігінде ашық-күрең, ал оңтүстігінде тау алдының сұр топырақ типтері аралығында орналасқан. Кеңестік кей ғалымдар құба топырақты шөлейт зонаға, ал сұр-құба топырақты шөл зонасына жатқызады. Қазақстан топырақ тану мамандары құба топырақты шөл зонасының негізгі зоналық типіне жатқыза­ды. Құба топырақ зонасы 2 зона тармақтарына - шөл аймағының солтүстігін қамтитын құба топырақты (республика зонасының 21,6 %) және оңтүстік шөлдердегі сұр-құба топырақты (респуб­лика зонасының 22 % алып жатыр) өңірлерге бөлінеді. Шөлді аудандардағы көктемде су жиналатын тегістелген ойпаңдарда тақыр немесе тәріздес топырақтар дамыған. Бұл топырақ типінің бeтi полигоналды пішіндегі пластинкаларға бөлініп жарылған саз қабыршықтарынан тұрады. Топырақтың бұндай түрлері Шу, Сыр­дария, Іле және т.б. өзендерінің төменгі ағыстарында, құба және сұр-құба топырақ араларында кездеседі. Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарында кең көлемде құм және кәдімгі құмды топырақ таралған. Топырақтың бұндай түрлері Атырау облысының 16 %, Орал облысының 10 %, Семей, Қарағанды, Жезқазган, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының бipaз бөліктерін алып жатыр.
Топырақтың зоналық таралу заңдылығымен қатар, Қазақстан то­пырақ жамылғысында өзіндік ерекшеліктер байқалады. Бұл жағдай батыстан шығысқа қарай климаттың континенталдығы өзгеруімен, мезо- және микрожербедері пішіндері арасындағы айырмашылықтардан, аналық топырақ қалыптастырушы жыныстар сипатынан және т.б. факторлардан көрінеді. Топырақ қалыптастырушы факторлардың алуандығы Қазақстан топырақ жамылғысының ала-құлалығын арттырады. Қазақстанның қуаң климаттың жағдайларында автоморфтық (зоналық) топырақтармен қатар топырақ қалыптасу үрдісіне грунт сулары қатысатын - гидроморфты топырақтар да қалыптасады. Тапшы су режимдерінен және жер асты суы минерализациясының шамадан тыс артуынан Қазақстанның көпшілік бөлігінде сортаң топырақтар дамыған. Тұздың сапалық құрамының әр түрлігінен, олардың миграциясы мен жинақталу қарқындылығының артуынан сортаң топырақтардың көптеген түрлері туындайды. Қазақстанда топырақтың бұндай түрлерінен сортаңдар мен кебірлер кең таралған. Сортаңдар мен кебірлер Қазақстанның жа­зық зоналарының барлық бөліктерінде кеңінен кездеседі. Бұнымен қатар кебірлер дала және шөлейт зоналарына, ал сортаңдар шөл зонасына ұласып кетеді. Сортаңдардың едәуір бөлігі күңгірт-күрең және күрең топырақ зоналарында да аралас және өз алдына жеке массивтер құрап орналасады. Қазақстан аумағында кeбipлep мен олардың кешендері 30 %-тен астам жерлерді қамтиды. Шөлейт және шөл зоналарында сортаңдар ipi массивтер түрінде Каспий теңізі жағалауында, Арал теңізі және Балқаш маңында, сонымен қатар кеуіп қалған көлдер түбінде кездеседі. Сортаңдар ауданының жал­пы өсу тенденциясы байқалуда. Жамбыл облысы жерінің 16,7 %-ы сортаңдардан құралған. Сортаңдар сонымен қатар Атырау, Маңғыстау және т.б. облыстарда да жиі таралған. Сортаңдар және олардың ке-шендерінің республикадағы жалпы ауданы 10 млн. гектарга жуық. Республиканың солтүстік бөлігінде Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарындағы көктеректі-қайыңды, қарағайлы шоқ ормандарында ылғалдылығы жоғары сортаңдар кездеседі.
Қазақстанның өзен аңғарларында су режимі әсерінен қалыптасқан топырақ түрлері таралған. Өзен жайылмаларында тоспалардың жыл сайын қабатталып жиналуынан құралған жайылмалық қабат орналасқан. Өзен арнасынан қашықтаған сайын шымдану үpдici артып, жайылма маңының шалғындық топырақтары қалыптасады. Өзен жайылмалары топырағының қалыптасуына қатысатын аллювий үрдістерімен қатар мұнда зоналық факторлардың да іcepi байқалады. Топырақтың мұндай типтерінің сортаңдану және сілтісіздену дәрежесі дала аймағына қарай артады, сонымен қатар осы бағытта топырақтағы қарашірік мөлшері де кемиді. Өзен аңғарларының топырағы су мен тұздың айрықша режиміне сай қалыптасқан.
Қазақстан аумағының 1/10 мөлшеріне жуығын таулы аудандар алып жатыр. Тау беткейлерінде қалыптасқан топырақ жамылғысы­ның жазықтардағы топырақтарға қарағанда елеулі айырмашылығы бар. Таулардың биіктігі мен беткейлердің қиялығы артқан сайын топырақ жамылғысының беткі қабатының шайылу қарқыны да соғұрлым күшейеді. Биіктікке байланысты топырақ типтері өзгереді. Сондықтан топырақ типтepi тау беткейлерін айнала қоршай орналасып, вертикалды бағытта ауысып отырады. Топырақтың вертикалды зона бойынша таралу сипаты ендік бағыттағы топырақ зоналарына сай келеді. Тянь-Шань таулы аймағы топырағының қалыптасуына оның оңтүстікте, шөл аймағында орналасуы әсер етеді; соған бай­ланысты таулы зонаның вертикалды аймағы шөлдік топырақ жамылғысынан басталады. Ал солтүстікке таман орналасқан дала аймағындағы Алтай тауларының вертикалды аймағы далалық топырақ типтерінен басталады. Қазақстанның таулы бөлігінде шөл аймағы мен көп жылдық қар аймағына дейінгі ортада толып жатқан таулық топырақ типтері - сұр, коңыр, күрең, шалғындық-далалық күрең, қаратопырақ, сілтісізденген қаратопырақ және т.б. түрлер таралған. Тау­лы аудандардың солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі топырақ жамылғыларының таралуында көп айырмашылықтар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет