Абсолюттік ылғалдылық (Ыабс.)- топырақ салмағымен салыстырғандағы алынған топырақтағы барлық ылғалдың мөлшері.
Салыстырмалы ылғалдылық (Ысал.)- топырақтың ылғалмен қанығу дәрежесі немесе абсолюттік ылғалдылық пен ең төменгі ылғал сыйымдылығымен қатынасын 100-ге көбейткендегі мән. Ылғалдылық пайызбен беріледі. Абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық белгілі болса, топырақ ылғалының мәдени өсімдіктер пайдалана алатын мәнін анықтауға болады. Өсімдіктер пайдалана алатын күйдегі ылғал мөлшерінің жептіспеушілігіне байланысты өсімдіктердің тұрақты қурай бастау шегін қурау ылғалдылығы (Ық)деп атайды. Ол топырақтың құрғақ салмағының пайыздық мөлшерінде беріледі. Топырақ ылғалдылығы қурау ылғалдылығымен теңескен кезде өсімдіктердегі фотосинтез үpдici де тоқтайды.
Топырақтың өнімдіылғалдылығыдегеніміз - судың қурау ылғалдылығынан артық бөлігі, оны өсімдіктер толығымен пайдалана алады. Қурау ылғалдылығы мен жалпы ылгалдылық мөлшерін білетін болсақ, топырақтағы өнімді ылғалдылықтың қорын есептеп шығаруға болады. Өнімді ылғалдылықтың мөлшерін су қабатының миллиметрмен өлшенетін мәнi арқылы белгілейді. 1 гектардағы судың әр миллиметрі 10 т суға тең.
Өнімді ылғалдылық қорын мына формула арқылы есептейді:
W = 0,1 ҚС-һ(Ыабс~Ық), бұндағы
W — еөнімді ылғалдылық қоры, мм;
0,1 — су қабатының ауысу коэффициенті, мм;
ҚС — топырақтың көлемдік салмағы, г/смЗ;
h — өнімді ылғалдылық қоры есептелетін топырақ қабатының қалыңдығы, см;
Ыабс – топырақтың абсолют құрғақ салмағының ылғалдылығы, %; Ық.- — абсолют құрғақ топырақтың қурау ылғалдылығы, %.
Шартты түрде көптеген өсімдік түрлері үшін оптималды ылғалдылық ретінде топырақтың толық ылғал сыйымдылығының 50-60%-ы қабылданған. Әртүрлі топырақтардың ылғал сыйымдылығы әрқалай болатындықтан, оның абсолюттік мөлшері деәр жағдайда әркалай болады.
Топырақтың су режиміне орман төсеніші үлкен оң әсерін тигізеді. Орман төсенеші физикалық және суға қатысты қасиеттері бойынша минералдық горизонттардан өзгеше. Орман төсенішінің меншікті салмағы 1,5-тен 1,8-ге дейін, кейде 2-ге, көлемдк салмағы 0,04-0,2-ге дейін жетеді.Орман төсешінің ылғал өткізгіштігі өте жоғары және онда минутына жүздеген миллиметр су өткізіледі деп есептеледі.
Н.Ф. Созыкиннің бақылаулары бойынша, шырша орманының төсенішін жинап тастағаннан соң, топырақтың су өткізгіштігі 3-4 - есе азайған. Орман төсенеші топырақты судың азаюынан және ауа өтетін кеуектердің лайлы тұнбамен бекітіліп қалуынан және ұсақ шаң, балшық бөлшектердің тамырларды зақымдауынан сақтайды.