1- қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты шара



Дата20.02.2022
өлшемі14,34 Kb.
#25964

1- қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты шара
Мақсаты:
1. Оқушыларға білім алудың маңызын ұғындыру;
2. Сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. Мерекелік көңіл - күй орнату.
Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар және қонақтар!
Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні мерекелеріңіз құтты болсын!

Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
(Әнұран айтылады)

Мұғалім: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына байланысты айтарларын тыңдап көріңіздер:
Білім керек бәріне!
Ф. Оңғарсынова
Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғасам
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғасам
Таңдандырар бар елді
Ғажап үйлер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі де ойлап таба алсам....
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

Білім
М. Ибраемова
Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Келесі кезекте оқушыларымыздың қуыршақ театрымен көрсеткелі отырған «Кітап, дәптер, қаламдар» қойылымын қабыл алыңыздар!!!

Дәптер: Бұл неткен керемет жер! Қоңыраудың үні қандай әдемі. Мен қайда тап болдым?

Кітап: Дәптержан, бұл білімнің алтын ордасы –мектеп. Бұл жерде балалар білім алып, жетіледі, тәрбие алады.

Дәптер: Солаай деңіз! Ал біз мұнда не үшін жүрміз?

Кітап: Біз балаларға білім алуға көмектксеміз. Кітапты оқып олар өздеріне керек ілім-білімді сусындап, дәптерге түйгендерін жазады. Дәптер, қаламдар қайда? Бүгін бірінші қыркүйек, Білім күні емес пе?! Біз дайын болуымыз қажет.

Жүгіріп доп ойнап, телефондарына үңіліп үш ұалам кіріп келеді. Дәптерлер: Қалайсыздар ағаларым, бізді іздеп жатқан көрінесіңдер. Не болды соонша қапылып?



Кітап: Кішкентай бауырларым-ай, бүгін –Білім күні! Барша оқушылар мектепке келеді. Мектептен олар оқып-тоқып, есейіп, кейін үлкен өмірге аяқ басуға дайындалады. Біз балаларға көмектесуіміз қажет! Олар үшін білім алу өте маңызды. «Білікті бірді, білімді мыңда жығар» деген. Еліміздің болашағы үшін білімдерімен топты жарған өтк ақылды балаларды өсіру – әр мектептің мақсаты!

Дәптер: Кітап ағатай, сіздің айтқан сөзіңіздің жаны бар! Білім – өте құнды қазына! Абай, Ыбырай аталарымыз барша елді білім нәрін сусындауға шақырды, аталарымыздың бұлай айтуы жайдан-жай емес, бұл білімнің кереметінде!

Қаламдар: Ағаларым, сіздерге рақмет! Білім алудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндік. Оқушыларға барымызша көмегімізді береміз.Оқушыларға барымызша көмегімізді береміз. Біз оқушыларға пайдамызды тигізуге дайынбыз!
Мұғалім: Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Бар білімнің бастауы –

Мектеп алтын ұямыз.

Ынтаменен талпынып

Білімді ойға құямыз!
Бүгінгі мерекелік шарамыз осымен өз мәретіне жетті. Қатысып, тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет