ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Пәннің аты: Абайдың әдеби әлемі
1- МӨЖ
Тақырыбы: Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы
Пән оқытушысы: ф.ғ.к., аға оқытушы Сұлтанғалиева Ж. С
Орындаған: Аяпбергенов Алим
Ақтөбе – 2021
Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай- қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп Абайды аса жоғары бағалады.
Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлендері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық.
Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет.
Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық.
Ғылымның негізін қалағандар
Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Мұхтар Әуезов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.
Ерекше назарды Мұхтар Әузеовге аударғым келіп отыр.
Академик-жазушы Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында Абай мұрасын зерттеуді алғаш қолға алып, оның абайтану деген үлкен саласының негізін қалады.
Ғалым ақын шығармаларын ұзақ жылдар бойы тынымсыз зерттеу барысында ақынның ғылыми өмірбаянын жазып, Абай өлеңдерінің дерек көздерін анықтап, көптеген текстологиялық нақты түзетулер енгізді, шығармаларының реалистік шеберлігін талдап, оның шығыс, батыс және орыс әбиетімен байланысын ашып берді.
Атақты «Абай жолы» эпопеясы арқылы Абайдың дара тұлғасын көркем әдебиетте әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтың Абайтану ғылымының негізін қалап қалыптастыру, ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіндегі қызметі де аса зор.
Мұхтар Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолында жарты ғасырға таяу толассыз ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері абайтанудың қолы жетпес заңғар биігіне айналып отыр.
Бұл еңбектердің нәтижесінде М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихын іргелі де көрнекті саласы абайтанудың негізін салушы әрі ол мұраны ғылыми шығармашылық жолмен бүкіл әлем халқына таныту арқылы да әдебиеттану саласында қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды.
Абайтану ғылымының даму кезеңдері
Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:
1. Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған;
2. Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–26 және 1926–40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты;
3. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–45 ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.
Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді.
Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
2. Мырзахметов М. Абайтану тарихы.- Алматы: “Ана тілі”, 1994
3.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
Достарыңызбен бөлісу: |