Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз. 3 балл
Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай? 3 балл
Мәтін № 3 Тұмау
Қыстың суық күндерімен қосылып бізге тағы бір қауіп келеді- ол тұмау. Бұл өте қауіпті, жұқпалы ауру, вирус арқылы жұғады. Басқа жұқпалы ауруларға қарағанда тұмау өкпенің қабынуына, отит, гайморит, жүрек ауруларына және жүйке ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады.
Өкінішке орай, біз әлі тұмауға қарсы шара қолдануды үйренген жоқпыз. Бірақ, интерферон, ремантадин, ликопид, амиксин, арбидол, афлутон дәрілерінің өте пайдалы екенін білдік. Бұл дәрілердің бәрінің вирусқа қарсы емдік қасиеттері бар.Тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы- егу. Ресейдің «Гриппол», француздың «Ваксигрипп» компаниялары тұмауға қарсы 11 түрлі дәрі-дәрмек ұсынды.
Әлемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен шыққан, вексиллология –ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты. Кнгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор интуиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексилологтер тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның туларына ұқсас болып кеткен.
Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланады.
«Табиғат ғажайыптары» кітабынан.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін,жоғарыда келтірілген «Тулардың да тарихы бар» мәтінін пайдаланыңдар.
Сұрақ 1: «Тулардың да тарихы бар» 3 балл
Егер мәтінге сенетін боласақ «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланған. Үндеуді жариялауға 14 елдің делегаттарының қатысуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
Біздің Мемлекеттік Ту халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы баға алған. Бонн қаласындағы Дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Климеш мырзаның 1992 жылы жазған хатында біздің Мемлекеттік Туға жоғары баға берген көрінеді. Осындай жақсы лебіздер АҚШ, Германия, Ресей елдерінің тутанушылар тарапынан да айтылған.