1. №1. Иммундық жауап: жасушалық иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы


№2.Иммундық жауап: гуморальды иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата26.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#87039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Иммунология рк2 ответы

 
№2.Иммундық жауап: гуморальды иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы 
Жауабы: Коптеген жагдайларда иммундык жауап аралас турде 
отеді,бірак иммунитеттін немесе жасушалык, гуморалды тізбегі тізбегі басымырык 
болады. Жасушалыкжане гуморалдык иммунитет 
жуйелері шектелін емес,бір-бірімен тыгыз байланысты 
жумыс жасайды. Иммундык жауапта адетте барлык 
иммунды жасушалар(Т-лимфоциттер,В-лимфоциттер 
жане антигенді таныстырушы жасушалар )катысады жане де эрбір жасуша ез кызметін 
аткарады. Антигенді тану жане жасушалык немесе гуморалдык жуйенін, жні екеуі де 
бірдей , іске косылуы , аталган уш жасушалардын бір-бірімен рекеттесуі аркылы жузеге 
асады. Бул урдісті иммунды хабарлы жасушалардын 
кооперациясы деп атайды. 
№3. Біріншілік және екіншіліа иммундық жауап: сипаттамасы, фазалары, ерекшеліктері 
Жауабы: Антигендермен әрекеттесу бойынша иммундық жауап екiге бөлiнедi: 
1. бiрiншiлiк иммундық жауап 
2. екiншiлiк иммундық жауап 
Бiрiншiлiк иммундық жауап 4-7 күндерi дамиды. Бiрiншiлiк гуморалдық иммундық 
жауаптың негiзгi В-лимфоциттердiң белсендiрiлуi және олардың антидене түзетiн 
плазмоциттерге айналуы болып табылады. Антиденелердiң басым көпшiлiгiн IgM 
құрайды; жасушалық иммундық жауап – пiсiп-жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттердiң 
пайда болуымен белгiленедi. Антигенмен бiрiншi рет жанасқаннан кейiн зерде Т- және В- 
жасушалары түзiледi. 
Екiншiлiк иммундық жауап көптеген көрсеткiштерi бойынша бiрiншiлiк жауаптан 
ерекшеленедi. Екiншiлiк иммундық жауап кезiндегi жасырын кезең өте қысқа, жылдам 
дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап етедi, оның айқындалған пiсiп-жетiлу 
белгiлерi бар, оның гуморалдық және жасушалық факторлар арнайылығы антигенге 
қатысты жоғары болады. Екiншiлiк иммундық жауап бiрiншiлiк иммундық жауапқа 
қарағанда, ағзаның тиiмдi қорғанысын қамтамасыз етедi. Антигенге қарсы бiрiншiлiк және 
екiншiлiк серпiлiстерде IgM белсендiлiгi мен күштiлiгi бiрдей. IgG-дiң деңгейi бiріншiлiк 
жауапқа қарағанда, екiншiлiк жауап кезiнде өте жоғары. Екiншiлiк иммундық жауап 
жоғары деңгейде болу себебi, ағзада зерде жасушалардың болуына байланысты. 
Егер иммундық жауаптың қарқындылығы енген антигендердiң мөлшерiне тепе-тең келсе - 
мұндай иммундық жауапты нормэргиялық деп айтады, яғни антидене және 
антигенарнайы Т-лимфоциттердiң мөлшерi енген антиген мөлшерiмен теңбе-тең болады. 


Егер де иммундық жауаптың қарқындылығы шектелген мөлшерден асса, мұндай 
иммундық жауап гиперэргиялық болып табылады (мысалы жоғары сезiмталдық). 
Кейбiр жағдайларда, макроағза әртүрлi себептерге байланысты енген антигендерге 
иммундық жауап қайтармайды. Иммундық жүйенiң мұндай арнайы ареактивтiлiк жағдайы 
иммунологиялық төзiмдiлiк деп аталады (төзiмдiлiк – жауап қайтармау, шыдамдылық). 
№4. Ауыз қуысының жергілікті иммунитетін қалыптастыратын иммундық жүйенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет