1. №1. Иммундық жауап: жасушалық иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата26.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#87039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Иммунология рк2 ответы

алу әдістері, мысалдар 
Жауабы: Тірі аттенуацияланған, өлтірілген белсенді емес, синтетикалық вакцина түрлері: 
алу әдістері, мысалдар. Тірі, аттенуацияланған вакциналар 
микроағзаларды қолайсыз жағдайларда өсіру арқылы вируленттігін төмендету 
жолымен алынады. Жаңа бағыт – қысқа мерзім өмір сүретін, бірақ иммунитетті 
қалыптастыратын вакциналық мутантты штаммдар алу.(Қызылшаға қарсы вакцина; 
Тұмауға қарсы вакцина;Туберкулезге қарсы; (BCG) вакцина; Паротитке қарсы ;вакцина; 
Салға қарсы вакцина;Қызамыққа қарсы вакцина)
Өлтірілген вакциналар - жоғары иммуногенді микроағзалардың штаммдарын қыздыру, 
ультракүлгін сәуле және химиялық заттармен 
белсенділігін жою арқылы дайындалады(Көк жөтелге қарсы вакцина; Сүзекке қарсы 
вакцина; Лептоспирозға қарсы вакцина; Тырысқаққа қарсы вакцина; Энцефалитқа қарсы 
вакцина). 
Синтетикалық вакциналардың бұл түрін алу үшін көбіне иммунологиялық жағынан 
микробтық және вирустық антигендердің эпитоптарына сәйкес кклетін пептидтік 
фрагменттерді синтездеу арқылы жасанды вакциналарды алуға болады. Мұндай синтез 
техникалық жағынан күрделі емес, әрі арзан. Иммуногендікті жоғарылату үшін 
пептидтерді Т тәуелді антигендердің кейбір жағдайларда пептидті фрагменттерді 


мурамилдипептидпен байланыстырады. Синтетикалық пептидтерде аминқышқылдары 
қажетті тәртәпте орналасса да, оның спонтанды үшінші құрылымы антигеннің алғашқы 
конформациясын қайталай алмайды, сондықтан вакцинацияның тиімділігін төмендейтінін 
ескеру керек. 
№30. Рекомбинантты вакциналар: алу әдістері, мысалдар 
Жауабы: Рекомбинантты вакциналар: алу әдістері, мысалдар
Рекомбинантты ДНҚ технологиясы антигеннің бүкiл нәруызды 
молекуласын немесе оның фрагментiн қадағалайтын гендердi алуға, оларды
керектi векторға енгiзуге және сәйкес жасушаларда экспрессиялауға
мүмкiндiк бередi. 
Соңғы кездерi иммуногендiгi жоғары және патогендiгi жоқ бiрқатар тiрi
вакциналар алынды, оларда бактериялар мен вирустардың
рекомбинантты түрлерi қолданады. Бұл вакциналардың иммуногендігі
жоғары, ал патогендігі мүлдем жоқ. Сондай-ақ олардың реактогендігі төмен
және қорғаныс әсері жоғары.
Осындай түрдегi вакциналарды вектордың көмегiмен бiр микробтың
немесе вирустың генiн вируленттiгi аз екiншi бiр микробқа немесе
вирусқа (мысалы, сальмонелланың патогендігі төмен штаммына немесе
осповакцинаның вирусына) енгiзу жолы арқылы алады. Бул вакциналардың реактогендігі 
төмен, ал қорғаныс әсері жоғары. Рекомбинантты вакциналарды бір микробтың генін 
вируленттігі аз екінші микробқа енгізу жолы арқылы алады. 1990 жылдардын басында В-
гепатитінің вирусына қарсы рекомбинантты вакцина дайындалды. В-гепатиті вирусының 
беткей антигені бар вирусты болшектер осповакцинасының вирусында 
синтезделеді. Гендерді клондау әдісімен вакциналарды алу (рекомбинантты вакциналар) 
өте үлкен потенциалы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет