1. №1. Иммундық жауап: жасушалық иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата26.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#87039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
 
 
№21.Аутоиммунитет: ұғымның анықтамасы. Аутоиммунды жағдайлардың пайда болу 
механизмдері. 
Жауабы: Аутоиммунитет – бұл организмнің өзінің сау жасушалары мен тіндеріне қарсы 
иммунитеті. Осындай аберрантты иммундық жауаптан туындайтын кез келген ауру « 
аутоиммундық ауру » деп аталады . 
Аутоиммундык аурулардың көпшілігінің пайда болуы иммунологиялың үйлесімділікке 
(толеранттілікке) байланысты. Организмнің иммундық жүйесі ұрықтың жатырда даму 
кезінде көптеген ағзалар антигендерімен (аутоантигендермен) кездесіп олармен 
әсерлесетін тимоциттерді жояды (элиминация- лайды). Бірақ, кейбір ағзалардың 
антигендері физиологиялық кедергілерге байланысты иммундық жүйеден оқшауланып, 
олар үшін «жат», яғни бейтаныс болып қалады. Міне, осы ағзалардың (қалканша безі, 
бүйрекүсті бездері, жыныстық бездер, ми және жүйке жүйесі ұлпалары) антигендері әр 
түрлі жағдайларда қанға өткенде иммундық жүйеде оларға қарсы антиденелер түзіледі 
 
№22. Трансплантация. Трансплантация түрлері. Трансплантантты қабылдамау: өте өткір, 
өткір, кешіктірілген. «Трансплантация иесіне қарсы» реакциясы. 
Жауабы: Трансплантация (ортағасырлық лат. Трансплантатіо – ауыстырып салу) – адам 
мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу. Өсімдіктерде – өсімдіктер 
бөліктерін аналық өсімдіктердің басқа жеріне немесе басқа өсімдіктерге ауыстырып салу. 
Трансплантация мынадай өзгеше түрлеріне бөлінеді: аутотрансплантация – бір ағзаның 
ішінде мүшелерді немесе тіндерді ауыстыру; изотрансплантация – генетикалық ұқсастығы 
бар ағзадан алынып, ауыстырылған тіндер немесе мүшелер (мысалы: егіздерде); 
аллотрансплантация – (көнерген гомотрансплантация) бір түрлі ағзалардың мүшелерін 
және тіндерін ауыстыруы; ксенотрансплантацию (көнерген гетеро-трансплантация) – әр 
түрлі ағзалардың мүшелерін және тіндерін ауыстыруы. 
№23. Трансплантантты қабылдамаудағы жасушалық иммунитеттің рөлі 
Жауабы: Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi
Салынған тiндердегi тұрақтамау серпілісінің сол трансплантатқа немесе иммунды жауап 
түрiне байланысты, әр-түрлi уақытты ағымы болады. Жеделдеу тұрақтамау серпілісі 
трансплантациялаудан кейiн 24 сағаттың арасында өтуi мүмкiн; жедел тұрақтамау серпілісі 
әдетте трансплантациялаудан кейiн бiрiншi апталар iшiнде өтедi; созылмалы тұрақтамау 
серпілісі трансплантациялаудан кейiн айлар, жылдар өткенде дамуы мүмкiн. Жеделдеу 
тұрақтамау серпілісі. Жалпы, трансплантат сирек кезде бiрден iстен шығады; ал егер 
салынған тiннің қан тамырлары бiтiспесе, ол жылдам iстен шығуы мүмкiн. Жеделдеу 
тұрақтамау серпілісі, негiзi, донордың антигендерiне қарсы иесiнiң сарысу антиденелерi 
арқылы өтедi. Комплементтi активтейтiн, антиген-антидене комплекстерi, салынған тінде 


қарқынды нейтрофилдер шоғырлануына алып келедi. Капиллярлардағы қанның көлемдi 
қойыртылуы арқылы, трансплантаттың тамырлары бiтiсуі кедергi етiп, одан арғы қабыну 
серпілісі дамиды. МНС-аллоантигендерiне арнайы алдыналалық антиденелердiң болуын 
бiрнеше механизмдер түсiндiредi. Кейбiр кезде қайталап қан трансфузиясын алған 
адамдарда, сол қанның лейкоциттерiндегi экспрессияланған МНС-антигендерiне қарсы, 
антидене дәрежесi айтарлықтай көбейетiндiгi көрсетiлген. Егер сол антигендердiң 
кейбiреуi трансплантаттың МНС-антигендерiмен сәйкес болса, онда антиденелер салынған 
тiнмен қатынасып, тұрақтамаудың жеделдеу серпілісін шақырады. Қайта жүктi әйелдерде 
отағасының аллоантигендерiне сезiмталдану арқылы, сол антигендерге қарсы антидене 
түзiледi. Егер сол әйелге аллоантигендердiң қайсы болса да экспрессияланған тiнін 
ауыстырып салса, тұрақтамаудың жеделдеу серпілісі дамиды. Ақырында, тiн ауыстырған 
адамдарда, кейбiр кезде сол тiндегi МНСаллоантигендерiне қарсы жоғары дәрежеде 
антиденелерi болады; егер сол 200 адамға қайтадан, осы аллоантигендердiң қайсы болса 
да экспрессияланған тiн алмастырса, антиденелер тұрақтамаудың жеделдеу серпілісі 
дамиды. Кейбiр кезде, жеделдеу тұрақтамау серпілісінде қатысатын алдын ала түзiлген 
антиденелерi, трансплантаттың қан тобының антигендерiне арнайлықты болады. Егер 
трансплантация жасау алдында тіндік және АВО-антигендерi бойынша iрiктеуiн өткiзсе, 
алдыналалы антиденелердi анықтап, жеделдеу тұрақтамау серпілісінен сақталуға болады. 
Жедел тұрақтамау серпілісі. Салынған тiннiң жасушатәуелдi тұрақтамау серпілісін жедел 
серпілісі деп атайды; бұл серпіліс трансплантациядан 7-14 шақты күннiң iшiнде өтедi. 
Гистопатологиялық байқау бойынша, Т-хелперлердiң (Тх1) активтелiнуi және бөлiнуi 
арқылы өтетiн тiндегi деструкциялану ошағында макрофагтар және лимфоциттердiң 
көлемдi шоғырлануын көруге болады. Созылмалы тұрақтамау серпілісі. Созылмалы 
тұрақтамау серпілісі жедел тұрақтамау серпілісі тартылғаннан кейiн, айлар-жылдар iшiнде 
өтедi. Созылмалы тұрақтамау серпілісі механизмдерiне гуморалды да, жасушалық та 
серпілістер кiредi. Созылмалы тұрақтамау серпілісін жиi иммуносупрессивтi 
препараттармен жеңiп шығуға қиын болады, сол себептен ол серпіліс қайта 
трансплантациялауды талап етедi. 
№24. Ісік жасушаларының антигендері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет