№1 (118) 14 қаңтар,
2016 жыл
АҢДАТПА
10 бет
7 бет
3 стр
«ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ»
УСПЕШНЫЙ ДИАЛОГ
УЧИТЕЛЕЙ
ДАРА ТҰЛҒА -
ДӘРКЕМБАЙ
ПОЭЗИЯ ПЫРАҒЫНДА
Еліњ ќуатты болса,
баѓыњ т±раќты болады
Ел басына қиын күндер туған сайын,
еңбектің жаңа әдісін қолданып, жаңа ре-
формаларды іске қоса беретінін ашық
айтқан мемлекет басшысы халықты алдағы
шыңдалу кезеңіне сай болуға шақырды.
Ешбір мемлекет, ешбір адам жаһандық
дағдарыстан
құтыла
алмайтынын
жұртшылықтың қаперіне салған Елбасы,
бірінші кезекте халықты әлеуметтік тұрғыдан
қорғау керектігін үкіметке тапсырды.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Б»
корпусындағы мемлекеттік қызмекерлердің
айлығы орта есеппен 30 пайызға, білім
саласы қызметкерлерінің айлығы 29
пайызға,шәкіртақылар
25
пайызға,
денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің
жалақысы 28 пайызға артты. Бұл көрсеткіш,
әрине, халықты дағдарыстан аман алып
қала алмайды. Жұрт «жағасын жайлауға
жіберіп» жата беретін болса, «жаһандық
жұтқа» төтеп бере алмайтыны анық.
Осының бәрін ой елегінен өткізіп, жүрек
соғуымен терең түсінген Ұлт Көшбасшысы
ағымдағы жылдың 6 қаңтарында "Ұлт
жоспары - қазақстандық арманға бастайтын
жол" атты мақаласын жариялады.
Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев 2016
жылдың 1 қаңтарынан бес институттық
реформаны жүзеге асыру бойынша «100
нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындаудың
іс-тәжірибелік кезеңінің басталғанын еске
салды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды
дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық
орта қалыптастыратын 59 заң күшіне
енгенін, «біздің қазақстандық арманымыз
- ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі
болуға қол жеткізуімізге жол ашатынын"
жазды. Мұның өзі Тәуелсіздіктің 25-ші
жылдығына қадам басқан кезеңде жүзеге
асырылып жатқан "Қазақстан -2050" Стра-
тегиясымен сабақтас екеніне, бұл рефор-
малар Қазақстан экономикасы жаһандық
экономикалық
қиындықтардың
күшті
ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде
ерекше маңызға ие екеніне мән берді. Олар-
ды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын
қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік
әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету-
ге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа
қарсы кең ауқымды шараларының ба-
сты құрамдасы ретінде қарастыратынына
тоқталды.
Қазақстан халқы бес институционалдық
реформаны өткен жылдың сәуір айынан
бері жан-жақты талқылап, ой-пікірлерін
ортаға салып сараптап, оның жүзеге асы-
рылуын қамтамасыз етуге үлкен құлшыныс
білдіріп келеді. Алғашқы сын кезеңі де
басталды. Президентіміз жоспарлаған бес
реформаны тағы бір рет ой елегінен өткізіп
көрейік.
Бірінші реформа - "Мемлекеттік қызмет
туралы" жаңа Заң негізінде мемлекеттік
аппараттың
тиімділігін
арттыруға
бағытталған. Онда әкімшілік мемлекеттік
қызметшінің мансабы және жинақтаған
тәжірибесі,
мансаптық
сатының
әр
баспалдағында кәсіби жарамдылығының
дәлелденіп отырылуы, еңбекақы төлеудің
жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын
жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне
байланысты екендігі, аса нәтижелі қызмет
үшін бонустар төлеудің қарастырылуы,
тіпті, мемлекеттік қызметке ашық кон-
курс арқылы мемлекеттік емес сектордағы
басқарушылар қатарынан азаматтар және
шетелдік менеджерлердің тартылуы ту-
ралы мәселер жан-жақты қарастырылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер корпу-
сын кәсіби және автономды ету, мемлекеттік
қызметте әрбір басшы төменнен бастап,
барлық басқарушылық сатыларын басып
өтуі тиіс екендігі көрсетілген.Заңда саяси
мемлекеттік қызметшілер ауысқан кезде
мемлекеттік аппараттың автономдығы мен
тұрақтылығы қағидаты, шенеуніктер орта-
сында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін
және жемқорлық құбылыстар туындататын
жағдайлардың алдын алу бойынша қатаң
шаралар қарастырылған.
Еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесі
енгізілгеннен кейін «Б» корпусының әкімшілік
мемлекеттік қызметшілерін жаңа біліктілік
талаптарына сәйкестігі бойынша кешенді ат-
тестаттаудан өткізу жоспарланған.
Екінші реформа - тәуелсіз сот төрелігі
мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау
жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз ету-
ге, заңдарды қатаң орындауға және
құқық тәртібін нығайтуға бағытталған.
Онда жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі
мен жаңа «Жоғары Сот Кеңесі тура-
лы» Заң қабылданғаны, «Сот жүйесі
және судьялардың мәртебесі туралы»
Конституциялық заңға, Қылмыстық-іс жүргізу
кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілгені
жөнінде айтылған. Соттағы әділдік, сапалы
судьялар корпусын жасақтау, сот төрелігінің
бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне
өту, құрамы мен өкілеттілігі кеңейтілген ав-
тономды мемлекеттік мекемеге айналатын
Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформалануы
туралы мәселелер топтастырылған.
Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің
қарауына
қоғамдық
тәртіп
күзеті,
тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұсақ
құқық бұзушылықтарға атымен төзбеушілік
мәселелері берілгені көрсетілген.
Үшінші реформа – индустрияландыру
мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету-
ге қатысты жаңғыртулар жасауға байланы-
сты. Сол арқылы капитал ағынын ұлғайтып,
көлеңкелі экономика деңгейін едәуір
төмендету ойластырылған.
Атап айтқанда, салықтық және кедендік
әкімшілікті жүргізуді жақсарту, бірте-бірте
электронды пішімге көшірілетін тауарлы-
көліктік жүкқұжат бақылауын енгізу, табыс пен
мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезе-
кезеңімен көшу, әкімшілік жүргізуді оңайлату
мақсатында қосымша құн салығының ор-
нына сату салығы енгізу сияқты өзегерісте
алдағы уақытта қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдауы мен қорғауына баса назар ауда-
рылады. «Астана» Халықаралық қаржы
орталығы құрылады.
(Жалғасы 2 - бетте)
Міне, қой жылын шынайы көңілмен шығарып салып, мешін
жылын жарқын қабақпен қарсы алған халқымыз, қаңтар
айының алғашқы күндерін ұлы өзгерістермен бастап жіберді.
Елбасы жыл соңында жариялаған «Қазақстан жаңа жаһандық
нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты халыққа Жолда-
уында 2016 жылы елімізде экономикалық-индустриялық,
инновациялық бағытта жаңа реформаларды жүзеге асырудың
екінші бесжылдығына нақты қадам тасталатыны тура-
лы сөз еткен болатын. Әсіресе, жаһандық дағдарыстың
экономикамыздың барлық саласына кері әсерін тигізетінін
елдің есіне салып, бұл қауіптен аман шығу үшін «біріміз – бәріміз
үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстана отырып,
жұмыла еңбек ету керектігіне тоқталған еді.
Сырт кµз -
сыншы
Жетісу
университеті
ҚОҒАМ
бейсенбі, 14 қаңтар,
2016 жыл
2
АҚПАРАТТАР АҒЫМЫ
ПІКІРЛЕР ТОҒЫСУЫ
Құттықтау!
Мемлекет
иелігінен
алу
мен
жекешелендіруді белсенді ете түсу үшін
жекешелендіруден, активтерді әділ нарық
бағасы бойынша сатудан, сондай-ақ,
қазақстандық және шетелдік инвесторларға
жекешелендіруге барынша қатысуға жағдай
жасау үшін шектеулерді алып тастауға
мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер
қабылданады.
Инвесторлар
өздерінің
шығындарын азайтуға, қалпына келтіруге
мүмкіндік алады. Мемлекеттік меншікті
жекешелендіру мен квазимемлекеттік сек-
тор активтерін беру отандық кәсіпкерлікті,
жеке бизнесті одан әрі нығайту мен дамыту
үшін жүргізіледі. Жекешелендірудің кешенді
жоспарын жүзеге асыру шағын және орта
бизнесті дамытуға жаңа серпін береді.
Төртінші реформа – халқымыздың
азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын
нығайтуға бағытталады. Біздің елімізде
Қазақстан
халқы
Ассамблеясы
этносаралық бейбітшілік пен келісімнің
мызғымастығын негізге ала отырып ұлы
көшбасшылық жұмыстарын жүргізіп келеді.
Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» идеясы аясында
қазақстандық патриотизмді гүлдендіруге
күш салуда. Ұлт жоспарының төртінші
бағытын жүзеге асыруды заңнамалық
қамтамасыз ету үшін Парламент Қазақстан
халқы Ассамблеясы, мемлекеттік рәміздер,
мәдениет және тарихи-мәдени мұралар,
туризм, үкіметтік емес ұйымдар қызметі
мәселелері туралы заңдарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізген-ді. Қайырымдылық,
демеушілік және меценаттық қызмет тура-
лы жаңа Заң қабылданған-ды. Біртектілік
пен біртұтастықты нығайту және дамы-
ту, Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025
жылға дейін дамыту, дене тәрбиесі мен
спортты 2025 жылға дейін дамыту секіліді
3 жаңа Тұжырымдама әзірленгенін, мәдени
саясат тұжырымдамасына, мемлекеттік
даму және тілдердің жұмыс істеуі, білім
беру бағдарламасына маңызды өзгертулер
енгізілгенін,одан басқа Туристік саланы да-
мыту тұжырымдамасы, 2020 жылға дейін
үш тілді білім беруді дамытудың жол кар-
тасы дайындалғаны туралы Елбасы өз
мақаласында егжей-тегжейлі баяндаған.
Бесінші реформа – транспарентті
және есепті мемлекет қалыптастыру. Бұл
бағытта Елбасы қазақстандық қоғамның
өзгерістерге кезең-кезеңмен бейімделіп
жатқандығын айтты. Біріншіден, «Үкімет
азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы
құрылатын болады. Бұл жаңа құрылымға
қазір жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет
көрсету
орталығы»,
«Жылжымайтын
мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-
өндірістік
орталығы»,
«Зейнетақылар
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық»
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары
біріктіріледі. Азаматтар мемлекеттік қызмет
көрсетудің ортақ провайдеріне ғана өтініш
бере алады. Мемлекеттік қызмет көрсету
сапасына Үкімет өкілі жаңа Корпорация бо-
лып табылатын ортақ Провайдер, сондай-
ақ, ҮЕҰ құратын арнаулы қоғамдық кеңес
бақылау жасайтын болады. Бұдан бұлай
барлық деңгейлердегі бағдарламаларды
жоспарлауда, әзірлеуде және жүзеге асыру-
да ЭЫДҰ ұсынымдамаларына негізделген
5 шешуші қағидат – негізділік, сабақтастық,
транспаренттілік, мониторинг және бақылау
нақты сақталады.
Мемлекеттің
транспаренттілігі
мен
есептілігінің негізгі критерийлерінің бірі-
халықтың ақпараттарға қолжетімділігін
кеңейту алдағы уақытта қатаң қолға алы-
нады.
2016 жылдан бастап азаматтар мен
заңды тұлғалардың сауалдары бойынша,
мемлекеттік құпиялар мен өзге де заңмен
қорғалатын құпиялардан басқа, мемлекеттік
органдардың
барлық
ақпараттарына
қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.
Тұтастай алғанда, Елбасы ұсынған бес
институционалдық реформа ел бірлігін бе-
кемдеп, тұрақтылықты нығыздай түспек.
Өйткені, әлемнің барлық табысты деген
мемлекеттерінің өзі осындай жолдарды
еңсеріп өткен. Сондықтан да Мемлекет
басшысы мұндай реформаның әрқайсысы
еліміз үшін орасан зор екенін алға тартады.
Бұдан бес ғасыр бұрын ата-бабамыздың
аңсаған Азаттыққа қол жеткізу, Тәуелсіз
Мәңгілік Елге айналу Арманын ХХI ғасырда
жаһандық экономиканы еңсеріп, бәсекеге
қабілетті 30 дамыған өркениетті мемлекеттің
қатарынан көріну идеясы арқылы жүзеге
асыруға бел буған Ұлт Көшбасшысын
Қазақстан халқы қолдайды, қуаттайды.
Үсен ӨМІРЗАҚОВ.
(Соңы. Басы 1 - бетте)
Қаржы-экономика факультеті
экономика кафедрасының
меңгерушісі Тулешова Гүлнар
Болатқызын ҚР Білім және
ғылым министрлігінің
ұйымдастыруымен өткен«Үздік
оқытушы-2015» республикалық
байқауының жеңімпазы ата-
нуымен құттықтай отырып,
жеңісінің тұғырлы, өмірінің
ғұмырлы болуын тілейміз.
Мәдениет және өнер факультеті
бейнелеу өнері және дизайн
кафедрасының профессоры, ҚР
Суретшілер одағының мүшесі,
ҚР Көркем академиясының
корреспондент-мүшесі Баримбеков
Жақан Шелбайұлын үздік шығармасы
үшін Әбілхан Қастеев атындағы
алтын медальмен марапатталу-
ымен құттықтаймыз. Әрқашан
өнердің өрінен, академияның төрінен
түспеңіз деген тілек білдіреміз.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс
жөніндегі бөлімнің бастығы, қазақ
тілі әдебиеті кафедрасының аға
оқытушысы Садуақасова Саида
Әсетқызын қазақ тілі мамандығы
бойынша «Медиа мәтініндегі са-
яси метафоралар: әлеуметтік-
лингвистикалық, педагогикалық
аспектілері» тақырыбындағы
докторлық (РҺD) диссертациясын
сәтті қорғауымен құттықтаймыз.
Ұстаздық еңбегінде жаңа асулар-
ды бағындырып, ғылымның биік
шыңынан көріне беруіне тілектеспіз.
Елбасы ұсынған Ұлт жоспары
– «100 нақты қадам» жобасын
шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдары жарыса жазып, өз
қызығушылықтарын білдіруде.
Мәселен, ресейлік басылымдарда
«Экономикалық таңғажайыпқа
әкелетін 100 қадам» немесе «Еу-
разияны өзгертетін 100 қадам»
деген тақырыпта мақалалар
жарық көрді.
Онда
«Ұлт
жоспарын
Қазақстан
тәуелсіздік алған күннен бастап іске асып
келе жатқан стратегиялық құжаттардың
үйлесімді жалғасы», - деп сипаттаған.
Ресейдегі сараптамалық орталықтың ди-
ректоры Михаил Хазин Ұлт жоспары – «100
нақты қадамға» байланысты өз пікірін
айтқан болатын. Ол кісінің және көптеген
ресейлік
сарапшылардың
пікірінше,
«Бұл – өзіміздің еліміз жіберіп отырған
мүмкіншіліктерге реніш, көрші мемлекетте
жүзеге асып жатқан мүмкіншіліктерге деген
құрмет. Қазақстан Ұлт жоспары арқылы
Ресейден көптеген салалар бойынша озып
кетуге мүмкіншілік алды» дейді.
Ал Австрия мемлекеті ұлттық кеңесінің
өкілдері Қазақстанның аталған жоспардағы
міндеттерді іске асыруға мүмкіндігі жоғары
деп бағасын берді. Еуропаның Сыртқы істер
кеңесі болса, «бұл құжат Азиялық дамудың
үлгісі» деген пікірде. Ұлт жоспары АҚШ-тың
ұлттық кеңесінде де талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары –
қазақстандық арманға бастайтын жол» атты
мақаласын талқылай келіп Вашингтондағы
Халықаралық
қатынас
консалтингтік
компаниясының басқарма төрағасы Адам
Джонсон Қазақстан Президентінің баста-
малары әркез тың идеялар мен оны тиімді
жүзеге асырудың ұтымды жолдары арқылы
ерекше екенін алға тартты. Мақалада кәсіби
мемлекет, дамыған құқықтық жүйе және
озық экономика қалыптастыруға қажетті
барлық алғышарттар қарастырылған деп
есептейді ол.
- Мұның бәрі – мемлекетті алға
бастаудың прагматикалық әрі шынайы
құралы. Бұл жолда Парламенттің 59 заңды
қабылдағаны нақты іс барысын көрсетсе
керек-ті. Транспарентті, әділ заң жүйесін
қалыптастыру, азаматтық қоғамды дамыту
және ұлттық бизнесті әлемдік экономикамен
етене байланыстыру жағы маған ерекше
әсер қалдырды,-деп Адам Джонсон ағынан
жарылды.
БАҚ кz.
Заманына қарай амалы...
Жетісулық жастар үшін жағымды жаңалық.
Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері
басқармасы жаңа жылдан бастап, ресми сайтының
мобильдік нұсқасын іске қосты. "Ғаламтор - ақпарат
алмасудың басты көзіне айналған қазіргі заман-
да мобильдік қосымшалардың мүмкіндіктері зор",
-дейді жауаптылар. Бүгін олар "Журналистер үйінде"
арнайы сайт пен мобильдік нұсқаның көпшілік
таныстырылымын өткізді. Айтуларынша, ендігі
жерде жастарға қатысты қандай да мемлекеттік
бағдарламалар, өңірлік жоспарлар, басқарманың
облыстық, аудандық-қалалық филиалдары қызметі
туралы түрлі ақпараттар қалтасында ұялы теле-
фоны бар кез-келген Жетісулық жасқа қолжетімді
болмақ. Бұған қосымша басқарма басшылығы
жастарға "онлайн кеңес беру" қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Атап өтерлігі, мұндай
жобаны өзге өңірлердегі жастар басқармалары әлі қолға ала қойған жоқ.
Сақтықта қорлық жоқ
Жыл басынан бері республика жолдарында қар құрсауында қалған 1200 адам құтқарылды.
Мамандардың айтуынша, көп жағдайда азаматтардың өздері кінәлі. Жүргізушілердің дені
автокөліктерін қысқа дайындамаған. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды және
Ақмола облыстарында төтенше жағдайлар жиі болады. Біздің облыстағы Үшарал-Достық
автожолының да қыс мезгілінде әуресі көп. Әзірге, жолда қалғандар туралы ақпарат жоқ.
Бірақ желтоқсан айында ғана осы жолдан құтқарушылар 14 автокөлік пен 33 адамды қар
құрсауынан аршып алған болатын. Бұндай жағдай Талдықорған-Қапал жолында да болған.
Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қыс мінезі қиын, алдағыны болжап болмайды. Ал-
маты облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Мұрат Боранбаевтың
пікірінше, қысты күні жолға шығарда барынша қамданған жөн әрі сақтық шараларын на-
зардан тыс қалдырмаған жөн. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз, өздеріңіз білетін 112
қызметіне ақысыз хабарласасыз және 101-ге хабарласып, өздеріңіздің жағдайыңызды, қай
жерде, қанша адам екеніңізді айтсаңыз, сіздерге уақытылы көмек көрсетіледі.
Біліктілікті көтеру
білімділікке бастайды
Жетісу ақпарат.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мансап және имидждік
жұмыстар офисінің ұйымдастыруымен Алматы облысының колледж, мектеп директорла-
ры мен балабақша меңгерушілері және тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру се-
минары өтті. Алғаш рет ақысыз негізде ұйымдастырылған шараға Алматы облыстық білім
басқармасы белсенділік танытып, оқыту семинарының маңыздылығын жоғары бағалады.
4 күн бойы университеттің профессор-ғалымдары әр пән бойынша жеке-жеке сабақтар
өткізіп, шеберлік класын көрсетті. Колледж, мектеп, балабақша басшыларына «Қазақстан
Республикасындағы заңнамаларды жетілдірудің негізгі бағыттары» жөнінде семинар
өткізілсе, ұстаздар мен тәрбиешілерге: «Мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін
тереңдете оқытудың басымдықтары», «Математиканы оқытудағы инновациялық техноло-
гиялар», «Педагогтың кәсіби іс-әрекетін әдістемелік қамтамасыздандыру», «Білім беруде
инновациялық технологияларды қолданып білім сапасын арттыру жолдары», «Техноло-
гии интерактивного обучения на уроках русcкого языка», «Technologies of critical thinking»
сияқты бірнеше бағыттарда сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар Елбасының жарияланған
«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастар жол» атты мақаласы кеңінен талқыланып,
онда көрсетілген басым бағыттар түсіндірілді.
Облысымыздың білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, іс-тәжірибе
алмасуды көздеген шараға 200-ден астам педагогтар қатысты. Семинардың соңғы күнінде
ұстаздар қауымы университеттің білім беру қызметіндегі тынысымен, материалдық-
техникалық базасымен жақынырақ танысып, оқу ордасына экскурсия жасады. Алған
білімдері бойынша сынақ тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды.
Баян МӘШРІПХАНҚЫЗЫ.