№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата03.03.2017
өлшемі4,95 Mb.
#5593
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Әдебиеттер 
1  Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. – Алматы, 1992. – 
176 с. 
2 Касымжанов Х., Касымжанова С.А. Духовное наследие казахского народа. – 
Алма-Ата, 1991. – 89 с. 
3  Мұхтарова  Г.Р.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  ислам  дінінің  ықпалы  (XIX 
ғасырдың  екінші  жартысы):  Тарих  ғыл.  канд.  ...  дисс.  авторефераты.  –  Қарағанды, 
1999. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
144 
4 Ажигали С.Е. Религиозность и обрядность сельчан Казахстана в ближайшей 
ретроспективе: Жетысу, середина 80-х гг. // Обычаи и обряды казахов в прошлом и 
настоящем. Сб. статей. – Алматы, 2001. 
5  «Дала  уалаяты газеті»  – этнографиялық әңгімелер. (Қазақ этнографиясының 
кітапханасының кітапханасы, 43-шы том). – Павлодар, «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 389 б. 
6 Сабитов Н. Мектебы и медресе у казахов. – Алма-Ата, 1950. 
7 Шулембаев К.Ш. Маги, боги и действительность. – Алма-Ата, 1975. 
8 Василов В.Н., Кармышева Б.Х. Ислам у казахов (до 1917 г.). – М., 1997. 
9 Уәлиханов Ш. Тәңірі [Құдай] // Таңдамалы. – Алматы, 1985. 
10 Әмірғазин  К. Дін және жауапкершілік. – Астана, 2002. – 178 б. 
11  Султангалиева  К.  Ислам  в  Казахстане:  история,  этничность  и  общество.  – 
Алматы, 1998. 
 
ДУЛАЙ Жалғас, 
М. Әуезов атындағы шағын орталықты тірек мектебінің 
8 сынып оқушысы, Қазақ ауылы, Тұрар Рысқұлов ауданы, 
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БОЛАКБАЕВА Алтын Жапарғалиқызы, 
М. Әуезов атындағы шағын орталықты тірек мектебі 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, Қазақ ауылы, 
Тұрар Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕ ҚАБАНБАЙ БАТЫР БЕЙНЕСІНІҢ СОМДАЛУЫ 
 
Аңдатпа.  Жұмыста  қазақтың  даңқты  батыры  Қабанбай  батыр  туралы  жыр-
дастандарға әдеби талдау жасалып, батырдың халық аузында сақталған есімдерінің 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
145 
сырын  ашу  мақсат  етілген.  Қабанбай  батырдың  әдебиеттегі  бейнесі  тарихи 
оқиғалармен байланыстырыла зерттелген. 
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тарихындағы күрделілігімен ерекшеленген ХVІІІ 
ғасырдың көрнекті батыры Қаракерей Қабанбай батыр ерлігінің әдебиеттегі көрінісі 
болып табылатын жырлар жиналып, әдеби талдау жасалды. 
Жұмыстың  мақсаты:  Қабанбай  батыр  жайындағы  жыр-дастандарға  әдеби 
талдау жасап, батырдың ел аузында сақталған есімдерінің сырын ашып, зерттеушілік 
қабілетті дамыту арқылы әдебиеттану бағытында ғылыми тұжырым жасау. 
Жұмыстың міндеттері: 
- Қабанбай батыр жайындағы жыр-дастан, баспасөз материалдарымен танысу; 
- Қазақ әдебиетіндегі Қабанбай батыр бейнесінің сомдалуына талдау жасау; 
-  Қабанбай  батырдың  есімдерінің  сырын  ашып,  өмір  сүрген  жылдарын 
анықтау. 
Ел  тарихында  аты  алтын  әріптермен  жазылатын  атпалы  азаматтар  болады. 
Олар  –  елім  деген  ерлер,  ұлт  санасын  оятқан  ғұламалар,  тілінен  тәтті  жыр  төккен 
ақындар, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешкен билер болып жалғасады. 
Біз зерттеу жұмысымызға ХVІІІ ғасырда өмір сүріп, ел шетіне жау тимесін деп 
тебінгісін  –  терге,  көңілін  –  шерге  шіріткен  Қаракерей  Қабанбай  батырдың 
әдебиеттегі көркем бейнесінің сомдалуын таңдап алдық. 
Батыр  туралы  жыр-дастандар,  зерттеу  еңбектері  аз  емес.  Қабанбай  батырдың 
өмірі  мен  ерлік  күресі  Бұхар,  Үмбетей,  т.б.  жыраулардың  толғауларына  арқау 
болған.  Қабанбай  батыр  туралы  жырдың  Қазақстанда  4  нұсқасы,  Қытай 
қазақтарында 10-ға тарта нұсқасы сақталған. 
Біз «Қазақ әдебиеті» газетінің 1990 жылғы 10 қаңтардағы санында жарияланған 
«Қабанбай батыр» жырын талдауды мақсат еттік. Мұнан өзге «Бес ғасыр жырлайды» 
жинағынан  жыраулар  шығармашылығына  шолу  жасадық.  Әдеби  жәдігерлерде 
Қабанбай  батырдың  ерліктері,  жауға  деген  өшпенділігі,  өз  халқының  бостандығы 
мен тәуелсіздігі жолындағы күресте көрсеткен табандылығы мен ерлігі жырланады. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың:  «Біз  келешекке  алдымызда  ғұмыр  кешкен 
қазақстандықтардың  сан  буынының  рухына  тәу  етіп,  өткенімізді  санамызға 
қастерлеп  сақтау  арқылы  беттеп  келеміз.  Бізді  әрдайым  тәуелсіздік  хақындағы 
арманымызды  жүзеге  асыру  үшін  жан  аямай  күрескен,  мемлекетіміздің  іргесін 
қалап,  еліміздің  болашақ  қуатын  бекемдеген  барша  бабаларымыздың  аруағы 
сыртымыздан желеп-жебеп жүр», - деген мағыналы пікірін зердесіне тоқыған қазақ 
қоғамы  айбыны  асқан  ата-бабаларына  сөзбен  де,  тастан  да  ескерткіш  орнатуда. 
Олардың  қатарында  жазушы  Қ.  Жұмаділовтің  «Дарабозын»  атап  өтуге  болады. 
Батыр  жайындағы  жырларды  жинаған  Ш.  Уәлиханов,  Қ.  Халидұлы,  Қытайда 
тұратын қазақ ғалымдары З. Сәнік пен Б. Садықанның еңбегі зор. 
Зерттеу  бөлімі.  Даңқты  қазақ  батырының  есімдері  туралы  болжамдар. 
Есімі елінің ұранына айналып, тарихта аты алтын әріппен жазылған қазақ ұлтының 
мақтанышы,  XVIII  ғасырда  ерен  ерлігімен  елінің  есінде  сақталған  Қабанбай 
батырдың  есімдері  туралы  айтқанда,  алдымен,  1910  жылы  Қазанның  «Өрнек» 
баспанаханасында  басылған  Құрбанғали  Халидтың  «Тарих  хамса»  (бес  тарих) 
еңбегін  атауға  болады.  Автор  өз  еңбегінде:  «Абылай  заманында  батыр,  сардар 
болғандар Қаракерей Қабанбай, Алтыбай батыр, Ақтанберді батыр, Есмамбет батыр, 
Матай  Шөңкей  батыр,  Керей  Жәнібек  батыр,  бөрі  Ақпантай  батыр,  Қанжығалы 
Бөгенбай батыр, Бәсентиін Малайсары батыр, бұлардың бәрі де қолбасшы жауынгер 
атанса  да,  қайраттысы  Қабанбай  болған.  Қабанбайды  кейде  «хан»  деп  те  атаған. 
Оның «дара боз» деген  атағы тағы бар. Ал Қабанбайдың өз аты Ізбасар болғанымен, 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
146 
қабан сияқты бет алған жағынан қайтпайтын қыңырлығынан осы атқа ие болыпты» 
[1], - деп жазған. 
Ал  бізге  тарих,  әдебиет  пәндерінен  сабақ  жүргізетін  мұғалімдеріміз: 
«Қабанбайдың  азан  шақырып  қойған  аты  –  Ерасыл»,  –  деп  түсіндіреді.  Сонда 
шындығы  қайсы?..  Шындығында,  Ерасыл  қалай  «Қабанбай»  атанды?  Бұл  жөнінде 
жазушы Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз» романында: 
«Онда  Ерасылдың  он  алтыдан  он  жетіге  жаңа  шыққан  кезі...  ойда  жоқта  бір 
үйір  жабайы  шошқамен  ұшырасып  қалғаны  бар...  Ерасыл  найзаны  бар  күшімен 
сермеген-ді, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара қабан серең етіп құлап 
түсті...  Ерасылдың  аман  отырғанын  көргенде,  Байдәулет  жездесінің  қуанғанын 
айтпа! 
-  Ой,  сен  өзің  жігіт  екенсің  ғой!  Батыр  деп  мына  сені  айт!  –  дей  береді  әлсін-
әлcін.  Уа,  жарандар,  мұның  атын  бүгіннен  бастап  «Қабан  батыр»  деп  атайық!  – 
демесі бар ма? [2], - деп баяндалатын ел аузындағы аңыз беріледі. 
Қабанбай  батыр  –  Найманның  Байжігіт  тайпасынан  шыққан  Қожақұл 
батырдың  баласы.  Ал  Қожақұлдың  Есенбай,  Есенаман,  Ерасыл  атты  балалары 
болған [3]. Кейбір ел аузында аңыздарда ізшіл тазысының аты батырға ауысады. Сол 
себепті «Ізбасар» атанады. 
Қазақтың  дәстүрі  бойынша  батырдың  жеңгелері  «Нарбала»  деп  атаса, 
шайқастағы ерлігімен «Дарабоз» атаныпты. Осынша батырдың елге таныс есімдерін 
тізбектеудегі мақсатымыз – «Қабанбай» атану себебін анықтау. 
Қабанбай  өмірін  зерттеп,  ғылыми  айналысқа  қосқан  Зейнолла  Сәніктің 
«Қаракерей  Қабанбай»  еңбегінде  «бұқа,  қабан,  бура,  төбет  бөрі,  т.б.  сөздерінің 
қазіргі күнде пәлендей үлкен мәні болмағанымен, өз кезінде ол ірі хандықтың, үлкен 
батырлықтың алып айбынының символы еді» [4] деген фактіні алға тартады. 
Тарихтан  белгілі,  жоңғар  шапқыншыларымен  шайқаста  ел  тізгінін  ұстаған 
Абылай  хан  қарамағындағыларды  елге  жасаған  еңбегіне,  ақыл-ой  өресіне, 
алғырлығы мен ерлігіне қарап бағалап, соған лайық орын бергені мәлім. 
Қаракерей  Қабанбай  –  тек  жүректі  батыр  ғана  емес,  көрегендігі, 
данышпандығы  бір  басына  жетерлік,  әрі  әскери  өнерге  жетік,  қол  бастайтын 
көсемдігі  басым  тұлға.  Оның  аты  жорықтарда  халықтың  ұранына  айналған.  Ол  – 
бүкіл  қазақ  әскерінің  бас  қолбасшысы,  хан  батыры,  Абылайдың  сенімді  серігі. 
Тарихи  жырлардың  бірінде  («Есенгелді  батыр»)  Абылайдың:  «Әуелі  құдай,  екінші 
сен  ие  бол,  Қабанбай,  халық  саған  аманат!»  -  деуі  батырдың  қазақ  қоғамындағы 
орнын айқындайды. 
Демек,  Қабанбай  –  қазақ  хандығындағы  екінші  ірі  тұлға.  Бұл  –  «бас  уәзір» 
лауазымы. «Уәзір» – араб сөзі. Осыған орай, Қабанбай батыр Қазақ мемлекетінің ірі 
саяси  қайраткері,  Абылай  ханның  бас  уәзірі  болды  десек,  ал  бұл  лауазымды  түркі 
және моңғол халықтарында «қабан» (хаван) деп атайды. 
«Хван»  моңғол  тілінде  4  мағынада  қолданылып,  бірінде  «бас  уәзір»  дегенді 
білдіреді [5]. Осыған орай, Абылай ханның «бас уәзірі» деген ұғымды беретін болар. 
Қазақ елін жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында басын бәйгеге тігіп, 103 рет 
қанды қырғын соғысқа кірген батыр «бас уәзір» лауазымына әбден лайық. Халық – 
әрқашан әділ төреші. «Халық айтса, қалп айтпайды»... 
«Қабанбай  батыр»  жыры  –  тарихи  шығарма.  Ел  тарихындағы  мәңгілікке 
айтыла беретін оқиға – «Ақтабан шұбрынды, алқакөл сұлама» оқиғасы. Бұл – ХVІІІ 
ғасырдағы жоңғар шабуылынан қалған атау. 
Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Қарындастан айрылған жаман екен, 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
147 
Екі көзге мөлдіреп жас келеді [6], - деп Қожаберген жырау көрінісін көркемдеп 
жеткізген кезеңде ел қорғаған батырдың бірегейі – Қабанбай батыр. Батырдың ерен 
ерлігі ел арасында аса үлкен құрметке бөленіп, жыраулардың жырына арқау болған. 
Ғалымдардың пікірінше, Қабанбай батырды жырлаған жырдың саны  – төртеу. Осы 
жырлардың толығы әрі көркемі М. Сағымбайұлы жазып алған  –  «Қабанбай батыр» 
жыры [7]. 
Жыр  620  жолдан  тұрады.  Қытай  Халық  Республикасының  Пекин  қаласында 
1984 жылы жарық көрген «Қазақ қиссалары» атты көптомдықта араб әрпімен алғаш 
жарияланған. Жырды төте жазудан кириллицаға түсірген ақын  – Несіпбек Айтұлы. 
Жырда Қабанбай батырдың өз халқының қамы үшін, ел намысы, ел кегі жолындағы 
күрестерінің,  көп  жорықтарының  соңғы  кезеңі,  батырдың  ақырғы  шайқасы 
суреттеледі. 
Жыр кейіпкері  Қабанбай  – ел қорғаны, батыр. Оның Дәулетбай  атты інісі бір 
жаугершілікте  қарсы  жақтан  сауға  сұрап  келген  арудың  ақ  тайлағын  бермедің  деп 
өкпелеп, бөлініп, көшіп кетеді. Арада жылдар өткенде Қабанбай ауруға шалдығады. 
Батырдың  науқасынан  хабар  алған  өзі  тұстас  батырлар  түгел  жиналады.  Батырдың 
замандастары арасында аса беделді, хан да, қара да қадірлеген, айбыны асқақ, атағы 
биік жан болғанын жырдағы мына шумақтар аңғартса керек: 
Кей жаман жағалады мал таба алмай, 
Нас жаман аңырады сөз таба алмай, 
Қабанбай науқас болды дегенді естіп, 
Келіпті көңілін сұрай хан Абылай. 
Сексеннің сегізінде Бұхар келді, 
Көңілін Қабанбайдың сұрай келді, 
Болса да жасы жеткен үлкен адам, 
Солқылдап жас баладай жылай келді [8]. 
Қабанбайдың  абыройының  асқақтығын  жыршы  Бұқар  жыраудың  атынан 
айтылатын «Мадақ жырында»: 
Айналайын, Қабанбай, 
Жау келгенде жарығым, 
Алыстан асып дау келсе, 
Түрулі тұрған құлағым. 
Жақыннан жарым жау шықса, 
Белдеудегі пырағым, 
Мың жылқыны суарған, 
Төскейден аққан бұлағым [8], 
 
– деп әдемі жеткізсе, 
Қабанбай ауру дегенде, 
Жетімсіреп жыладым. 
Бір құдайдан сұрадым. 
Арғыннан айттым жүз кісі, 
Найманнан айттым жүз кісі, 
Үйсіннен айттым жүз кісі, 
Үш жүз кісі болар ма? 
Айналайын, Қабанбай, 
Қара  мойын  лағың  [8],  -  деп  Қабанбай  бағасын  арттырып  қана  қоймай, 
мойнына моншақ салып, баласының амандығын тілеген ауыз әдебиетіндегі әкелерді 
елестетеді. 
Жырда  Қабанбайдың  адамды  тани  білетін  көрегендігі  де  қамтылған.  Інісі 
Дәулетбайға  ұлы  жүздің  топқа  салған  шешені,  ақыл-ойдың  кешені  Төлебидің  үлгі-
өсиетін естіп өскен, тәрбиелі қыз айттырады. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
148 
Расында, келіні Қабанбай ауру дегенде: 
Асқар белден айрылдым, 
Жасыған жездей майырылдым. 
Айналайын, атам-ай, 
Қапыда қалдым айрылдым [8], - деп көргенді, тәрбиелі жан екендігін көрсетеді. 
Жұбайы Дәулетбайға: 
Ей, Дәулетбай, Дәулетбай, 
Өкпелеттің ағаңды, 
Кетірдің менің бағамды. 
Жау келгенде көрермін, 
Мың кісілік шамаңды. 
Талқан етіп айырар, 
Ертең-ақ біреу жағаңды [8], - деген басу айтып жолға шығуға көндіреді. 
Жырда  Қабанбай  батыр  туысқанға  кешірімді,  бауырмал  жан  болғанын 
дәлелдейтін шумақтар бар. 
Еріндерін жалайды, 
Келді ме деп Дәулетбай, 
Есік  жаққа  қарайды  [8],  -  деген  тармақтарда  бауырын  күткен  ағаның 
сағынышқа толы жанары көз алдыңа келеді. Қанша өкпелесе де, кешірім жасап, өлер 
шағында  бір  көріп  қалуды  арман  еткен  асыл  жүректі  жанның  інісіне  деген  ағалық 
махаббаты байқалады. 
«Қабанбай батыр» жырына да фольклорлық элементтер тән. Мысалы, батырлар 
жырында батырдың негізгі серігі – тұлпары болса, Қабанбайдың да тұлпары жырдың 
басынан  соңына  дейін  батырмен  қатар  жырланады.  Қубас  ат  –  Қабанбайдың  ұлы 
тұлғасын  көкке  көтеретін  қанаты.  Оның  Қобыланды,  Алпамыстың  тұлпарлары 
секілді ел шетіне жау тигенін сезетін қабілеті бар. Батырдың талай жылдан жолдасы 
болған Шағалақ: 
Жүгіріп шықтым белеңге, 
Қубас ат шөп жұлмайды дегенге. 
Қысылмасам хан батыр, 
Еңіреп сізге келем бе? 
Әтекеұлы Садыр қолбасы, 
Мың кісімен қара нор, 
Келіп  түсті  өзенге  [8],  -  деп  Қубас  аттың  жау  жеткендегі  жасайтын  әрекетін 
айтып, батырды хабардар етеді. 
Қубас  батырының  науқас  халіне  халықпен  бірге  күйінгендей,  батыр  жатқан 
үйді  айналып  жүреді.  Төсектен  бас  көтеріп  жауға  аттанғалы  тұрған  батырды 
көргенде иесін танып оқыранады. Батыр да Қубас атын көргенде бойына қуат бітіп, 
жасарып кетеді. 
Жиырма бестегі күніндей, 
Ұшып атқа келеді. 
Маңдайынан бір сипап, 
Аллалап атқа мінеді [8]. 
Бұл – Қабанбайдың Қубас атқа мініп жауына соңғы рет аттанған жорығы. Осы 
соғыста жауын жеңіп, сүйікті тұлпарының үстінде өмірден өтеді. 
Жырдағы  Қабанбай  бейнесін  ашатын  кейіпкер  –  Шағалақ  образы.  Ол  – 
Қабанбайдың  жан  жолдасы,  ақкөңіл,  адал,  шапшаң  қимылды  жан,  батырдың 
сеніміне ие болған тұлға. 
Ей, Шағалақ, Шағалақ, 
Ертіп едім жасыңнан, 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
149 
Жүз кісіге бағалап. 
Қубас атты алып кел, 
Төрт  аяғын  тағалап  [8],  -  деп  тапсырма  бергенде  алты  құлаш  белбеумен 
батырдың  белін  буып,  атын  ерттеп  алдына  тартады.  Әскері  тарап,  Дәулетбай  араз 
болып  кетерде  жанында  Шағалақ  қалады.  Жырдағы  Шағалақ  бейнесінің  осы 
мінездері  Қабанбай  батырдың  бейнесін  асқақтатып,  салмақтандыра,  сұстандыра 
түскендей әсер етеді. 
Аурудан тұралап жатқан Қабанбай ел шетіне жау тиген хабарды естігенде: 
Арасанға ат айттым, 
Қорасанға қой айттым, 
Тәңіріме тай айттым, 
Құдай маған дем салшы. 
Қубас атқа ер салшы, 
Әлсіреген денемді, 
Түске дейін қатайтшы! [8] – деп Алладан медет тілеп, жауға найзағайдай тиіп, 
талқандап бара жатқан суреті былайша суреттеледі: 
Қайратқа мінген Қабанбай, 
Садақ жетер жерлерді, 
Тартып кетіп барады. 
Қылыш жетер жерлерді, 
Қырып кетіп барады. 
Ұстарадай жау тобын, 
Тіліп кетіп барады. 
Өлексесін жауының, 
Үйіп кетіп барады [8]. 
Осылайша  жау  жүрегімен,  арыстан  білегімен,  еліне  қалқан,  жеріне  қорған 
болған Қабанбайдың биік адамгершілік, мол мейірім иесі екендігі де жырда тамаша 
берілген. 
Он  алты  жасар  қырғыз  батыры  Садыр  қолға  түскенде,  өлтірмекші  болған 
Абылайға: 
Өлтірмеші баланы, 
Ұлғайтпашы жараны! 
Бұл да біздей ер екен
Он алтыда қайран жас, 
Ерігіп шығып жүр екен [8], - деп араша түседі. 
«Қабанбай  батыр»  жырын  оқығанда  басты  кейіпкердің  алдағы  өмірін  болжай 
білетін, нақтылай айтсақ, өлер сәтін сезетін қасиетіне көз жеткізуге болады. Жауына 
соққы беріп, жерін азат еткеннен кейін-ақ аттың үстінде тұрып: 
Жанына Дәулетбайды шақырып ап, 
Есіл ер ел-жұртымен арыздасты: 
- Ей, Дәулетбай, бері кел, 
Бері кел де мені көр. 
Амалмен құрған қақпанды, 
Ақылды пенде баспайды. 
Тәңірім жазған жазудан, 
Өлшеулі ғұмыр аспайды. 
Арманың болса айтып қал, 
Ертеңгі күні дүйсенбі. 
Сендерді қайғы еңсерер, 
Жұрт күйзеліп қабағат, 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
150 
Жердің жүзі теңселер. 
Арқаға арнап бейіт соғып, 
От орныма қойыңдар. 
Мен өлген соң қас дұшпан, 
Сүйегімді ұрламақ. 
Сондықтан мен өлген соң, 
Күзетіп үш күн тұр қарап. 
Дүйсенбі күн өтпекпін, 
Үш күннен соң Меккеден, 
Сүйегімді алуға, 
Ақбас  атан  жетпек  күн  [8],  -  дейді.  Жырда  халық  қиялына  ұштасқан 
қасиеттерді  беру  арқылы  Қабанбайды  өзге  батырлардан  жеке  дара  ірі  тұлға  етіп 
суреттейді. 
Бұл  –  ертедегі  батырлар  жырында  бар,  өзара  іштей  желісін  үзбей  ұштасып, 
жалғасқан  дәстүр.  Қабанбайдың  өлім  уақытын  болжауы,  ал  туының  қасиеті, 
өлгеннен  кейін  денесі  аспанға  ұшып  кетуі,  халықты  сүйген  ерін  көкке  көтере 
мадақтай жырлауынан туған жайлар. «Қабанбай батыр» жыры – батырлар жырының 
жанрлық ерекшеліктерін түгел сақтаған туынды. 
Санамалап көрейік: 
1.  Басты  кейіпкердің  басты  мақсаты  –  шетелдіктерден  жерді,  елді,  құтқару 
(жоңғарлардан). 
2.  Батырдың  дұшпаны  өзіне  сай,  күші  де,  қайраты  да  тең  дәрежеде  (Садыр 
Әтекеұлы). 
3. Қазақ батырлары жас кезінен батырлық көрсетеді (жеті жасында әкесі өліп, 
ағасының  өлімін  көріп,  кегін  қайтару  үшін  сауыт-сайманын  қарына  іліп,  жауға 
аттанады). 
4.  Қазақ  батырларының  әйелдері  оларға  ақыл-кеңес  беруші,  тұлпарын 
баптаушы,  кейде  тізе  қосып  бірге  соғысады  (Қабанбайдың  жары  Гауһар  батырмен 
бірге  жауға  кірген,  ерен  ерліктің  үлгісі  болған.  Ал  қызы  Назым  да  әкесімен  бірге 
соғысқан). 
5.  Қазақ  батырлар  жырларында  батырға  сай  ер  қанаты  –  тұлпардың  болуы. 
Жырларда олар ғажайып күш иелері болып, иесімен адамша сөйлесіп, қауіп-қатерді 
алдын ала  сезгіш  ерекше жануар кейпінде суреттеледі. Қабанбайдың Қубас атында 
осындай ерекшеліктер бар (шөп жемеуі). 
6.  Батырдың  образы  оның  ерлігін  қиял-ғажайыптық  тұрғыда  береді.  Жырда 
Қабанбай келбеті былай сипатталады: 
Адамнан тұсындағы өзгеше қып
Жаратты құдіретімен параудигар. 
Бар екен маңдайында қоян тобық, 
Мұны жұрт батырлықтың белгісі дер. 
Қаңтарда туған екен шешесінен, 
Ерліктің үлес ала есесінен. 
Денесі бір жастағы баладай боп, 
Байқалған ғаламаты мүшесінен [8]. 
Алпамыс,  Қобыланды,  т.б.  халық  батырлары  ай  сайын  өссе,  Қабанбай  анадан 
туылғанда бір жастағы баладай болыпты. 
Талданған  осы  жағдаяттардың  барлығы  да  ауыз  әдебиетіне  тән  ерекшеліктер. 
Сол  себепті,  дастанның  авторы  фольклорлық  шығармаларды  жетік  білетін  жан 
болған деп тұжырымдаймыз. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
151 
Қазақ  жыраулық  поэзиясындағы  Қабанбай  бейнесінің  жырлануы. 
Жыраулар  поэзиясында  Қабанбай  бейнесінің  сомдалуы  Абылай  хан  есімімен  қатар 
аталады.  1711-1781  жылдары  ғұмыр  кешкен  Абылайдың  20  жасында  қан  майданда 
атасы  Абылайды  ұран  етіп,  жауға  шауып,  ерлігімен  танылғаны  тарихтан  белгілі. 
Шайқасқа  жалғыз  шаппағаны  да  белгілі.  Осындай  жанын  шүберекке  түйген 
соғыстардың бірін ханның кеңесші биі болған Бұқар жырау былай суреттейді: 
Қалданменен ұрысып, 
Жеті күндей сүрісіп, 
Сондағы жолдас адамдар: 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай 
Өңкей батыр жиылып, 
Абылай салды жарлықты. 
Қалдан ханды қашырып, 
Шеп салған жерін бұздырып, 
Ұрысты қатты қыздырып, 
Жәбірлеген қалмаққа, 
Тырнағын қатты батырды [9, 97]. 
Толғаудан жеті күн тоқтаусыз соғыс салған батырдың Абылаймен ниеттес, бір 
мақсатта  болғанын  білеміз.  Ол  мақсат  –  ел  қорғау,  қалмақ,  жоңғар 
шапқыншылығынан қорғау. 
Қабанбайдың тек батыр емес, іс түйінін шеше білетін ақыл иесі  болғандығын 
Құрбанғали  Халид  келтірген  әңгімеден  байқауға  болады.  «Абылай  ханның 
қалмақпен  ақырғы  соғыстарында  қазақтар  көп  әскермен  Қалба  тауына  келгенде, 
елдің қайта етекке түскенін естіген торғауыттар мен қалмақтарды қалай шабу керек 
деп  үлкендермен  кеңескенде  қолбасылар  Бөгенбай  мен  Қабанбай  батырлар  екі  дай 
болады 
Абылай  бұлардың  қайсысын  тыңдарын  білмей,  дағдарып,  Бұқар  жырауға 
ишара етіп, сен сөйлеші дегенде ол: 
Сен, Абылай, Абылай, 
Түркістаннан келген құл едің. 
Дәулет қонды басыңа
Қыдыр келді қасыңа, 
Бақ үйіне түнедің. 
Сен, Қанжығалы Бөгенбай, 
Тоқымы кеппес ұры едің. 
Қабанбайдан бұрын найзаңды, 
Қашан  сен  жауға  тіредің?  [1,  106],  -  деп  Қабанбай  батырдың  ұсынысының 
дұрыстығын айтады. 
Қазақ тарихында қолына қару алып, жаугершілікте жүріп, батырлық ерлігімен 
ерекшеленіп,  жауынгерге  жігер,  қажырына  қайрат  қосқан  жыраулар  болған. 
Солардың бірі – Үмбетей жырау. 
Үмбетей жырларындағы Қабанбай батыр бейнесі бір төбе. Жасы 80-нен асып, 
ажалы  жеткен  Бөгенбай  өлімін  Абылайға  жырмен  естірткен  Үмбетай  жырау 
болыпты. Осы көлемді толғауда: 
Аруағыңа болысқан, 
Әділ билік қылысқан. 
Қашпаған қандай ұрыстан, 
Керейде батыр Жәнібек, 
Қаз дауысты Қазыбек, 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
152 
Қу дауысты Құттыбай, 
Қара керей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай – 
Абылай сенің тұсыңда, 
Сол бесеуі болыпты-ай! 
Кейі батыр, кейі би, 
Тәңірім  берген  сондай  сый  [9,  78],  -  деп  Қабанбайға  әділ  баға  берді.  Оны   
«Тәңірдің өзі тартқан сыйы» деп мадақтайды. Осы толғауда Қабанбайдың жоғарыда 
тілімізге тиек еткен Әтеке жырықпен соғысы да көрініс тапқан. 
Жырау: 
Анау бір жылы аттанған, 
Әскерді қырғыз қырғанда
Ұлы сәске болғанда, 
Жасаған жақсы жол беріп, 
Жол бергенде мол беріп, 
Ойламаған бақ беріп, 
Қырғызды тәңірім қақ бөліп, 
Садыр кетті бөлініп, 
Соғысудан түңіліп, 
Әтеке сынды жырықтың, 
Қабырғасы сөгіліп. 
Шапқанда батыр төгіліп, 
Қара керей Қабанбай, 
Қырмап па еді жауыңды, 
Қуантпап  па  еді  қауымды?  [9,  79]  -  деп  тарихи  оқиғаны  тағы  да  көз 
алдымыздан  өткізгендей  болады.  ХVІІІ  ғасырдағы  батырлардың  мүдделері  ортақ, 
біреуі  – жаға, біреуі  –  жең болуға ұмтылғанын көреміз. Олар жауға  жалғыз шауып 
бәйге алмаған. 
Әдеби  жәдігердің  мәліметіне  сүйенсек,  қырғыздармен  соғыстан  соң 
денсаулығы  нашарлаған  Қабанбай  өмірден  өтеді.  «Қабанбай  батыр»  жырында 
Қабанбай батыр жауға шапқанда жолдасы болған Қубас атпен серттескенде: 
Мен келдім жетпіс сегізге, 
Сен келдің отыз сегізге. 
Сенен басқа ат мінсем, 
Мінгендей болдым өгізге [8], - деп өзінің жас мөлшерін айтып өтеді. Осы дерек 
Қабанбай батырдың туған, дүниеден өткен жылдарын шамалауға мүмкіндік береді. 
Біздің  ойымызша,  Қабанбай  батыр  1692  жылы  дүниеге  келіп,  1770  жылдар 
шамасында  өмірден  өткен.  Сөзіміз  дәлелді  болу  үшін  тарих  парақтарына  үңіліп, 
саралап көрейік. 
«Абылай  ханның  қырғыз  манаптарына  қарсы  жорығы  1770  жылы  болғанын» 
[10,  375],  аталған  шайқаста  Қабанбай  жауды  жеңгенмен,  өзі  де  өмірден  өткенін 
айтсақ,  сол  соғыста  Қабанбайдың  жасы  78-де  екендігін  ескерсек  те  жеткілікті. 
Сонымен  қатар,  күні  бүгінге  дейін  өмір  сүру  жылдары  даулы  пікірлерге  ұрынып 
келген  Бұқар  жырау  Қалқаманұлының  өміріне  қатысты  деректерді  жаңалауға 
болатын  секілді.  Мысалы,  Қажым  Жұмалиев  –  1693-1787  жылдар,  М.  Мағауин  – 
1693-1787  жылдар,  Қайым  Мұхамедханов  –  1685-1777  жылдар,  ал  «Бес  ғасыр 
жырлайды» жинағындағы мақалада – 1668-1878 жылдар деп көрсетіліп жүр. 
Бұқар  жыраудың  өміріне  қатысты  түрлі  пікірлер  болғандықтан,  біз  де  өз 
дәлелімізді ұсынамыз. «Қабанбай батыр» жырында Бұқардың жасы жөнінде: 
Мінгені ханекемнің қарагер-ді, 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
153 
Еседі бейне қаздай қара жерді. 
Қабекең науқас болды дегенді естіп, 
Батырдың өзі тұстас бәрі келді. 
Болса да жасы жеткен үлкен адам, 
Солқылдап  жас  баладай  жылай  келді  [8],  -  деп  жырланады.  Егер  Қабанбай 
батыр 1770 жылы 78 жасында қайтас болғанда, көңілін сұрай келген Бұқар жырау 88 
жаста болса, онда Бұқар жырау 1682 жылы дүниеге келіп, Абылай ханмен қатар 1781 
жылы қаза тапқан. Себебі, Үмбетей жыраудың: 
Өткіздің тоғыз ханды толғауменен, 
Шештің талай түйінді болжауменен [11, 9],  - деген жыр жолдарындағы Бұқар 
көрген тоғыз ханның алғашқысы – Әз Тәуке болса, соңы – Абылай. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет