«Қ. Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата05.12.2023
өлшемі12,54 Kb.
#134361

«Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Математика пәнінің мұғалімі Қайырбек Ақниет Қайырбекұлы


Тәуелсіздік – тұғырым


Жасыса, жігерімді жани тұрар,


Алашадан тараған тарихы бар
Қазақтың, шүкір дейік, әрбірінің
"Тәуелсіздік" дей тұғын тарифі бар.

Қазақтың алып отқан тамыры нәр,


Үміті жастарымен мың жағылар.
Себебі баяғыдан өр қазақтың
Жасының жанарында жалыны бар.

Қанмен келген жалыны бойда тұрар,


Жолына келген жауы жайратылар,
"Егемендік" деп кеткен, Ер мінезді
Қазақтың Ләззаты бар, Қайраты бар.

Бәйгеден дара келер шабысы бар,


Төскейден көрсе жауы жан ұшырар.
Жігері жасымайтын жастары бар,
Бойында жастарының намысы бар.

Ары бар, намысы бар бетте тұрар,


Арым десе жаны бар шетте тұрар.
Туылған өр қазақтың зор бағы үшін,
Бейбіт күннің батыры, бектері бар.

Жиі-жиі кездессе сөзімде ар,


Арымды айта тұғын жөнім де бар.
Себебі бұл қазаққа армен келген
Тәуелсіздік босаға, төрімде бар.

Елемес жанарымның жарығы мұңды,


Жылытпас еркіндіктің жалыны кімді?!
Тәуелсіздік тұғырым мәңгі тұрар
Естісе тілеп айтқан Тәңір үнімді.
Жастары барда елімнің намысы биік,
Жоғалтпас тәуелсіздік тағылымымды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет