№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
87
БЕКБОЛАТ Азамат,
№253 орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ДАУЛЕТБАЕВА Роза Кенішқызы,
№253 орта мектебінің мұғалімі, Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАН – ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ
Аңдатпа. XVII ғасырдың бас кезінде голланд саудагерлері Түркияда өздері
үшін қызғалдақты ашты. Голланд гүл өсірушілері қызғалдақ пиязшығын алып, аз
уақытта қызғалдақтың жаңа, едәуір жетілген сорттарын шығара бастады. Осыдан
соң бүкіл Еуропада қызғалдақ саудасы жүре бастады. Голланд гүл өсірушілерін
табиғи жағдайда өсетін қызғалдақтар қызықтырады. Себебі, олар голланд
сорттарымен шағылыстырып, жаңа сорттар алуға үміттенеді.
Кіріспе. Қызғалдақ атауы қайдан, қалай шыққан? Ол жөнінде болжам көп.
Оның кеңінен тараған атауы – «тюльпан». Бұл – парсы сөзі: «толибан» немесе
«долбент». Оның мағынасы: басқа тартатын орамал, «тюрбан». Тюльпан осы сөзден
шыққан, қызғалдақ қауызы шығыстың бас киіміне ұқсас болғандықтан, осылай
аталған.
Мұның бәрі – тіл мамандарының пайымдаулары. Әйтеуір, қызғалдақ ежелден-
ақ, ақындарды да, ғалымдарды да, патшаларды да таң-тамаша қалдырып, өзіне
ынтықтырып келеді. Содан да болар, Шығыстың тағы бір атақты шайыры – Ғафиз
қызғалдақтың қыздай нәзіктігіне, әдемілігіне, кипаристей сымбаттылығына тіпті
раушан гүлі де тең келмейді деп жырлайды.
Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік
түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда
құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің жерімізде 34
түрі кездеседі. Оның 11-і эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр
болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы.
№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
88
Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне
таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай
әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, Қазақстанның
бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп
қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде
өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қызғалдақты қорғау,
насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге
асса игі.
Біздің еліміз – алдыңғы қатарлы ғылым мен күрделі техникалық өркениеттің
елі. Қазақстан биология ғылымы даму жағынан бір қадам алға жылжыды. Биология
ғылымындағы жаңалықтар өзгерістер мен табыстардың барлығы адам игілігі үшін
мол табыс болды.
Адамдар мен өсімдік арасындағы достық – ертеден келе жатқан достық. Бір
ғана алоэ өсімдігін алсақ, ертедегі гректер, римдіктер және қажеттік жағынан
арабтарда көп тараған өсімдік. Біздің тарихымызға дейін гүлдердің суретін салған.
Крит аралында 3550 жыл бұрын салынған раушан гүлінің суреті табылған.
Гүлдер – адамдардың айнымас досы. Қытай ақыны Бо-Цзюй-И мың жарым
жылдан астам уақыт бұрын гүлдер туралы жазылған өлеңінде:
Біздің әрбір үйімізде,
Жақсылықпен гүлдер келеді.
Кез-келгені адамдардың,
Барлық көңілін сыйға бөлейді, - деген екен.
Негізгі бөлім. Қызғалдақтар әлемі. Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына
жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық
аймақтарында жиі кездеседі. 34 түрі, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып
саналады. Бұлардың биіктігі 3-50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен
жалғасқан буында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі –
қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны
құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді.
Қызқалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың
өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг
қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-
мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері
ерте көктемде гүлдейтін болса, «Рембрант қызғалдағы» сияқты биік өсетін түрі
маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі
гүл жарып тұрады.
Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді.
Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті
қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа
түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар Альпі шоқысының да көркін
асыра түседі.
Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп
бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр. Ортасында – Копетдаг, Ауғанстан
шекарасына дейін Памир-Алтай таулары, оңтүстік шығысында – Тянь-Шань.
Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан
шекарасында, Қара, Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері
өсетін оқшау ошақтары белгілі.
№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
89
Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және
тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау
етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас
қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі.
Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.
Бүгінгі таңда көптеген ғалымдар Қазақстанның оңтүстігі мен оған таяу жатқан
көрші мемлекеттерді жабайы қызғалдақтың отаны деген тұжырым жасады
(Иващенко, 2005). Табиғи жағдайда қызғалдақтар ортаның өте қолайсыз
кезеңдерінде де өседі. Ұзаққа созылған аязды қысқа, құрғақ әрі ыстық жазда және аз
ғана ылғалды күндермен шектелген көктем мезгілінің өзінде бұл өсімдіктің қылтиып
шыға бастағанын көреміз.
Қызғалдақ (Tulipa) – лалагүлділер тұқымдасына жататын типтік эфемероид.
Көктемдегі ылғалдың әсерінен қызғалдақтың жуашығы өсіп, жеміс береді. Жаздың
ыстық мезгілі басталысымен олардың жер асты бөлігі қурап, шірігенмен жаңа
жуашықта келесі жылы ашылатын жас өркен мен гүл түйіні түзіледі. Қызғалдақ
гүлдегеннен кейін оның жуашығы тіршілігін жойып, жаңа жуашықтармен алмасады.
Негізінде жуашықтардың пішіні дөңгелек болып келеді, ал пайда болған жуашықтар
саны аналық жуашықтың көлеміне байланысты.
Сонау ерте заманнан-ақ қызғалдақтар халықтың ең сүйікті гүлдерінің бірі
болып келген. Оған ертедегі суреттер, тасқа ойып салынған кескіндер,
кілемшелердің өрнектері негіз болмақ. Ал, қызғалдақтарды мәдени түрде қолдан
өсіріп, әр түрлі сұрыптарын шығару жолдары ең алғаш Түркияда Оттаман
империясында басталса керек.
Жалпы бақ қызғалдақтары туралы алғашқы мәліметтер XI-XІІ ғасырлардан
табылған. Еуропаның Вена императорлық бағына қызғалдақтың тұқымы мен
жуашықтарын 1554 жылы Австрия елшісі Огьер Гислэн де Бусбек әкелген. Ол кезде
Вена бағын ботаника ғылымдарының профессоры Каралюс Клузиустың басқаруына
байланысты қызғалдаққа көңіл бөлініп, оны өсіру қолға алына бастады. Содан бері
К. Клузиус – Еуропа еліне қызғалдақ өсірудің негізін қалаушы ретінде танымал
болған ғалым.
Қызғалдақтың екінші отаны – Голландия. Бұл елде қызғалдақты тек аула
мен бау-бақтарда өсіріп ғана қоймай, қызғалдаққа байланысты селекциялық
жұмыстар мен арнайы мекемелер ұйымдастырылған. Мәселен, селекциялық
жұмыстардың нәтижесі ретінде 1637 жылғы 15 мамырда өткен жарыста Гарлем
қаласында қара түсті қызғалдакты шығарып, сол күнді ұлттық мерекеге
айналдырған.
Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу
мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден
аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, «Рембрант
қызғалдағы» сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді.
Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі
ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына
бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап
отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған
дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар Альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
Қызғалдақтың топырағын дайындау және коректендіру. Қызғалдаққа
арналған орынды ертерек жаздың соңына таман дайындау қажет. Топырақты
қопсытып, арамшөптерден (әсіресе бидайық пен қамыстан) тазартып алып, біртіндеп
ретімен тыңайытқышты («Кемира» да болады) көрсетілген мөлшері бойынша қосып
отыру керек.
№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
90
Қызғалдақтың жуашығын қазан айының соңына таман немесе қараша айының
бас кезінде отырғызған жөн. Яғни қатты суық басталмай қызғалдақтың тамырланып
алуына мүмкіншілік жасау керек. Жуашықтарын отырғызар алдында «Максим»
препаратымен не болмаса 0,5% марганец ерітіндісінде 30-60 минут ұстап,
залалсыздандыру қажет. Аяз басталалысымен қызғалдақ отырғызылатын алаңды нәр
сумен өңдеп дайындаймыз. Ал гүл түйнегі пайда бола бастағанда «Кемира»
тыңайтқышымен тағы бір қайтара коректендіру керек. Гүлдеу кезеңінде
арамшөптерден тазартып, топырақты қопсытамыз.
Гүлдеп біткеннен кейін, жапырақтары сарғая бастағанда, жуашықтарын қазып
алып, оны ескі қабыршақтарынан тазартып, залалсыздандырып және кептіріп, келесі
жылға дайындап қоямыз. Тек келесі жылы отырғызатын орнын ауыстырып отырған
абзал.
Қызғалдақтардың зиянкестері мен аурулары жайында. Қызғалдақтың
ауруларына келсек, біздің жағдайда олар өте сирек ауырады. Көбіне шетелден
әкелінген жуашықтарда ақ таңдақты жапырақ вирусы жиі кездеседі. Мұндай
жағдайда зақымдалғандарын жуашығымен қоса қазып алып, жою керек. Сондай-ақ
ылғалды көктемде қызғалдақ зең саңырауқұлақтарымен зақымдануы мүмкін. Бұл
аурудан аулақ болу үшін, отырғызбас бұрын топырақты аударып алған жөн.
Үй жағдайында ерте гүлдету. Кімде кім қыста немесе ерте көктемде өзін
және сүйікті жандарын қызғалдақ гүлінің әсем көркімен қуантқысы келсе, бөлме
жағдайында гүлді өсімдіктерді керек уақытында гүлдету әдісімен таныс болыңыз.
Қызғалдақты бөлме жағдайында қолдан өсіруде ең маңыздысы – жуашықтарын
дұрыс таңдау. Яғни жуашықтар тығыз, қатты және қазып алғаннан кейін біраз уақыт
сақталған болу керек.
1-ші кезең. Жуашықтарды күзде сатып алғаннан кейін 8 күн жылы бөлме
температурасында толық кепкенше ұстап, сосын бірақ 1 немесе 3 данадан ыдыстарға
отырғызу керек. Қарашаның ортасына таман жуашықтар отырғызылған ыдыстарды
аяз тимейтін салқын жерге шығарып, суғарып тұру қажет.
2-ші кезеңде ыдыстарды енді суық бөлмеден жылы бөлмеге біртіндеп аралығы
1-2 аптадан ауыстыру керек. Бұл өсімдіктердің жақсы әрі ұзақ уақыт гүлдеп тұруына
ықпалын тигізеді.
Қызғалдақтың толық және дұрыс дамыған гүлдерін алудың екі әдісі:
1-ші әдіс. Жылы бөлмеге көшірілген жуашықты ыдыстардың бетіне дәл
келетін бос ыдыс көмкеріп, гүл сағағы жетілгенге дейін алынбайды.
2-ші әдіс. Жылы бөлмеге көшірілген жуашықты ыдыстарды өзінен 20 см
жоғары жәшіктерге салып, қажетінше күнделікті суарып және 15 см-ге дейінгі
қалыңдықта құнарлы топырақ немесе құм сеуіп тұрады. Гүл бүршіктері бар сағақ
пайда болысымен топырақтың беткі қабатын алып тастау керек. Ал жапырақтары
мен бүршіктері түзілген құмыралардағы өсімдікті терезе алдына қою керек.
Алғашқы күндері өсімдікті бөлме температурасының құрғақ ауасын қорғау үшін май
құйғыш тәрізді оралған қағазбен 3-4 күнге жауып қоямыз. Су ыдыстың астыңғы
тесігінен шыққанша суғарып тұрамыз.
Қорытынды
бөлім.
Қызылорда
жеріндегі
қызғалдақтардың
маңыздылығы. Қазақстанның жері бай, далалы жазық болып келетін жерлері көп.
Сол жазық далада, күннің көзінде, көздің жауын алатын қызғалдақтар өседі.
Қызғалдақтың бірінші Отаны – Қызылорда дер едім. Облыстың оңтүстік
ауданы Жаңақорған маңайы – нағыз қызғалдақ мекені. Оның кейбір елді мекенінде
дала қойнауын бейне бір өрт шалғандай болып тұрады. Ол бір Табиғат-Ана берген
сұлулық қой. Қармақшы мен Қазалы ауданының аралығы – Қорқыт баба мазарының
маңы көктемде жусанмен көмкеріліп, иісі аңқып тұр.
№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
91
Аракідік арасында сарғалдақтар күй шертеді. Қызылорда жерінің далалығында
осындай көктемде сарғалдақтар да бой көтереді. Елден алыс Құмкөл, Қызылқұм,
Қарақұмдар – нағыз қызғалдақтар мекені. Ауа райы қолайсыз күні қыста суық, жазда
орасан ыстық, өзі сусыз, шөлді мекенде әдемі, көз тартар бой түзеп, батыл өсетін
гүлдердің бірі – осы қызғалдақ.
Өкінішке қарай, менің туған қалам экологиялық апат аймағында тұр. Жері өте
құнарсыз. Топырағы сортаң тартқан, ащы топырақ. Қала ішінде қара жерге шөп те
өспейді. Жан таласып қаланы халық көгалдандыруға тырысып бағуда.
Алыстағы дала қызғалдағы дәл қазір, сөз жоқ керемет!
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген қызғалдақтар:
Альберт қызғалдағы. Өсетін жері, аймағы: аласа таудың шағыс тасты
баурайы, Шығыста – Балқаш – Алакөл флористикалық аумағында, Шу – Іле
тауларында, оңтүстікте – Бетпақдала, Қаратау тауы мен шоқылары.
Биберштейн қызғалдағы. Сырт сілемінде, Тобыл – Есіл, Ақтөбе, Торғай,
Мұғалжар, Батыс шоқыларында өседі.
Қосгүлді қызғалдақ. Тобыл – Есіл, Ертіс, Каспий маңында, Торғай
флористикалық аймағында.
Борщов қызғалдағы. Торғай, Арал маңында, Қызылорда мен Қызылқұм
флористикалық аймағында.
Қысқа аталық қызғалдақ. Жоңғар Алатауы мен оның сілемдерінде.
Грейг қызғалдағы. Қызылорда, Түркістан флористикалық ауданында, Іледе,
Күнгей Алатауының батыс сілемдерінде, Қырғыз Алатауында, Шу – Іле тауларында,
Қаратауда.
Алакүлте қызғалдағы. Алтай мен Торбағатай флористикалық аудандарында.
Кауфман қызғалдағы. Қаратауда, Батыс Тянь-Шань мен Қырғыз Алатауының
батыс бөлігінде.
Колпаковский қызғалдағы. Жоңғар Алатауында, Іледе, Күнгей Алатауында,
Шу – Іле тауларында, Қаратаудың шығыс тау етегінде, Қордай асуында.
Корольков қызғалдағы. Аласа тауларда, олардың етегіндегі құмды, сазды
беткейде, Түркістан флористикалық ауданында.
Леман қызғалдағы. Құмда, түрлі-түсті тау жыныстарының жиынтығы бар
жерде, Қызылқұм мен Түркістанда.
Островский қызғалдағы. Сазды шағыл тау беткейлерінде, сары топырақты
тау етегінде, Іле, Күнгей Алатауы мен Меркі сайында, Шу – Іле тауларында (Қордай
асуы).
Жатаған қызғалдақ. Тобыл – Ертіс, Көкшетау, Торғай, Қарқаралы, Зайсан,
Арал маңында, Қызылорда, Батыс, Шығыс шоқыларында, Алтайда.
Регель қызғалдағы. Қызыл түсті сазда, шағыл тасты беткейде, Шу – Іле
тауларында.
Шренк қызғалдағы. Сырт сілемінде, Тобыл – Есіл, Каспий маңында, Ақтөбе,
Жем, Торғай флористикалық аймағында, Мұғалжар, Батыс Сарыарқада, Шығыс
Сарыарқада, Ұлытауда.
Кеш қызғалдақ. Таудың шағыл тасты беткейінде, Іледе, Күнгей Алатауында.
Дарагүл қызғалдақ. Ашық жерлерде, тасты беткейлерде, Зайсан, Алтай мен
Тарбағатайда.
Зинайда қызғалдағы. Таудың төменгі белдеуіндегі ұсақ топырақты, шағыл
тасты беткейлерінде, шөптесінді – бетегелі далада, бұталар арасында, Қырғыз
жотасында.
Ұсыныс:
1. Қызғалдақ гүлі өсетін жерлерде мал шаруашылығын алыстан жаю керек.
№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
92
2. Қызғалдақ гүлі өсетін жерге күз мезгілінде тыңайтқыштар себу қажет.
3. «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақтар туралы баспаларда арнайы кітапшалар
шығарылса.
4. Қызғалдақ өсетін жерлердің арам шөптерін үнемі тазалап тұрса.
Әлемде талай қызықтар бар. Қазақстанның Ұлттық банкі қызғалдақтың үш
гүлінің және ширатылған жапырағының суреті бар «Қызғалдақ Regelii» атты 500
тенгелік монета жасап шығарды. Қазақстандық «Регель қызғалдақ» монетасы ТМД
және Балтық елдерінің «Монета жұлдыздары – 2007» бірінші халықаралық
монеталар конкурсында «Монета – ең жақсы сыйлық» арнайы аталымын жеңіп
алған. «Регель қызғалдағы» монетасы сондай-ақ «Көрермендер көзайымы»
сыйлығын алды.
Регель қызғалдағы – Қазақстанның мақтанышы. Ол тек Іле – Шу тауларында
Жамбыл облысына жақын Алматының батысынды ғана өседі. Тау таста көздің
жауын алардай гүл жаратын Регель қызғалдағы өте сирек кездесетін өсімдік. Монета
925 сынамды күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, көлемі – 38,61 мм, шығару
сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана. Регель қызғалдағының құрметімен
үйлестіріп жазылған монета Қазақстан банктерінде айналымға түсті.
Бұл оқиғалар Голландияда 1634 жылдары халық қызғалдақ өсіруді қолға алған
сәтте болған еді. Сол кезде голландиялықтардың арасында қызғалдаққа құмарлық
артып, халық арасында гүл саудасы қатты дамыды. Тіпті ақындар өлеңге қосып,
жазушылар небір аңыз-әңгіме жазып, ал суретшілер қызғалдақтардың суретін салып,
тарих беттерінен орын алды.
Голландияда алғашқы қызғалдақ Амстердам қаласының бай тұрғындардың
ауласында өсіп, кейінірек қала ортақтарында енді. Осылайша гүлге деген
қызығушылық басқа тұрғындарына ауды. Алғашында кішкене пиязшық қос жүйрік
ат және күйменің құнына тең болса, кейін келе жаңа сұрыпты түрлеріне әуесқой гүл
өсірушілер зәулім үйлерін және атақ-даңқын айырбастаған. Тіпті кейбір
қызғалдақтың сирек түрінің құны бір қаламен тең болған екен.
Ертедегі аңыздарға сүйенсек, жер бетіндегі алғашқы гүлінің түсі сары және гүл
күлтесі жабық болыпты-мыс. Гүл күлтесінің жабық болуы – оның ішінде бақыт
жасырылған екен. Бірақ бақытқа ие болу үшін бұл гүл күлтені ешкім аша алмапты.
Бірде бала жетелеген ана серуен құруға шығады. Сол кезде анасының қолынан
сытылып шыққан бала сыңғырлай күле жөнеледі. Ешбір құдіретті күш аша алмаған
қызғалдақтың гүл күлтесін баланың мінсіз күлкісі ашыпты-мыс. Содан бері
қызғалдақ гүлін ашатын бопты.
Бұл оқиғаларға қазір ешкім сене қоймас?! Бірақ тарихты еш өзгерте алмаймыз.
Қызғалдақ жайлы оқиғалар тек Голландияда ғана емес, гүл сүйер басқада дүниежүзі
жұртшылығының арасында болды.
Харлемнің қара нәсілді халқы өздеріне жеке қара қызғалдақ өсіріп беру үшін
әлемнің барлық ботаниктеріне өтініш жасаған. Қара қызғалдақ өсіріп шыққан
ботаник немесе гүлпазға харлемдықтар 1000 ділдә алтын тіккен екен.
Харлемалықтардың ондағы мақсаты қара түс ең әдемі және ерекше түс екенін әлем
халқына мақтан етіп, әлемге паш ету еді.
Алайда жеңіске жету оңай шаруа болмады. Қара қызғалдақтың небір ғалым,
бар өмірін сарп етті. Ақыр соңында 1637 жылы 15 мамырда гүлпаз ботаник – М.
Ван-Синтес ұйымдастыруымен қара түске ұқсас сия көк қызқалдақдақты өсіріп
шығарды және уәде еткен алтынның иесі болды. Сол уақыттан бастап 15 мамыр
харлемдықтар үшін ұлттық «Қара қызғалдақ» мерекесі болып тойланып келеді. Бірақ
таза қара гүлдегі қызғалдақ ХХ ғасырдың соңында ғана пайда болды.
№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
93
Қызғалдақтың саудасы қызған уақытта небір жайсыз оқиғалар да болған. Бірде
жас матрос қарны ашқанда кейін сөредегі тұрған пиязшықты жеп қояды. Осыдан
кейін матросты түрмеге жапқан. Себебі жеп қойған пиязшық қызғалдақтың сирек
кездесетін сұрпы еді.
Қызғалдақ үшін дүниежүзінде небір дүрбелеңдер болды. Гүл үшін атақ-даңқын
берген, байлығын сарқыған әлем халқына қарап, маңдайына қызғалдақтың 34 түрін
берген қазақтың бақытын айтсаңызшы.
Әдебиеттер
1 Алексейчик М.М. Путешествие в мир растений. – Минск, 1968.
2 Сыбанбеков К.Ж. Жабайы өсімдіктер сыры. – Алматы, 1989.
3 Тулинцев В.Г. Комнатное цветоводство. – М.-Л., 1995.
4 Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Суретті энциклопедия. –
Алматыкітап, 2008.
5 Қазақстанның қызғалдақтары. – Алматыкітап, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |