№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,57 Mb.
#4114
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Әдебиеттер 
1 Барежев В.А., Малькевич А.А. Организация и проведение Пиар-кампаний. – 
СПб.: Питер, 2010. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
60 
2  Том  Уотсон,  Пол  Нобл.  Методы  оценки  деятельности  Пиар-подразделения 
компании.  Лучшее  практическое  руководство  по  планированию,  исследованиям  и 
оценке связей с общественностью. – Днепропетровск: Баланс Бизнес Букс, 2006. 
3  Касьянов  Ю.В.  PR-кампания  своими  силами.  Готовые  маркетинговые 
решения. – СПб.: Питер,  2009. 
4  Шумович  А.В.  Великолепные  мероприятия:  Технологии  и  практика 
eventmanagement / Александр Шумович. – М.: Манн, Иванов и Фербер, 2006. 
5  Алешина  И.В.  Паблик  рилейшенз  для  менеджеров.  Учебник.  –  М.:  ИКФ 
«ЭКМОС», 2002. 
6  Чумиков  А.Н.  Связи  с  общественностью:  Учебное  пособие  2-е  изд  испр.  и 
доп. – М.: Дело, 2001. 
7  Алексеева  Т.  «Вещь  в  себе»  внутри  российского  общества.  PR  в 
отечественном контексте // Советник. – № 3. – 2000. 
8 Капитонов Э.А., Капитонов А.Э. Корпоративная культура и PR. 
9 Галумов Э. Основы PR. 
10 Векслер А.Ф. PR для российского бизнеса. 
11 Шарков Ф.И. Паблик рилейшнз. 
12  Мамонтов  А.  Практический  Пиар.  Как  стать  хорошим  Пиар-менеджером. 
Версия 3.0. – СПб.: Питер, 2011. 
13  «Ғылым  және  білім  ғасыры»  ғылыми  журналы.  –  №1-3,  қаңтар-наурыз, 
2013. – Бас редактор Жақып М.Қ. 
14  Горкина  М.Б.  PR  на  100%.  Как  стать  хорошим  менеджером  по  PR  /  М.Б. 
Горкина, А.А. Мамонтов, И.Б. Манн. – 4-е изд. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2006. – 
236 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
61 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ 
ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН 
ЖҰМЫСТАР 
 
ҚУАНЫШБЕК Жанар Ардаққызы, 
Гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының 
1 курс студенті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ШУБАЕВА Гульзада Мейрбековна, 
Гуманитарлық колледжінің «География» пәнінің оқытушысы, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
 
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін туризм, экономиканың басқа да салалары 
сияқты орталықтың қатаң қыспағынан шыға алмады. КСРО-дағы туристік қызметтің 
негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресейдің, Орта Азияның тарихи 
орталықтары болған еді. 
Өз  кезегінде  Қазақстанның  архитектуралық,  археологиялық,  мәдени 
ескерткіштері  мен  табиғи  көрнекіліктері  жарнамаланбады  және  қажет  етілмеді. 
Қазақстандық  туризм  кеңестік  кезеңде  идеологиялық  функцияны  атқарған  мәдени 
ағартушылық  жұмыстың  бір  элементі  ретінде  саналып,  оның  басым  роліне 
қарамастан қалдық принципі бойынша қаржыландырылып, ешқандай экономикалық 
маңызға ие болмады. 
Қазақстандағы  туризм  индустриясының  нашар  даму  себептерінің  бірі  оған 
экономиканың  бір  саласы  ретінде  мемлекеттік  деңгейде  көңілдің  бөлінбеуі  еді. 
Кешенді  болжамға,  ұзақ  мерзімді  жоспарлауға,  туризмнің  территориялық 
ұйымдастырылуына және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға дұрыс көзқарас 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
62 
болмады. Бұл саланы баяулатқан факторлардың бірі туризмнің арқасында жергілікті 
бюджетке  қомақты  қаржының  түскеніне  қарамастан,  жергілікті  басқару 
органдарының туристік қызметті басым бағыт деп танымауында жатыр. 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстанда  туристік  қызметті  реттеу  үшін  және 
халықтың тарихи мәдени мұраларын жаңғырту үшін негіз қаланды. Қазіргі уақытта 
Қазақстандағы  туризмнің  дамуы  1992  жылдың  3  шілдесінде  қабылданған  «Туризм 
туралы»  Заңымен  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлықтарымен 
бекітілген. Бұл құжаттардың қабылдануы қазақстандық туризм нарығының дамуына 
оң әсерін тигізді. 
Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытудың тағы бір қадамы 
Қазақстанның 1993 жылы Дүниежүзілік Туризм Ұйымына мүше болып кіруі, туризм 
саласындағы  ынтымақтастық  жөнінде  халықаралық  келісімшарттардың  жасалуы 
болып  табылады.  Айта  кеткен  жөн,  бірқатар  келісімшарттар  Қазақстанды  мол 
туристік  потенциалы  бар,  тиімді  әріптес  ретінде  таныған  шетелдік  үкіметтердің  өз 
ұсыныстарымен қабылданған болатын. 
Барлық  өркениетті  қоғам,  туризм  саласы  мемлекеттің  бюджетін  толтыратын 
негізгі  қаржы  көздерінің  бірі  болғандықтан  басты  туристік  ағымдарды  өзіне 
қаратқысы  келеді.  Сондықтан  да  Қазақстанға  шетелдік  туристердің  ағылуын 
ұлғайтуымыз  қажет.  Осы  мақсатта  туристік  мекемелердің  қызметін  ішкі  туризмге 
көбірек  бұруымыз  қажет.  Бұл  дегеніміз  транспорттың  жағдайына,  жылжу 
құралдарына, кадрлық потенциалға байланысты мәселе болып табылады. 
Туризм дамуының басты проблемаларының бірі туристік кадрларды дайындау 
мәселесі.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  мемлекеттік,  жеке  меншік  және  Ресей 
филиалдарын  алатын  болсақ,  28  оқу  орнында  туризм  менеджерлері  мамандығын 
дайындайды. Бұл дайындық 1992 жылдан бастау алғанымен, әлі күнге дейін туристік 
саланы  кадрлық  жағынан  қамтамасыз  ету  өз  деңгейінде  болмай  отыр.  Көптеген 
жоғары  оқу  орындарында  бұның  басты  себебі  оқытушылар  құрамының 
Қазақстанның  туристік  потенциалы  жөніндегі  білімінің  және  туристік  саладағы 
қызмет  тәжірибесінің  жеткіліксіз  болуы.  Осыдан  келіп,  мамандарды  даярлау 
отандық  туристік  рекреациялық  ресурстар  мазмұнын,  технологиясын  жеткілікті 
түсінбеуден,  туристерді  қабылдау  кезіндегі  әдіс-тәсілдерді  толықтай  меңгермеуден 
өз дәрежесінде болмай отыр. Сол себепті жоғары оқу орны түлектерінің басым бөлігі 
туроператорлық функцияны толықтай атқара алмай отыр . 
Қазақстан территориясы көне заманнан Қытай мен Еуропаны байланыстырып, 
көптеген  тарихи  оқиғалардың  куәсі  болғанына  қарамастан,  әлемдік  туризм 
аренасында туристік бағыт ретінде таныла қойған жоқ. Қазақстанды әлемдік аренаға 
шығарып, дүниежүзілік туризмде жақсы табыстарға жету үшін көптеген шараларды 
жүзеге  асыру  қажет.  Сөз  жоқ,  Қазақстанды  туристік  объект  ретінде  алға 
жылжытудың  ең  басты  шаралары  болып,  мемлекетіміздің  туристік  ұйымдарының 
халықаралық  көрмелерге,  жәрмеңкелерге,  конференцияларға  қатысуы  болып 
табылады.  Сонымен  қатар  осындай  шараларды  республика  территориясында 
өткізудің маңызы өте зор. 
Қазақстанның туризмдегі халықаралық ынтымақтастығы ЮНЕСКО және ДТҰ 
мен  Ұлы  Жібек  жолы  бойынша  жобаларды  жасақтау  және  жүзеге  асырумен, 
шетелдік  мемлекеттермен  екіжақты  және  көпжақты  келісімшарттар  жасаумен  іске 
асырылады. 
Қазақстан туризмнің халықаралық аренасында алға жылжуы үшін тек мемлекет 
ішінде  ғана  емес,  сырт  елдерде  де  ақпараттық  туристік  орталықтарды  құру  қажет. 
Бұл  мәселеде  туристік  ұйымдардың  шет  елдердегі  мемлекетіміздің  дипломатиялық 
өкілдіктерімен байланысын ұмытпауымыз қажет. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
63 
Туризм  тек  Еуропаны  қана  емес,  Азия,  Африка,  Солтүстік  және  Оңтүстік 
Америка  елдерін  қамтыды.  Әрине,  халықаралық  деңгейде  туристермен  алмасу 
көбінесе  көрші  елдердің  арасында  жүзеге  асырылғанмен,  алайда,  соңғы  кезде 
алыстағы  шет  елдердің  мәдениетімен  танысу  мақсатында  қашыққа  саяхат  жасауға 
тілек  білдіруші  адамдар  көбейіп  келеді.  Қазіргі  заманғы  ұшақтар  жолаушыларды 
әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. 
Бұл  жұмысты    жазу  барысында  кең  байтақ  тәуелсіз  еліміздің 
территориясындағы  тарихи-мәдени  және  табиғи  мұраларды  рационалды  қолдану 
арқылы  жаңа  жұмыс  орындарының  ашылуына  мүмкіндік  беретін,  шетелдік 
инвестицияны  тартудың  арқасында  республикалық  және  жергілікті  бюджеттің 
ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары 
қарастырылды. 
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның 
(ДТҰ)  деректері  бойынша  ол  әлемдегі  жалпы  ұлттық  өнімнің  оннан  бір  бөлігін, 
халықаралық  инвестицияның  11  пайыздан  астамын,  әлемдік  өндірістің  әрбір  9-шы 
жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 
Туризмнің  қазіргі  индустриясы  табысы  жоғары  және  серпінді  дамып  келе 
жатқан  қызмет  көрсетулердің  халықаралық  сауда  сегменттерінің  бірі  болып 
табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние 
жүзілік  табыстың  8  пайызын,  қызмет  көрсету  секторы  экспортының  37  пайызын 
құрады.  Туризмнен  түскен  табыс  мұнай,  мұнай  өнімдері  және  автомобиль 
экспортының  табысынан  кейін  тұрақты  үшінші  орында  келеді.  Мұндай  оң  үрдіс 
жаңа  мыңжылдықтың  бас  кезінде  де  сақталады  деп  күтілуде.  Әлемдік  туристік 
нарықтың  дәстүрлі  аудандары  өзінің  рекреациялық  сыйымдылығының  шегіне  іс 
жүзінде  жеткендіктен,  туризмнің  өсуі  туристер  баратын  жаңа  аумақтар  есебінен 
басым  дамитын  болады.  Осыған  байланысты,  Қазақстанның  әлемдік  туристік 
нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. 
Қазіргі  туризм  халықтың  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысына  шығуымен 
байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі 
құқығын  тану  болып  табылады.  Ол  жеке  адамды,  адамдар  және  халықтар 
арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. 
ДТҰ,  туризм  жөніндегі  мамандандырылған  халықаралық  ұйымдардың 
зерттеулерінің  талдауына,  сондай-ақ  мемлекеттердің  туризмді  дамыту  саясатына 
сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей 
ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі. 
Қазіргі  туризм  –  бұл  әлемдік  экономиканың  қүлдырауды  білмейтін  саласы. 
Мамандардың  есебі  бойынша,  орташа  есеппен,  бір  шетелдік  туристің  беретін 
табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай 
немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек. Бұл ретте, 
шикізат  сату  елдің  энергия  көздерін  азайтады,  ал  туристік  өндіріс  таусылмайтын 
ресурстармен  жұмыс  істейді.  Шетелдік  экономистердің  есебі  бойынша,  100  мың 
турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе 
адам  басына  бір  сағатта  17,5  доллар  жұмсайды.  Сейтіп,  шикізат  сату  өзіндік 
экономикалық  тығырыққа  тірелу  болса,  ал  туризмді  дамыту  –  ұзақ  мерзімді, 
экономикалық тиімді болашақ. 
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді: 
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді  және төлем теңгерімі  мен 
жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды; 
2.  Халықтың  жұмыспен  қамтылуын  көбейтуге  көмектеседі.  ДТҰ  мен 
Дүниежүзілік  туризм  және  саяхат  кеңесінің  бағалауы  бойынша  туризм  өндірісінде 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
64 
құрылатын  әрбір  жұмыс  орнына  басқа  салаларда  пайда  болатын  5-тен  9-ға  дейін 
жұмыс  орны  келеді  екен.  Туризм  тура  немесе  жанама  түрде  экономиканың  32 
саласының дамуына ықпал жасайды; 
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі. 
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм 
саласындағы  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  құрылуы  және  жұмыс  істеуі 
жол  көлігін,  сауданы,  коммуналдық-тұрмыстық,  мәдени,  медициналық  қызмет 
көрсетуді  дамытумен  тығыз  байланысты.  Сөйтіп,  туризм  индустриясы  басқа 
экономикалық  секторлардың  көпшілігімен  салыстырғанда,  неғұрлым  пәрменді 
мультипликаторлық тиімділікке ие. 
Туризм  жеке  және  ұжымдық  жетілдіру  құралы  ретінде  жоспарлануы  және 
тәжірибеде  іске  асырылуы  тиіс  демалыспен,  бос  уақытты  өткізумен,  спортпен, 
мәдениетпен  және  табиғатпен  тікелей  араласуға  байланысты  қызмет.  Мұндай 
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың 
әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден 
бір факторы болып табылады. 
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың 
барлық  секторлары  мен  қоғамның  әл-ауқатына  күшті  әсерін  назарға  ала  отырып, 
Үкімет  Қазақстанның  ұзақ  мерзімдік  даму  бағдарламасында  туристік  саланы 
басымдық  ретінде  белгіледі.  Осыған  орай   туризм  саласында  тұтас  мемлекеттік 
саясатты  қалыптастыруды,  Қазақстанда  қазіргі  заманғы  бәсекеге  қабілетті  туризм 
индустриясының  құқықтық,  ұйымдастырушылық  және  экономикалық  негіздерін 
қалыптастыруды көздейді. 
Бұл  ретте  біз  экономиканың  дамып  келе  жатқан  саласының  объектілері  мен 
субъектілеріне тоқталып қарастырайық. 
Туристік қызмет субъектілеріне біз келесілерді жатқызамыз: 
1) туристік операторлар (туроператорлар); 
2) туристік агенттер (турагенттер); 
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар; 
4) туристер және олардың бірлестіктері; 
5) экскурсанттар; 
6) туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер
7) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік 
органдар жатады. 
Ал  туристік  қызмет  объектілері  дегеніміз  –  табиғи  объектілер  және  табиғи-
климаттық  аймақтар,  көрікті  орындар,  тарихи  және  әлеуметтік-мәдени  көрсету 
объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге 
де объектілер. 
Атаулы субъектілер мен объектілер туристік индустрияда қамтылған. Туристік 
индустрия  –  туристерді  орналастыру  құралдарының,  көліктің,  қоғамдық 
тамақтандыру  объектілерінің,  ойын-сауық  объектілері  мен  құралдарының, 
танымдық,  сауықтыру,  іскерлік,  спорттық  және  өзге  де  мақсаттағы  объектілердің, 
туристік  қызметті  жүзеге  асыратын  ұйымдардың,  сондай-ақ  экскурсиялық  қызмет 
және  гидтер  (гид-аудармашылар)  қызметін  көрсететін  ұйымдардың  жиынтығы. 
Соынмен  қатар  біз  туристік  индустриядағы  қызмет  көрсету  түрлеріне  тоқтала 
кетуіміз жөн: 
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету; 
2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету; 
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету; 
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету; 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
65 
5) келік қызметін көрсету; 
6) ойын-сауық; 
7) өзге де туристік қызмет көрсетулер. 
Турисік  индустрияда  міндетті  түрде  туристік  ресурстар  (қорлар) 
қарастырылады.  Осыған  орай  Қазақстан  Республикасының  туристік  ресурстарын 
сыныптау  мен  бағалау,  олардың  қорғалу  режимі,  қоршаған  ортаға  түсетін 
ауыртпалықтың  жол  берілетін  шегін  ескере  отырып  пайдалану  мен  туристік 
ресурстардың  тұтастығының  сақталу  тәртібі,  оларды  қалпына  келтіру  жөніндегі 
шаралар  арнайы  заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады. 
Халықаралық  туризм  жекелеген  елдердің  өмірінде  әлеуметтік-экономикалық 
қатынастардың  сипаттамасы  және  бір  уақытта  халықаралық  қатынастардың 
құрамдас  бөлігі  бола  отырып  мемлекет  сияқты,  халықаралық  деңгей  шегінде  де 
туристтік-экскурсиялық қызметтің барлық кешенін ұйымдастыруда  және басқаруда 
қажетті  алғы  шарттар  болып  табылады.  Мұндай  алғы  шарттар,  көбінесе,  туристтік 
ұйымдарды құру кезінде жүзеге асырылады. 
Туристтік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады: 
-  Ұлттық-аймақтық  белгі  бойынша:  халықаралық,  аумақтық  және  ұлттық 
ұйымдар. Олардың қызметі бүкіл әлемдік, аумақтық және ұлттық сипатқа ие; 
- Қоғамдық-мемлекеттік бойынша: өкіметтік, қоғамдық, жеке меншіктік; 
-  Қызмет  түрі  бойынша:  реттеуші,  жабдықтаушылар,  нарық  агенттері, 
өңдеушілер,  кеңес  берушілер,  жобалық  ұйымдар,  оқытушы  ұйымдар,  баспашылар, 
кәсіптік ассоциациялар, саудалық және тұтынушылық ұйымдар; 
-  Қызмет  саласы  бойынша:  көліктік  (авиациялық,  автобустық,  темір  жол, 
автомобиль  және  круиздік),  туристтік  агенттер,  туроператорлар,  жергілікті 
(локальді) кәсіби одақтар. 
Халықаралық  туристік айырбастың  тұрақты түрде  кеңеюі  оның халықаралық-
құқықтық  регламентациясына;  әртүрлі  құқықтық  институттарды  өңдеуге  және 
мамандандырылған халықаралық туристік ұйымдарды құруға қажеттілікті тудырды. 
Бүгінгі  күнде дүниежүзілік  туристік  ұйым –  туристік  әлемде  ең  атақты  және 
танылған.  Дүниежүзілік  туристік  ұйым  өкіметтік  емес  ресми  туристік  ұйымдардың 
халықаралық  одағының  (РТҰХО)  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  патронажындағы 
өкіметаралық ұйымға ауысуы жолымен 1975 жылы 2 қаңтарда негізі қаланды. Қазір 
оның  мүшелілігіне  105  мемлекет,  бірнеше  ассоциацияланған  және  150  астам 
қосылған  мүшелер  (туристік  фирмалар,  авиакомпаниялар,  халықаралық  ұйымдар) 
кіреді. 
ДТҰ-ның  жарғысы  1975  жылы  27  қыркүйекте  қабылданды.  1980  жылдан 
бастап  бұл  күн  «Дүниежүзілік  туризм  күні»  деп  есептелінеді.  Жыл  сайын 
дүниежүзілік  туризм  күні  белгілі  бір  ұранмен  жүргізіледі.  4  жыл  сайын  ДТҰ  Бас 
ассамблея сессиясын ұйымдастырады, олардың арасында ДТҰ Бас ассамблеясының 
атқарушы комитеті жұмыс істейді. 
ДТҰ-ның штаб-пәтері Мадрид қаласында (Испания) орналасқан. 
ДТҰ  келесі  мақсаттарды  көздейді:  -  Туризмнің  дүние  жүзінде  тыныштыққа, 
өзара түсунушілікке, адамдардың денсаулығына және гүлденуіне әсерін жылдамдату 
және  кеңейту;  -  Саяхат  уақытында  білім  алуға  және  мәдениетке  адамдардың  қол 
жетуіне көмектесу; - Шетел туризмі үшін қажетті материалдық-техникалық базасын 
қамтамасыз  етуде  көмек  арқылы  әлемнің  аздап  дамыған  аудандарында  тұру  және 
кему  стандарттарын  жақсарту  және  бұл  аудандарды  байланыстыратын  көлік 
жолдарын  дамыту;  -  Туристерді  қабылдайтын  елдердің  мүмкіншіліктерін  кеңейту 
және  осы  арқылы  олардың  экономикасына  үлес  қосу;  -  Мемлекет  арасында 
бағдарлау  және  ынтымақтастық  бойынша  халықаралық  агенттік  рөлін  атқару;  - 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
66 
Туризм  саласында  ұлттық  ұйымдардың  кеңесі  үшін  ең  маңызды  деген  мүшелеріне 
қызмет  көрсету;  -  Пленум  және  отырыстардың  тақырыптарын  анықтау,  сондай-ақ 
қатысушы  мемлекеттің  туристік  мүдделерін  бағдарлау  (ұлттық  туристік  ұйымдар 
сияқты,  саяхаттанушылардың  мүдделерін  білдіретін  кәсіптік  секторлар  және 
ұйымдар);  -  Туроператорлардың  әртүрлі  бірлестіктері  арасындағы  тұрақты  өзара 
байланысты орнату; - Барлық жоғарыда аталған шараларды ең оңай жолымен жүзеге 
асыру. 
ДТҰ-ның  қызметі  негізінен  туризмнің  ақпараттық  жылжуына,  оның 
маңыздылығы  мен  артықшылықтарын  кеңейтуге,  сондай-ақ  жаңа  материалдық-
техникалық  базаны  құруға  шоғырланады.  Ұйым  халықаралық  туризм  саласында 
белгілі  бір  қағидаларды  өңдеу  және  енгізу  жолымен  туризмдегі  әртүрлі  ұлттардың 
іс-әрекетін тәртіптендіруге ұмтылады. 
ДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымындағы туризмнің негізгі өкілдігі болып табылады 
және  әлемдік  туризмнің  ең  беделді  органы  ретінде  әрекет  етеді.  Одан  басқа  ДТҰ 
халықаралық құжаттарды (актілерді) өңдейді және олардың орындалуын бақылайды. 
ДТҰ  қызметінің  басқа  аспектілері  өзіне  туризмге  әсер  ететін  мемлекеттер 
арасындағы 
сұрақтарға 
қатысты 
ынтымақтастықты 
ұйымдастыру 
және 
ынталандыруда мемлекет дамуына көмектесуді қосады. 
ДТҰ-ның  маңызды  міндеттерінің  бірі  –  халықаралық  туризм  бойынша 
статистиканы  зерттеу,  жаңа  өлшеу  әдістерін  жасау,  болжау,  өңдеу  және  маркетинг 
сияқтыларды қосатын зерттеулер. Мұның бәрін туристік ұйымдар өзінің қызметінде 
қолдануы мүмкін. Зерттеуші қызметі статистика әдістерінің артуына әкеледі. 
ДТҰ  әлемдік  туризмнің  жағдайы  туралы  тұрақты  есеп  беріп  тұрады,  онда 
туристік  индустрияның  әрі  қарай  дамуының  жетістіктері  сияқты  кедергілерді  де 
ескереді. ДТҰ халықаралық туризмге өкіметтің араласуын болдырмау немесе шектеу 
арқылы әлемдік туризмге әрекет етуге талпынады. ДТҰ мемлекеттер дамуын, әсіресе 
БҰҰ-ға мүше елдеріне техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. 
ДТҰ  қызметіндегі  ең  атақты  оқиға  –  1980  жылы  27  қыркүйекте  Манилада 
(Филлипин)  болған  туризм  бойынша  дүниежүзілік  конференцияның  өткізілуі. 
Туризм бойынша дүниежүзілік конференцияға шақыру туралы шешімді ДТҰ-ның 2-
ші  сессиясының  Бас  ассамблеясы  (мамыр,  1977  жыл)  қабылдады.  Конференцияда 
туризмнің  дамуына  мемлекеттердің  жауапкершілігінің  сұрақтары  (әлеуметтік-
экономикалық шарттар, мақсаттары және міндеттері, факторлар) және адам – өзінің 
демалысын  ұйымдастырушысы;  сұраныс  пен  ұсынысты  реттеу;  туризм  саласында 
ғылыми-техникалық  ынтымақтастық,  туризм  индустриясына  кадрларды  дайындау 
сияқты өзекті мәселелерді қарастырады. 
Қорытынды  құжатта  талқылау  барысында  бірлесе  өңделген  ұсыныстар  сипат 
алған.  Бұл  құжат  әлемдік  туризм  бойынша Манильдік  декларация деп  аталды. 
Конференцияға 100 астам мемлекеттің өкілдері қатысты. 
Еліміз  дамыған  елу  елдің  қатарына  кіруі  үшін  біз  де  дәл  сол  елдердегідей 
туризмді  дамытуымыз  керек.  2017  жылы  ЭКСПО  халқаралық  көрмесін  өткізуге 
дайындалып  жатырмыз.  Көрмеге  әр  түрлі  елдерден  қонақтар  келеді.  Біз  де  оларды 
талапқа  сай  күтіп  алуымыз  керек.  Туризмнің  пайдасы  білсек  шаш  етектен. 
Сондықтан оны өз еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дамытуымыз керек. 
Біздің елімізде мәдени мұраларымыз жеткілікті. Батыс Қазақстандағы көрнекті 
жерлерімізді,  киелі  Түркістанды,  Шығыс  Қазақстандағы  таулар  мен  тастардың  өзі 
тамаша емес пе? Алматының әсем табиғаты Еуропадан еш қалыспайды. 
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Біз әлі де жас мемлекетпіз. Сондықтан туризмді 
дамытудың ешқандай кештігі жоқ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет