№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,57 Mb.
#4114
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
67 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
АБДУЛИН Жан Ерланович, АХМЕТОВ Әділет Асхатұлы, 
ҒАТИАТ Айғаным Болатқызы, МАУЛЕН Тоғжан Айдосқызы, 
САДЫҚОВА Адель Уразбаевна, №32 мектеп-гимназиясының 
4 «Ә» сынып оқушылары, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АЛИМСАКОВА Улжан Ергешбаевна, 
№32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ДӘРІЛІК ӨСІМДІК – ЖОЛЖЕЛКЕННІҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕМІЗ БЕ? 
 
Мың теңге тұратын дәрі дәл 
шарбағыңның түбінде өсіп тұр. 
Халық даналығы 
Аңдатпа. Жұмыста Қазақстан өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның 
ішінде жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті туралы толық мағлұмат беріледі.  Біздің 
жұмыс  осы  өңірде  осы  бағытта  жүргізілген  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  бірі. 
Зерттеу  жұмысы  барысында  жолжелкен  өсімдігінің  қандай  ауруларға  ем  екендігі 
анықталды. 
Зерттеудің  мақсаты.  Бүгінгі  жас  ұрпақ  өз  елінің  жерінде  қандай  өсімдіктер 
өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін 
біліп, одан сабақ алуы тиіс. 
Өзектілігі. Қазақстанда кедесетін өсімдіктердің, соның ішінде емдік қасиеттері 
бар  шөптерді  зерттей  отырып,  оның  емдік  қасиетін,  халық  шаруашылығындағы 
маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және пайдалана білу. 
Зерттеудің  әдіс-тәсілдері:  жинақтау,  салыстыру,  әңгімелесу,  пікірлесу, 
қорытынды жасау. 
Зерттеудің жаңалығы. Қазақстандағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы 
біле  отырып,  олардың  көптеген  емдік  қасиеттерінің  барын  ұғындым.  Табиғаттың 
алуан  түрлі  өсімдікке  бай  екендігіне  көз  жеткіздім.  Оны  пайдалану  жолдарын 
ұғындым. 
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада 
және мал дәрігерлігінде емдеу және  аурудың алдын алу  мақсатында  қолданылатын 
өсімдіктер.  Дәрілік  өсімдіктердің  емдік  қасиеті  олардың  құрамында  стероид, 
тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр 
заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. 
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік 
өсімдіктерге  жатады.  Дәрілерді  дайындау  үшін  шикізат  ретінде  пайдаланылатын 
дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. 
Дәрілік  өсімдіктер  кептірілген  шөп,  тұнба,  қайнатынды,  шай,  ұнтақ,  т.б. 
түрінде  қолданылады.  Дәрілерді  дайындау  үшін  шикізат  ретінде  пайдаланылатын 
дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. 
Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. 
Осы  заманғы  кейбір  ең  таңдаулы  дәрілер  жабайы  шөптерден  жасалған.  Соған 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
68 
қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық 
тұрғыдан  өз  бағасын  алған  жоқ.  Ал  ондай  шөп  қолында  барлар  көбіне  оны  қате 
пайдаланады.  Өз  өлкеңіздегі  осындай  шөптерді  зерттеуге  тырысыңыз  және 
қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. 
Кейбір  дәрілік  шөптер,  егер  оларды  ұсынылғанынан  артық  мөлшерде 
қабылдаған  жағдайда,  өте  улы  келеді.  Бұл  орайда,  осы  заманғы  дәрілер  әлдеқайда 
қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. 
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы 
географикалық  аймақта  қоныс  тепкен  емдік,  шипалық  қасиеттері  алуан  түрлі 
өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 
мың  жыл  бұрын  кейбір  шығыс  елдерінде  қазіргі  қолданылып  жүрген  дәрілік 
өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. 
Ертедегі  грек  дәрігері  Гиппократ  өсімдіктің  қай  бөлігі  болса  да  пайдалы, 
оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ 
ол  өз  дәуірінде  қолданылған  екі  жүзден  астам  өсімдікке  сипаттама  берді.  Рим 
дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, 
тұнбасымен,  ұнтағымен  және  одан  жасалған  дәрімен  емдеді.  Дәрілік  өсімдіктердің 
маңызы  бүгінгі  күнде  де  аса  жоғары,  халық  медицинасы  осындай  шипалы  емдік 
қасиеттері  бар  өсімдіктерді  көптеп  жинап,  бүгінгі  күнде  олардың  саны  едәуір 
азайған. 
Қазақстандағы  дәрілік  өсімдік  жайында  мәлімет.  Қазақстанның  оңтүстік 
шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды 
даланың,  жазықтардың,  шөл  және  шөлейт  жерлердің  алып  жатқаны, 
Республикамыздың  батысында  Каспий  теңізінің,  шығысында  Алтай  жоталарының, 
оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. 
Қасиетті  қазақтың  осынау  дарқан  даласы  мен  орман,  тоғайында  6  мыңнан 
астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 
түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар. 
Адамзат  тіршілігінде  өсімдіктер  дүниесінің  маңызы  өте  айрықша.  Бағзы 
заманнан-ақ  ата-бабаларымыз  өсімдіктерді  зерттеп,  танып-біліп,  оларға  ат  қойып, 
жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, 
тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер оттегін бөлуші, табиғат 
көркі,  дәрілік  шикізат,  мал  азығы,  тағамдық  өнім.  Алайда,  өсімдіктердің  ішінде 
улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы 
да мүмкін. 
Дәрілік өсімдіктер: Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес 
өсімдік.  Дәрілік  шикізат  ретінде  оның  барлық  түрінің  тамыры  жиналады.  Дұрыс 
жиналып,  сақталған  бұл  өсімдік  тамыры  2,5-3  жылға  дейін  шипалық  қасиетін 
жоймайды.  Алтын  тамырдың  құрамындағы  экстракт  ағзаның  дене  жұмысына 
шыдамдылығын  арттырады,  жүрекқан  тамырлары  жүйесін  жақсартады,  жоғарғы 
жүйке  жүйесінің  ырғағына  жағымды  әсер  етеді,  қан  қысымын  реттейді.  Оны 
орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді. 
Адыраспан.  Дәрілік  шикізат  ретінде  шілде  айында  бұтақшаларын,  жапырағы 
мен  гүлін  жинап  алады.  Ол  –  улы  өсімдік.  Халық  емшілері  адыраспанды  адамның 
құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал дәрігерлік тәжірибеде 
оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. 
Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл 
шөбі  мен  тұқымы  дәрі.  Басты  ем  болатын  аурулары:  жедел  және  созылмалы 
дизентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
69 
жарақаттың  іріңдеуіне,  жараларға;  қышыма,  бөріткен,  ескілікті  теміреткіге;  ақ  кір 
көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет. 
Арпа.  Бір  жылдық  шөп  тектес  дақыл.  Халық  медицинасында  бойға  қуат 
беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді 
жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем. 
Дәрмене  жусан.  Онымен  емдеу  ғылыми  медицинаға  қосылған  үлкен  үлес. 
Қазақтың  халық  емшілері  ішек  құрты  ауруына  қарсы  қолданған.  Бабаларымыз  бұл 
өсімдікті  атам  заманнан  бері  шет  елдерге  сауда  керуендері  арқылы  көп  мөлшерде 
жіберіп  отырды.  Қара  жусанның  тамырын  тәбет  ашуға,  ішек,  асқазан,  бауыр,  өт 
қалтасы ауруына пайдаланады. 
 
Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-
суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады. 
Шетен.  Биіктігі  –  3-20  метрлік,  жұқа  сұрғылт  қабықты,  көп  жылдық  жабайы 
ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және 
қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады. 
Итмұрын.  Жемісінің  құрамында  илік  заттар,  С,  К,  Р,  Е,  В  тобындағы 
дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, 
гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы. 
Долана.  Раушан  гүлділер  тұқымдасына  жатады,  бұта  не  ағаш.  Қазақстанда  7 
түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз-
қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілілік 
құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, 
каротин,  гиперозид,  қант  бар.  Долана  жүректің  бұлшық  еттерінің  жиырылуын 
күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді. 
Шай шөп. Халық оны шөп шай, сары мысықтабан алтын түсті күн сәулелі шай 
шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, 
бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады. 
Аскөк.  Одан  жасалынған  дәрі-дәрмектер  медицинада  қан  қысымын 
төмендетуге,  қан  тамырларын  кеңейтуге,  несеп,  өт  жүргізу,  қақырық  түсіру  үшін 
қолданылады. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
70 
Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық 
шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын 
дәрілер  жүрек,  өт  жолдарын  емдеуге  шипалы.  Ол  жағымды  иіс  беретін  әрі 
антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына 
кіреді. 
Жиі кездесетін улы өсімдіктер. Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да 
шипалық  қасиетке  бай.  Алайда,  олардың  ішінде  улы  өсімдіктерді  дәрі-дәрмек 
ретінде  пайдаланғанда  аса  сақтық,  білімділік,  тәжірибелік  қажет.  Негізінен,  біздің 
даламызда  жиі  кездесетін  улы  өсімдіктер  мыналар:  итсигек,  көкнәр,  сүттіген,  у 
қорғасын, шытыр, көкек, қызғалдақ, есекмия, қара пышақ, күшәла, үшкір азинеума, 
шашақ  жемісті  гелиотроп,  батпақ  қалтагүл  шөбі,  түйе  шырмауық,  түйетабан, 
жатаған  темір  тікен,  мүйізді  шөңгебас,  дала  қылшасы,  дала  қырық  буыны, 
тегеурінгүл, у балдырған, сасық меңдуана, т.б. 
Дәрілік  өсімдіктермен  емдеу.  Халық  емшілерінің  тәжірибесінен.  Қазақ 
даласында  дәрілік  өсімдіктерді  жетік  білген.  Онымен  малды  да,  адамды  да  емдеп, 
жаза алған атақты тәуіптер болған. 
Солардың  бірі  –  Найманның  Қыржы  руынан  шыққан  Ырғызбай  емші 
Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктермен 
емдеп  жазады.  Халық  емшісі  1787  жылы  Тарбағатай  өңірінде  дүниеге  келіп,  1850 
жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызбай бала 
жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз 
айларында,  әбден  толысып-жетілген  шағында  жинайтын  көрінеді.  Әрине,  әрбір 
шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау 
қажет  болса,  екіншісін  тек  қана  кешкілік  терген  дұрыс.  Және  де  оларды  шіліңгір 
аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. 
Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы 
түсе  жұлып  жинаған  да,  күн  сәулесі  түспейтін  көлеңкеде,  самал  есетін,  тыныс 
алатын  орындарда  кептіріп,  дайындаған.  Ырғызбай  емшінің  кезінде  айтып  кетуі 
бойынша,  кейбір  шөптер  мен  тамырлар  аралас  кептірілсе,  сақталса  күш-қуатын 
жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат 
күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар 
әзірлеп, оны керегеге іліп қойған. 
Емшінің  шипалы  өсімдіктерден  дәрі-дәрмек  жасайтын  ыдыстары  мынандай 
болыпты:  ағаш  тостағандар  мен  шойын  шөңкелер,  күміс  тегештер  мен  мүйіз 
тостағандар,  аршаға  ысталған  мойнақ  торсықтар  мен  жез  құтылар,  емдік  майларды 
сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық  және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. 
Дәрі-дәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәрмектер 
дайындау барысында Ырғызбай жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты 
да пайдаланыпты. 
Бірде  Шәуешек  жақтан  бір  қарт  емші  оның  үйіне  келіп,  Тарбағатайдың 
теріскейіндегі  күн  түспейтін  сулы  қойнауларында  емдік  қасиеті  өте  күшті  адам 
бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісі шөпті 
іздеп  табуын  өтінеді.  Ырғызбай  емші  оны  көп  жыл  бойы  іздеп,  ең  соңында 
Түйемойнақ  шыңының  сулы  жықпылынан  табады.  Сөйтсе,  ол  жасылтым 
жапырақтары  жайылған,  қызғылтым  сабағының  ұшында  шоқ  жемістері  мөлдіреп 
тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен. 
Атақты  Ырғызбай  емші  шипалы  өсімдіктердің  гүлінен,  жапырағынан, 
тамырынан  дәрі-дәрмек  жасағанда  олардың  қандай  ауруға  қалай  қолданғанда  ем 
болатынын  табиғи  түйсікпен  біліп,  дамытқан.  Емшінің  үйінен  қысы-жазы 
кенекұнжұт,  түймешетен,  адыраспан,  долана,  көккекіре,  суқалампыр,  қарандыз, 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
71 
киікот,  шайқурай,  тікенжиде,  тәуіпдәрі,  томардәрі,  қасқыртамыр  мыңжапырақ, 
жаушүмілдік  тәрізді  өсімдіктер  үзілмеген.  Ол  улы  шөп-тамырларды  аса  сақтықпен 
жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. 
 
Құнанбай  қажы  ауруынан  емдеп  жазуға  шақыртқанында,  Ырғызбай  емші 
қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса  алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік 
мүйіздерінен жасаған дәрілерін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал-
мысқалға  бөліп,  дайындапты.  Ол  Құнанбай  қажының  өт  жолының  да  бұзылғанын 
біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір 
түрлі  жапырақтан,  гүл  мен  тамырдан  дәрі  жасап,  оны  жылқының  іш  майына 
араластырып  қайнатып,  жеті  түрлі  дәмнен  тосап  дайындайды.  Тосапқа  аю  өтінің 
тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкіздіртіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны 
ауруынан жазып алады. 
Құнанбай қажының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға 
қосады. Содан Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады: 
…Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді, 
Құнекеңе шипалы ем тауып еді. 
Ажалдан Құнанбайды алып қалды, 
Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді… 
Құнекең сыйға тартқан сол биені, 
Сусынға неше жылдай сауып еді. 
«Емші»  өсімдіктер  тарихынан.  Ертедегі  египеттіктер  алоэ,  қараған,  анис, 
медуница,  зығыр,  лотос,  көкнәр,  жалбыз,  тал,  арша  тәрізді  өсімдіктердің  шипалық 
қасиетін ежелден біліп, пайдаланған. 
Қай  заманда  болсын,  адам  өсімдік  өнімдерінің  тағамдық  жағына  ғана  емес, 
сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде  «дәрі ауруы» 
аллергияның  шығуы,  иммунитеттің  азаюы  сияқты  құбылыстардың  байқала 
бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. 
Шипалы  өсімдіктер  қатарына  әртүрлі  сәнді  өсімдіктер  де  жатады.  Өйткені 
олардың  көпшілігі  адамның  көңіл-күйін  көтерумен  ғана  шектелмейді.  Бойындағы 
барлық  сергектік  заттардың  арқасында  олар  денсаулығымыздың  серігі  де  бола 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
72 
алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер 
жөнінде  осыны  айтуға  болады.  Өздерінің  жер  үстінде  және  жер  астында  өсетін 
мүшелерін  де  аса  бағалы,  «үй  дәріханасына»  қажетті  заттардың  болуы  арқылы 
олардың көпшілігі аса пайдалы. 
 
Жолжелкен 
өсімдігіне 
сипаттама. 
Жолжелкен 
(Psyllіostachys) 
– 
қорғасыншөптер  тұқымдасына  жататын  бір  жылдық  шөптесін  өсімдіктер  туысы. 
Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен 
сексеуіл  өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов 
жолжелкені)  бар.  Олардың  биіктігі  5-50  (80)  см.  Жапырақтары  тамыр  түбінен 
шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, 
түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2-
4-тен масақ гүлшоғырына топталған.
 
Жолжелкен  тұқымдастарына  жатқызылатың  жолжелкен  (Подорожник 
большой)  –  көп  жылдық  өсімдік.  Биіктігі  30-40  см-ге  дейін  жетеді.  Сабағының 
төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт 
тармақты  масақтан  тұрады.  Кішкене  қауызында  8-ден  13-ке  дейін  тұқымы  болады. 
Мамырдан  бастап  тамызға  дейін  гүлдейді.  Жемістері  шілдеден  күзге  дейін  піседі. 
Батпақты, сазды жерлерде көп өседі. 
Республикамыздың  барлық  өңіріне  кеңінен  таралған  жолжелкен  көпжылдық 
өсімдік.  Оны  ел  ішінде  иман  жапырақ,  біртартар,  егеуқұйрық  деп  те  атайды.  Оны 
әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады. 
Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен 
жолжелкен.  Жолжелкен  Қазақстанның  барлық  жерінде  өседі.  Негізінен  орманның 
жол  жиектерінде,  шалғынды  алқаптарда  кездеседі.  Жолжелкен  жапырақтарының 
құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, 
каротин,  аскорбин  қышқылы,  К  витамині  және  аздаған  мөлшерде  алкалоидтар  мен 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
73 
фитонцидтер  бар.  Дәрілік  мақсатқа  жолжелкеннің  жапырақтарын,  ұрығын, 
шырынын,  тамырын  пайдаланады.  Бұл  өсімдіктің  емдік  қасиеті  өте  ерте  кезден 
белгілі болған. 
Жолжелкеннің  жапырақтарын  халық  медицинасында  дене  сыртындағы  аққан 
қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Ол үшін кептірілген және ұнтақталған 
жапырақтың  ұнтағын  жараланған  жерге  қан  біржола  тоқтағанға  дейін  себеді. 
Жуылған  жас  жапырағын  жараға,  ірінді  ісікке,  шиқанға  сорғыш  дәрі  ретінде 
жапсырады.  Сол  сияқты  жапырақтарынан  сығылып  алынған  шырынын  жәндіктер 
шаққан  жерге  және  іріңді  жараға  жағады.  Жолжелкен  тамырын  іштің  қан  аралас 
өтуіне  қарсы,  қан  қақырғанда  қайнатпа  түрінде,  ал  ұрығын  дизентерия  мен  іш 
өткенде  пайдаланады.  Жолжелкен  шырыны  қарын  бездерінің  секрециясын 
күшейтеді.  Жолжелкен  ұнтағына  фармакологиялық  сынақ  жүргізген  кезде  ол 
туберкулезді,  қатерлі  ісікті  емдеуде  айтарлықтай  нәтижеге  жеткізді.  Жолжелкеннің 
кептірілген  жапырақтары  мен  сабағынан  жасалған  сығындысы  терінің  барлық 
қабатын регенерациялауға көмек береді. 
Жолжелкен  кәдімгі  ақбас  жусанмен,  адыраспанмен,  шайқураймен  қосып,  ас 
қорыту  органдарының  ауруларына:  қарын  (әлсіздігінде),  асқазан  шырынының 
жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек айнығанға қарсы қолданылады. 
Жолжелкен  өсімдігінің  емдік  қасиеті.  Жолжелкеннің  құрамында  әр  түрлі 
витамин,  белок,  май,  қышқылдар  мен  тұздар  мол  болғандықтан,  одан  жасалынған 
дәріні  көптеген  ауру  түрлеріне  қолданады.  Мәселен,  ол  адамның  тәбетін  ашып, 
қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. 
Сондай-ақ  қан  тамырының  қатаюына,  асқазан,  ішек  жарасына,  тыныс 
жолдарының  қабынуына,  өкпе  туберкулезіне,  созылмалы  бронхит,  плеврит  және 
бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының 
қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда 
танау ішіне құяды. Ал  тұқымның қайнатпасын қант  диабетіне, дизентерия және іш 
өткенге ішеді. 
Ертеде  қазақтар  жолжелкен  жапырағын  кептіріп  ұнтақтап,  жараның  аузына 
сеуіп,  қанын  тоқтатқан.  Жас  жапырағын  түйіп  жасаған  қоймалжың  сөлін  улы 
жәндіктер  шаққанда  беріп,  уын  қайтарған,  сүйелге  таңып  кетірген.  Жарақаттанған 
малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған. 
Жолжелкен гүлдеген кезде тамырын қазып алып жуып, салқын жайда кептіріп 
ұнтақтайды.  Сол  ұнтақтың  100  грамын  жарты  литр  араққа  салып,  10  күн  қараңғы 
жерде  ұстап,  ашытады.  Сонан  соң  сүзіп,  шыны  ыдысқа  салып,  салқын  жерде 
сақтайды. Дәрі даяр болады. 
Мұны асқазан мен ішегінде жарасы бар  адамдар күніне (ас алдынан бір сағат 
бұрын) бір ас қасықтан 3 мезгіл 2 ай ішсе, науқасынан айығып кетеді. 
Ал  оның  жапырағын  кептіріп  ұнтақтап,  бір  ас  қасығын  жарты  литр  қайнаған 
суға  салып,  шай  тәрізді  демдейді.  Бір  күннен  кейін  үстіне  бір  шай  қасық  анис 
тұнбасын құйып, күніне 30 грамнан үш рет бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына 
ұшырағанда береді. 
Ем  болатын  аурулары.  Жолжелкеннің  тұқымы  ыстықты  басып,  уытты 
қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие. 
Ішек  қабынғанда,  15  грамм  жас  жолжелкенді  (кептірілгенінен  9  грамм)  қайнатып, 
күніне екі рет ішеді. Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен 
тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл 
мияны суға қайнатып ішеді. 
Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді. 
Кеңірдекшелердің  созылмалы  қабынуына  90  грамм  жолжелкеннің  жас  шөбін  суға 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
74 
қайнатып  немесе  9  грамм  жолжелкен  тұқымын  сарғайғанша  қуырып,  талқандап, 
қайнаған күріш суына қосып ішеді. 
Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет