Т.ӘШІмова,
жамбыл политехникалық колледжінің
«Информатика және ақпараттық жүйелер»
циклдік комиссия оқытушысы.
Елбасы н.Ә.назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан» атты халыққа
Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтар ретінде
ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытын айқындап, 26-шы бағытын «қазақстан
халықтарының рухани дамуы және үш тұғырлы тіл саясаты» деп белгілеген болатын.
үш тұғырлы тіл: іТ-мамандары
кӘсіпкЕрлік қанаТ
Жайып кЕлЕді
Атап өтер болсам, Қоғамдық кеңес - қоғамдық
бақылауды жүзеге асыратын, ережеде көзделген
тәртіппен және нысандарды мемлекеттік билікті
атқарушы органдарда «Қоғамдық кеңес туралы»
заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген
мемлекеттік билік пен қоғамды бақылауды жүргізу
кезіндегі ұйымдастыратын атқарушы орган.
Қоғамдық кеңес қоғамдағы маңызды мәселелер
бойынша пікірін білдіру үшін қызметтер атқарады.
Ал Тараз қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңесі
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2
қарашадағы «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының
9-бабы 5-тармағына сайкес құрылған Тараз
қалалық мәслихатының Қоғамдық кеңестің
қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының
2016 жылғы 12 ақпанындағы хаттамасымен
қалыптастырылып, 2016 жылғы 17 ақпандағы
бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
кезектен тыс елуінші сессиясының «Қалалық
қоғамдық кеңесін құру туралы» шешімі бекітілген
болатын. Бұл шешімде қалалық деңгейдегі
Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған толық
құрамы бекітілді. Кеңес құрамына облысымызға
және қаламызға танымал 21 азамат енді.
Осы уақыт аралығында Қоғамдық кеңес
жоғарыда айтылған мақсаттар мен міндеттерді
атқару бойынша бірқатар жұмыстар атқарды.
Кеңес өз алдына 2016 жылғы іс-шаралар
жоспарын бекітіп, тұрақты 4 комиссиясын
және олардың төрағалары мен мүшелерін сай-
лады. Атап айтқанда, олар жергілікті бюджет,
қаланың әлеуметтік-экономикалық даму, құрылыс,
транспорт коммуналдық шаруашылық, жер
қатынастары, азаматтардың құқықтарын қорғау,
жастар саясаты, білім беру, денсаулық сақтау,
мәдениет және әлеуметтік мәселелері бойынша
қызметтер атқаруға күштерін салуға бағыт береді.
Әр бағыт бойынша топтар өз тараптары бойынша
қызметтер атқарады.
Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері атқарған
жұмыс жоспарын, бағытын айқындап, сол бой-
ынша түрлі іс-шараларды өткізуді қолға алған.
Мәселен, қалалық қоғамдық кеңес 24 отырыс
өткізіп, онда қала өңіріндегі өзекті 27 мәселе
қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері «Нұрлы жол»
бағдарламасы шеңберінде бой көтеріп жатқан
нысандардың жұмысын және қала аумағындағы
құрылыс салуға, қайта жабдықтауға, жаңғыртуға,
күрделі жөндеуге қатысты қала әкімдігінің оты-
рысында дайындалған жобалардың, нысандардың
саналы дайындалуын зерделеу мақсатында мони-
торинг жүргізді. Талқылау барысында берілген
ұсыныстар бойынша, қала әкіміне және Тараз
қаласы әкімдігінің бөлім басшыларына ұсыныстар
берілді және жіберілген кемшіліктерді дер кезінде
жоюға, сонымен қатар басшыларына қайта қарауға
жіберілді. Бұған қоса, қалалық қоғамдық кеңестің
төрағасы билікпен тығыз байланыс бағытын ұстана
отырып, қаланың әлеуметтік жағдайын жақсарту
үшін өз ұсыныстарын таныстырып келеді.
Сондай-ақ кеңес мүшелері БАҚ-тарда сөз
сөйлеп, қала өңірінде өтіп жатқан шараларға,
оның ішінде бюджетке бөлінген қаржылардың
дұрыс жұмсалуын бақылауда ұстап, кеңестің әр
отырысында анықтама алынады. Қоғамдық кеңес
мүшелері әр тоқсанда атқарылған жұмыстардың
қорытындысын саралап отырады.
Қоғамдық кеңес қоғамдағы қоғамдық мүдделерін
білдіру және жергілікті деңгейдегі шешімді
талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың
пікірін ескеруге ынталы екенін баса айтқым келеді.
Сонымен қатар қала аумағында өзін-өзі басқару
органдары қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын
дамытуға қолдау көрсетіп, шаһардағы басқару
органдарының қызметінің ашықтығын қамтамасыз
етуге күш салатын болады.
Осылайша, Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспа-
рына сәйкес қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңес
мүшелері қала тұрғындарына жақындай түсті.
Біз де өз кезегімізде, Тараз қалалық деңгейдегі
Қоғамдық кеңес мүшелері Президент саясатын
жүзеге асыруда оның сенімді серігі екенімізді
мақтан тұтамыз.
қаржаубай БеКБолаТов,
қоғамдық кеңес төрағасы.
Елбасы нұрсұлтан
назарбаевтың жүргізіп
отырған сарабдал саясатының
арқасында қазақстандықтар
тұғыры биік Тәуелсіздіктің 25
жылдығын жаңа жаһандық
рөлде қарсы алды. Бұл ретте,
Елбасы н.назарбаевтың
Ұлт жоспарына сәйкес
қалыптастырылғын қоғамдық
кеңестің алдына қойған
мақсаттары мен міндеттері де
ауқымды.
Халық мүддесін
көздейді
отандық өнімдердің үлесі артқан.
// «Жамбыл - Тараз» // №1 (1341), 5 қаңТар 2017 Жыл //
оРта
5
лайықТы ЕңБЕккЕ
лайықТы қҰрмЕТ
қала әкімінің орынбасары Жақсылық сапаралиев Б.момышұлы атындағы «Батыр
шапағаты» медалімен марапатталды.
көне шаһардың гүлденуіне жергілікті
кәсіпкерлердің қосып отырған үлестері сүбелі.
Әсіресе, олар ел болып тойлаған Тәуелсіздігіміздің
25 жылдығының жоғары деңгейде аталып өтуіне
атсалысты. міне, іскер азаматтардың елеулі еңбегін
атқарушы билік те лайықты бағалады.
Елге қызмет – абыройлы міндет
Шынболат СеЙдУалИев
Еліміздің өсіп-өркендеуі мен қаламыздың
көркейіп, экономикалық-әлеуметтік даму жо-
лында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың
еңбегі ешқашан елеусіз қалған емес. Оларға
түрлі атаулы мерекелер қарсаңында сый-
құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер білдіріліп
жатады. Жаңа жыл мерекесіне орай Қазақстан
Республикасы Ауған соғысы ардагерлері
қауымдастығының шешімімен шаһар
басшысының орынбасары Жақсылық
Сапаралиевке Б.Момышұлы атындағы «Ба-
тыр шапағаты» медалі табыс етілді. Ме-
даль Қазақстан Республикасы Ауған соғысы
ардагерлері қауымдастығының төрағасы
Бақытжан Ертаевтың бұйрығымен беріліп
отыр. Марапатты Жақсылық Мырзабекұлына
табыс еткен Тараз қаласы Ауған соғысы
ардагерлері мен мүгедектері одағының
төрағасы Дүкенбай Ермеков оған ақ тілегін
білдірді.
- Бүгінде еліміздің дамуы мен қаламыздың
өсіп-өркендеу жолында үлкен еңбек сіңіріп
жүрсіз. Алдағы уақытта да осы беттен тай-
май, жарқын жетістіктер бағытында аянбай
еңбек ете беретініңізге сенімдімін. Еліміздің
«Мәңгілік Ел» болып қалыптасуы үшін барлық
азамат өз ісіне жауаптылық танытып, шарша-
мастан қажырлы жұмыс атқаруы тиіс. Сіздің
алып отырған медаліңіз сондай еселі еңбектің
жемісі деп білемін, - деді Дүкенбай Сайлауұлы.
Сондай-ақ Тараз қаласы Ауған соғысы
ардагерлері мен мүгедектері одағының
төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің
тұрақты комиссия төрағасы, қоғам белсендісі
Дүкенбай Ермеков те Тәуелсіздіктің 25
жылдығына орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Жарлығымен «Құрмет» орденін иеленді.
Алматы қаласында Жазушылар одағында
өткен шара барысында жоғары дәрежелі
медальді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің
спикері Нұрлан Нығматуллин табыс етті.
Айта кетерлігі, Тараз қаласы Ауған соғысы
ардагерлері мен мүгедектері одағы өңірде
жастарға патриоттық тәрбие беруде үлкен
жұмыстар атқарып келеді. Бұл тұрғыда
Дүкенбай Ермековтің қосып жүрген үлесі ерен.
мерекелік марапат.
Сейділдә ТӨреН
Ашылғанына бір жылдан енді ғана асқан сән
үйінің бүгінде тұтынушыларының қатары артқан.
Сымбаты мен сұлулығын сақтағысы келетін
қаламыздың қыз-келіншектеріне сапалы қызмет
түрін ұсынуды мақсат тұтқан сән үйі оларға Жаңа
жылда тосынсый жасады. «Instagram» әлеуметтік
желісі арқылы лотерея билеттерін ойнатып,
жеңімпаздарына барлық қызметті тегін жасады.
Сондай-ақ сән үйінің әріптестері болып табылатын
«Олжа» сауда үйінде орналасқан «Алтынайдың
стильді сөмкелері» бутигі мен «Boss» сауда
үйінің «A_900» әйелдер киімі бутигі демеушілік
көрсетіп, лотерея жүлдегерлеріне өздерінің жоғары
сападағы сөмкелері мен киімдерін ұсынды. Со-
нымен қатар «Amirabel» сән үйінің тұрақты
тұтынушыларына «Магнат» сауда үйінің баспанаға
арналған «Maxstyle» бутигі текстильді өнімдерін
тарту етті.
Аталған сән үйінің иесі, жеке кәсіпкер Айнұр
Сәлімбаева өздеріне келетін қыз-келіншектерге
барлық жағдайды жасауға тырысатындықтарын ай-
тады. Сондай-ақ ол алдағы уақытта қайырымдылық
шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын
жеткізді.
- Біз келушілеріміздің көңілінен шығып, са-
палы қызмет көрсетуге тырысамыз. Жаңа жыл
қарсаңында әлеуметтік желі арқылы осындай байқау
ұйымдастыруды қолға алдық. Ниет білдірушілердің
саны өте көп. Бұл үшін қуаныштымыз. Алдағы
уақытта зейнеткерлер, көп балалы және мүгедек
балалары бар аналарға айына бір рет тегін
қызмет көрсетуді қолға алғалы отырмыз. Біздің
замандастарымыз бен аналарымыз әрдайым әдемі
болып жүруі керек, - дейді Айнұр Сәлімбаева.
Жалпы байқауға қатысушы қыз-келіншектердің
қатары көп болды. Олар сән үйінің тегін қызметі
мен сәнді заттар үшін билет нөмірлерінің оңды
түсуін тіледі. Арасында жас қыздар мен аналар,
тіпті ел аналары да болды. Олардың барлығы - осы
сән үйінің тұрақты келушілері.
- Мен мұнда тұрақты түрде келіп, шашымды
қидырамын, бет-әлпетімді әрлетіп тұрамын.
Бұл жерде көрсетілетін қызмет пен шеберлердің
жұмысына көңілім толады. Сән үйіне кіргеннен
бастап сыртқы, ішкі дизайны, күтіп алып, шығарып
салуына дейін жоғары деңгейде. Біз секілді
келушілер үшін лотерея ойнатып жатыр. Бұл -
өте құптарлық шара, - дейді сән үйінің тұрақты
келушісі Сәуле Көпбосынова.
«Amirabel» сән үйі Жаңа жыл
мерекесіне орай келушілеріне
әлеуметтік желі арқылы билет
ойнатып, тосынсый жасады.
сымбаттыларға
сыйлық
артық етпейді
сұлулықтың сыры.
Индира БаЙқоНыС
Жа ң а ж ы л қ а р с а ң ы н д а қ а л а ә к і м і н і ң о р ы н б а с а р ы
Кенжебек Олжабай бірқатар тараздық белсенді кәсіпкерлерді қабылдап,
қала әкімі Нұржан Календеровтің атынан Алғыс хат тапсырды.
Көпшілік алдында сөз алған Кенжебек Мамашбайұлы қаланың
әлеуметтік-экономикалық дамуына, атқарушы биліктің әрбір бастама-
сына ұдайы қолдау көрсететін кәсіпкерлерге алғысын жеткізіп, оларды
алдағы уақытта да қоян-қолтық жұмыс жасауға шақырды.
- Мен әуелі баршаңызды ел болып дүркіретіп тойлаған тұғыры биік
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейлі датасымен құттықтаймын.
Әлбетте, ұлтымыз үшін ұлық мереке болып табылатын тарихи
күннің жоғары деңгейде аталып өтуіне сіздердің қосқан үлестеріңіз
қомақты. Осы орайда, өздеріңіздің мұрындық болуларыңызбен түрлі
іс-шаралар ұйымдастырылып, қаламыз да әсем безендірілді, - деген
қала басшысының орынбасары алда келе жатқан Наурыз мерекесін
де біркісідей атап өтуге үндеді.
Мұнан кейін Кенжебек Мамашбайұлының қолынан қаладағы
бірқатар ірі мейрамханалар мен өндірістік кәсіпорын басшылары
Алғыс хатқа ие болды. Олардың қатарында «Тойқазан», «Ақ сарай»,
«Марат», «Рио», «Баян шырын», «Версаль», «Grand Royal» мейрамхана
иелері мен «Ғимарат Темір битон» ЖШС, «Құрылыс Полимер» ЖШС,
«Энерджи-Тараз» ЖШС, «Полиэтилен-Агро» ЖК, «ТаразБылғарыЕтік»
ЖК басшылары бар.
Жиын барысында сөз сөйлеген кәсіпкерлер ел мүддесі жолында аянбай
қызмет етуге дайын екендіктерін айтып, азды-көпті еңбектерін ескерген
қала әкімі Нұржан Календеровке алғыстарын жеткізді.
«Марат» мейрамханасының директоры Сәуле Құралбаева барша
жерлестерін Ел Егемендігінің 25 жылдығымен құттықтай келе, мерейлі
мерекеге орай, мейрамхана әкімшілігі Ауған соғысы мен аз қамтылған
және Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің 150 тәрбиеленушісіне
мерекелік дастархан жайғандығын атап өтті.
сан салада белсенді.
айна
6
// «Жамбыл - Тараз» // №1 (1341), 5 қаңТар 2017 Жыл //
облыстық музей басшылығы музей жұмысын жүйелі түрде жариялап жүрген
жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады.
алТын көпір
Сейділдә ТӨреН
Жылдың ерекшелігі - тарихи даталар мен маңызды мереке-
лерге толы болды. Осы орайда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына
орай облыстық телеарна мен газет журналистері марапатталды.
Бұл бағытта іс-шаралардың өтуіне өз үлесін қосып жүрген
облыстық БАҚ өкілдерінің музей жұмысын насихаттауға
қосқан еңбектері де назардан тыс қалған емес. Музей - уақыт
пен ұрпақты байланыстыратын ата-баба мұрасы сақталған
киелі орын. Ал жас ұрпақ санасына өткеннің өнегесін сіңіріп,
өшпес мұрамызды аманат ету ортақ міндетіміз. Сол себепті де,
облыстық музейдің тыныс-тіршілігі мен ондағы өзгерістерді
жариялауда БАҚ өкілдерінің орны ерекше екендігі белгілі.
Іс-шара барысында жыл басынан бергі телеарна мен басы-
лымда музей жайында шығарылған материалдар сараланып,
оның барлығы осы құндылықтар сақталған мекемеге оң
ықпалын тигізгендігі айтылды. Ал облыстық музей жұмыс
істеп келе жатқан жылдар белесінде қазақ халқының тарихы,
мәдени мұра, асыл қазыналарымыз кең насихатталып келеді.
- Өткен 2016 жыл облысымыз үшін жемісті де жеңісті жыл
болды. Тәуелсіздігімізге 25 жыл, облыстық музейге 85 жыл
толды. Бұл тұрғыда аз жұмыстар атқарылған жоқ. Музейімізге
экспонаттар жиі келіп түсуде. Оны қызметкерлеріміз
келушілердің назарына түсіндіретін болса, БАҚ өкілдері
бұқараға жеткізуде үлкен еңбек сіңіріп келеді. Жалпы қай сала
болмасын БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Сол секілді біздің де музейдің тыныс-тіршілігі мен атқарылған
жұмыстарын насихаттауда осы азаматтардың еңбегі бар, - де-
ген облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Үртай
Сапақова музеймен тығыз қарым-қатынас жұмыс жасап келе
жатқан бірқатар облыстық БАҚ-ты ерекше атап өтті. Олардың
қатарында облыстық «Знамя труда» газеті мен қалалық «Жам-
был-Тараз» газеті бар.
Марапатталғандардың қатарында облыстық «Знамя труда»
газетінің басшысы Бекет Момынқұлов, «Ақ жол» газетінің
тілшісі Есет Досалы, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің
тілшілері Лариса Губашева мен Шынболат Сейдуалиев және
«Қазақстан-Тараз» телеарнасының журналисі Алмат Садуақас
бар. Өз кезегінде қаламды серік етіп, жаңалықтың жаршысы
болып жүрген журналистер алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс
жасай беретіндіктерін жеткізді.
м.Х.дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті қр Тәуелсіздігінің 25
жылдығы мен «университет тынысы»
газетінің 20 жылдығына орай
университетішілік шығармашылық
байқауын өткізген.
университет тынысы
арайлым БақыТжаНқызы
«Білім биігіне, ғылым шыңына» атты үздік
шығармалар байқауына оқытушылар мен студенттер
қатысты. Ал марапаттау рәсімінде сөз алған ТарМУ рек-
торы Махметғали Сарыбеков университет жанындағы
газеттің тыныс-тіршілігі мен бүгінгі БАҚ-тың аяқ алысы
туралы сөз қозғады.
– Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Онда
басылған мақалалар тасқа салған таңбадай. Бүгінде
халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық
ақпарат саласында жүрген азаматтардың басым бөлігі–
біздің оқу орынның түлектері. Бұл азаматтардың
алғашқы мақалалары, өлең-жырлары «Университет
тынысы» газетінде жарық көрді. Жақында шыққан
«Өрімтал» жас ақындар жинағын оқып отырып, ондағы
азаматтардың ТарМУ түлектері екендігін көрдім.
Бұл да біз үшін үлкен мақтаныш, – деді Махметғали
Нұрғалиұлы.
Құттықтаудан кейін ректор жеңімпаздарды мара-
паттады. Жалпы байқаудың қорытындысы бойынша
оқытушылар арасында ІІІ орынды Қаратау тау-кен
технологиялық колледжінің аға оқытушысы Фатима
Оразбекова, ІІ орынды «Филология және журналисти-
ка» кафедрасының доценті Елена Бегалиева иеленсе,
І орынды «Заң» факультетінің аға оқытушысы Режеп
Баярисов алса, бас жүлде «Технологиялық» факультетінің
деканы Әнуарбек Әймен қанжығалады. Ал студенттер
арасында ІІІ орынды «Журналистика» мамандығының
4-курс студенті Балнұр Әшімбай, ІІ орынды «Журна-
листика» мамандығының 3-курс студенті, облыстық
«Ғұмыр Дария» газетінің тілшісі Нұрсұлтан Рахымбай,
І орынды «Мәдени тынығу» мамандығының 3-курс
студенті Эльдар Боранбек, бас жүлдені «Журналисти-
ка» мамандығының 3- курс студенті, «Жамбыл-Тараз»
газетінің тілшісі Диана Қалманбаева иеленді. Сондай-
ақ жиын барысында «Университет тынысы» газетінің
қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан қызметкерлер
мен студенттер Алғыс хатпен марапатталды.
Жаңа жыл қарсаңында жер бетіндегі барлық бүлдіршін ертегілер еліне саяхат жасағандай
күй кешіп, аяз ата мен ақшақардың қолынан сыйлық алар сәтті асыға күтеді. Әсіресе, ерекше
балғындар үшін шырша кеші ғажайып сиқырға толы.
сиқырға толы ғажайып күн
құралай СеЙСеНБеКқызы
Мүмкіндігі шектеулі балаларға
думанды кеш тарту ету мақсатында
№29 балабақша тәрбиешілері «Балаға
мейірім сыйла!» атты қайырымдылық
шыршасын ұйымдастырды.
Салтанатты мерекеде бүлдір-
шіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,
арман-тілектерін орындап, ғажайып
сиқырлы сәт сыйлау үшін Аяз ата
мен Ақшақардан бөлек, сайқымазақ,
мыстан, қасқыр, түлкі, ешкі мен оның
жеті лағы балғындарға «Жеті лақ»
ертегісін көрсетті. Орманға кеткен
ешкі-аналарының даусын қасқырмен
шатастырып, есікті ашып қоятын жеті
лақ бұл жолы да қасқырдың арбауына
түсті. Алайда Жаңа жыл кешіне кел-
ген қайырымды қонақтар жеті лақты
қасқырдың азуынан арашалап алып,
ән салып, би билейді.
Жасыл шыршаны айнала қоршаған
балғындардың бал-бұл жанған жүзі
мен мәз-мейрам болған көңілінен
олардың осы күнді асыға күткені
көрініп тұрды. Бірі ата-әжесінің
құшағына тығылып, қасқыр мен
мыстанның сұсты жүзінен қорықса,
енді бірі шаттана күліп, ертегі
қаһармандарының іс-әрекетіне
риза кейіпте жадырай күлді.
Тәрбиешілердің «Қуыршақтар
биі» қамкөңіл балғындарды сым-
батты қуыршақтардың қылығына
қызықтырса, сайқымазақтың сиқыры
балалардың жүрегіне жылылық
сыйлады.
- Осындай сиқырға толы ғажайып
күнді сыйлаған №29 балабақша
ұжымына алғысымды білдіремін.
Көрсеткен құрметі мен сый-сияпатына
ризамыз. Ұлым да жадырап, Аяз ата
мен Ақшақардың қолынан сыйлық
алып мәз болды. Жер бетіндегі бар-
ша адамзаттың тілегі орындалып,
бөбектеріміздің дені сау, күш-қуаты
зор болсын. Жаңа жылымыз құтты
болсын! - деді шырша кешіне ұлы
Нұрислам Мәлікұлын алып келген
анасы Ақмарал Керімбекова.
«Әр бала бақытты болуға лайық»
деген сөзді естен шығармаған
балабақша тәрбиешілері балғындарға
сый-сияпат көрсетіп, әр бүлдіршінге
ерекше ықыласпен көңіл бөліп,
ұмытылмас ерекше күн сыйлай білді.
марапат төрінде.
таңғажайып тосынсый.
музей қызметкерлері мен журналистер. суретті түсірген а.қартабай.
// «Жамбыл - Тараз» // №1 (1341), 5 қаңТар 2017 Жыл //
КөРме
7
«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің
барлық мемлекеті өздерінің ең
үздік технологиялық, ғылыми,
мәдени жетістіктерін көрсетеді.
Олар жаһандық дамудың жаңа
тармағын, жаңа мазмұнын
қалыптастырады. Мұндай салмақты
салтанатқа алты құрлықтан
миллиондаған мейман қатысады.
Бәсі биік бәсекеде Астананың, ре-
спубликамыз Қазақстанның жеңіп
шығуы бекерден-бекер емес екені
бесенеден белгілі. Атап айтқанда,
«ЭКСПО-2017» халықаралық
көрмесін өткізетін ел мәртебесі
Қазақстанның елордасы Астанаға
бұйырғандығы 2012 жылдың 22
қарашасында Франция мемлекетінің
астанасы Париж шаһарында өткен
ХКБ-ның EXPO халықаралық бюро-
сы Бас ассамблеясының 152-ші сес-
сиясы барысында белгілі болған еді.
Жасырын дауыс беру қорытындысы
бойынша ХКБ-ның 103 мүше
мемлекеті Астана қаласына да-
уыс берсе, біздің бәсекелесіміз
бельгиялық Льеж қаласы 44 да-
уыс жинаған. Қазақстандық
ұйымдастырушылардың тарапы-
нан ұсынылған «Future Energy»,
яғни «Болашақ қуаты» тақырыбы
сарапшылардың көпшілігінің
көңілінен шығып, «ЭКСПО-2017»
халықаралық көрмесінің тақырыбы
ретінде қолдау тапты. Тарқатып
айтқанда, елордамыздың әлемдік
деңгейдегі ауқымды шараны
өткізе алатын орталық ретінде
қалыптасқаны, мемлекетіміздің
жоғары табыстары мен жетістіктері,
даму келешегінің кемелдігі
және «Болашақтың энергиясы»
атты өзекті тақырыпты ұсынуы
мемлекетіміздің мерейін асырып, ал-
дына жан салмай, таза жеңісіне тың
түрткі болғаны рас. Талай жылдық
тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі
техникалық және технологиялық
жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше
елдердің тарихын, дәстүрі мен
мәдениетін дәріптеу үшін өткізіледі.
Бұл көрме адамзат тарихында
әлемдік қоғамдастықтың және
оны тамашалаушы миллиондаған
адамның назарын өзіне аудара-
тын ірі оқиға болып саналады.
Бұған қоса көрме экономикалық,
әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа
үрдістерін қалыптастыру алаңы
қызметін де атқарады. Ең алғашқы
«ЭКСПО» көрмесі Англияның
принці Альберттің ұсынысы бой-
ынша 1851 жылы Гайдпаркте
өткен болатын. Хрустальды са-
райда орын алған ЭКСПО-ның
тақырыбы «Барлық ұлттардың
өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы
көрмесі» болып аталды. Дәл сол
көрмеден кейін әлемдік аренада
дизайн мектептері, туризм са-
ласы және өндіріс өнері пайда
болды. Осы көрме халықаралық
сауданың жандануына салмақты
сеп болды. Одан кейін 1855,1878
жылдары Парижде, 1939 жылы
Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукубада
(Жапония), 1992 жылы Севилья
(Италияда), 1998 жылы Лиссабон
(Португалия), 2000 жылы Шанхайда
(Қытай) «ЭКСПО» халықаралық
көрмелері болып өткен. Көрме биыл
бізде 10 маусым мен 10 қыркүйек
аралығында өтетін болады. 166
жылдық тарихы бар көрме бары-
сында елімізге 5 миллионнан астам
адам келеді деп жоспарлануда.
Негізінде «ЭКСПО» сөзі «экспонат»
деген сөзден шыққан. Қазақшада
ол «жәдігер» деген мағынаны
білдіреді. Яғни аталмыш көрме -
дүние жүзіндегі барлық халықтың
түрлі саладағы жеткен жетістіктері
мен жәдігерлерін ұсынатын алып га-
лерея. Көрме тарихында жаңа меха-
низмдер, қазіргі адамға қарапайым
лайықтандырылған жабдықтар,
яғни лифттер, транспортерлер,
тігін машиналары, телеграф, теле-
фон, ұялы телефон, сенсорлық
экран, теледидар, электр жарығы,
тоңазытқыш қондырғылары, рент-
ген аппараты, нейлон, роботтар
халыққа ұсынылып отырды. Және
әр мемлекеттерден суретшілер,
дарынды ақындар мен мүсіншілер
«ЭКСПО» көрмелеріне шақырылды.
Әйгілі Вагнер, Штраус, Верди
көрмелерге арнайы музыкалық
шығарма жазды. Мане 1867 жылы
Париждегі көрменің суреттерін
салды, ал Дали 1939 жылы Нью-
Йоркте сюрреализм павильонын
рәсімдеді, Пикассо 1937 жылы
Париждегі бүкіләлемдік көрмеде
ХХ ғасырдың символына айналған
«Герниканы» ұсынды. Қазақстан
1997 жылдан бері Халықаралық
көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі
болып табылады және 2005 жылдан
бастап EXPO-ға қатысады. Шарапа-
ты мол шараға үміткер ел ретінде
бірнеше жыл бұрын «көптеген
қазақстандықтар біз қол созып
отырған «болашақтың энергиясын»
өз көзімен көре алады» деген еді
Елбасы «Қазақстан-2050» Страте-
гиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында. Расында да,
энергия - адамзат тіршілігінің даму-
ына жағдай жасаушы және ынталан-
дырушы бірден-бір табиғи қайнар
көз. Энергия социумдар үлгісінің
сақталуын қамтамасыз етеді, ол
көптеген аспектілерді біріктіретін
ұғым ретінде бүкіл әлем мен
адамзатқа тікелей қатысты қызықты
сауалдарды туындатады. Қоғамның
энергия көздеріне қол жеткізуі
олардың әлеуметтiк, экономикалық
және экологиялық тұрақты
дамуының нақты жағдайларын
тiкелей түрде анықтайды. Техно-
логия саласындағы әртүрлi қуат
көздерін оңтайландырумен бай-
ланысты ғылыми зерттеулер мен
жетiстiктер қоғамдастықтардың
функционалды тәсiлдерiн анықтап,
энергетиканың тұрақты даму
болашағын қалыптастырады.
Елді индустриялық-инновациялық
дамытудың және Астанада
«ЭКСПО-2017» халықаралық
мамандандырылған көрмесін өткізу
жоспарының аясында жаңаша
сипат алған «жасыл экономика-
ны» игерудегі алғашқы қадамдар
жасалды. Елбасы Қазақстан
Республикасының Үкіметіне «жа-
сыл экономикаға» көшу страте-
гиясын дайындауды тапсырды.
«Жасыл экономика» бірінші ке-
зекте экономикалық прогреске
жағдай жасайды және ішкі жал-
пы өнімнің өсімі, елдің табыста-
рын ұлғайту, елдегі жұмыссыздық
көрсеткіштерін азайта отырып,
халық үшін жұмыс орындарын
құруды қамтамасыз ететіні белгілі.
Демек, 2017 жылы Отанымыздың
жүрегі Астана қаласында өткізілетін
«ЭКСПО-2017» халықаралық
көрмесінде «жасыл экономиканың»
негізінде жасалған, болашақтың
балама энергия көздеріне арналған
ірі жобаларымыз бен ұсынатын
қомақты дүниелеріміздің қатары
көбейе бермек. «Болашақ энер-
гиясы» - «ЭКСПО-2017» көрмесі
тұрақты энергия көздерін дамытуға,
энергия үнемдеу сенімділігі мен
тиімділігін арттыруға бағытталған
стратегияларды, бағдарламалар
мен технологияларды зерттеу-
ге бейімделген. Оның мақсаты –
жаңармалы энергия көздерін пайда-
лануды және энергетикалық ресурс-
тарды тиімді тұтынуды ынталан-
дыру. Бүгінгі күні бізге қолжетімді
энергоресурстар адамзаттың ажы-
ратылмас мұрасы болып табылады.
Яғни, бұл жаһандық іс-шараның
міндеті – энергия тұтынуды жоспар-
лау мен бақылау, сондай-ақ болашақ
ұрпақтардың өмірі үшін қажетті
тұрақты энергия көздері мен біздің
ғаламшарымыздағы бүкіл игілікті
сақтап қалу үшін халықаралық
қоғамдастықты жауапкершілік
сезіміне шақыру. Дүниежүзілік
әмбебап көрмелер бес жыл сайын
алты ай бойына өткізіледі. Әрі
тақырыбы жағынан онда шектеу-
лер болады. Егер Қазақстан 2017
жылы мамандандырылған көрмені
сәтті өткізсе, 2020 жылы әмбебап
көрмені өткізуге мүмкіндік алады.
Мамандандырылған халықаралық
көрмелер ең көп дегенде үш айға
созылады. Көрменің алаңы 25 гек-
тардан аспауы тиіс. Жалпы әлем
елдерінің бұл көрмені өткізуге
барынша құлшыныс білдіретін
салмақты себептері бар. Біріншіден,
көрмені өткізу құқығына ие болған
мемлекет қала экономикасына
белгілі бір деңгейде инвести-
ция тартуға қол жеткізеді. Бұл
арада Халықаралық көрмелер
бюросының өзі ірі инвестор болып
табылады. Екіншіден, сырттан
қаржы тартудың арқасында қаланың
инфрақұрылымы жетілдіріліп,
көрме нысандарын салу кезінде
он мыңдаған жұмыс орындары
ашылады. Үшіншіден, мемлекет
пен көрме өтетін қалаға шетелдік
туристерді тартуға үлкен мүмкіндік
туындайды. Төртіншіден, ол
көрмені өткізуші мемлекеттің сөзсіз
халықаралық аренада беделі өседі.
«ЭКСПО-2017» халықаралық
көрмесін өткізу аясында Жам-
был облысының тарихи, көрікті
жерлері туристер үшін бағыттарға
енгізіліп отыр. Өңірде «Жібек
жолының тарихи орталықтарын
қайта жандандыру, түркі тілдес
мемлекеттердің мәдени мұрасын
дәйекті дамыту және сақтау, ту-
ризм инфрақұрылымын құру»
атты мембағдарлама енгізілген бо-
латын. Осылайша аймаққа келген
туристерге екі мың жылдан астам
тарихы бар Тараз шаһарының
қ а з ы н а с ы , « А қ ы р т а с т ы ң
құпиясы» секілді асыл жәдігерлер
ұсынылмақ. Бүгінгі күні өңірде
елуге жуық туристік фирма, киіз
үй қалашықтары, сауықтыру
кешендері мен демалыс алаңдары,
шипажайлық-курорттық сауық-
тыру орындары жұмыс жасауда.
Расында, Қазақ хандығының ал-
тын туы асқақтаған Қозыбасы биігі
тұрған Шу-Талас аңғарының бас
қаласы Тараз тарихының тынысы
тылсым болмысының қонақтарға
айтары мол. Қонақтар өркениет
өрісіне өлшеусіз үлес қосқан
Тараз шаһарындағы «Ежелгі
Тараз», «Айша бибі», «Қарахан»,
«Ақыртас» нысандарын назарға
алатын болады.
Халықаралық көрменің өту ба-
рысы, қонақтарға көрсетілетін
қызмет түрлері мен олардың са-
пасы, тарихи жерлердің тұңғиық
сыры жөнінде газетіміздің келесі
сандарында оқитын боласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |