Мақала тақырыбы:«Тұғыры биік тұлға-Темірбек Жүргенов»



Дата02.05.2023
өлшемі12,88 Kb.
#88840

Мақала тақырыбы:«Тұғыры биік тұлға-Темірбек Жүргенов»

Темірбек Жүргенов қазақтан шыққан нар тұлғалардың бірі.Жастайынан өте білімді,білімге құмар елдің қамын ойлайтын азамат болып ер жетті.Есімі қазақ халқына ғана емес Орта Азия мемлекеттеріне белгілі тұлғалардың бірі.Оның өмір сүрген уақыты талан-тартысқа толы болған жыл еді.Сталиннің репрессия деп аталған заманында қазақ халқының қамы,жері үшін көп жұмыс атқарды.Табиғатына баға жетпес,еліміздің көркем жерлері Жетісу мен Сырдарияның сақталынып қалуына үлкен үлес қосты.Ол қызмет еткен жылдары біраз оқу орындар,мектептер ашылып,қазақ халқының сауаты ашылды.Өмір сарынын қазақ халқының қамына,адамдардың тең құқылы екенін,жаңа өмір бастау керегін насихаттап отырды.Темірбек Жүргенов құрметіне еліміздегі аудан,мектептерге,өзімізге таныс өнер жолында жүрген жастар арасында танымал,өзі құрған еліміздің ең әйгілі жоғарғы оқу орындарының бірі өнер академиясына есімі берілді.Оның жары Әлімхан Ермековтің қызы Дәметкен Жүргенова жарынан қалған жылы естелікпен бөлісті “Ол бүкіл кешті менімен өткізді,ол сүйкімді,сыпаны және көп оқыған адамның әсерін қалдырды.Кейде ол кешкі сабақтарға келіп,мені үйге шығарып салатын,театрға,киноға шақыратын.Мен қорқып,бармайтынмын…..”деп жылы естелігін бөліскен болатын.Темірбек Жүргенов өмірінің соңында халық жауы атанып 1938 жылдың 25 ақпанында ату жазасына кесілді.Осылайша,қазақ халқының тағы бір жанашыры,ұлт тұлғасы өмірмен қоштасты.1998 жылдың Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.2008 жылы туған жері Қызылорда,алғаш қызмет бастаған Ақтөбе облысында 110 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті.Оның әрбір жасаған қадамдары,әрбір еліне қосқан үлесі,қазақ халқының әрдайым есінде!




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет