7 дәріс. Тақырыбы: Бояу сұйықтықтарын әзірлеу.
Дәрістің мақсаты: Боляу сұйықтықтарын әзірлеуді меңгеру
Жоспары: 1. Бояу сұйықтықтарының түрлері
2. Эрлих қышқыл және Бемер гематоксилины
3. Майер қышқыл гемалауи дайындау, Маллори бояуын дайындау
4. Эозинді дайындау
Эрлих қышқыл гематоксилины. 96° спирттің 100 мл-де 2 гр гематоксилинді ерітіп, үстіне 100 мл дистилденген су қосады, бұған 100 мл таза глицерин мен 3 грамм калий ашудасын (химиялық таза) және 10 мл мұзды сірке қышқылын қосады да, жарық жерде 14 күнге қойып қояды. Құрамына ауаның мүлдем кірмеуі үшін, мойыны кең ыдыстың аузын дәкемен жауып қойған жөн. Ыдыстың ауызы қатты тығындалып жабылса бояудың қасиеті ұзақ мерзім сақталады.
Бемер гематоксилины.10 мл 100° спиртке 1 г гематоксилин кристалын және 10% 200 мл суда ерітілген, сүзілген калий ашудасын қосады. Ерітіндіні 4-5 апта жарық көзіне қояды. Бояу ерітіндісін қолданар алдында, әр дайым сүзіп отыру керек. Ол біраз уақыттан соң бұзыла бастайды.
Майер қышқыл гемалаунын дайындау. 1000 мл дистилденген суға 1 г гематоксилин, 0,2 иодты қышқыл натриді (NaJO3) және 50 г (химиялық таза) калий ашудасын қосып, барлығы еріп біткенше үздіксіз араластырып отыру керек. Бұл сұйықтық көкшіл-күлгін түске боялады. Кейін 50 г хлоралгидратын және 1 г кристалды түрдегі лимон қышқылын қосқанда, бояу түрі күлгін-қызыл түске айналады. Химиялық таза ыдыста бояу өз қасиетін ұзақ уақыт сақтайды.
Бұндай гемотоксилиннің тез тотықсыздану қасиетіне байланысты осы әдісті көп созбай, бірден қолдануға жарайтыны, оның өте маңызды жағы болып табылады.
Маллори бояуын дайындау.0,5 г анилин көкке 2 г оранж G және 2 г щавель қышқылын қосып, осының бәрін 100 мл дистилденген суда ерітіп, қайнату керек. Суыған соң, сүзіп көп уақыт сақтауға болады. Бояуды қолданар кезде тағы қайнатып сүзгіден өткізу керек.
Гейденгайн бойынша темір гематоксилинін дайындау.Темірлі гематоксилинімен бояу, жоғарыда айтылған, гематоксилин ерітінділерінің түрлерімен бояудан айырмашылығы бар. Темірлі гематоксилиннің тек ядроны ғана бояп қоймай, цитоплазмалық және торша аралық құрылымдарды да бояу қабілеттілігі бар. Бояу алдында кесіндіні ашудас ерітіндісінде шәйіп алады. Келесі өңдеулер кезінде қара темір гематейінді жылтыр түс пайда болады. Кесіндіні саралағаннан соң, ол қайта ерітіндіге кетеді.