Бест әдісі бойынша гликогенді карминмен табу Бұл бояу гистохимияда өте сирек қолданылады. Өте жақсы боялады.
Кармин ерітіндісінің негізі 60 мл дистилденген суға 2 гр карминді еріту, 1 гр көмірқышқыл және 5 гр хлорлы калий. Алынған ерітіндіні 5 минут қайнату, суыту және сүзу. Содан кейін сүзбеге 20 мл 28% аммиак ерітіндісін қосу. Ерітіндіні 0-4° тоңазытқышта 3 айға дейін сақтауға болады.
Бояуға арналған кармин ерітіндісі. 8 мл. Негізгі ерітінді 12,5 мл аммиак
және 24 мл метанол қосу.
Бест ерітіндісінің мүшеленуі (өңдеу үшін). 8 мл абсолютті спиртке 4 мл метанол және 10 мл дистилденген су қосу.
Бояу әдісі.
- Қалыңдығы 5-7 мкм парафинді кесінді депарафинизациялау және суға дейін жеткізу.
- 1% целоидин сұйықтығына 2-5 минутқа салу.
- Ауада кептіру.
- Күштілігі өсе түсетін спирттермен жүргізіп суға дейін жеткізу.
- Суда шаю.
- 10-20 минут Шифф реактивіне орналастыру.
- Эрлих гемалауынымен бояу - 5мин.
- Суда шаю және 1% қышқылданған спиртте ядроның саралануы жақсы болу үшін шаю.
- Дистилденген суда шаю.
- Кармин ерітіндісінде 15-30 мин бояуға қою.
- Бест ерітіндісінде 5-10 секундтан бірнеше минутқа дейін ұстап, бояудың түсі кеткенше өңдеу.
- 80° спиртте шаю.
- Дегидратациялап, түссіздендіріп, бальзам мен жабу.
Нәтижесі. Ядро - қою көк, гликоген ашық қызыл.
Мукополисахаридтерді анықтау және ерекшелеу. Қышқыл мукополисахаридтердің болуын Гале (Хейла) әдісі бойынша анықтауға болады (мұзды қатырылған кесінділер) бекіткіштер: формалин, Карнуа сұйықтығы, парафинге құю).
1. Коллоидты темір сұйықтығы. 100 мл қайнаған дистилденген суға, араластырып тұрып 8-12 мл 10% хлорлы темір сұйықтығын қосу керек. Сұйықтық қоңыр түске айналады. НС1 жою үшін диализ үшін өткізу керек.
2. Сұйықтығы -2М сірке қышқылы.
3. Ферроцианид калийдің қышқылданған сұйықтығы - сары қан тұзы және НС1.
Бояу әдісі.
-Қалыңдығы 5-7 мкм парафинді кесіндіні депарафинизациялау және тек абсолютті спиртке дейін жүргізу.
- 2 м диализ темірмен сірке қышқылының мөлшерінде құю. Кесіндіні 10-15 мин осы ерітіндіге қою.
- Дистилденген судың 3 өлшемінде мұқият жуу 3-5минут.
- Жаңа дайындалған сары қанды тұзда 10 минут ұстау.
- Дистилденген суда шаю.
- Ядроларды кармин ашудасында немесе гематоксилин арқылы бояу.
- Дегидратациялап, түссіздендіріп, бальзам мен жабу.
Нәтижесі. Ядро - қызыл түске боялады, қышқыл мукополисахаридтер көк түске боялады.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. – Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии «МИА» 2002
3. Роскин Г. И. Микроскопическая техника. — М.: Государственное издательство «Советская Наука», 1946
4. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
Ғаламтор ресурстары:
1. http://elibrary.kaznu.kz/ru
2. https://studfiles.net/
3. https://www.litres.ru