1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет3/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
3 дәріс. Тақырыбы: Материалды залалсыздандыру, оның сіңірілуі, құю әдісі.
Дәрістің мақсаты: Залалсызданурудың мақсатын және қажеттілігін меңгеру
Жоспары:

  1. Залалсыздандыру шаралары және оның маңызы.

  2. Химиялық ыдыс пен шыныны тазалау және дайындау

Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б. Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды). Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу. Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.


Химиялық ыдыс пен шыныны тазалау және дайындау. Препараттарды жасар алдында химиялық ыдыс пен шыныны жылы сабынды сумен жақсылап жуып, майын кетіру керек. Ыдысты және әйнекті суық ағынды сумен шайған соң, дистилденген сумен шайып кептіреді. Ыдыс пен әйнек қатты ластанған болса, хромпик ерітіндісінде тазалау қажет. Хромпик жасау үшін 100 мл биохроматқа 1000 мл ыстық су құяды. Ерітінді жылығаннан кейін оған ақырындап байытылған 100 мл күкірт қышқылын қосады. Ыдысты осы ерітіндіге 2-3 күн салып қояды. Осы процесті резеңке қолғаппен, термостатта істеу керек. Майдан тазаланған ыдысты ағынды суды жуып, дистильденген суға шайып кептіреді. Төсеніш және жабынды шыныларды бірдей көлемді спирт және эфирі (Никифоров қоспасы) барбанкаға немесе бюкске салады. Қолданар алдында шыныны таза зығыр шүберегімен сүртеді. Сіңдіру методикасы. Сусызданған және тығыздалған бөлшектерді абсолютті спирттен хлороформмен абсолютті спирттің қосындысына салады (1:1) 2-3 сағатқа, кейін таза хлороформға ауыстырады, онда олар алдымен сұйықтықтың бетінде қалқып жүреді, кейін сіңіру деңгейіне қарай біртіндеп бата бастайды. Спиртті тазалау барысында хлороформды 1,5-3 сағ сайын 2-3 рет ауыстыру керек. Бөлшектің өлшемі 1х1см болса, оны хлороформда 30 мин ұстайды. Кейін объектті парафиннің (жұмсақ) және хлороформның қосындысына салады. Бөлшектер хлороформ-парафинде 3-6 сағ бойы 37˚С температурада болады ( 56˚С болғанда уақытты 30 мин – 1 сағ қысқартады). Объектінің еріген хлороформ-парафинде өте ұзақ болуы кесу сапасын төмендетеді. Объектінің хлороформнан толық босауы үшін бөлшектерді ретімен еріген парафиннің екі немесе үш порциясынан өткізеді. Қалыңдығы 2-5 мм бөлшектер жалпы парафинде 2-5 сағ болуы тиіс. Егер объект жақсы сусыздандырылған және спирті болмаса, парафинде артық ұстап қалу, тіпті бірнеше күнге, объекттің сапасын төмендетпейді. Ал егер бөлшектерде су Сіңдіру және құю. Сапалы кесінділер алу үшін ұлпа бөлшектерін оларды жақсы кесілетін массаға айналдыратын ортаға құю керек. Сіңдіру және құю процесі жоғары нақтылықты қажет етеді. Негізгі принциптерді білмеу және қажетті шарттарды ұстанбау объектті кесуге жарамсыз немесе кесіндінің сапасы төмен болуына әкеп соқтырады. Осы мақсатта кең қолданылатын материалдар парафин, целлоидин және желатин болып табылады.
Парафинге құю. Бұл тәсіл гистологиялық зерттеу лабораторияларында құю уақытының салыстырмалы түрде жылдам болғандықтан (сусыздандырудан кейін 1-2 күн), сериялық кесінділерді дайынау мүмкіндігімен, сонымен қатар цитологиялық зерттеулер үшін (қалыңдығы 2-3 мкм), блоктарды және боялмаған кесінділерді сақтау ыңғайлы болғандықтан кең таралған. Әдістің кемшіліктеріне зерттелетін материалдың парафинмен сіңдіру кезінде қалдықтары және спирт қалса, керісінше, сапасы осы аталғандардың мөлшеріне тура пропорционалды төмендейді.
Құю. Объектіні сіңдіріп біткеннен кейін оған еріген парафин құяды. Құю пішіншелері ретінде әртүрлі жабдықтарды пайдаланады:
Г-тәрізді тегіс үшбұрыштарды металлдан (қорғасын, болат) дайындайды. Ұзын жағы 8-10 см , қысқасы 3 см, биіктігі 1,5-2 см болатын үшбұрыштарды қолданған абзал.
Қағаз қорапшалар.Оларды қатты, тығыз қағаздан дайындайды. Сонымен қатар фольганы да пайдаланады, бірақ бұл жағдайларда сұйық парафинге құйғаннан кейін бірден қағаз этикетканың жартысын да салу керек. Бұл материалдың қолайлығы – пішіннің өлшемін өзгерте алу, маркировканың жеңілдігі және құйылған материалдың ұзақ сақталуында.
Майда объектілерді құю үшін сағат әйнектерін қолдануға, акварельді бояудың төртбұрышты фарфор банкаларын және басқа да құралдарды пайдалануға болады.
Құюды келесі жолмен жүргізеді. Құю үшінт арналған парафинді 58-60˚С температураға дейін қыздырады және дайындалып қойған пішіндерге құяды, оны шетіне дейін толтырып, ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп қадағалайды. Кейін пинцетті және металлдық қалақшаны қыздырады, құюға дайындап қойған объектті парафині бар пішіншеге жылдам әкеліп қажетті бағытта орналастырады. Осыдан кейін пішіншені салқындатады (10-18˚С). Егер құюды металлдық үшбұрыштармен жүргізетін болса, пластинаны жалпақ чашкаға оның астыңғы беті ыдыстың түбімен жанаспайтындай етіп салады. Сосын суды абайлап ыдыстың аузына дейін толтырып құяды және парафинді суытады. Қағаз қорапшаға салғанда оны біртіндеп суы бар ыдысқа салады және парафиннің толық суығанынша күтеді. Суу кезінде блоктың беті кратер тәрізді созылады да, сондықтан пішінді таңдағанда оның биіктігін ескеру керек.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет