№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата17.01.2017
өлшемі14,19 Mb.
#2082
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

Қолданылған әдебиеттер:
 
1.  Bock T., Lowy L Lehrplanentwicklung fuer Sozialarbeiter und 
Sozialpaedagogen. - Freiburg, 1975. S.352. 
2.  Sozialpaedagogik-lnstitution, Partipation, Selbstorganisation. Hrsg. v. 
Ch. Marzahn. - Muenchen, 1973. S. 119. 
3.  Peisert H, Friamhein G. Das Hochschulsystem in Deutschland. - 
Bonn, 1994.S.151. 
4.  Bechtler, Hildegard; Ьber den personalen Anteil der beruflichen 
Kompetenz des Sozialarbeiters. In: "Sozialarbeiter", 1981 H.1, S. 35-39. 
5.  Ficht, Jьrgen: Selbst Verstдndnis des Helfers - berufliche Kompetenz. 
: In "Sozialarbeiter" - 1981 H.2, S.56-57. 
6.  Haupert, B., Kraimer, K. Die disziplinдre Heimatlosigkeit der 
Sozialpдdagogik / Sozialarbeit - stellvertretende Deutung und 
typologisches Verstehen als Wege zu einer eigenstдndigen sozialen 
Professionskompetenz.: In: Neue Praxis - 1991 (Jg.21)Nr.2, S. 106-121. 
7.  Hinte, Wolfgang. Das Ende des schlechten Gewissens.: In "Extra 
Sozialarbeit" - 1984 (Jg.8) Nr. 11, S.40-45. 
8.  Лихачәв Б.Т. Педагогика. Курс лекций. М.:Прометей. 1993. - 527с  
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  проблема  подготовки  социальных  педагогов  и  социальных 
работников в системе мирового развития. 
Summary 
 
The  article  is  devoted  to  the  problems  of  social  teachers  and  social  workers  in  the  world 
development system. 
 
 
ӘОК 37.013.42. 
 
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ 
МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ 
 
Ф.Н.Жұмабекова, п.ғ.к., доцент 
 А.Бадел, ізденуші  
 
 
Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған 
тұлға  тәрбиелеу  –  кезек  күттірмейтін  мәселелердің  бірі.  Бүгінгі  таңда  мектеп  жасына  дейінгі 
балаларды  тәрбиелеуге,  олардың  жан-жақты  дамуына  ерекше  көңіл  бөлінуде.  Елімізде  жыл  сайын 
мектеп  жасына  дейінгі  тәрбиеленушілердің  саны  жылдан  жылға  көбейіп,  балабақшаларға  деген 
халықтың  сұранысы  арта  түсуде.  Балаларға  саналы  тәрбие  мен  сапалы  білім  беруде  халқымыздың 
баға  жетпес  мұралары  этнопедагогика  материалдарын  балабақшада  тиімді  пайдалану  арқылы  білім 
беру мазмұнын жаңарту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы–қоғамның идеялық бірлігінде деген еңбегінде 
«Ұлттық мәдениетке еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құралына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық 
ізгілік  пен  өркениетті  әлемдік  имандылық  үрдісінің  ортақ  мүддесін  жаппай  сезіну  және  оны  кіріктіре 
пайдалану арқылы іске асыру керек» деп атап көрсетті (1,3) 
 
Бұл идея этнопедагогика материалдары негізінде қоршаған ортаны танып білуге, оның пайда 
болуын  білуге  ұмтылуға,  табиғат  пен  қоғамның  негізгі  сырын  танып  білуге,  қоғамда  өзінің  орнын 
анықтап, бағыт-бағдар жасауға баланың дүниетанымының негізін қалыптастыруға ықпал етеді. 
1990  жылдардың  басынан  бастап  қазақ  этнопедагогикасы  арнайы  зерттеу  нысанасына 
алынып,  жеке  салалар  бойынша  жан-жақты  қарастырылып  келеді.  Атап  айтсақ:  қазақ 
этнопедагогикасының  ғылыми-методологиялық  және  теориялық  негіздері  жөнінде  С.Қ.Қалиев, 
Қ.Жарықбаев,  Ж.Қожахметова,  Қ.Бөлеев,  К.А.Оразбекова  қазақ  этнопедагогикасындағы  тарихы, 
ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері жөнінде, Т.Әлсатов, З.Әбілова, Ә.Табылдиев, С.Ғаббасов т.б жоғарғы 
және арнаулы оқу орындарындағы студент жастарға қазақ этнопедагогикасы мұралары негізінде білім 
мен  тәрбие  беру  мәселелері  бойынша  Б.Ы.Мұқанова,  М.Н.Сарыбеков,  Ж.Асанов,  Н.Қ.Сарыбеков, 
Г.М.Сәбденәлиева, Ш.Ж.Арзымбетова, халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие мәселесі туралы 

 
93
С.Ұзақбаева,  М.Х.Балтабаев,  Т.А.Қышқашбаев,  Ш.Б.Құлманова,  Р.Қ.Дүйсембінова  т.б  қарастырды. 
Қазақ  этнопедагогикасы  материалдарын  бастауыш  және  жалпы  орта  мектеп  тәжірибесіне  ендіруде 
Р.К.Төлеубекова,  Т.Ә.Қоңыратбаева,  Ж.С.Хасанова,  Н.Албытова,  Ұ.М.Әбдіғапарова,  Р.Сқақова  т.б 
зерттеді.  Ал  халық  педагогикасын  мектепке  дейінгі  оқу-тәрбие  үдерісіне  енгізуге  байланысты 
А.К.Меңжанова,  Қ.М.Меңдаяқова,  Б.Б.Баймұратова,  М.С  Сәтімбекова,  Г.Ж.Меңлібекова,  А.Е.Манкеш, 
Ф.Н.Жұмабекова,  Ә.С.Әмірова,  Ш.Сапарбаева,  Т.Иманбеков  т.б  халық  педагогикасындағы  дене 
тәрбиесі  мәселелері  бойынша  М.Тұрыскелдина,  Б.Төтенаев,  Е.Сағындықов,  шет  елдердегі  қазақ 
диаспораларындағы  ұлттық  тәрбие  мәселелері  негізінде  Қ.Қобдабай,  Ә.Ашайұлы  және  басқа 
ғалымдардың  зерттеулері  қазақ  этнопедагогикасына  қосылған  қомақты  еңбектер  бола  отырып,  білім 
беру мазмұнын жаңартуға да ықпал етуімен құнды [4,34]. 
Педагогикада  білім  беру  мазмұны  жеке  тұлғаны  қалыптастырумен  дамыту  барысындағы 
ғылыми  негіз  ретінде  қарастырылады.  Өйткені,  жеке  тұлға  дамуы  тәрбие  мен  оқытуға  тығыз 
байланысты,  сондықтан  да  алдымен,  білім  беру  мазмұнын  анықтап  алу  қажет  екендігі  дау 
тудырмайды. Білім беру мазмұны дегеніміз–жеке тұлға қалыптастыру барысында адам баласының іс–
әрекет  тәсілдерін  меңгере  отырып,  жүйелі  түрде  білім  алуы,  іскерлік  дағдысын,  таным  арқылы 
көзқарасын  қалыптастыру  және  ақыл  ойы  мен  сезімін  дамыту.  Білім  мазмұны–оның  тарихында 
қалыптасқан  рухани  мұралар  мен  құндылықтар  әлемі  ретінде  дүние  дамуымен  бірге  өзгеріп  және 
жетілдіріліп,  дүнитанымдық  және  тәрбиелік  идеялар  бір  ұрпақтан  екіншіге  негізінен  арнайы 
ұйымдастырылған нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі. Білім мазмұны – әлеуметтік тәжірибенің 
бірінші элементі болса, оның екінші элементі – әлеуметтік тәжірибедегі іс–әрекет тәсілдерін балаларға 
үйрету,  білімді  қолдануға  дағдыландыру,  дәлірек  айтқанда  адамзат  жасаған  іскерлік  пен  дағдыны 
меңгерту оны өмірлік дағды ретінде қалыптастыруды көздейді. Сыртқы (тәжірибелік) және ішкі (ақыл
ой)  дағдылары  мен  іскерліктерді  қалыптастыру  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  мемлекеттік 
құжаттарында  белгіленген  қарапайым  білім  беруге  арналған  пәндер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ол 
арқылы  балалар  өздігінен  дербес  әрекет  етуге,  салыстыруға,  талдауға,  қортынды  жасауға  үйренеді. 
Сондайақ,  білім  мазмұнының  тәжірибелік  бөлігінде  нақты  ісәрекет  жасауға  мүмкіндік  беретін, 
көркемдік,  эстетикалық тәрбиеге  баулитын музыка,  бейнелеу өнері, еңбек,  қарым–қатынас  жасау іс–
әрекет түрлерінің маңызы зор. 
Танымдық  іс–әрекет    баланың  ойөрісін  кеңейтіп,  дүниені  танудың  маңызды  құралдарының 
бірі білім алуға, өздігінен дербес әрекет етуге ынталандырып, ақылойдың дамуына, қарапайым білім 
негіздерін жүйелі меңгеруге көмектеседі. 
 
Еңбек  ісәрекеті  еңбек  ете  білуге,  еңбексүйгіштікке,  материалдық  заттар  жасауға,  оларды 
сақтауға,  ұқыпты  жұмыс  істеу  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған.  Өзінеөзі  қызмет  ету, 
тұрмыстық еңбек, ауылшаруашылық еңбегі және қол еңбегімен шұғылдану мағызды болмақ. 
 
Көркемөнер  іс–әрекетіэстетикалық  дүниетанымды  дамытып,  әдемілікке  сұранысты  туғызып, 
әдемі  ойлауға  үйретіп,  нәзік  сезімге  бөлейді.  Болмысты,  қоршаған  ортаны  танып  білуде  әсемдікті, 
сұлулықты сезінуге үйренеді. 
 
Қоғамдық  ісәрекетбаланың  әлеуметтік  ортаға  бейімделуі,  үлкендермен,  құрбыластарымен 
қарым–қатынас  жасау  мәдениеті  қалыптасады.  Тәрбиешінің  нұсқауымен,  түсіндіруімен  жұмыс  жасап 
үйренеді және жаттығулар орындайды. 
 
Білім  беру  мазмұнының  үшінші  элементішығармашылық  жұмыс  тәжірибесі.  Мектепке  дейінгі 
жастан  бастап  баланы тек  «дайын»  білімдерді  хабарлау  арқылы  қабылдауға,  жаттығулар орындауға, 
үлгіге 
қарап  жұмыс  істеумен  шектемей  шығармашылықпен  еңбек  етуге  баулу 
қажет. 
Шығармашылыққа  баулуда  баланы  өздігінен  ізденуге,  орындаған  жұмыстарға  өз  үлесін  қосуға  бағыт 
беріп  отырған  тиімді  болмақ.  Білім  беру  мазмұнының  төртінші  элементі–тәжірибе,  адам,  ісәрекеті, 
құралдар,  өзара  қатынас.  Бұл  орайда,  адамның  дүниеге,  ісәрекетке,  айналасындағы  адамдарға, 
құрбыластарына  берген  бағалары  болады.  Сезім  мәдениеті–баланың  әлеуметтік  тәжірибесі  арқылы 
қалыптасатын  ерекше  құбылыс.  Баланы  білімге,  іскерлік  дағдыларға  іштей  сұраныс  туғызып,  түрлі 
сезімдерге бөлеп, білім мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық ісәрекет 
эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да 
білім  мазмұнын  қабылдауға  ықпал  етеді.  Егер,  бала  өзі  айналысатын  ісәрекетіне  қызығушылықпен 
қарайтын  болса,  онда  олардың  оқу,  еңбек,  ойын  іс  әрекеті  де  табысты  болады.  Психологтардың 
дәлелдеуінше  жағымды  эмоциялар  үлкенді  де,  кішіні  де  шабыттандырады.  Еңбек  нәтижесіне  жеткен 
бала қуанышқа бөленеді. Ендеше білім мазмұны жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері 
бірбірімен  тығыз  байланысты.  Білім  мазмұны  арқылы  іскерлік,  дағды  қалыптасатын  болса, 
шығармашылық  ісәрекет  белгілі  бір  білім  және  іскерліктерге  сүйеніп  атқарылады,  мотивсіз,  сезім, 
ерік–жігерсіз  оқыту  дұрыс  жүрмейді.  Сондықтан,  біз  зерттеу  мәселесіне  сәйкес  білім  мазмұныол 
мектепке  дейінгі  жас  ерекшелігіне  арналған  мемлекеттік  стандартта  белгіленіп,  баланың  жек  тұлға 
ретінде  қалыптасуына  және  әрі  қарай  дамуына  ықпал  ететін  қажетті  білімдер  жиынтығы  екендігін 
айқындап  алдық.  Енді,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  мазмұны  қандай  қағидаларға  сүйеніп 

 
94
таңдалатынын  қарастырайық.  Оның  ең  басты  негізгілеріне  тоқталатын  болсақ:  Біріншіден,  білім 
мазмұны  дамытушылық  сипатта  болып,  баланың  әлеуеттік  мүмкіндіктерін  ашуға  бағытталуы  тиіс. 
Екіншіден,  білім  мазмұнының  жүйелілік  сақталуымен  қоса,  оның  кіріктірілген  болуы  да  маңызды. 
Үшіншіден,  білім  мазмұнының  көп  мәдениеттілік  тәрбиені  қамтамасыз  етуі  көзделеді.  Төртіншіден, 
мектепке  дейінгі  білім  мазмұнының  базистік  оқу жоспарында іс-әрекеттің  алуан түрлерінің  қамтылуы 
және оның негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, құралдарын таңдауы, әдіс-тәсілдерді таба білуі, 
бақылау  жасай  алуы  т.б  қарастырылуы  қажет.  Бесіншіден,  білім  мазмұнын  жаңартуда  баланың 
денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  және  психологиялық  тұрғыдан  жағымды  жағдай  жасау  қажеттілігі 
ескерілуі тиіс. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып білім беру мазмұнын қазақ этнопедагогикасы 
материалдары  негізінде  жаңартудың жолдарын  қарастырамыз.  Атадан  балаға жалғасып  келе жатқан 
этнопедагогика  материалдары  балалардың  дүниетанымының  қалыптасуына  әсер  етуші  басты  құрал 
болғандықтан бес бағытта: қазақ балалар фольклоры, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер 
туындылары  және  этноэкология  бөлімдері  бойынша  білім  мазмұнын жаңартуға  баса назар  аудардық. 
Енді  осы  білім  мазмұнын  жаңартуда  қазақ  этнопедагогикасын  әр  сабақта  қолданудың  үлгісін 
ұсынамыз. 
 
Бұл  үлгіде  «Балбөбек»  бағдарламасының  тақырыптарына  сүйене  отырып,  білім  мазмұнын 
жаңартуға  бағытталған  этнопедагогика  материалдарын:  қазақ  балалар  фольклоры  бойынша:  арнау-
тілек  өлеңдерді,  ойынға  шақыру  жырларын,  тәжікелесулерді,  мазақтамаларды,  қаламақтар  мен 
санамақтар  түрлерін,  сұрамақтар  мен  қызықтамаларды,  өтірік  өлеңдер  мен  балалар  айтыстарымен 
толықтырдық.  Тұрмыстық  салт-дәстүрлер:  қазақша  амандасу  түрлерін,  қазақша  отыру  және  жату 
түрлерін, қазақтың байырғы өлшем бірліктерін, ұлттық көлік түрлерін, ырымдар мен тыйым сөздерді, 
бата-тілектерді,  ұлттық  өнер:  халық  шеберлері,  кқркемөнер  туындылары,  ұлттық  өлке  табиғаты 
бойынша  табиғат  құбылыстарының  атаулары  мен  түрлерін,  тыйым  сөздерді,  ұлттық  ойындар: 
хайуанаттар  дүниесін  елестетіп  ойнайтын  ойындар  мен  ақыл-ой  қабілетін  жетілдіретін  ойындардың 
балабақшада сирек қолданылатын түрлерін ықшамдап, кең түрде қолдану жағын қарастырдық. 
 
«Отбасы,  балабақша,  ойыншықтар»  тақырыбы  негізінде  қазақ  балалар  фольклоры:  бесік 
жыры,  тұсау  кесу  жыры,  мазақтамалар,  санамақтар,  сұрамақтар,  қаламақтар,  ойынға  шақыру 
жырлары, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тұрмыстық салт-дәстүрлер: қазақша амандасу түрлері, қазақша 
отыру  және  қазақша  жату  түрлері,  қазақтың  өлшем  бірліктері,  ұлттық  үй  жиһаздары,  ұлттық  ыдыс-
аяқтар,  ұлттық  киімдер,  әшекей  бұйымдар,  ұлттық  көліктер,  киіз  үй  оның  жабдықтары,  әлеуметтік 
салт-дәстүрлер:  туыстық  атаулар,  ырымдар  мен  тыйымдар,  бата-тілектер, және  ұлттық  ойындар  т.б. 
қазақ  этнопедагогикасы  материалдарын  сабақ  барысында  қолдана  отырып,  балаларды  қазақша 
амандасудың  ерекшеліктерімен  таныстыру,  жақындығына,  туыстығына  қарай  атауы  жайында 
түсіндіру,  қазақша отыру және  жату түрлерін  үйрету,  ұлттық киімдер түрлерімен  таныстыра  отырып, 
ер  адамдар  мен  әйел  адамдардың  киімдерін  ажырата  білуге  үйрету,  ұлттық  жиһаздарды  бір-бірінен 
ажырата  білулері,  қолдану  ерекшеліктері  және  халық  шеберлері  туралы  мағұлмат  беру,  үлкенді 
сыйлауға,  кішіге  қамқор  болуға,  бауырмалдыққа,  ізеттілікке,  имандылыққа,  қонақжайлылыққа 
тәрбиелеу, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйрету, тілдерін дамытуға 
көңіл бөлінді. 
  
«Жыл  мезгілдері»  тақырыбы  негізінде  қазақ  балалар  фольклоры:  арнау-тілек  өлеңдер, 
маусымдық  жырлар,  жыл  мезгілдеріне  байланысты  өтірік  өлеңдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар, 
табиғатты қорғауға байланысты ырымдар мен тыйымдар, ұлттық ойындар, жергілікті өлке табиғатын 
аялай  білуге,  табиғаттың  әсемдігін  сезіне  білуге  тәрбиелеу,  қазақ  этнопедагогикасы  материалдары 
арқылы  балалардың  табиғат  туралы  білімдерін  жетілдіру,  табиғат  туралы  айтылған  арнау-тілек 
өлеңдердің,  маусымдық  жырлардың,  өтірік  өлеңдердің,  мақал-мәтелдердің,  жаңылтпаштардың 
мазмұнын  түсіндіру,  жыл  мезгілдеріне  байланысты  жұмбақтар  шештіру,  табиғатқа  қатысты  айтылған 
тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу, табиғат құбылыстары - қар, 
жаңбыр,  кемпірқосақ,  найзағай,  жел,  аяз  туралы  түсінік  бере  отырып,  2-3  түрлерімен  таныстыру, 
табиғат  құбылыстарына,  құстарға  қарап  ауа  райын  болжаудың  халықтық  нұсқаларын  балалармен 
бірге, тәжірибе арқылы дәлелдеуге ден қойдық. 
 
«Қазақстан–Республикам  менің»  тақырыбы  бойынша  әлеуметтік  салт-дәстүрлер:  қазақ 
хандары,  қазақ  билері,  қазақ  батырлары,  ұлттық  мерекелер,  бата-тілектер,  ел  туралы  мақал-
мәтелдер,  балалар  айтысы,  ұлттық  өнер:  саз  өнері  –  би  өнері,  күй  өнері,  халық  әндері,  ұлттық 
аспаптар  туралы,  қол  өнері  –  ағаш  шебері,  ұста,  зергер,  тоқымашы,  кестеші,  өрмек  тоқушы,  тігінші 
және  олардың  қолынан  жасалған  бұйымдар  туралы  т.б.  қазақ  этнопедагогикасы  материалдарын 
пайдалана  отырып,  балалардың  дүниетанымын  қалыптастыру,  елімізді,  жерімізді  қорғаған 
бабаларымыздың ерлік істерімен таныстыру, саз өнері, қол өнері түрлері жөнінде қарапайым мағұлмат 
бере  отырып,  халық  арасынан  шыққан  өнер  адамдарының  еңбектері  туралы  түсіндіру.  Ұлттық 
мерекелер–ораза  айт,  құрбан  айт,  сабан  тойы,  наурыз  мерекесі  туралы  түсіндіру,  туған  елге  деген 
сүйіспеншіліктерін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің жолдары қамтылды.  

 
95
Қазақ этнопедагогикасын әр сабақта қолдану үлгісі 
 
 
Пән аттары 
Қазақ этнопедагогикасы бөлімдері 
Қарапайым 
математикалық 
ұғымдар 
Қазақ балалар 
фольклоры 
Салт-дәстүрлер 
Ұлттық өнер 
Ұлттық ойындар 
Этноэкология 
Санамақтар: 
жұмбақ- 
санамақтар, 
сюжеттік-
санамақтар; 
Қазақтың  байырғы 
өлшем  бірліктері: 
қос  уыс,  бір  уыс, 
шөкім,  шымшым, 
жұдырық, 
құлаш 
т.б 
 
Ақыл-ой 
қабілетін 
жұмсайтын 
ойындар 
 
Айнала 
қоршаған 
ортамен 
таныстыру 
және экология 
Маусымдық 
жырлар. 
Арнау-тілек 
өлеңдер 
Тұрмыстық салт-
дәстүрлер 
әлеуметтік-мәдени 
дәстүрлер: ұлттық 
көліктер, 
жауынгерлік қару 
жараұтар, ат 
әбзелдері, қазақ 
хандары, билері, 
батырлары, 
ырымдар мен 
тыйым сөздер, 
ұлттық метекелер. 
Табиғаттың 
әсемдігін 
суреттейтін 
жыл 
мезгілдеріне 
арналған 
әндер 
мен 
күйлерден 
үзінді 
тыңдау.  
Табиғи 
денелерді 
қолданып 
ойнайтын 
ойындар 
Ұлттық өлке 
табиғаты 
(барлық 
тараулары) 
Тіл дамыту,  
көркем 
әдебиетжәне 
сауат ашу  
Балалар 
айтысы,  өтірік 
өлеңдер, 
тәжікелесулер 
Сұрамақтар, 
қызықтамалар, 
ертегілер 
Бата тілектер 
Балалар 
тәрбиесімен 
байланысты  салт-
дәстүрлер 
Саз 
өнері, 
қол 
өнері 
туралы 
әңгімелер 
Сөзбен 
ойнайтын 
ойындар: 
«Се 
түр,  сен  шық», 
«Құстар 
қалай 
үн 
қатады?», 
«Сөз 
табу», 
«Асау 
мәстек» 
т.б. 
Хайуанаттар 
дүниесін 
елестетіп 
ойнайтын 
өлеңдер 
Хайуанаттар 
әлемі 
туралы 
әңгіме 
Бейнелеу өнері 
Қазақ  балалар 
фольклорынан 
үзінді.  
Тұрмыстық 
салт-
дәстүрлер:  Ұлттық 
бұйымдар,  ыдыс- 
аяқтар, 
киімдер, 
әшекей 
бұйымдары т.б. 
Қол 
өнері; 
Ағаш шебері, 
тігінші,  ұста, 
кестеші, 
тоқымашы 
т.б. 
шеберлердің 
ұолынан 
шыққан 
бұйымдар. 
 
 
Ән-күй 
Балалар 
айтысы, 
қыз 
бала  мен  ер 
баланың 
айтысы, 
Біржан 
мен 
Сара  айтысы, 
бала 
мен 
жануарлар 
айтысы,  өтірік 
өлеңдер 
Бала 
тәрбиесіне 
байланысты  салт 
дәстүрлер: 
шілдехана, 
тұсау 
кесу,  бесікке  салу, 
бесік  жырын  айту, 
ұлттық 
мерекелерді 
тойлау т.б. 
Саз 
өнері:Халық 
әні,  күй,  би 
өнері, 
ұлттық 
аспаптар 
Әуендік 
ойындар: 
«Тақсыр 
хан», 
«Қай  аспаптың 
үні?», 
«Жануарлардың 
даусын 
салу» 
т.б. 
 

 
96
Дене тәрбиесі 
Қаламақтар, 
ойынға 
шақыру 
жырлары 
Қазақша 
отыру 
және 
жату 
түрлері: 
жүгініп 
отыру, 
жүрелеп 
отыру,  жамбаспен 
жату,  шынтақтап 
жату т.б. 
Ойын 
барысында 
халық 
әндерін, 
күйлерін 
пайдалану,  
Спорттық 
ойындар, 
қимыл-әрекет 
ойындары: 
«Жаяу  көкпар», 
«Тауық  күрес», 
«Күн  мен  түн», 
«Тұтқын 
алу», 
«Қамалды 
қорғау», 
«Күзетші» т.б. 
 
 
 
  
«Жануарлар  дүниесі»  тақырыбы  негізінде  қазақ  балалар  фольклоры:  қызықтамалар, 
сұрамақтар,  жануарларға  байланысты  өтірік  өлеңдер,  мақал-мәтел,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар 
хайуанаттар  туралы  ертегілер,  жануар  мен  баланың  айтысы,  жануар  мен  жануардың  айтысы,  төрт 
түлік  мал,  олардың  төлдері,  ат  әбзелдері,  жануарларға  қатысты  айтылған  тыйым  сөздер,  үй 
хайуанаттары,  дала  хайуанаттары,  хайуанаттар  дүниесін  елестетіп  ойнайтын  ұлттық  ойындар  т.б. 
Қазақ  этнопедагогикасы  материалдарын  пайдалану  арқылы  жануарлар  туралы  білімдерін  толықтыра 
түсу, қызықтамалар, сұрамақтар мазмұнын түсіндіре отырып, жануарлардың сыртқы ерекшеліктерімен, 
пайдасымен,  қоректенуімен,  қорғануымен,  үй  және  дала  жануарларының  ерекшеліктерімен 
таныстырып,  жануарларға  қамқорлық  жасау  дағдылары  қалыптастырылды.  Аталған  іс-шараларды 
ұйымдастыруда  зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес  дайындалған  қазақ  этнопедагогикасы  арқылы  білім 
мазмұнын  жаңартуға  арналған  «Асыл  мұра»  бағдарламасы,  әдістемелік  нұсқауы,  «Халық  қазынасы» 
хрестоматиясы,  «Қазақ  этнопедагогикасы-бала  дүниетанымын  қалыптастыру  негізі»  атты  әдістмелік 
құралдары басшылыққа алынды. 
  
Ойымызды қорытындылай келе, қазақ этнопедагогикасын тәжірибеде кең түрде қолдану білім 
беру  мазмұнын  жаңартуға,  балалардың  тілдерін,  логикалық  ойлау  қабілеттерін,  сөйлеу  мәдениетін, 
ой–қиялын дамытуға ықпал етіп, баланың дүниетанымын және олардың өмірлік меңгерген білім, білік, 
дағдыларын қалыптастырудың негізі болады деген тұжырымға тоқталдық. 
 
Қолданылған әдебиеттер 
1.  «Мәдени  мұра»  стратегиялық  ұлттық  жобасының  2009-2011  жылдарға  арналған  тұжырымдамасы 
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы №1016 Қаулысы. 
2. Қалиев С, Молдабеков Ж, Иманбекова Б. Этнопедагогика. Оқулық. Астана. Фолиант.2007. – 400 б.  
3.  Этнопедагогикак  және  этнопсихология.  Ұлттық  тәлім  тәрбие  жинақ.  Ред.  Қ.Жарықбаев.  Алматы. 
Дарын. 1998. -120 б. 
 
Резюме 
 
В  статье  рассматриваются  пути  совершенствования  содержания  образований  на  основе 
материала этнопедагогики дошкольного периода. 
 
Summary 
 The article is concerning improvements in educational material of pre-school period pedagogies 
 
 
ӘОК 373.1.02 
 
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ 
БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
  
Е.С.Қоянғалиев, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті  
 
Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  дамытудың  басты  міндеттерінің  бірі  білім  берудің  мазмұнын 
жетілдіру болып табылады. Білім берудің мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар 
жиынтығын  меңгертіп  қана  қоймай,  оқушы  тұлғасын  дамытуға,  өмірлік  проблемаларды  өз  бетімен 
және  тиімді  шешуге,  тұлғаның  өзін-өзі  анықтауына,  әлеуметтенуіне  және  өзін-өзі  жүзеге  асыруына 
мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталған.  
Бұл міндеттерді жүзеге асыру оқыту үрдісінің алдында жаңа маңызды талаптар қояды. Әлеуметік 
саяси  реформалардың  әлемдік  тәжірибесі  көрсеткендей,  қоғамдық  өзгерістер  кезіндегі  мемлекеттік 
білім беру саясатында оқушылардың білім сапасын, тәрбиелік-мәдени деңгейін арттыру мәселесі басты 

 
97
орынға  ие  болып  отыр.  Мектеп  оқушыларының  білім  сапасын  арттыру  барысындағы  эстетикалық 
тәрбие беруге әсер ететін факторларға - олардың жеке шығармашылық танымы, өзін-өзі тәрбиелеуге, 
өзін-өзі  танып,  өзін-өзі  жетілдіруге  және  өз  бетімен  білім  алуға  қажеттілігін,  қызығушылық, 
белсенділік,  ой  дербестігін  жатқызуға  болады.  Яғни  оқушының  іс-әрекетін  шығармашылық  деңгейге 
көтеріп, оны оқу үрдісінің басты субъектісіне айналдыру. 
Бүгінгі таңда жастардың рухани мәдениетін дамытуда және эстетикалық тәрбиенің ұтымдылығын 
арттыруда  халықтық  өнерді  рухани-мәдени  құндылық  ретінде  зерттеудің,  оның  тәлім-тәрбиесі,  мол 
тәжірибесі  негізінде  оқушыларды  тәрбиелеудің  теориялық-практикалық  негіздерін  зерттеудің 
қажеттілігі туындап отыр.  
Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  ұлттық  мәдени  құндылықтар  негізінде  оқушыларға  эстетикалық 
тәрбие беру мәселесін зерттеудің көкейкестілігін айқындайды. 
Осыған орай, қазақ эстетикалық ой-пікірлерінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап, көшпелілер 
мәдениетіндегі  ұлттық  құндылық,  эстетикалық  болмыс  пен  таным  туралы  түбегейлі  мәселелерді 
көркем формада баяндаған: әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ғ.Қашқари Қ.А.Иассауи, А.Үйгінеки, Асан қайғы, 
Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Ақтамберді,  Бұқар,  Шал  ақын,  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев,  Ш.Құдайбердиев  т.б.  ғалымдар  еңбектерінің  негізгі  өзегі  философиялық  эстетикалық 
ойларды терең дамыту болып табылады.  
Кеңестік дәуірде: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, 
Қ.Ақышев,  М.Қаратаев,  М.Базарбаев,  А.Жұбанов,  Б.Ерзакович,  Ә.Қоңыратбаев,  Ө.Жәнібеков, 
Х.Арғынбаев,  М.С.Мұқанов  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  ұлттық  мәдени  құдылықтардың  өзіндік 
болмысына теориялық талдаулар беріледі. 
Ұлттық мәдени құндылықтар - әрбір халықтың, этностың мәдениетінің өзегі, жеке тұлғаның ішкі 
мәдениетінің  іргетасы.  Бүгінгі  таңда  қазақ  халқының  ұлттық  мәдени  құндылықтарының  мәнділігі 
егеменді  ел  болуымызбен  байланысты,  сонымен қатар,  жаһандану  үдерісі жағдайында  жас  ұрпақтың 
ұлттық келбетін қалыптастыру қызметіне байланысты одан әрі артып отыр.  
Мектеп оқушыларын жалпы ұлттық мәдени құндылықтар негізінде бәсекеге қабілетті, мәдениетті 
қоғам  мүшесі  етіп  тәрбиелеу  қазіргі  педагогика  ғылымының  түп  мақсаты  болып  отыр.  Осыған  орай, 
эстетикалық  тұрғыда  тәрбиелеудегі  ұлттық  өнердің  мәдени  құндылық  ретіндегі  тәлім-тәрбиелік 
маңызы, атқаратын рөлі, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтереді.  
Бұл  туралы  Ж.Ж.Наурызбай  былайша  сипаттайды:  «Адамның  рухани  әлемі  ұрпағымызға  берер 
мәдени-этностық  тәрбиеге  орай  көркейеді.  Мәдени  құндылықтарды  қалыптастырып,  жүзеге  асыруға 
ықпал  ететін  үздіксіздік  пен  ізгілендіру  ұстанымдары  білім  беру  жүйесін  реформалаудың  базалық 
принциптері  болып  табылады»,  −  деп  халықтың  төл  өнері  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беру 
қажеттілігіне мән береді. 
Оқушылар  үшін  маңызды  мәселе  адамзаттың  мәдени  құндылықтарды  жасау  тарихындағы 
өнердің  алатын  орны  ерекше  екендігін  көрсету  маңызды  мәселе  болып  табылады.  Кез  келген  іс-
әрекеттің  нәтижесі  өнер  туындысы  бола  бермейді,  содықтан  ол  өнер  деңгейіне  көтерілу  үшін 
әлеуметтік  болмыста  жинақталған  мәдени  рәміздердің  белгілі  бір  үйлесімділігі,  кемелденуі  қажет. 
Яғни,  өнер  туралы  айтқанда  жеткіншек  үшін  жалған  өнер  мен  нағыз  руханилыққа  қарай 
ұмтылдыратын  адамның шынайы болмысына сәйкес келетін, оның жанының жадырауына үлесін қосатын 
нағыз өнердің айырмасын білуі керек. 
Қазақстандық 
ғалымдар: 
Қ.Жарықбаев, 
С.Қалиев, 
Г.К.Нұрғалиева, 
К.Ж.Қожахметова, 
К.Оразбекова,  Р.К.Төлеубекова  және  т.б.  құндылық  ұғымын  тәрбиеге  қатысты  қарастырады.  Олар 
ұрпақ  тәрбиесінде  құндылық  қазынасына  көңіл  аудара  отырып,  ұлттық  құндылықтардың  ғылыми 
тұрғыдан дәлелденіп, өмірге енуіне үлес қосты. Қ.Жарықбаев құндылық мәселесін ұлттық психология 
тұрғысынан қарастырады. Құндылық тұлға іс-әрекетінің барлық түрінде маңыздылығы, пайдалылығы, 
қажеттілігі  арқылы  көрініп  отырады  да  іс-әрекетін,  мақсат-мұраттарын,  себеп-салдарын  анықтап, 
олардың іске асуына ықпал етеді және жеке тұлғаны қалыптастыруға тигізетін әсері де мол болады.
  
Аталған  еңбектер  ұлттық  мәдени  құндылықтар  арқылы  білім  берудегі  педагогикалық  іс-
әрекеттің  мағынасы  мен  мазмұны,  шығармашылық  әдіс-тәсілдері  арқылы  эстетикалық  тәрбие 
міндеттерін  нәтижелі  шешуге  мүмкіндік  береді.  Ұлттық  мәдени  құндылықтар  ретінде  оқушыларға 
эстетикалық тәрбие беруде ұлттық сәулет өнерінің
 де рөлі үлкен. 
Ә.Марғүлан  қазақ  халқы  қалдырған  аса  бағалы  мәдени  мұралардың  ішінде,  бізге  дейін  толық 
сақталғаны  халық  эпосы  және  ою-өрнек,  ал  сәулет  өнері  және  басқа  да  көне  өнер  түрлері  із-түзсіз 
жоғалды,  олардан  біздің  заманға  жеткені  ертедегі  мұралар  мен  қорғандардың  сынықтары  ғана  деп 
көрсеткенмен  бізге  жеткен  мұралардың  ішінен  орта  ғалырлық  ескерткіштерге  ортақ  белгілерді 
саралау қиын емес. Олар Ұлытау мен Маңғыстауда, Талас, Атырау өңірінде, Сыр бойында, Аягөз маңында 
жақсы сақталған. 
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ұлттық 
мүсін өнерінің орны бөлек. Ұлттық мүсін өнері 
деп  түркі  кезеңінен  жеткен  кісітастарды,  қазірге  дейін  өз  мәнін  жоймаған  құлпытастарды,  олардың 

 
98
сынтас,  қадатас  түрлерін  айтамыз.  Пішіні,  сұлбасы  жағынан  осы  кісітастарға  жақын  монументті 
ескерткіштердің  бірі  -  құлпытастар.  Құлпытастардың  кейбірі  кісі  бойынан  биік,  жазусыз,  өрнексіз 
қарапайым  қайрақтас  іспеттес  болса,  екінші  түрі  жоғарғы  жағынан  жұмырланып,  үшбұрыштанып, 
жапырақ  тәрізді  етіп  оймышталған,  ұзына  бойына  оюмен,  таңбамен,  жазумен,  сурет  нақыштарымен 
бедерленіп келеді. 
Ұлттық өнерді педагогикалық мәселе ретінде қойған кезде біз, осы өнер арқылы балаларға көркем - 
эстетикалық  тәрбие  беру  мәселесін  көздейміз.  Сондықтан  бізді  дәстүрлі  өнердің  көркемдік  табиғаты 
қызықтырады.  Оның  көркемдік  табиғаты  педагогикалық  мақсатқа  байланысты  әр  жағдайда  әр  түрлі 
ашылады. 
Өйткені,  халық  өнері  этностың  ой-санасы  мен  дүниетанымының,  өмір  болмысы  мен 
көзқарасының өзара байланысын береді. Бірақ қоғамдық сана шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол 
заманның этномәдени рухани мәнін, көркем эстетикалық идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырған 
биік  этникалық  қасиеттерінің  нышаны.  Сондықтан,  халық  қолөнері  қазақтың  рухани  және 
материалдық мәдениетінің айғағы болып табылатын киіз үйдің пайда болу тарихынан бөліп қарастыру 
мүмкін емес. Өйткені қазақ ерте заманнан бастап - ақ өзінің ата-тегін құраған ежелгі тайпалардан киіз 
үйді  құрастырып  баспана  ретінде  пайдалануды  өзіне  мұра  етіп  қабылдаған  ел.  Сонымен  қатар, 
халықтың эстетикалық танымы мен талаптарының өсе түсуіне орай киіз үйді безендіру қажеттілігі киіз 
үй жиһаздары: киіз басуды, тері ұқсатуды, алаша, кілем, басқұр тоқуды, ши орауды, алтынмен аптап, 
күміспен  күптеу  қолөнер  кәсібін  игеруге  себепкер  болды.  Қолөнердің  осы  түрлерінің  барлығы  да 
күнделікті  тұрмыс  қажеттілігіне  байланысты  киіз  үйдің  жасауы  ретінде  өзіндік  орын  алып  отырған. 
Көшпелі халық күн көріс көзі малды өз қажеттілігіне пайдаланып тұрмыс бұйымдарын жасауға әбден 
бейімделді.  Көшпелі  халықтың  киіз  үймен  күрделі  байланысы  мен  материалдық  мәдениетінің  дамуы 
нәтижесінде ерекше дәстүрге негізделген халық қолөнері қалыптасты.  
Ал,  Абай  Құнанбайұлының  эстетикалық  ойлары  мың  жылдан  артық  тарихы  бар  жазба 
әдебиетіміз  бен  рухани  мәдениетіміздің  тарихи  шындығы  аясында  қарастырылуы  тиіс.  Ұлт 
мәдениетінің деңгейі елдің бірлігі мен тірлігінен көрінетінін айқындаған Абай бұл салада елді бірлікке 
шақырып,  жастарды  еңбекке  тәрбиелейді.  Мәселен,  «Отыз  үшінші  сөзінде»  Абай  қолөнердің 
қажеттілігіне тоқталады, «қолөнер үйренбек керек», ол ешқашан жұтамайды, өнерді үзбей жетілдіріп 
отырса, іскерлік артады деген ұғымды жастарға қазақтардың жалқаулығын, салғыртығын, кербездігін, 
мақтаншақтығын  бетке  басып,  әшкерелей  отырып  қазақ  халқына  тән  психологиялық  ерекшелік 
айнытпай  берілген  десе  болады.  Ол  туралы  Абайдың  қара  сөздерінде  көрініс  тапқан  эстетикалық 
көзқарастар,  қазақтың  көркем  мәдениетін  жаңа  деңгейге  көтерді.  Этнопедагогика  мен  психологияда 
мұндай  сезімдер  моральдық  (адамгершілік),  интеллектуалдық  (танымдық)  және  эстетикалық  болып 
бөлінеді.  Этнопедагогика  ғылымында  ең  негізгісі  тәрбие  мәселесі.  Ұлттық  тәрбие  –  ұлт  ұрпақтарына 
ұлттық  мәдени  құдылықтарды  үйретудің  қуатты  құралы  эстетикалық  тәрбиенің  барлық  саласымен 
байланыстыра, дамыта қолдану үшін, этнопедагогика пәнінің әрбір тақырыбының ұлттық мәдениеттік 
іс-әрекеттерімен байланысты екендігін айқындады. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың 
қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар.  
Көптеген зерттеушілер эстетикалық тәрбие беру мәселесін қолөнер үйірмесін ұйымдастыру мен 
ұлттық дәстүрлі қолөнер жұмыстарының өзара ерекшеліктерін ашып көрсету арқылы Э.Шыныбекова, 
халықтық  қолданбалы  қолөнерін  жоғары  сынып  оқушыларына  еңбек  сабағында  қолданудың 
мүмкіншіліктерін  қарастыру  арқылы  А.С.Хворостов,  қолданбалы  қолөнерді  оқытуда  және  оны 
игертудің  теориясы  мен  қағидаларының  кеңес  мектептерінде  жүргізілу  тарихын  басшылыққа  алудың 
қажеттілігін көрсету арқылы Л.Г.Савенкова шешеді.  
Осы орайда көрнекті эстет Ю.Б.Боревтың «Эстетикалық тәрбиенің міндеті − жас ұрпақты өмірдің 
барлық  салаларындағы:  адамның  өмірі  мен  тұрмысындағы,  еңбектегі,  өнердегі  және  табиғаттағы 
сұлулықпен  әсемдікті  көре  білетін,  ұға  білетін,  бақылай  алатын  және  оларды  өзі  де  жасай  алатын 
азамат етіп тәрбиелеу» деген пікірі біздің мақсатымызды одан әрі айқындай түседі. 
Эстетикалық  тәрбие  жоғары  да  айтылғандай,  ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек,  дене,  тәрбиесімен 
тығыз  байланыста  қаралатындықтан,  адамның эстетика  саласындағы тәрбиелік  деңгейі оның  барлық 
іс-әрекетінде көрініс береді. 
Педагогикада эстетикалық тәрбие арқылы біз жеке тұлғаның айналасымен эстетикалық қарым-
қатынасын  қалыптастырамыз.  Бұл  игі  әрекет  жеке  тұлғаны  дәстүрді  құрметтеу,  ұлттық  салт-сананы 
қадірлеуі  арқылы  қалыптасып,  мәдени  нәтижелерін  көрсетеді.  Қоғамның,  ұлттық  мәдениетін  дамыту 
этикалық, этностық игі іс-әрекеттен бастау алып, эстетикалық тәрбие арқылы іске асырылады. 
Эстетикалық  тәрбиенің  мақсаты  –  тұлғаның  эстетикалық  санасын  қалыптастыру  болып,  ол 
мыналарды  қамтиды:  Эстетикалық  көзқарас  –  заттар  мен  құбылыстардың  тек  жеке  қасиетіне  назар 
аударып қоймай, ол адам санасына белгілі заттардың бар қасиетін жинақтауға көмектеседі; 
 
Эстетикалық  сезім  -  өмір  мен  өнер  құбылыстарын  құндылық  тұрғысынан  бағалаудан 
туындайтын эмоционалды ахуал, адамның көңіл күйі; 

 
99
 
Эстетикалық  талғам  -  эстетикалық  құбылыстар  мен  көркем  өнер  туындыларын  эстетикалық 
мұрат және эстетикалық біліктілікпен бағалау қабілеті; 
 
Эстетикалық қабылдау - өнердегі, өмірдегі құбылыстардың эстетикалық қасиеттерін көре білу 
және жақсы-жаман тұстарын ажырату арқылы эстетикалық сезім әсерлерін бастан кешіру; 
 
Эстетикалық  қажеттілік  –  эстетикалық  сезімдерді  бастан  өткізу,  көркем  эстетикалық 
құндылықтармен мәлімеге қажеттенулердің туындауы; 
 
Эстетикалық  мұрат  –  қоғам,  табиғат,  өнердегі,  адам  болмысындағы  құбылыстарды  жетілген 
көркемдік  тұрғысынан  бейнелеу  болып  бұл  тұлғаның  әлеуметтік,  жеке-психикалық 
ерекшеліктерімен тығыз байланысты. 
Жеке  адамды  ұлттық  мәдени  құндылықтар  арқылы  эстетикалық  кызығушылықты  тәрбиелеуде 
мазмұнды  жүйелейтін  сипаттама  -  қазақ  халқының  көптүрлі  ұлттық  өнерге  эстетикалық 
қызығушылығы:  сәндік  қолөнер,  сәндік  қолданбалы,  бейнелеу,  композициялау,  жобалау  болып 
табылады.  Мұндай  бағыттың  негізгі  ерекшелігі  халық  тұрмысымен  тығыз  байланысып  туған  өлке 
тарихын, Табиғат, Адам және қолөнер қарым-қатынастарындағы  бірыңғай  рухани  бастауды  тануға 
мүмкіндік беретін әлемнің эстетикалық бейнесін тұтас игеру болып табылады. 
Бұлар  эстетикалық  тәрбиенің  мазмұны  мен  міндеттерінің  тұғыры  болып  табылады.  Ұлттық 
мәдени  құндылықтарды  игеру  іс-әрекеттері  алдымен  эстетикалық  көзқарасты  тәрбиелейді.  Табиғат 
құбылыстары  мен  адамның  түр-тұлғасына,  бұйымдар  мен  өнер  шығармаларына  эстетикалық 
көзқарастың  қалыптасуына  алдымен  құбылыстың  эстетикалық  ерекшелігін  ажырата  білу  талаптары 
қойылады.  
Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  эстетикалық  іс-әрекет,  рухани-адамгершілік 
құндылықтарына, этикалық қарым-қатынасына негізделген педагогикалық бай тәжірибесін үлгі-өнеге 
ете  отырып,  оқушыларды  жан-жақты  дамыған,  білімді,  тұлға  ретінде  қалыптастыру  -  бүгінгі  өмір 
талабы.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет