№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата17.01.2017
өлшемі14,19 Mb.
#2082
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

 
 
ӘОК 7.01 
 
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ – ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
А.Б.Утаралиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Халқымыздың  тіршілік  ету  жолында  ұлы  сахараны  мекендеп  ескі  дәуірлерде  көшпелілік  пен 
қоныстану  кезеңінде  жасаған  мәдениет  өнер-ойға  зор  әсер  ететін  зерттеуді  керек  қылатын  ғажап 
дүниелер . Олардан бүгінге дейін сақталып келген көркем бейнелер қараушыны еріксіз өзіне тартып 
халқымыздың  ескі  дәуірдегі мәдениет үлгісін  жарқын түрде  сипаттайтын  бүгінгі  рухани  қазынасының 
арналы бір саласы болып табылады. 
Қазір елімізде археологтар зерттеуімен табылған қаншама байлықтар бар, оның көбі алтыннан, 
күмістен әдемі қоладан жасалған көркем дүниелер. Олар бүгінгі еліміздің мұражайларының айшықты 
асыл қазынасы, сонымен қатар, елдің өткен ғұмыр шежіресінің жанды айғақтары. 
Осы саланы зерттеумен арнайы шұғылданып жүрген тарихшы археолог ғалымдар қазір қыруар 
деректер  жинап  үлгерді.  Бұл  ретте,  халқымыздың  тарихына  географиясына  қандай  тіршілік 
жасағанына  ерекше  көңіл  қойып,  әсіресе  олардың  мәдениетіне,  өнер  түріне,  әдетіне,  істеген  ісіне, 
тіккен киіміне, ішкен асына, ғұрпына, барлық этнографиясына жарқын көзбен қарап зерттелуі керек. 
Осыған  байланысты  біз  зерттейтін  мәселелер  –  көп  ғасырлар  ішінде  көшпеліліер  даласында 
жасалған байтақ мәдениет , оның тұлғалары, сабақтас болып өсуі өркенді дәстүрлері туралы. Ендеше, 
мәдениет  дегеніміз  –  адамзат  баласының  ақыл-ойы,  маңдай  тері,  қажырлы  еңбегі,  мұнің  бәрі  –  зор 
қоғамдық  сипат  екендігіне  ешкімнің  таласы  жоқ.Еліміздің кең  сахарасында бүгін  де  25  мыңнан  астам 
тариха  маңызы  бар  ескерткіштер  бар.  Олардың  негізгі  тобы  елімізде  өткен  дәуірлерде  ұлы  бір 
өркениет  үлгісі  бағанып  сипаттайды,  оның  сирек  кездесетін  түрі  өткен  дәуірлердегі  қыстақтардың 
орны,  зәулім  қалқа  тастардан  жасалған  архитектура  көрінісі  болып  қарастырылады.  Бұлармен 
сабақтас  болып  тұрғызылған  бақташы  тайпалардың  зәулім  обалары  –  тас  оба,  жер  оба  бес  шатыр, 
олардың  ең  зәулімдерін  Т.У.Аткинсон  Тарбағатай  тауынан,  Қапал  тауынан,  Іле  өзені  бойынан  көріп, 
қағазға  түсірген.  Сондай  зәулім  төбелер  (оба)  Орталық  Қазақстанда,  Ертіс  бойында,  Алтай  қамза, 
Сауыр тауларында орасан көп [1].  
Сонымен  қатар,  халқымыздың  мәдениетінің  негізі  болған  енді  бір  түрі  мүсін  тастар  және 
оларда  кездесетін  жазбалар.  Ол  кезеңнің  шеберлері  тас  кашауды,  кен  қазуды  жетік  білген  мүсін 
тастардың ерекшелігі – өте биік етіп жасалғаны (4-5 метрге дейін), мұның үлгілері Қарқаралы тауының 
ішінде  (Ақ  -  қойтас),  Атасу  өзенінің  бойында  кездеседі.  Осыған  орай,  мүсін  тастарда  суреттелген 
бейнелер  мен  жазбалар  сол  дәуірдегі  халқымыздың  дүниетанымынан,  тұрмыс-тіршілігінен  хабардар 
етеді.  Мысалы  түркі  халықтарының  діни  көзқарасы  көрініс  тапқан  теокосмостық  көк  тәңіріне  табыну 
орхон  жазбаларында,  Күлтегін  ескерткіштерінде  жазылған  сөздердегі  мына  жолдарда  көрініс  тапты: 
«Биікте  көк  тәңірі  төменді  қара  жер  жаралғанда,  екеуінің  арасында  адам  баласы  жаралған»  деп 
жазылған.  Осындай  космостық:  еркіндік  идеясы,  теңдік  мәселесі  түріктердің  (қазақтардың) 
дүниетанымының,  менталитетінің  өзіне  тән  ерекшелігін  білдіреді.  Осыған  орай  Елбасымыз 
Н.Назарбаев: «Түркілер әлемінің тап ортасында адам тұрады, олар ең алдымен адамды құрмет тұтты. 
Адамдар әлемі, адамзат – түркі рухының қасиеті міне осылар» деп түркілік дүниетанымдағы қағидаға 
өз ойын білдіреді. Ұлы сахарамызда кездесетін мүсін тастың көбі түрік қағанаты кезінде тұрғызылған. 
Бұл  мүсін  тастар  Қазақстанның  барлық  жерінде  кездеседі.  Көбінесе,  ескі  замандағы  атақты  ерлерді, 
ақылды  билерді,  ақын  жырауларды  суреттейді.  Аталған  мүсін  тастарды  Қарқаралы,  Баян-Ауыл, 
Көкшетау жерлерінен кездестіруге болады. Ал, Қыпшақ дәуірінің мүсін тастарын сомдаған шеберлер, 
көбінесе,  мал  күтетін  әйелді,  қойшыны,  бақсыны  қадірлейді,  малды  көбейтетін  солар  деп  ойлаған. 
Сондай-ақ қарлық, шектілердің шеберлерінің қашаған мүсін тастары да осы тәрізді, яғни, олар саятшы 
құсбегілерді,  сұңқар,  лашын,  қаршыға  салатын  аңшыларды  бейнелеген.  Сонымен  қатар,  академик 

 
105
Әлкей Марғұлан да халқымыздың өткен дәуірлердегі қала мәдениетінің қалдығы Қазақстанда орасан 
көп екендігін айтады. Олар өліп жатқан жау сияқты Жетісуда, Талас өзені бойында, Сырдария, Арал 
теңізі  өлкесінде,  Орталық  Қазақстанда,  Жайық,  Жем  өзені  бойында,  Маңғыстауда  жиі-жиі  кездесіп 
отырады [1]. 
Еліміздің  кең  байтақ  өлкесінде  кездесетін  халқымыздың  өткен  дәуірдегі  қала  мәдениетінің 
қалдығы  Атырау облысында  да орналасқан. Бұл  ретте,  қазіргі  қазақ жерінде  моңғол  хандары  салған 
қалалардың  ішіндегі  кезіндегі  ішкі  және  халықаралық  сауданың  ірі  орталығы  болған  Сарайшық 
қаласын  атауға  болады.Сарайшық  жөніндегі  деректі  Ибн  Батутаның  жазбаларынан  алуға  болады. 
Оның  жазған  әңгімесі  Сарайшық  жөнінде  тұңғыш  тарихи  туынды.  Жазбаның  құндылығы  да  осында. 
Ол,  Жайық  өзенінің  үстінен  әлемдегі  ірі  қала  Бағдаттағы  сияқты  аспалы  көпір  (понтон)  болғанын 
айтады. Қаланың орналасқан жері арнасынан асып жатқан өзеннің арнасында екен, оны «ұлысу» деп 
атайды дейді ол. Осы аталған өзен қазір Жайық өзені деп аталады [2]. 
Сарайшық қаласы жоғарыда аталған облыстың Махамбет ауданында орналасқан. Орналасқан 
жері  Атырау  қаласынан  солтүстікке  қарай  40  шақырым  жерде,  Сарайшық  елді  мекенінің  түбінде, 
Жайық өзенінің оң жағалауында. 
Қаланың  іргетасы  ХІІІ  ғасырда  қаланған.  Сарайшықтың  орнын  үнемі  су  шайып,  қазір  шағын 
бөлігі ғана сақталып қалған. Оның мәдени қабаттары Жайықтың оң жағалауында 1,5 шақырым жерге 
созылып  жатыр.  Сарайшық  елді  мекенінің  түбіндегі  Сарайшық  жұрты  зерттеушілердің  назарын 
баяғыдан  бері  аударып  келеді.  Сарайшықтың  қираған  жұртын  ХVIII  ғасырда  Рычков,  Талас,ХVIIII 
ғасырда  Левшин  сипаттап  берді.  Сарайшыққа  1861,  1937  және  1950  жылдары  барлау  бағытындағы 
қазба  жұмыстары  жүргізілді.  Олардың  материалдарына  қарағанда  сарайшық  төр  құбыласына  тең  ірі 
қала  болған.  Соның  дәлеліндей  ескі  Сарайшық  жұртынан  мәрмәрдің  сынықтары,  өрнекті  кірпіштер, 
әшекей  бұйымдар  мен  теңгелер,  шыны  және  күйдірген  балшық  ыдыстарының  қалдықтары  өте  көп 
табылды.  Бір  балшық  ыдыстың  артынан  Жүсіп  Баласұғынның  «Құдатқу  білік»  кітабынан  келтірілген 
өлең  шықты  [2].  Оның  өзі  Сарайшық  қаласының  тұрғындарының  өткен  дәуірде  өмір  сүрген 
халқымыздың дүниетанымының, білімінің, ауыл ойының хабаршысы секілді. Сонымен қатар, Сарайшық 
қаласынан  қазба  жұмыстары  кезінде  көптеген  қыш  бұйымдар,  қола  мен  әйнектен  жасалған  заттар, 
тиындар,  саз  ыдыстар  және  ХІІІ  ғасырға  жататын  кірпіш  күйдіретін  пештің  қалдығы  табылды.  Бұл 
заттар  -  қаланың  XI-XVII  ғасырларда  өмір  сүргенінің  айғағы  [3].  Ал,  керамикалық  ыдыстарда 
суреттлегн  құстардың  бейнесін  сол  заман  шеберлері  өнерінің  үлгісі  деп  білуге  болады.  Сондай-ақ 
Сарайшық қаласынан табылған көп құмыралардың бірінен өте сирек кездесетін күміс ақшалар шоғыры 
шықты.  Демек,  бір  сөзбен  айтар  болсақ,  Сарайшық  қаласы  жұртынан  өткен  дәуірлерде  өмір  сүрген 
халқымыздың  тыныс-тіршілігінің  құпиялары  күн  өткен  сайын  көптеп  ашылуда.  Қазір  Сарайшық  елді 
мекеніне ұласып жатқан көне қаланың азғана бөлігі ғана сақталып қалған. Егер де ол жойылса, Алтын 
орда  мен  қазақ  хандарынан  бізге  қалған  мәдение  мұралары  мен  сол  заман  шеберлерінің  өнер 
туындыларын  іздеп  табуымыз  қиындыққа  түседі.  Яғни,  бізідің  көп  көңіл  бөлетін  мәселеміз  ғасырлар 
бойы сақталып келе жатқан кейбір тарихи қымбатты белгілерді қалай сақтап қалу жайы болу керек. 
Олардың  көбі  бүгін-ертең  жойылып  кетуге  жақын  тұр.  Осыған  орай,  Атырау  облысында  көптеген 
шаралар  қолға  алынды.  Соның  бірі  -  Сарайшық  қаласында  «Хан  ордалы  -  Сарайшық»  ескерткіштер 
кешенінің салынуы. Жеті қабырғалы осы зәулім де сәнді ғимараттың әр қабырғасында бір ханның есімі 
жазылып  қойылған.  Ол  хандар  –  Мөңке  Темір  (1266-1282),  Тоқтағу  (Тоқты)  (1291-1312),  Жәнібек 
(1343-1357),  Әмір  Оқас  (14...-1447),  Қасымхан  (1511-1518),  Шақ  Мамай  (1542-1549),  Жүсіп  (1549-
1554).  Сонымен  міне,  осынау  әр  текті  шалғай  өрістерден  тартылатын  мол  мағлұматтарихи-мәдени 
деректер  аз  аяда  белгілі  болып  қалуға  тиісті  емес,  яғни,  баршамыз,  әсіресе,  жастарымыз  сол  айғақ 
мағлұматтарға  құныға  ден  қойуы  керек.  Мұның  ең  бір  жарқын  айғағы  ғылымның  әр  түрлі  тегін 
тектейтін  жас  ұрпаққа  жақсы  өнеге  тәлім-тәрбие  беріп  және  тарихи-мәдени  мұраларымыздың  небір 
ұрымтал үлгілерін ұсынатын көпшілік қолды шығармаларды көптеп шығаруға барымызды салғанымыз 
дұрыс.  Сонда  ғана,  қиялы  қанаттанған  жас  ұрпақ  ел-жұртына  пайдалы  талпыныстарға  ден  қойып 
өнегелі ғұмыр кешпек. Мніе, біздің жастарымызға сан ғасырды көктей өтіп сабақтасып жатырған осы 
байтақ  мәдени  мұраларды,  көркем  туындыларды  жүйрік  біліп  түстеуге,  оларға  тарихи  мән  беріп 
зерделеуде  бағыт  беретін  кезеңіміз  осы.  Осыған  орай,  бізідң  болашаығымздың  тірегі  өскелең 
ұрпағымыздың өз отанының тарихын, оның мәдениетін жүйрік білуінің мәні ор маңызы ерекше. Яғни, 
осы мақалада мәдениеттің күрделі іздері талқыланып, оның еліміздің қазіргі кезеңі мен болашағы үшін 
маңызды фактор екендігі айтылады. 
 
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі: 
1. Сейдімбеков Ақселеу. С. 31 Күңгір-күңгір күмбездер: сұлулық туралы сырлар. – Алматы: 
Жалын, 1981ж. – б.4 
2. Тәуелсіздік нұрландырған Атырау: Танымдық – анықтамалық кітап. – Алматы: «Өлке» 
2001ж. – б.233 

 
106
3. Алтын Орда: Қазақ хандығы (1 бөлім). – Алматы: «Аруана» баспасы, 2007ж. –б.164  
 
Резюме 
В этой статье под названием «Духовные ценности нашего народа – особенности исторически-
культурного  наследия»  изучены  культурные  наследия  и  произведения  искусств  страны,  найденные 
исследованиями археологов. Также были исследованы останки городских культур прошедших времен 
нашего народа, а с изучением найденных произведений искусства можно было осведомиться о жизни 
народа тех времен. 
Указанные  в  этой  статье  исторически-культурные  данные,  обильная  информация  из  жизни 
народа,  приведенная  из  различных  источников,  должны  быть  не  только  просто  известными  в  свое 
сфере, а все мы, особенно наша молодежь, должны знать и изучать эту информацию. 
В  этой  статье  обсуждены  сложные  следы  культуры,  и  описано,  что  они  являются  важным 
фактором настоящего и будущего нашей страны.  
 
Summary  
In this article under the title of “Cultural wealth of our nation is the peculiarities of historical-cultural 
heritage”  were  studied  cultural  heritages  and  works  of  art  which  were  found  by  archaeological 
investigations.  Remains  of  city  culture  were  also  investigated.  By  investigating  that  works  of  art  we  can 
inquire about the life of past times. 
This historical-cultural information which was mentioned in this article must be known by all of us 
and especially by young people. 
In this article were discussed signs of culture and was described that they are important factor of 
present and future of our country.  
 
 
БИЛЕРДІҢ ӘДЕТ - ҒҰРЫПҚА НЕГІЗДЕЛГЕН  ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
РОЛІ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ  
 
Тоғайбаева А.Қ., Ақтөбе мемлекетік педагогикалық институты, п.ғ.к. 
 
 
Қазақ  халқының  құқықтық  санасын  қалыптастыруда    ерте  кезден    кең  дамыған  ауыз 
әдебиетінің орны ерекше.Соның ішіндегі бірі , тіпті бірегейі 
 билердің  шешендік  сөздері.  Бұл  асыл  қазына  ұлттың  құқықтық  заңдылықтары  мен  ережелерін 
жасауға қолайлы алғышарт жасады, соған қарай құқықтық міндеттерді  орындау жолдарын көрсетті.  
 
Шешендік  сөздер  -    ел  құралып,  халық  қалыптаса  бастағаннан  бері  елдің  өнеге  тұтып,  өмір 
тәжірибесіне  пайдаланып  келе  жатқан,  билер  мен  хандардың,  ақындар  мен  шешендердің,  ел  ағасы 
болған  данышпандардың,  жастайынан  жалындап  өскен  өткір  ойшылдардың  аузынан  шыққан  дуалы, 
өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.  
 
Тарихта  Тәуке  хан,  Төле  би,  Қазбек  би,  Әйтеке  би,  Сырым  батыр  тағы  басқа  белгілі 
адамдармен қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол, Жидебай, Сауытбек, Қылышбай сияқты 
шешендердің  аты  белгілі.  Халық  шешендік  сөздерді  заман  өткен  сайын  әрлеп,  әсерлі  етіп  ұрпақтан- 
ұрпаққа  құқықтық  кодекс  ретінде  жеткізді.  Қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  шешендік  сөздерді  мазмұнына 
қарай  шешендік  арнау,  шешендік  толғау,  шешендік  дау  деп  үш  топқа  бөлуге  болады,  өлеңмен 
айтылған шешендік сөздер -  термелі, қара сөзбен айтылғандары - пернелі деп аталады. 
 
Арнау шешендік  сөздері:  әзіл,  сықақ,  сын,  бата,  алғыс,  естірту,  көңіл  айту. Шешендік  толғау: 
өсиет, насихат. Шешендік  дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы. 
 Шешендік  сөздер  халықтың  түсінік  сөздерімен  баяндалады.Ол  түсінік  сөздердің  құрылымының 
көркемдік  дәрежесі  шешендік  сөздерден  төмен  болуы  мүмкін,  дегенмен  түсіндірме  сөздер  шешендік 
сөздерді жеткізе айтудың құралы болып табылады. 
 
Жиын  тойда,  мәжілістерде,  бас  қосу  рәсімдерінде  сөз  жүйесіне  шешендік  сөздерді  арқау  етіп 
сөйлеу - қазақ қарияларының дәстүріне айналған құбылыс. 
 
Қазақ  елінің  бірлігін  қалыптастыруға  қажырлы  қайратпен,  даналық  пен  дарқандықтың, 
шешендіктің  асқан  үлгісін  көрсеткен  үш  дара  -  үш  дана  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би  қазақ 
халқында  қалыптасқан  құқықтық  нормаларды  өмір  заңдылықтарымен  байыптай  байланыстырып, 
өмірдегі  күрмеулі  түйіндерді  шешендікпен  шешіп,  құқықтық  мәдениет  үлгісін    дамыта  білді.  «Басшы 
болмаса  ел  жетім»,  «Баласы  жаманның  дәрмені  кетер»,  «Бірлігі  кеткен  ел  жаман»  деген  өмір 
заңдылықтарын ұлттық құқықпен байланыстырып, тиянақты тұжырымдайды. «Суалмайтын суат жоқ», 
«қурамайтын құрақ жоқ», «Жақсыдан өлмейтін сөз қалады» деп, өмір заңдылықтарын тұжырымдайды, 
құқықтық міндеттерді орындауда сол заңдылықтарды білу қажеттілігін уағыздайды.  

 
107
 
 Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би  халықтың бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға зор әсерін 
тигізген  данышпан  ақын,  шешен,ойшыл,  гуманист  көсемдер.Мысалы:  Төле  бидің  «Сөз  танығыш 
жастарға  айтатын  он  түрлі  жұмбағым  бар»,  -деген  сөзіне,  Әйтеке  бабамыз  «Айтыңыз,  ұлы  аға»-деп 
жауап беріпті. 
Төле би  айтсам,он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі,үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз,он. 
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етсеңііз. 
                      Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман. 
                      Екі дегеніңіз  - егесіп өткен ел жаман. 
                      Үш дегеніңіз  - үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман. 
                      Төрт дегеніңіз  - төсектен безген жас жаман. 
                      Бес дегеніңіз - белсеніп шапқан жау жаман. 
                      Алты дегеніңіз -  асқынып кеткен дерт жаман. 
                      Жеті дегеніңіз - жесір қалған жас жаман. 
                     Сегіз дегеніңіз  - серпілмеген қайғы жаман. 
                      Тоғыз дегеніңіз -  торқалы той,топырақты өлімге бас  
                      көрсетпесе сол жаман, 
                      Он дегеніңіз - оңалмас кәрілікке дауа болмас деген сөзіңіз, аға! 
 
 Неткен  шешендік  сөздер  десеңізші!  Бұндай  шешендік  сөздер  тек  қана  шешендікке  үйретіп 
қана  қоймайды,  сонымен  бірге  адамгершілікке  тәрбиелейді,  ұлттық  мақтаныш  сезімін  оятады, 
ұрпақтың тілді, асыл сөздерді қадірлеу борышын баянды етеді. 
 
Қазақ  халқының  шешендері  мен  билері,  хандары,  данышпандары  ұлттық  құқықтық 
нормаларын  терең  біліп,  оның  пайдалану  жолдарын  халыққа  көрсете  білген.  Сөйтіп олар  әлеуметтік 
әдеппен ұлттық психологияны, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда  зор еңбек сіңірген болатын. 
 
Олар  қылмыстық  жарғылар  мен  діни  қадистерді,  құқықтық  уәждерді  ұлылықпен  ұсынып, 
халықтың  құқықтық  міндеттерді  орындауын  талап  етіп  отырды,  оны  мақсатты  әрекетке  қолдануды 
уағыздады.  
 
Кез-келген қоғамның даму кезеңін талдай отырып, бастапқы кезеңдегі заң нормаларын аттап 
өтуіне боолмайды.Қазақтың дәстүрлік құқығы өте ұзақ, жүздеген жылдар бойы қалыптасып, дамыды. 
 
Қазақ  халқының  де  ертеден  қалыптасқан  өзіндік  ел-  басқару  жүйелері  болған.Олар:  ел 
басшысы-ханы, елдің тыныштығын ойлаған ерлері, сөзін сөйлеген шешен-билері. 
 
Қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес салмағы айрықша.Себебі, 
мемлекеттің  саяси және  әлеуметтік қалпын тек  қана  ғұрыптық  құқық  қана  емес,  сол  сияқты  рухани-
мәдени  салт-дәстүр  негізінде  де  ұштастыра  әрі  теңдестіре  отырып  қамтамасыз  етуші  бірден-бір 
құрылым ретінде дәстүрлі билер институты орасан зор роль атқарды.  
  
 
 
САМОЗАЩИТА В РУКОПАШНОМ БОЮ 
 
Н.Е.Шайхиев, преподаватель кафедры Спортивных дисциплин Атырауского государственного 
университета им. Х. Досмухамедова 
 
 
В огромном разнообразии средств физического воспитания молодого поколения видное место 
занимают единоборства. Среди них рукопашный бой становится достаточно популярным. Сложный в 
координационном  отношений  вид  единоборств,  включающий  в  себя  различные  технико-тактические 
элементы  из  практики  бокса  и  видов  спортивной  борьбы,  является  эффективным  средством 
всестороннего  воспитания.  Он  особенно  способствуют  привитию  жизненно  важных  прикладных 
навыков,  позволяющих  навыков,  позволяющих  обеспечить  подготовку  личного  состава  силовых 
ведомсв и обучающихся учебных заведений, готовящих специалистов для указанных ведомств.  
 
Занятия  по  рукопашному  бою  направлены  на  формирование  навыков,  необходимых  для 
уничтожения, выведения из строя или пленения противника, самозащиты от его нападения, а также 
на воспитание смелости, решительности и уверенности в собственных силах. 
 
Занятия по рукопашному бою проводятся: 
-  при  обучении  приемом  боя  с  оружием  на  специальнойплощадке,  оборудованной 
стационарными и переносными чучелами, мышенями, переносными препятствами. 
 
- при обучении приемам боя без оружия на ровной площадке, специально подготовленной яме 
с песком и опилками или в спортзале (на ковре из татов) 
 
В  подготовительную  часть,  проводимую  без  оружия,  включается:  ходьба  и  бег  в  различном 
темпе,  специальные  упражнения  в  передвижениях,  упражнения  в  двоем,  удары  рукой  и  ногой, 
приемы самостраховки простейшие единоборство, приемы рукопашного боя без оружия, действия по 
внезапным сигналам и командам, комплексы приемов рукопашного боя из 8 счетов. 

 
108
 
Рукопашный  бой.  Программа  для  спортивных  секций  коллективов  физической  культуры 
общество «Динамо». 
 
Учебной  материал  практических  занятий  для  групп  начинающих  и  групп  спортивного 
совершенствования 
 
а) общефизическая и специальная подготовка. 
 
Этот  раздел,  общий  для  всех  групп  обучения  является  основой  для  развития  физических 
качеств  спортсменов  (силы,  ловкости,  выносливости,  быстроты  и  координации  движения) 
необходимых  для  успешного  усвоения  и  поддержания  на  высоком  уровне  техники  рук,  боя, 
эффективности  действия  которой  увеличивается  за  счет  использования  больших  возможностей, 
полученных в результате качественной общефизической подготовки. 
 
Специальные подготовленные упражнения и самостраховка. 
 
Основаны на предварительной подготовке к работе суставов, связок и мышц, участвующих в 
технике  движений.  Это  специфические  упражнения  для  развития  подвижности  суставов, 
динамических  способностей  мышц,  укрепление  связочного  аппарата и мышц, повышающие  качество 
выполняемых  приемов.  Сюда  же  входят  упражнения  на  расслабление,  дыхательные  упражнения, 
аутогенная  тренировка,  воспитание  волевых  качеств  спортсменов.  Специальные  упражнения  для 
работ  должны  включать  по  своему  характеру  статические,  динамические  и  статико  динамические 
упражнения,  поскольку  технике  рукопашного  боя  свойственны  высокие  импульсные  нагрузки, 
сочетающие  со  статическием  напряжением  при  выполнении  технических  комплексов  и  схваток. 
Относительно технической подготовки, кроме таких видов самостраховки , как группировка, падение 
на  спину,  на  бок,  на  руки  вперед,  падение  через  партнера  ,  кувырки  с  партнерам  и  т.д.  Нужно 
развивать  специальные  навыки  точности  технических  действий  при  страховке  партнера  во  время 
выполнения  условных  схваток  и  вольных  схваток.  Об  утверждении  наставления  по  физической 
подготовке личного состава органов внутренних дел РК. 
 
 
Программа подготовки по рукопашному бою. Общий комплекс по рукопашному бою. 
 
 Тема І. УДАРЫ. 
 Рукой: 
- прямо кулаком (основанием пальцев) в подбородок, «солнечное сплетение!; 
- сверху с кулаком (мышечной частью)- в переносицу, ключицу; 
- сбоку кулаком (основанием пальцев)- и в челюсть;  
- снизу основанием ладони, кулаком в подбородок 
- снизу кулаком – и в солнечное сплетение; 
- наотмашь кулаком (мышечной частью), ребром ладони, локтем – в челюсть, висок, боковую(заднюю) 
поверхность шеи, горло. 
Ногой: 
- снизу носком, подъемом, коленом – в пах; 
- снизу носком – под колено; 
- вперед прямо стопой – в колено, нижнюю часть живота, поясницу; 
- назад каблуком – в подьем ноги; 
- в сторону стопой (каблуком в боковую поверхность коленного сустава. 
 
 Тема 2. ЗАЩИТЫ 
 
Подставками: 
 Предплечья: 
- вверх – против ударов сверху; 
- вверх сторону – против ударов сбоку в голову (лицо), верхнюю часть туловища; 
- вниз – против ударов снизу; 
- вниз с сторону – против сбоку в нижнюю часть туловища. 
 Обоих предплечий: 
- вниз скрестно – против ударов снизу; 
- вперед – против ударов наотмашь. 
 
Тема 3. Освобождение 
 
От захватов : 
- за запястье, рукав одной рукой – рывком в сторону больших пальцев противника; 
-  за  запястья  ,  рукав  двумя  руками  –  рывком  с  помощью  незахваченной  руки  в  сторону  больших 
пальцев противника; 

 
109
- за горло, одежду на груди – выбиванием вверх предплечьями 
- за горло (шею) сзади (пальцами)- захватом за запястья, ударом стопой в сторону в колено. 
 
От охватов: 
- горло плечом и предплечьем сзади – приседание с захватом руки, поворотом к противнику с ударом 
каблуком назад в голень; 
- туловища спереди – ударом коленом снизу – в пах, основанием ладоней снизу от себя – в лице; 
-  туловища  с  руками  спереди  –  ударом  коленом  снизу-  в  пах,  приседанием  с  разведением  рук  в 
стороны; 
-  туловища  сзади  –  ударом  каблуком  назад-  в  голень  ,  приседанием  с  разведением  рук  в  стороны  и 
поворотом к противнику; 
-ног сзади – падением вперед на руки, нанесением удара ногой противника. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет