Литература
1. Актуальные проблемы современной русистики под ред.М.Шанского. – Л.: Просвещение, 91-207 с.
2. Ахметжанова Ф.Р., Кудрявцева В.А. Слово в системе словарей русского и казахского языков:
Учебное пособие. – Усть-Каменогорск: Издательство в КГУ, 1996-126 с.
3. Митрофанова О.Д. Научный стиль речи: проблемы обучения. М.: Рус.яз, 85-231 с.
Резюме
Бұл мақалада орыс тілі пәнін мәтін арқылы мамдыққа бейімдей оқытудың әртүрлілігі
сипатталады.
Summary
Specific of work with text by specialty. Article describe sorbs of schoolbooh. Texts and examine the
question which texts are necessary to corduef insfruction russian language on elementary stage dis language
facultics with speciality calculation.
ӘОК 37(574)
САЯСИ ҚУҒЫН – СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ – ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ғ.Б.Базарғалиев, З.Досқалиева, О.Қонқаева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті
Өткен ғасырдың басында қазақ жерінде елеулі тарихи өзгерістер, небір оқиғалар, аумалы –
төкпелі кезеңдер орын алғаны мәлім. Бұл тұста Қазақстанның барлық аумағы Ресей империясының
ішкі отарына айналып, өзінің саяси – экономикалық дербестігінен айырылған өлке ретінде орыс
мемлкетінің құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Орыс және шетел капиталдарының енуі мен өндіріс - өнеркәсіп ошақтарының пайда болуы,
жұмысшы табының қалыптаса бастауы, жаңа қалалар мен қала типті мекендердің көбеюі секілді т.б.
оқиғалар қазақ даласына буржуазиялық қатынастардың алғашқы белгілерін әкелгені белгілі.
30–жылдардың екінші жартысынан бастап, қоғамдық–саяси өмірі саласында өрескел
жіберілген қателіктердің, әкімшілік - әміршілдік басқару әдісінің күшеюі, қазақ халқынва қарсы
бағыттлаған ауыр қылмыс түрінде байқалған және жеке адамға табынудың шектен шыққан өрескел
көрінісінің кезеңі болған. Ел тарихындағы зобалаң қуғын – сүргін заманынан үш кезеңге бөлуге
болады:
бірінші кезең 1918 -1924 жылдар арасындағы азамат соғысы, 1922-1923 жылдардағы
аштық, жаппай кеңестендіру және қазақ интеллигенциясын қудалау, олардың көзін жоюмен
айқындалады.
Еліміздің
көрнекті
қайраткерлері
Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов,
М.Дулатов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Шоқай т.б. Кеңес жүйесінің қырғынына ұшырады.
Екінші кезең 1925-
1933 жылдар арасын қамтиды. Бұл Голощекиндік «Қызыл қырғын» - «Кішкене Қазан» заманы. Осы
кезде байлары тәркіленді, олар қашты – пысты, шетелдерге жер ауды; күштеп ұжымдастыру,
отырықшыландыру, мал басының күрт азаюы, асыра сілтеу т.б. Осылардың және басқалардың
зардабынан қазақ халқы қырылды., басқа елдерге қашаш қоныс аударды. Бұл кезде Қазақ елінің зор
мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Нұрмақов т.б. қудаланды.
Үшінші кезең, бұл 1935-
1937 жылдарын қамтиды. 1937 жылғы зұлмат-сталиндік әкімшілдік - әміршілдік жүйенің халыққа қарсы
«ұлы терроры» ең алдымен зиялы қауымға қарсы бағытталған «ұлы» зұламат науқаны болды. Осы
уақытта Кеңестер Одағы аймағында, оның ішінде Қазақстанның көрнекті ұлдары мен қыздарына қарсы
жаппай саяси қуғындаулар жүргізілді. Біздің тарихымыздағы сол бір қаіретті беттерге толы жылдар
тарих бетінен кетер емес. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев
өзінің Жарлығымен 1997 жылды Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске
алу жылы, ал 31-мамырдағы қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялады. 1931-1938
жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың заңсыздық пен жеке адамға табынудың құрбаны
болғандардың ішінде қазақ мәдениетінің қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет
Майлин, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Телжан Шонанов, Санжар Асфендияров, т.б.
болды. Олардың оқу-ағарту ісі мен педагогика ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі ерекше.
Қазақстан халыққа білім беру ісі бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары сияқты,
қарастырылып отырған кезеңде жалпы қоғамдық, жалпылай оқу, барлық оқу түрінің тегін болуы,
123
еңбек, политехникалық білім беру принциптері болды. Қоғамдық-саяси, оқу-ағарту саласындағы
бірталай жұмыстар, яғни ағарту ісін жақсарту, мектеп оқулықтарын шығару сияқты халықтың жаппай
сауаттандыру үрдісіне бағытталды. Осыған байланысты еліміздегі оқу орындарының ашылуы мен оны
басқарудағы қаулылардың қабылдануы жүзеге асырылды.
Сонымен қатар 30-жылдардың бас кезінде халыққа білім беруді жүзеге асыру жұмыстары әрі
қарай жалғаса берді.
1933-1935 жылдар жалпы білім беретін мектептерді түп-тамырымен жақсарту үшін Үкіметтің
төмендегі қабылданған «Бастауыш және орта мектеп құрылымы туралы» және «Оқу жұмысы және
бастауыш, орталау және орта мектептің ішкі тәртібін, олардың оқу жұмысын ұйымдастыру туралы»
қаулылардың мәні ерекше болды. Осы қаулылардың негізінде жалпы білім беру жүйесінің толық
құрылымы аяқталып, Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуында (1930-39 жылдар) оқу-
тәрбие ісін жақсарта түсудің міндеттері белгіленді. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда ағартушы
педагогтар оқу-тәрбие мәселелерін зерттеп, көптеген еңбектер жазды. Көрнекті қазақ зиялыларының
қызметтері мен еңбектері отандық пеадгогиканың дамуында өз үлестерін қосты. Осындай қазақтың
зиялыларының ішінде ағарту саласында халқымыздың әдебиеті, мәдениеті жалпы руханиятының
дамуына, сол жолда бірін – бірі толықтырып жүрген «Үш алып шың, үш мәуелі бәйтерек» деп
танылған С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Б.Майлин болды.
Сәкен Сейфуллин (1894 1938) Қазақстан мәдениетінің өсуіне, оқу -біліміне, халық ағарту
жұмыстарына белсене араласып, үлкен үлес қосқан педаого – қайраткер. Оның педагогикалық
идеялары мен ағартушылық ойлары өмірге деген саяси – қоғамдық көзқарасынан туып, қалыптасқан.
С.Сейфуллин бұқара халықты қараңғылықтан, езушіліктен алып шығудың тікелей жолы халықтың
сауатын ашып, оларға білім беру деп түсінді. Ол өзінің күш – жүгерін, шығармашылық еңбегін
халықтың білімін, мәдениетін көтеруге, жастарға білім, тәрбие беруге жұмсады.
С.Сейфуллин-қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі,
мемлекет және қоғам қайраткері. ҚазақтыңКеңестік Автономиялық Республикасын жарияланған
кеңестердің 1 – құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президумының мүшесі (1920); «Еңбекші
қазақ» газетінің редакторы (1922); Қзақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (1922-1925);
Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қызылорда халық ағарту
институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры (1927); «Әдебиет
майданы» журналының редакторы (1934). Оқу – ағарту ісіне көп мән берген
Сәкен
Сейфуллин
қалалық училищеде оқып жүргенде Ғабдолла хазіреттің медресесіндегі қазақ-татар шәкірттеріне орыс
тілінен сабақ берген. 1916 жылы Бұғылы елінде қазақ – орыс мектебін ашып, 1917 жылдың күзінде
Ақмола қаласында дәрісхана, үш айлық мұғалімдер курсын ұйымдастырғаны, 1926 жылы
Қызылордадағы Халық ағарту институтында, 1928–29 жылдары Ташкенттегі Казпедвузда басшы және
оқытушы болғаны, Орта Азияның коммунистік университетінде дәріс оқығаны, 1929 жылдан Қазақ
университетінде, 1934 жылдан Қазақстан Журналистика институтында профессор болуы Сәкеннің әр
кезде оқу-ағарту саласынан қол үзбегендігін көрсетеді.
1931 жылы «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларын», 1932 жылы І.Жансүгіров, Ә.Мәметкеліні,
Б.Майлыұлдарымен бірігіп, «Әдебиеттану оқу құралын», 1933 жылы «Батырлар жырының» бірінші
томын, 1934 жылы Ы.Алтынсаринның өлеңдер жинағын, 1935 жылы Ө.Тұрманжаовтың бірлесіп 5-
сыныпқа арналған «Көркем әдебиет» оқулығын бастырып шығарды. Негізгі зерттеу еңбегі 1932 жылы
«Қазақ әдебиеті» деген атпен жарық көрді. Бұл еңбектер қазвқ әдебиетінің тарихында болған
дарындарды педагогикалық тұрғыдан таныстырушы құрал болып табылды.
Осы тұрғыда жазушы Ғ.Мүсіреповтің – «Сәкен қазақ әдебиетінің негізін бірден-бір қалаушы,
көшбасшысы болды. Тарих оған жүктеген міндетті ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихқа зорлық
жүрмейді», - деген сөз ойға оралады.
Ел ішіндегі ақын – жырау, әншілердің өлең – жырларын, ертегі – аңыз әңгімелерін құмарта
тыңдап, жаттап алып, айтып үйренген зерек те зерделі жан – жақты талант Ілияс Жансүгіров
(1894-1938) балалар үшін жазған өнімі мол жазушылардың бірі. Оның балалар мен жеткіншектерге
арнап жазған өлеңдерін оқыған балалар туған жерін, өскен ортасын, ата – анасын сыйлап өсері сөзсіз.
Ақынның осы бағыттағы жазған шығармаларында балалардың жан дүниесін терең білгені, олардың
нені сүйіп, нені жек көретініне дейін жан – жақты зерттегені айқын сезіледі. Әсіресе, ақын балаларға
арналған өлеңдерінде танымдық, тәрбиелік, білімнің мәніне баса назар аударады. Ол «Жалпы жасқа»
(1921), «Ағынды менің - Ақсуым» (1921), «Ақ сабан» (1923), «Желді қарағай» (1925), «Жетісу
суреттері», «Қазақстан», «Баласынан анасына хат» (1927), «Оқимын» және басқа көптеген
шығармалар жазып, балалар әдебиетінің дамуына мол үлес қосты. Өмірге құштар, өнерге құмар Ілияс
Жансүгіров 1920 жылы Алматыдағы үш айлық мұғалімдер курсын аяқтап, Ташкенттегі мұғалімдер
даярлайтын қазақ-қырғыз институтына қабылданады. Оқумен бірге «Ақ жол» газетінде корректорлық
қызметті қоса атқарады. 1921-1922 жылдары ауылдық мектепте мұғалім болса, 1922 жылы «Тілші»
газетінде әдеби қызметкер міндетін атқарады. 1925-1928 жылдары Мәскеу Коммунистік журналистика
124
институтында оқиды, «Еңбекші қазақ» газетінде істейді. 1932 жылы КСРО Жазушылар Одағының
Қазақ ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып, Қазақ Жазушылар Одағының төрағалығына
сайланады. 1933-1936 жылдары ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болады. Осы кезеңде
қаламгерлерге, жас ұрпақ тәрбиесіне қамқорлық жасап, әдебиеттің дамуына әр алуан жанрлар
арқылы ерекше ат салысты.
Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, алғашқы оқулықтардың авторы Бейімбет
Майлин (1894-1939) еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, болысаралық оқу бөлімінің бастығы,
Қостанай губерниялық оқу бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды. Сол кездерден ол
педагогикалық тақырыптарға әңгіме, очерк, мақалалар жазумен шұғылдана бастайды. Б.Майлин өз
заманының өзекті мәселелеріне дер кезінде үн қосып, белсене араласып отырған қоғам қайраткері,
ағартушы – педагог. Ел ішіндегі халыққа білім берудегі келеңсіз көріністерді сынап фельетондар,
сықақ әңгімелер жазып, ағарту ісін дұрыс жолға қоюға ат салысты. Халыққа білім беруде қазақ
тіліндегі алғашқы оқулықтарды жасауда «Шаласауаттылар үшін оқу кітабы» (1929), «Колхоз ауылы»
(4-оқу жылына арналған оқу кітабы, 1930), «Күш» (Шаласауаттытылар үшін оқу кітабы, 1930),
«Жаңаша оқы» (1931), «Сауат үшін. Сауаттандыру мектептеріне арналған әліппе құралы» (1933),
Ғ.Мүсірепов, Ә.Сыдықовтармен бірігіп, «Сауаттандырғыш. Сауатсыздар әліппесі» ()1935, 1936 секілді
оқулықтар мен оқу құралдарын жазды.
Орта білім беру мектептің қазақ әдебиеті бағдарламалары, оқулықтары оқушыларға
ақтандаққа ұшыраған ақын – жазушылардың шығармаларын оқытудағы мүмкіндіктер мен оның қазіргі
деңгейін айқындаудың ғылымдық, білімдік маңызы зор. Орта мектептегі әдебиет курсының міндеті мен
мақсаты оқушыларды халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетімен көркем әдебиетінің
жекелеген озық үлгілерімен таныстыра отырып, олардың адамгершілік – эстетикалық мұраттарын,
көркемдік толғанысын, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру, әдебиетке леген сүйіспеншілігін ояту,
одан өз қажетін одан әрі ала білуге баулу болып табылады.
Бұдан басқа қазақтың ұлы қайраткерлерінің бірі – Т.Жүргенов (1894-1937) қазақ АКСР-ның
Түркістан республикасының өкілі болды, Қазақстан мен Түркістан Орталық Атқару Комитеттерінің
мүшелігіне сайланады. 1930 жылдан 1933 жылға дейін Өзбекстан Халық Ағарту комиссары қызметін
атқарды. Сол кездері негізгі қолға алған жұмысы мектепте білім беру жұмысын жақсарту болды.
Жаппай сауатсыздықты жоюға белсене кірісіп, мұғалімдердің бірінші съезін шақыруға ұйытқы болды.
Т.Жүргенов Оқу халық комиссары болған кезде 4-5 жыл ішінде Республикада жалпыға бірдей міндетті
бастауыш білім беру жүзеге асты, қазіргі Әл – Фараби атындағы Қазақ мемлкеттік ұлттық университеті
шаңырақ көтерді, қазақ орта мектептерінің қатары көбейе түсті.
Өз еңбектерінде ХХ ғесыр басындағы Орта Азия мен Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық,
саяси және демократиялық жағдайы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің алғышарттары мен
қозғаушы күштері мен мәдени құрылыс міндеттері жайлы мәселелерді қарастырады.
1920-1930 жылдардағы қиын да, жауапты кезеңдерде теориялық мәселелерден гөрі практика
басымырақ болып тұрған шақта Т.Шонанұлы (1894-1938) мектептерде қазақ тілін оқытып, Халық
Ағарту комиссариатының әдістемелік кеңсінің ғылыми қызметкері болған. Қазақ мемлекеттік
университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы) ашылған күннен бастап, қазақ тілінің доценті болып
істеген.
Ғылым, оқу-ағарту қызметіне араласып, әліппе, оқулық, бағдарламалар жазып, халықты
сауаттандыру жолында көп еңбек сіңірді. Ол сауатты ашуға байланысты «Жаңалық» (1928),
«Сауаттан» (1929), «Колхоз ауылы» (1929), «Оқу құралы» (А.Байтұрсынұлымен бірге, 1926), бастауыш
сыныптарда тіл дамытуға арналған «Тіл дамыту» (1930), «Қазақ тілі» (1934), «Жаңа арна»
(М.Жолдыбаевпен бірге, 1927), «Бастауыш мектептеріндегі қазақ тілінің әдісі» (С.Жиенбаев.,
Ғ.Бегалинпен бірге, 1935), ересектерге арналған «Шала сауатты ересектер үшін» оқу құралы (1926).
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға арналған «Орыстар үшін қазақша әліппе» (1931), «Қазақ
тілінің оқу құралы» (1933), «Учебник казахского языка для взрослых» атты еңбектер жазған.
Санжар Асфендияров (1889-1937) – Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына зор еңбек
сіңірген, Орта Азия мен Қазақстанда, бұрынғы Одақ көлемінде экономикалық, саяси, мәдени салада
жоғары оқу орны, ғылыми мекемелердің ірге тасын қаласқан ірі ғалым, қоғам қайраткері. 1927 жылы
Н.Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директорлығына тағайындалған. С.Асфендияров
Мәскеу мемлкеттік университетінің Шығыс тарихы бойынша профессоры болды. Ал 1928 жылы қазақ
мемлекеттік педагогикалық университеті ашылғанда, оның тұңғыш директорлығына тағайындалды,
кейін Алматы медицина институтының директоры, КСРО Ғылым академиясы Қазақ базасы
төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі міндеттерін атқарды.
Қазақстан тарихының көне дәкірден 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі аралғыны қамтыған
монография мен оқу құралдарын жариялады. Қазақстан тарихын алғашқылардың бірі болып зерттеуді
қолға алған ғалым Қазақстан педагогикалық институтында студенттерге арналған дәрістерінің
негізінде «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін) еңбегі, 1935 жылы профессор
125
П.А.Кунтспен бірлесіп, «Қазақстан өткен әдебиеттер мен құжаттарда» жинағының бірінші томын
жарияласа, екінші томы 1936 жылы жарық көрді. Бұл жинақ тұңғыш рет көпшілік қауымды бірқатар
тарихи құжаттармен таныстырды. Асфендияровтың аса бағалы еңбегі 1935 жылы жарық көрген
«Қазақстан тарихы» оқулығы. Еңбек біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырдан 1917 жылға дейінгі қазақ
елінің өткен тарихын қамтиды. «Қазақ тарихының очерктері», «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-заттық
көтерлісі», «Шығыстағы ұлттық революциялық қозғалыстар тарихы» деген кітаптары республика
Халық ағарту Комиссариатының танысуымен, арнайы қаулы бойынша оқулық ретінде бекітіліп, 1935-
1936 жылдары баспадан жарық көрді.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, ХХ ғасырдың 30 -жылдарындағы тарихымызға
белгілі сталинизм дәуірінде тарихи дүние танымымызда орны бос «ақ таңдақтарға» айналғаны белгілі.
Сол шырмаудың ортасында кеткен қазақтың біртуар азаматтары жазықсыз жазаланған.
Пайдаланылған әдебиеттар:
1. Алаш Орда. Сборник документов. /Н.Мартыненко. - Алматы, 1992,-48с.
2. Шаяхметов Н. Кеңес өкіметі бізге не берді? // Қазақ тарихы.- 1998.-№6
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі (қазақтың ұлттық педагогикасы мен ұлттық
психологиясының тарихы): Алматы, Санат. - 1995. - 352 б.
4. Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық. - Алматы, 1996. - 65 б.
5. Тажибаев Т.Т. Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века: Алматы,
Казахстан. - 1965.
6. Сембаев А. История развития советской школы в Казахстане: - Алматы, Казучпедгиз, 1962. -
266 стр.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы развития педагогической мысли в Казахстане в 20 -30-е
годы ХХ века. Показана роль просветителей - педагогов, репрессированных в сталинский период.
Summary
This article deals with the problems of developing of pedagogical thought in Kazakhstan in 20-30
th
years of XX century. There was shoured the role of pedagogs - enlightener who was repressed in stelin`s
period.
ӘОК 341 1/8
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ЕЛЕУЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ф.И. Рыскалиева, В.Қ.Наурызова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
КСРО тарағаннан кейін тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы державалардың бұрынғы саяси,
идеологиялық және әскери егесі, ядролық текетіресті шынтуайтында бір сәтте құрдымға кеткен жаңа
жағдаяттың туғанын білдірді. Алайда КСРО-ның жойылуының өзі әскери-саяси сипаттағы проблемалар
өздігінен шешім таба қойды деген сөз емес. Халықаралық қауіпсіздікті және мемлекеттер қауіпсізідігі
дүниежүзілік қоғамдастықтағы мемлекеттердің сыртқы саяси қызметіндегі ең басты бағыт болып
қалып отыр. Сөз жоқ, саясат және экономикалық жағдайлармен қатар, әскери жағдайлар да Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы елдері ынтымақтастығының аса маңызды мәселесі. Бұлай болатыны - кешегі
кеңестік, бүгінгі жаңа тәуелсіз мемлекетердің қарулы күштері КСРО Қарулы Күштерінің мұрагері болып
табылады, яғни бұлардың қару үлгілері бірдей, ұйымдық құрылымы ортақ, тактика мен стратегияны
пайымдауы ортақ, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттерінің ортақтығы бар.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жарғысының 3-тарауында әскери-саяси мәселелерге
арналған[1,52б]. Онда мүше мемлекеттер халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қару-жарақты
бақылау, қарулы күштерді құру саласында мақұлдастық саясатын жүргізеді және Достастық ішіндегі
қауіпсіздікті сақтайды, бұл ретте әскери бақылаушылар топтарының және бейбітшілікті сақтау
жөніндегі ұжымдық күштердің көмегіне де сүйенеді деп атап көрсетілген.
Бір немесе бірнеше мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумағының тұтастығына
қатер төне қалған жағдайды көзқарасты үйлестіру мен қатерді жою мақсатында өзара консультация
алмасу тетіктері дереу іске қосылады, бітімгершілік операциялары жүргізіледі әрі қажет болған
жағдайда дербес және ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру ретінде қарулы күштер
пайдаланылады.
126
Қарулы күштерді бірлесіп пайдалану туралы шешімді Достастық мемлекетері басшыларының
кеңесі немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мүдделі мемлекеттер өздерінің ұлттық
заңдарын ескере отырып, қабылдайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жарғысының 13-бабына сәйкес әрбір мүше мемлекет
Достастық мемлекеттерінің сыртқы шекараларында тұрақты жағдайды қамтамсыз ету жөнінде тиісті
шаралар қолданады. Өзара келісім негізінде олар шекара әскерлерінің қызметі мен мүше
мемлекетердің сырқы шекарасына өту жөнінде белгіленген тәртіптің сақталуын бақылайтын әрі сол
үшін жауап беретін басқа да құзіретті орындардың қызметін үйлестіріп отырады.
Достықтың қорғаныс және сыртқы шекараларды күзету бойынша жоғарғы органы - Мемлекет
басшыларының кеңесі. Мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы, халықаралық келісімдерді жүзеге асыру
және қауіпсіздік және қарусыздану саласындағы басқа да мәселелерді шешу бірлескен
консультациялар жолымен ұйымдастырылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері әскери-саяси
ынтымақтатық нақты мәселелері арнайы келісімдер арқылы реттеліп отырады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылтай құжаттарында оған қатысушылар өздеріне
мынадай міндеттемелер алды:
- біріккен командованиенің билігі астында, ядролық қаруға қойылатын бақылауды қоса, ортақ
әскери-стратегиялық кеңістікті қорғау;
- стратегиялық қарулы күштерді орналастырудың, олардың жұмыс істеуінің, материалдық және
әлеуметтік жағынан қамтамасыз етудің қажетті жағдайларына бірлесіп кепілдік беру;
- әскери қызметшілерді және олардың отбасын әлеуметтік жағынан қорғау және қолдау,
зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде келісімді саясат жүргізу.
1991 жылдың 30-желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің басшылары
стартегияолық күштер бойынша келісімге қол қойды. Бұл келісім 11 мемлекет басшыларының
стратегиялық күштерді басқару және ядролық қаруды бақылау ортақ болады деген бұрынғы
шешімдерін қуаттады. Оны стратегиялық күштердің біріккен командованиесі жүзеге асыруы тиіс.
Достастық мемлекеттері бұрынғы КСРО-ның халықаралық шарттарын сақтауға және
халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қару-жараққа бақылау орнату саласында келісімді саясат
жүргізуге, қару-жарақ пен қарулы күштерді қысқарту бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыруға
міндеттенеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері осы шарттарды орындау тетіктерін әзірлеп,
кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатымен дереу өзара келіссөздерге отыруды, сондай-ақ бұрын Одақ
құрамында болған және Достастыққа кірмей қалған өзге де мемлекеттерді тартуды мақұл деп тапты.
Бұрынғы КСРО-ның ортақ мүддеге сиятын шарттарына мұрагерлік мәселесі бойынша
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара түсіністігі туралы 1992 жылғы 6-шілдедегі
меморандумның ережелеріне сүйене отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері 1992 жылғы 9-
қазанда Достастық мемлекетерінің КСРО мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы
қорғаныс жүйесін шектеу туралы 1972 жылғы 26-мамырдағы шартқа және КСРО мен Америка Құрама
Штаттары арасындағы олардың орташа және жақын қашықтықта ұшатын ракетаралын жою туралы
1987 жылғы 8-желтоқсандағы шартқа қатысуы жөнінде шешім қабылдады.
1991 жылғы 30 желтоқсанда Қарулы күштер мен шекара әскерлері туралы келісімге қол
қойылды. Бұл құжатта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері өздерінің қарулы күштерін
құруға құқығы бар екенін қуаттады. Дәл осы күні Достастық елдері Стратегиялық күштер туралы
келісім-шарт, ал 1992 жылы 14 ақпанда Стратегиялық күштердің мәртебесі туралы келісім-шартты
қабылдады.
1992 жылы 14 ақпанда Достастық елдері басшылары кеңесінің мәжілісінде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының Қорғаныс министрлерінің кеңесі тағайындалды. Дәл сол жолы қол
қойылған тағы бір құжат туралы айта кеткен жөн, ол – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан,
Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан арасындағы өтпелі кезеңнің ортақ
мақсаттағы күштері туралы келісім, 1992 жылғы 20 наурызда маңызды келісімдерге қол қойды. 1992
жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шартқа алты мемлекеттің
өкілдері қол қойылды[2,11б].
Бұл құжатқа сәйкес, оған қатысушы мемлекеттер әскери одаққа кірмеуге немесе әлдебір
мемлекеттер тобына, сондай-ақ шартқа қатысушы өзге мемлекетке қарсы бағытталған әрекеттерге
қосылмауға міндеттеме алды. Олар халықаралық қауіпсіздіктің өз мүшелеріне қатысты болатын
барлық маңызды мәселелері жөнінде бір-бірімен ақылдасып, солар бойынша көзқарастарын
үйлестіретін болады. Қатысушы мемлекеттердің біреуінің немесе бірнешеуінің қауіпсіздігіне, аумақтық
тұтастығына және егемендігіне қатер төнген жағдайда, яғни халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке
қатер төнсе, қатысушы мемлекеттер өз көзқарастарына үйлестіру және пайда болған қатерді жою
үшін шара қолдану мақсатымен өзара консультацияларының тетігін дереу іске қосады.
Сол жылы қатысушы мемлекеттер басшыларының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Біріккен күштері Бас қолбасшысының құрамында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін құрды. Ұжымдық
127
қауіпсіздік жөніндегі шартты орындай отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басшылары 1992
жылы 6-шілдеде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі туралы ережені бекітті[3,9б].
Сыртқы шекарадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 1991 жылы 8-желтоқсандағы Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімнің 5-бабында тараптар Достастық шеңберіндегі
қалыптасқан шекаралардың бұлжымайтындығын мойындады, сондай-ақ олардың қашықтығына,
азаматтардың жүріс-тұрысының және ақпарат алыс-берісінің еркіндігіне кепілдік береді.
1993 жылғы 22-қаңтарда Минск қаласында қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Жарғысының 3-бабында: мүше-мемлекеттер өздерінің қарым-қатынасын мемлекеттік шекаралардың
мызғымастығы, қалыптасқан шекараларды мойындау, жер-суға заңсыз өктемдік етуден бас тарту,
мемлекетердің аумақтық тұтастығы және бөтен аумақты бөлектеуге бағытталған кез-келген әрекеттен
бас тарту қағидаларына сәйкес құрады делінген.
1994 жылы 1-сәуірде Достастық мемлекеттері басшыларының мәжілісінде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы елдерінің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының қол
сұғылмаушылығын сақтау туралы декларация қабылдады. Құжатта мемлекеттер өздерінің
қатынастарын достық қатынастар ретінде құра отырып, қысым көрсетудің, қоршауға алудың да
әскери, саяси, экономикалық немесе басқа да кез-келген түрінен, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы елдерінің қайсысының болсын аумақтық тұтастығына және қол сұғушылмайтындығына,
саяси тәуелсіздігіне қарсы зорлық-зомбылықтан қорғаудан және қолданудан аулақ болатыны
қуатталады. Аумақты күш қолданып тартып алуды мақұлдау мүмкін емес, ал мемлекетердің аумағын
басып алу оның құқықтық мәртебесінің өзгеруін халықаралық тану үшін немесе оны күштеп тану үшін
пайдалана алмайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің шекаралары туралы сөз еткенде Достастықтың
сыртқы шекаралары туралы мәселені бөлек айту керек. 1992 жылы 9-қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы елдерінің Достастық мемлекеттерінің сыртқы шекараларындағы тұрақты жағдайы
қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімі қабылданды. Құжатты былай деп
ескертілген: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекетерінің сыртқы шекараларындағы учаскелердің
бірінде тұрақтылық бұзылған немесе бұзылу қауіпі бар жағдайда тараптар дереу консультация жасап,
сол учаскелерде тұрақты жағдай қалыптастыру үшін қолдан келген шараларын белгілейді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы шекараларындағы тұрақтылық туралы сөз
қозғағанда, Азиядағы сыртқы шекаралардың кейбір учаскелерінде қалыптасқан қатерлі жағдай
мейлінше алаңдатушылық туғызып отырғанын айтып кеткен жөн. Сондықтан, Қазақстан, Қырғызстан,
Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан осы аймақтағы өз шекараларының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қолдануды қажет деп тапты.
1993 жылы 24 желтоқсанда осы аталған алты мемлекет басшылары Мемлекеттік сыртқы
шекараларды күзету жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды[4,145б]. Онда олар:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін Азия мемлекеттерінің шекараларында қалыптасқан
жағдайларға байланысты болып келеді. Меморандумға қол қойған мемлекеттер арасындағы
шекаралардың ашықтығына орай сыртқы шекараларды күзету олардың ортақ ісі болып саналады және
ол ризаластық пен бірлескен күш-жігер арқылы жүзеге асуы керек деп мәлімдеді.
Халықтардың қарым-қатынасындағы басты де мәнді қырлардың бірі болып мәдени
ықпалдастық табылатыны белгілі. Көптеген парасат иелері ғалымдардың экономикалық проблемалар
қанша күрделі, қаншама білгір болса да, мәдениет мәселелері, рухани игілік жайлары басым тұрақты
дейтін пікірлермен санаспасқа болмайды: шындығында да, адамдардың санасы мен имандылығындағы
ақау- нағыз қасірет.
Ықылым заманнан–ақ мәдени ынтымақтастық, рухани астасу тарихтың қандай тар
кезеңдерінде болсын халықтарды тұтастырып, елмен елді табыстырған берік дәнекер болған. Ал
Қазақстан мен Ресей халықтарының бірін-бірі мәдени байыту дәстүрі сонау ғасырлар қойнауынан
бастау алады, оны нағыз Евразиялық тоғысудың өнегесі, үндестік пен үйлесімділіктің үлесі десе
болады. Сөз жоқ, бауырлас халықтарымыз, тілдік, конфессиялық және басқа айырмашылықтарына
қарамастан, бірге өмір кешкен ұзақ уақыты ішінде бір-біріне деген ілтипат пен достық сезімдеріне
бөленген.
Құрлық бойымен дүние жүзіндегі ең ұзақ ортақ шекаралардағы бірі және іргелес жатқан ұлан-
ғайыр территория өткен уақыт ішінде біздің халықтарымызға тату көршіліктің мейлінше мол
тәжірибесін тауып, жинақтауына мүмкіндік берді. Кемеңгер әрі ойшыл Абай атамыз қалдырған рухани
мұраның ғасырлар бойғы берік байланысты одан әрі қарай дамытуға тигізетін ықпалына баға
жетпейді.
Ой толғамдары бүгінде қашанғысынан мағыналы көрінетін Абай атамыз орыс тілі мен
мәдениетінің өшпес өнегесі туралы былайшы тебіренген: «Орысша оқу керек, хикмет те , мал да, өнер
де, ғылым да –бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын,
ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең,
128
көкірек көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ
түседі».
Ресей және Қазақстан халықтарының рухани байланыстарын дамытып, нығайту талаптарын
басшылыққа алынып, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Ресей Федерациясына
1994 жылғы алғашқы ресми сапарының барысында мәдениет, ғылым мен білім беру саласындағы
ынтымақтастық туралы, сондай-ақ біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар
даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды, бұлар осы салалардағы
қарым-қатынасты дамытуға жаңаша серпін берді. Мұның маңызы айырықша: Қазақстан халқының 1/3
орыстар, сондай-ақ миллионнан астам қазақ – ресейлік. Сондықтан екі жақты мәдени және біліми
тлаптардың қанағаттандыру қажеттілігі айдан анық[5,221-223бб].
Ресей және Қазақстан халықтарының мәдениет,ғылым және білім беру саласындағы достық
байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ынта –ықыласын білдіре
отырып, екі мемлекет халықтарының мәдени араласы мен достық қарым-қатынас дәстүрлерін ескере
отырып, екі ел үкіметі олардың арасында мәдениет,білім беру және спорт саласындағы, сондай-ақ
жастар одақтары мен шығармашылық одақтарын, ассоциациялар мен қорларды қоса алғанда
қоғамдық ұйымдар арнасы арқылы жүретін ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуға ықпал етіп
отыруға міндеттенді. Бұрын берілген құжаттардың, біліктілік аттестаттары мен дипломдардың
баламалылығын мойындау туралы уағдаластыққа қол жетті және білім беру саласында жүзеге
асыралыпжатқан реформаларды ескере отырып, жаңа құжаттарды өзара мойындау жөнінде ереже
әзірлеу көзделді. Дәл осылайша, денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастықты
дамытудың, ғылыми және медициналық кадрлар алмасудың, дене тәрбиесі мен туризм саласындағы
байланыстарды дамытудың маңыздылығы атап көрсетілді.
Біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми –педагогикалық кадрлар даярлау және аттестаттау
саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми –педагогикалық
кадрларды даярлау өзара мақсаткерлікпен даярлау және сынаудан өткізуді ұйымдастыру; ғылыми
қызметкерлер мамандықтарының ұлттық тізбесін (номенклатурасын) әзірлегенде және өз
мемлекеттері аумағында ғылыми дәреже беру жөніндегі кеңестер ұйымдастырғандаконсультациялар
өткізу, біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды аттестациялаудың ұлттық
мемлекеттік жүйелерінде ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар алуды көздеушілерге қойылатын
негізгі талаптардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету; ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу
орындарының аспиратурасында және докторантурасындаекінші жақтың азаматтарының құқығы
шектелмей түсуіне жағдай жасау; ғылыми атақтар мен дәрежелер жөніндегі туралы тиісті ұлттық
орган берген мемлекеттік үлгідегі біліктілік құжаттарын бір-бірінің аумағына мойындау көзделген.
1994 жылы ұлттық кинемотографиялар мен «Мир» мемлекетаралық телекомпаниясының
бірлескен шаралары щеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері Киноматографтар
одақтарының конфедерациясы Ресей Федерациясының Москва қаласында «Московский фест-94»
фестивалін өткізді де, оның бір күні Қазақстанның әртүрлі халықаралық кинофорумдарда көзге түскен
жас киноматографтарына арналды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мәдени қарым-қатынастары
үшін маңызды жол болды деуге болады, себебі осы жылы қазақстың ұлы ақыны және ойшылы Абай
Құнанбаевтің туғанына 150 жыл толып, ол ЮНЕСКО-нің шеңберінде дүниежүзінің көптеген елдерде
аталып өтті.
1996 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасыының Ресей Федерациясындағы Мәдениет
күндері табысты өтті, ол жыр алабы, теңдесі жоқ төкпе ақын Жамбылдың 150 жылдық құрметіне
арналды. Бұл күндер қазақ халқының бұрыннан етене таныс, ерекше айшықты өнерімен қайта табысу
сәттері ретінде мәскеуліктердің есіне қалды. Қалыптасқан дәстүр бойынша мәдениет шеберлерінің
Одақтар Үйінің Бағаналы залында болған концерті бастап бері[6,24б]. Қазақтың ақыны Жамбыл
Жабаевтің мерей тойы Санкт-Петербургте, Орынбор, Астрахань облыстарында салтанатпенаталып
өтілді. Содан тура 60 жыл бұрын республикамыздың әдеьиеті мен өнерінің Мәскеу қаласында өткен
тұңғыш онкүндігіндегі сияқты, Бағаналы залдың күмбезі астында қоңыр сазды домбыра үнімен
жарасып Жамбыл өлеңдері ән болып өрілді.
Екі жақты табандылықпен жүргізген жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясының мәдени ынтымақастығының берік негізін қалап, бұдан былайғы
ықпалдастықтың кең арнасын салуға жағдай туды.
Достарыңызбен бөлісу: |