2.1. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет «Инновация» термині ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңашылдықты енгізу».
Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақтас және өткенмен ұқсастықта. Инновациялық процесс - бұл дамуы жағынан мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі заманның идеяларын, теорияларын, әдістемелерін, технологияларын тарату және меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және бейімделген процесс болып табылады. Ол жүйенің саналы жақсаруына бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жаңашылдық тұрғысынан оның көзқарасының өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруды көздейді.
Инновациялық процесс - білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі. Инновациялық білім процесінің негізінде педагогиканың екі маңызды проблемасы жатыр:
1. Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы.
2. Психологиялық - педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жеткізудің проблемасы.
Білімдегі инновациялық процестің нәтижесі - теориялық, практикалық жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Сонымен, білім жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу, мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципті жаңа білімділік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.
Инновациялық процестің дамуына екі фактор ықпал етеді:
Объективті фактор - инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатыңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
• білім мазмұнындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
• мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
• мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
• инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
• бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
• әлеуметтік-экономикалық жағдай;
• инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.