№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет17/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
басқа да әрекеттер сияқты, белсенділіктің 
көз дері мен мотивтерінің жүйесі жатыр. 
Педагог тың өзін-өзі тәрбиелеуінің қозғаушы 
күштері өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік 
болып табылады. Осы тұста қажеттіліктің, 
яғни, қоғамның педагогқа қоятын және оның 
бойындағы қалыптасқан кәсіби-тұлғалық даму 
деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы 
қарама-қайшылығын шешу қажеттілігінен, 
өзінен-өзі қалыптаспайтынын айта кету керек.
Кәсіби­ даму (лат. profiteor – өз ісімді 
хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның 
ішін де жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсі-
би мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағ-
ды лардың әртүрлі аспектілерін игеруге 
бағыт талған адамның онтогенезде болып 
жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың 
негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен 
институттарға идентификациялану негізінде 
әлеуметтік контекстке интеграциялануға 
тұлға ның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму нәтижесінде адамның өзі нің 
барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағ-
дылары мен іскерліктерінің деңгейін және 
са па сын сақтауға мүмкіндік алатын үздіксіз 
үрдіс.
Ал білім берудің дәстүрлі жағдайында 
педагог тек педагогикалық әрекетті қатаң 
жүзеге асырушы ретінде болады. Осыдан 
келіп педагогтың кәсіби дайындығының да 
мақ саты өзгереді. Ол кәсіби білім, іскерлік, 
дағ ды лардан басқа (кәсіби құзыреттілік) 
педагогтың жалпымәдени дамуын, тұлғалық 
ұстанымдардың қалыптасуын (педагогтың 
педа гогикалық іс-әрекетке мотивациялық 
– бағалы қатынасын) қамтиды. Бұл бірлік 
–қасиет тердің жиынтығы емес, сапалы 
жаңа білім ретінде көрінеді. Ол педагогтың 
тұлғасының даму деңгейін сипаттайды.
Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз бұл 
– «суперроль», «өсу», адамның өмірінің 
бейнесі мен стилін анықтау дейді. Адамның 
жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда ір ге лі 
қажеттіліктерінің қаншалықты болуы на бай-
ла нысты: шығармашылық өзін -өзі жетілдіру 
қажеттілігі, қоршаған ортадағы референтті 
тұлғалардың жекелік құндылықтарын түсінуі 
мен мойындауы, өзін-өзі дамыту және даму 
қажеттілігі және тағы басқа.
Әр адам тек өз жұмысын орындауы және 
«тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы 
немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде 
белгілі орын алатындай мақсат қоюы тиіс. 
Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби 
қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар 
болмайды, болашақта кәсіби іс-әрекетінде құн-
ды қатынастарды күтуге болады. Бір сөзбен 
айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби 
өсуінде бірлік байқалады.
Кәсіби дамуда педагогтың кәсіби өзіндік 
даму мен өзіндік білім алу психологиясы 
ерекше. Әр педагог өзін іштей үнемі оқуға, 
ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. 
К.Д.Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің 
білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана 
мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен 
оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің 
өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне 
педагогикалық білім берудің үздіксіздігі 
мәселесін қойып отыр [5].
Өзін-өзі­
білімдендіру­
мен­
өзін-өзі­
тәрбиелеудің­тағы­бір­жолы – жұмысты ұзақ 
уақыт бойына және қысқа уақытқа іс-әрекетті 
жоспарлау керек.
Ол үшін педагог өзінің кәсіби жоспарын 
төмендегідей құруы қажет:
-­ мәселелер­ мен­ қарама-қайшылықтарды­
айқындау;
-­мақсаттар­мен­міндеттерді­белгілеп,­оны­
жүзеге­ асырудың­ жолдары­ мен­ құралдарын­
анықтау;
-­ әдістемелік­ және­ диагностикалық­ инс-
тру­мен­тарияны­өңдеуді­жоспарлау;
-­күтілетін­нәтижені­болжау.
Педагог өзін-өзі тәрбиелеуде алдына мақсат 
қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын 
білуі керек. Ол үшін, жоғарыда айтып өткен-
дей, өзін-өзі танудың маңызды әдісі – өз тәжі-
ри бесінің жағымды және жағымсыз жақтарын 
талдап, басқалармен салыстыру қажет.
Өзін-өзі білімдендіруді реттеу мақсатында 
қазіргі таңда педагогтар арасында портфолио 
дайындау кең таралып жүр. Портфолионың 
негізгі мақсаты – педагогтың өзін-өзі білімден-


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет