№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет59/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
алумен қатар, Қазақстанның Қарулы Күш-
терінің тарихымен танысып, олардың бейбіт 
өмірді қорғаудағы ерліктерін мақтан етеді.
Патриоттық тәрбие өз халқының салт-дәс-
түрлерін, тарихын білумен қатар, сол елде 
тұратын басқа ұлттарға құрметпен қа рау-
мен, олардың да тарихын, ұлттық бейне-
бол мысын білумен тікелей байланысты. 
Көпұлтты мемлекетте ұлттар достығы, ұлт -
аралық келісімнің орын алуы мектеп қа-
быр ғасынан бастап оқушылардың бойында 
барлық ұлттардың теңдігі туралы түсінік қа-
лып тастыруды қажет етеді. Ондай түсінік 
патриотттық тәрбие ауқымында қалыптасады.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру – оқу-
шылардың бойында жоғары патриоттық сана, 
өз Отанына деген мақтаныш сезімін, Қазақстан 
Республикасының азаматы ретінде болашақта 
өзінің азаматтық парызы және конституциялық 
міндетін, яғни олардың Отан мүддесін қор -
ғау ға дайын болуын қалыптасыруға бағыт-
талған жүйелі, мақсатты іс-әрекет. Ең бас-
тысы, жастар мектеп қабырғасында жүріп 
өз бойларында өзіне деген сенімді, өзінің бі-
ле тініне, қолынан келетініне деген сенімді, 
өзін дік ар-намыстарын қалыптастырады. 
Со ны мен қатар, оларға өмірдің мәнін ай-
қын дауда көмек көрсету, заңды, ұжымдық 
өмір нормаларын құрметтеуге тәрбиелеу, 
әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін 
дамыту да мектепте жүзеге асады. Адам бо-
йындағы мұндай қасиеттер, сапалар өз Ота-
нының әл-ауқаты мен оның іргесінің берік 
болуына, қорғаныс қабілетін арттыруға 
қамқорлық танытудан көрінеді. Сондықтан 
мұн дай қасиеттер, сапалар болашақ Отан қор-
ғаушысына ғана емес, жалпы кез келген адам 
үшін қажетті болып табылады.
Бүгінгі таңда әлемде, өз қоғамымызда бо-
лып жатқан өзгерістер мемлекет аумағының 
бү тіндігін сақтау, халықтың тыныштығын ала-
тын лаңкестерге қарсы ұйымшылдықпен күрес, 
халықтың бейбіт өміріне қауіп төндіретін 
кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы 
тұрудың маңызды екенін көрсетіп отыр. Бұл 
жастарды ұлтжандылық, отансүйгіштік, пат-
ри оттық рухта тәрбиелеудің де маңызын арт-
тыруда. Өйткені, патриотизм дегеніміз тек 
қа на Отанға деген сүйіспеншілік емес, ол 
же ке адамның аман-саулығының қоғамдық-
мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланысты 
екенін сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз 
– жеке адамды күшейту екенін мойындау, яғни 
патриотизм мемлекет деген ұғымның жеке 
адам мен, оның өткенімен, бүгінгі күнімен 
жә не болашағымен байланысты болуын 
білдіреді.
Қазіргі уақытта оқушыларға білім беру, 
оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері 
бар ған сайын күрделеніп бара жатыр. Осы-
ған байланысты мектеп ұжымының бас ты 
мін деті – орта мектепті бітіретін оқу шы-
ның өмірге белсене араласуына, ғылым ның 
шап шаң дамуына ілесіп, ашылған жа ңа лық-
тарды өздігінше оқып меңгеруіне, өмір де 
өз орындарын табуына жағдай жасау. Көр-
некті педагог В.Сухомлинский «Егер ба лаға 
қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай 
бола алады» [2], - дейді. Демек, шәкіртке 
жан жақты терең білім беріп, оның жүрегіне 
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз 
ұя лата білсек, ертеңгі азамат болатын жеке 
тұлғаның өзіндік көзқарасының қа лып-
тасуына, айналасымен санасуына ықпал етері 
сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет