№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет57/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қа зақ-
стан -2050» Стратегиясы – қалып тасқан мем-
ле кеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа 
жолдауында көрініс тапқан: «Өз бойымызда 
және балаларымыздың бойында жаңа қазақ-
стандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл 
ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген 
мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қа-
лып тасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде 
бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге 
прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. 
Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны 
тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және 
шы найы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай 
біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі 
күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси 
жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз 
бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында 
өмір сүргенді артық көретіндей, өз жерінде 
өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің 
еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы 
ретінде сезінуге тиіс»[1]. Сондықтан жас ұр-
пақ ты өз халқының тарихын, тегін, салт-
дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, 
адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп 
тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының «Білім тура-
лы» Заңы жас ұрпаққа жан-жақты білім мен 
тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі 
ұстанымдарын айқындап берді: Қазақстанның 
барлық азаматтарының білім алуға тең құқылы, 
әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуына, 
психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай, 
білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылды. 
Әрбір азаматтың білім алуға құқылығын 
негізге ала отырып, бойына ұлттық құндылық 
қасиеттерін қалыптастырып, тәрбиелеуде ди-
дак тикалық шарттар, яғни оқыту, тәрбиелеу, 
дамыту, қалыптастыру үдерісін жан-жақты 
қамту қажеттілігі туындайды.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы 
тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан 
емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз 
жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық 
салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. 
Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 25 жыл-
дық тарихына табан тіреген Қазақ елінің 
патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үл-
гі, өзімізге медеу. Мемлекет тарапынан отан-
сүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау 
бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді 
бағдарламалар жасалып жатқаны сондықтан 
болар.
Ұлтжандылық, отансүйгіштік, патрио тизм 
сезімдері әркімнің бойында әр кезеңде оянып, 
кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, 
тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған 
ор та ның ықпалымен, балабақша, отбасы, 
мек теп, жоғары оқу орындары, бұқаралық 
ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен 
қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Оларды 
қалыптастыратын басты орта – отбасы мен 
мектеп. Өйткені өс ке лең ұрпақтың өмірінің 
басым бөлігі осы өзара тығыз байланысты екі 
ортада өтеді.
Мектеп қабырғасында жас буынның бо-
йын да ұлтжандылық, отансүйгіштік, пат-
ри о тизм сезімдерін қалыптастыру, оларды 
Отан ға, Қазақстанға, өз халқына деген мақ-
таныш сезімі тұрғысында тәрбиелеу кешенді 
үде ріс болып табылады. Жалпы білім бе-
ру бағдарламасындағы барлық пәндер 
осы үдерістің дамуына өз үлесін қосады. 
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі 
– Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, 
оның байлықтары, тарихы, халқы, оның тілі, 
салт-дәстүрі мен мәдениеті. Мектептегі білім 
беру үдерісі ауқымында осыларды жан-жақты 
қарастыратын пәндердің барлығы арнайы 
тәрбиелік жұмыстармен ұштаса отырып, 
оқушы тұлғасын ұлтжандылық тұрғысында 
қалыптастыруға ұмтылады.
Бастауыш сынаптардан бастап оқушы 
Отан, туған жер, ұлт, халық, ерлік, егемендік, 
тәуелсіздік, патриот ұғымдарын жете түсіне 
бастайды. Өз Отанының, ұлтының тарихы 
туралы алғашқы мәліметтер жиынтығымен 
танысады.
Тарихты оқып-үйрену оқушылардың бо -
йын да жалпы адамзаттың қалыптасуы мен 
дамуы, қоғам, мемлекет, тәуелсіздік жо-
лындағы күрес және т.б. туралы жүйелі бі-
лім қалыптастырып, адамзат тарихындағы 


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет