№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет99/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
оқытуға да тоқталады. Оның пікірінше 
дыбыстау мүшелерін оқыту кезінде дыбысты 
айттыра отырып дыбыстау мүшелерінің 
қызметін айқындау қажет, содан кейін 
дыбыстау мүшелерінің барлық санын 
жинақтап оқушылардың көзін жеткізу қажет. 
Дыбыстау мүшелерімен таныстыру кезінде 
мұғалім алдымен кітапта берілген сөздердің 
мағынасын ауызша түсіндіру керек, содан кейін 
оның кітапта берілгенін оқу керек деген әдісін 
ұсынады да, бұл әлгі сөзді оқушының саналы 
түрде түсіне отырып айтуына мүмкіндік береді 
дейді [9].
Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым 
Мамановтың 1965 жылы «Қазақ тілін оқыту 
методикасы» атты еңбегі жарық көреді. Бұл 
еңбек «Орта мектепте қазақ тілін оқытудың 
жалпы мәселелері», «Қазақ тілінен білім 
берудің методтары мен оқу жұмыстарын 
жүргізудің жолдары», «Грамматиканы оқыту 
методикасы» деп аталатын үш тараудан 
тұрады. Еңбектің бірінші бөлімінде ғалым-
әдіскер анализ-синтез, салыстыру, индукция-
дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін 
қолданудың тиімді жолдарын көрсетеді.
«Көлемі жағынан фонетика шағын 
болғанмен, грамматиканың басқа салаларын 
(морфология, синтаксис) өткенде, солармен 
байланысты ұдайы қайталанып отырады. 
Сонымен бірге фонетика емле, сөз дамыту, 
мәнерлі оқу жұмыстарымен де тығыз 
байланысты» [10], - деп фонетиканың 
маңыздылығын айта келе, салыстыру әдісіне 
мысал келтіріп өтеді. Мұнда дыбыстардың 
ерекшеліктерін (ал–әл, боз–бөз т.б.) салыстыру 
арқылы оқушылардың өздеріне айтқызып, 
байқату арқылы ерекшеліктерін таныта 
отырып, қазақтың байырғы сөздерінің соңғы 
буыны не жуан, не жіңішкелігіне байланысты 
жалғанатын қосымшаның да үндесе келуін 
қоса айтып, яғни орфографияға байланысты 
мәлімет беріп отыру қажеттігі де сөз етіледі. 
Сонымен бірге, дыбыстарға байланысты 
емле ережелерін оқыту барысында бақылау, 
ескерту, түсіндірме диктанттарын міндетті 
түрде жүргізу қажеттігін атап өтеді.
«...оқулық оқушы үшін білім бұлағы бола 
тұрса да, мұғалімнің жәрдемінсіз, оның сабақ 
кезінде алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді 
қолдануынсыз нәтижеге жете алмайды» 
деп тұжырымдаған Асхат Әбілқаев «Қазақ 
тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралында 
фонетикадан берілетін білімнің іргетасы 
дыбыстардың ерекшеліктері мен жүйесін 
оқушыларға меңгертудің маңыздылығын 
айта кетіп, фонетиканы оқыту әдістемесіне 
тоқталады [11]. Ғалым дауысты дыбыс түрлерін 
(жуан мен жіңішке) оқытуда тәжірибе, кітаппен 
жұмыс, салыстыру, кесте арқылы топтау, 
жаттығу, байқату әдісін ұсынады. Мысалы, 
дауысты дыбыстың әр түріне мысал келтіріп, 
сол мысалдың ішінен қажетті дауыстылардың 
түрлерін теріп жаздырып, тілдің қандай 
қызметіне 
байланысты 
дыбыстардың 
ерекшеленіп тұрғанын байқатады да, осы 
байқағандарын кестеде бере отырып бекіту 
түрінде кестені толтыртқызады. Еріндік пен 
езулік дауыстыларын өткен кездегі ұсынған 
1-кестеде алдыңғы өтілген тақырып жуан мен 
жіңішке дауыстылардың қамтылуы:
1-кесте
Тілдің қызметіне қарай
Еріннің қызметіне қарай
Жуан Жіңішке
Еріндік
О
Ө
Езулік
А
Ә


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет