№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет97/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
әдістерді қарастырумен болады. Сайып 
келгенде, тілді үйретудің жалғыз ғана, ең 
керемет әдісі бар ма екен негізі? – деген сұрақ 
әр оқытушы санасында туындайды.
Жалпы «әдіс» дегеніміз не?» деген 
сұраққа тоқталып кетер болсақ, «Әдіс (грек. 
odеs–бір нәрсеге жетудің жолы)» – көздеген 
мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірілген 
қызмет жүйесі», - деп Қазақ Ұлттық 
Энциклопедиясында берілсе [2], Қазақ әдеби 
тілінің сөздігінде «Әдіс (грек. Metһodos) 
– қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарын 
зерттеудің, танып білудің амалы, жолы» деп 
беріледі [3]. Осындай анықтамаға ие болған 
әдістердің өзіндік даму тарихы бар, сәйкесінше 
фонетикалық бірліктерді оқыту жолында 
құрастырылған, қолданылған әдіс-тәсілдердің 
де тарихы бар, сол әдістерді құрастырған 
азаматтар бар. Міне сондықтан бұл жерде 
әдістерді құрастырушы әдіскер-ғалымдардың 
рөлі ерекше.
Тілді меңгертудегі оқытудың әдістерін, 
амал-тәсілдерін 
қарастырып, 
оны 
тәжірибеде қолданып, тиімді жолдарын 
көрсеткен А.Байтұрсынұлы, Ғ.Бегалиев, 
И.Қ.Ұйықбаев, Ш.Сарыбаев және т.б. әдіскер-
ғалымдарымыздың еңбектері әлі күнге дейін 
құнды болып табылады.
Қазан төңкерісіне дейін дін мектептерінде 
оқу шағатай тілінде жүріп, қазақ тілін оқыту 
методикасы болмаған, сондықтан қазақ тілін 
оқыту әдістерінің тарихы Қазан төңкерісінен 
кейін басталғанын барлық ғалымдар айтады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен 
мәдениетіне Қазан төңкерісінен кейін ХХ 
ғасырдың басында баса назар аударған Ахмет 
Байтұрсынұлы – қазақ балаларын, ересектерді 
сауаттандыру мақсатында қазақ тілін оқытуда 
ағартушылық қызмет атқарған қайраткер. Ол 
тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық 
құрылымын зерттеп, қазақ тілін оқытып 
үйретуге арналған хрестоматиялар, мақалалар, 
оқулықтар жазып қана қоймай, сонымен бірге 
«Тіл құрал», «Тіл жұмсар», «Оқу құралы», 
«Сауат ашқыш» сияқты еңбектері – оқыту 
әдісіне арналған әдістемелік құралдар.
Оның пікірінше: «Әдісін алғанша қай істе 
болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы 
да болса оңайланады» [4].
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін үйретудің 
өзінде көптеген әдіс бар екенін айта 
отырып, өзге халықтар мен қазақ халқының 
дыбыс жүйесін оқытудағы ерекшеліктерді 
салыстырып өтеді де, қазақ тіліндегі дыбыстар 
қалай естілсе, солай жазылатынын айтады. 
Ол әдістің екі түрін көрсетеді: жалқылау әдіс 
және жалқылаулы-жалпылау әдіс. Жалпылау 
әдіс – «ұсақтан ірілету», ал жалқылау– 
керсінше. Жалпылау әдіске сай алдымен сөз 
беріліп, кейін оның буындары ажыратылып, 
кейін дыбыстармен таныстыру керек екен. 
Бұл әдістің маңыздысы сөздің мағынасы 
түсіндірілген соң дыбыспен таныстыру. 
Ал жалқылаулы-жалпылау әдіс бірнеше 
түрге бөлінеді. Біріншісі, «шағын сөзді» 
әдіс. Мұнда алдымен балаға сурет беріледі, 
бала сурет жайлы білгенін айтады, бала 
берілген суретті өзі салады, сурет жанында 
берілген танымайтын әріптерді көшіреді, 
балалар жазған сөзін мұғалім көмегімен 
қайталап дыбыстайды, енді сөзді дыбысқа 
бөліп, дыбыстардың жазылуын үйретеді де 
әріптерден сөздер құрады. Жалқылаулы-
жалпылау әдісінің екінші түрі – «Дыбысты 
әдіс». Ғалым бұл әдісте ең алдымен баланы 
сабаққа ынталандырып, әңгімеге тартып, 
сабаққа бойын үйретуден бастау қажеттігін 
айтып, баста сөз мағынасын, соң дыбысты 
үйретіп болған соң әріптерді үйрету керек 
дейді [5].
Қазақ 
тілін 
оқытуда 
графикалық-
алгоритмдік схемаларды пайдалануды алғаш 
ұсынған ғалым – Сейіл Жиенбаев. 1938 
жылы Сейіл Жиенбаевтың «Үлкендерге 
хат танытудың методикасы», 1939 жылы 
«Бастауыш мектепте кітап оқытудың 
методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілінің 
методикасы» т.б. еңбектері басылып шықты. 
Бұл еңбектердің қазақ тілін оқытуда алатын 
орны ерекше. Оның пікірінше: «мұғалім 
сабақты біреудің көрсетіп бергенінен айнытпай 
орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі 
әдіс қолдануға ерікті» [6].
Әдіскер графика арқылы грамматикалық 


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет