101
Мақалаларды журналға басып шығарудың талаптары
Мақаланы «Ұлттық тәрбие» журналына тапсыру үшін журналдың жауапты хатшысына кез
келген электронды тасымалдаушыда өткізу керек.
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторда, Timеs New Roman шрифтпен, шрифтің өлшемі
12-мен терілуі қажет. Мақаланың көлемі 5 бет. Беттің параметрлері: үсті – 2 см, асты
– 2 см, сол
жағы
– 3 см,
оң жағы – 1,5 см. Жоларалық интервал – дара (одинарный),
азат жол – 0,5 см.
Мақала автордың аты-жөні, қызметі, ғылыми лауазымы, мақаланың тақырыбын көрсетумен
басталады, мақаланың басында үш тілде аннотация (100-150 сөзден кем емес) беріледі.
Мақала
терілгеннен
кейін автор өзі тексеріп, қателерін түзеп, соңғы нұсқасын беруі қажет. Мақала
мазмұнына автор өзі жауап береді.
Әдебиеттерге сілтеме міндетті түрде жасалсын. Олар мәтінде аталуына қарай тік жақшада
сан түрін де көрсетіледі. Мақаланың соңында берілетін әдеби еттер тізімінде алдымен автордың
аты-жөні, мақала ның немесе кітаптың аты, сонан кейін кітаптың жалпы мәліметтері көрсетіледі.
Мақаланың соңында автор байланыс мәліметтерін (қызмет және ұялы телефон нөмірлерін)
көрсетуі қажет.
Түп нұсқалар қойылған талаптарға сай келмеген жағдайда баспаға қабылданбайды.
Мақалалар кері қайтарылмайды және өңделмейді.
Мақаланы баспаға шығару ақысы университеттің кассасына төленеді немесе банк арқылы
төлеуге болады.
*Қойылған талаптарға сәйкес мақаланы журналға шығару бағасы - 1500 теңге.
Жур налға жазылушылардың мақаласы тегін жарияланады (жазылушы мақаласын берген кезде
жазылғандығын растайтын түбіртектің (квитанцияның) сканерін немесе көшірмесін қоса беруі
тиіс).
Достарыңызбен бөлісу: