V Әңгімені «Блумның сұрақ қою өлшем- дері» әдісі бойынша мазмұнына талдау жасата
отырып, проблемалық сұрақтар туындату,
ой бөлісу, пікір алмасу, шығармашылыққа
жетелеу әңгімеге сыни баға беру.
БІЛІМ. Әңгімені неліктен «Қылау» деп
атаған?
ТҮСІНІК. Өмір мен өлім туралы Сатайдың
ойлануына не түрткі болды, оны ненің белгісі
деп түсінуге болады?
ҚОЛДАНУ. Сатайдың сезімталдығы мен
қайырымдылығын қандай әрекеттерінен
байқауға болады?
АНАЛИЗ. Сатай Рабиғаға деген алғашқы
балаң сезімін қалай білдіреді?
СИНТЕЗ. Сатайдың Рабиғаны қайта іздеп
баруына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
СЫНИ БАҒА. Әңгімені «Автор ізімен»
стратегиясы бойынша жалғастыру, аяқтау.
VІ Сабақты қорыту: «Дыбыстар сөйлейді»
әдісі бойынша Сатайға мінездеме беру:
С- сыпайы, сезімтал.
А- ақылды, адамгершілігі мол, арам ойы
жоқ.
Т- тәрбиелі, тәртіпті.
А- ақкөңіл, арлы.
Й- инабатты.
О- ойлы, оқымысты.
Қ- қабілетті, қайырымды.
У- уайымшыл.
Ш- шыншыл.
Ы- ынталы.
VІІІҮй тапсырмасын беру. Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан
оқушылар бағаланады.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Мұратбеков С. Шығармаларының екі томдығы. Т. 2: Повестер мен әңгімелер / С.
Мұратбеков. - Алматы: Жазушы, 1986.- 406 б.
2. Мұратбеков С. Басында Үшқараның / С. Мұратбеков. - Алматы: Қазақстан, 2010. - 479
б. - (Замандастан мирас).
3. Мұратбеков С. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т. 1: Повестер / С. Мұратбеков; С.
Мұратбеков. - Алматы: Қазығұрт, 2003. - 399 б.
4. Дәдебаев Ж. Жусан иісті дара талант: (жазушы С.Мұратбековтың шығармашылығы
жайлы) // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 4 - 10 тамыз (№ 31). - 6 б.
5. Жұпарғалиева А. Сайын Мұратбековтың адам образын жасаудағы шеберлігі // Қазақ тілі
мен әдебиеті. - 2006. - № 6. - 73 - 76 б.