№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет64/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
МРНТИ 14.07.05 
ЖАНАТ АҚМАДИДЫҢ «ЕСЕНГЕЛДІ БИ» РОМАНЫНЫҢ БҮГІНГІ ЖАСТАРҒА 
БЕРЕР ТӘРБИЕЛІК ТҰЖЫРЫМДАРЫ МЕН КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дүйсенәлі Әлімақын
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты
Бұл мақалада «Есенгелді би» романында бұрын зерттелмеген мәселелер жаңаша зерделеніп, 
қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың әдеби бейнеленуі талданды. Әрі тарихи кезеңдер 
деректерінің көркем шындықпен бейнеленуі қарастырылды. Аталмыш романның бүгінгі 
жастарға тарихи оқиғалардан хабар бере отырып, тәрбиелік мәні мен маңызы туралы ғылыми 
тұжырымдамалар жасалған.
Түйін сөз: Есенгелді би, хан кеңесі, тарихи роман, қазақ билері.
В данной статье анализируется литературное описание известных казахских исторических 
личностей в романе «Есенгелди бий», так же рассматривается слияние исторических данных 
с художественной реальностью. Предлагается научная концепция о значимости романа в 
воспитании современной молодежи, опираясь на исторические факты.
Ключевые слова: Есенгелди бий, Совет хана, исторический роман, казахские бии.
This paper analyzes the literary description of known Kazakh historical figures in the novel «Esengeldі 
bi», is regarded as a merger of historical data from an artistic reality. It proposed the scientific concept 
of the novel’s importance in the education of today’s youth, based on historical facts.
Keywords: Esengeldі biy, Council Khan, a historical novel, Kazakh bies.
Тарихи дәуіріміздегі ұлы тұлғаларымызбен 
қымбатты деректерімізді ұғындыруға ұлы 
әдебиетіміздегі өзекті жанрдың бірі болған 
тарихи роман жанрының қымбаты бөлек 
бол ғаны шындық. Тарихи роман арқылы 
қаламгерлер кешегі дәуір тынысы мен тарих 
керуенінен сыр шертіп, асыл деректерді 
алдымызға жайып салды. Тарихи романдар 
арқылы халық өзінің кешегі күнінің келбеті 
мен ата-бабасының сан қилы тағдырын, олар 
өмір кешкен қияметті заманның жарқын 
бейнесін аңғара алды. Әрі бұл тақырыпқа 
оқырмандарымыздың сұранысы да мол болды. 
Олар тарихи шығарманы оқып-білу арқылы 
баба тарихымыздың ғибратты кезеңдерін 
танып-біліп, сол ескі дәуірдің қайталанбас 
шақтары мен біртуар тұлғалар есімін жадына 
сақтай алды.
Біз бұл мақаламызда қазіргі дәуірдегі тарихи 
роман жанрының жүгін арқалаған тарихи 
туындының бірі, көрнекті жазушы Жанат 
Ақмадидың «Есенгелді би» романының бүгінгі 
жастарға берер тәрбиелік тұжырымдары мен 
көркемдік ерекшеліктері туралы сөз етеміз.
Жанат Ақмади әдебиетке тұңғыш рет 
романмен келген жазушы. «Дүрбелең» ат-
ты романымен әдеби ортаны өзіне баураған 
жазушының өз айтқандарынан үзінді кел-
ті рейік. «Мені әдебиет әлемінде ешкім 
танымайтын, 
аты-жөнімді 
жан-пенде 
білмейтін кезде «Дүрбелең» атты романымның 
қолжазбасын оқып шығып, Қазақстан 
жазушылар одағының проза кеңесінде 
талқылатқан қазақтың ірі жазушысы Қабдеш 
Жұмаділов болатын. Қабдеш аға маңайына 
бұл романның мәнісін айтып, проза кеңесінің 
мүшелеріне оқытты. Қысқасы, алғашқы 
жолым осылай ашылды» [1, 4].
Халқаралық «Алаш» әдеби сыйлығын 
еңбегінің жемісімен иеленген автор ілгерінді-
кейінді «Дүрбелең», «Шырғалаң», «Айтұмар», 
«Ақ қылыш» қатарлы көлемді романдармен 
қатар «Жүрек қартайса ажал аңду салады» 
атты әңгімелер жинағын, «Зар-зарауқа» 


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет