№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет7/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

Keywords: teacher, student, teaching etiquette and aesthetics, culture of speech, culture of 
communication.
Қай заманда болмасын, ұстаздың болмысы 
(оған әрине, киім кию үлгісінен бастап, өзін-
өзі ұстауына дейінгі ұсақ-түйек элементтерін 
қоса есептегенде) бала санасына тікелей әсер 
етеді. Қарапайым мысал ретінде, ұстаздың бір 
ғана бет-бейнесіне сай келмейтін киім кигені – 
оқушы алдындағы қадірінің жоғалтатындығы 
белгілі жайт. Бұл ретте бүгінгінің мұғалімдері 
ақпараттық технологияны меңгерген, жан-
жақты, жаңашыл жан болуымен қатар, сыртқы 
мәдениеті мен бет-бейнесі де сол талаптарға сай 
болуы тиіс. Себебі, ұстаз оқу-біліммен қатар 
бойындағы бар жиған-тергенін оқушының са-
на сына сіңдіреді. Осы орайда, ұстаздың ұстаз 
екені мектепке еш қатысы жоқ адамдарға да 
сырт болмысынан, киген киімінен, бет-бейнесі 
мен жүріс-тұрысынан көрініп тұруы керек. 
Мәселен, кейбір мамандық иелерінің өзіндік 
жеке ерекшеліктеріне орай киім үлгілері олар-
ды топ ішінен ешкім айтпай-ақ ерекшелеп 


7
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
тұрғаны сынды, мұғалімдердің де бірыңғай 
киім үлгілерін сақтауы қажетінше ілтипаттың 
болуына әкеледі. Киген киімінен ұстаз екені 
білініп тұрса, халық оған ерекше құрметпен, 
ықыласпен қарайтыны анық.
Себебі, ұстаз дегенде көз алдымызға іш-
кі білімі, ой-өрісі сыртқы тұлғасымен астас-
қан парасат иесі елестейді. Осы орайда оқу-
шы ның ұстазына деген құрметіне селкеу 
түсірмейтіндей, эстетикалық тұрғыдан жоғары 
деңгейдегі, ұстаз бойына қонымды, әрі сәнді 
көрінетін киім үлгісі педагогикалық әдеп 
этикасымен үндесіп жатуы қажет.
Осы сынды санаттың ішінде кәсіби-педа-
го­гикалық­ борыш,­ педагогикалық­ әділдік,­
педагогикалық­ар-намыс­және­педагогикалық­
бедел­бар.
Бұл жердегі кәсіби педагогикалық­ борыш 
деп педагогикалық әдептің ең маңызды санат-
тарының бірін айтамыз. Яғни, мұғалімнің өз 
еңбегіне деген шығармашылық көзқарас, өз-
өзіне қатаң талап қоя алуы, кәсіби білім-білігі 
мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген 
құлшыныс, оқушыға, оның ата-анасына деген 
құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, 
мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі 
шиеленістерді шеше білу тәрізді өзгеше іс-
қимылдары.
Педагогикалық­әділдік – мұғалімнің оқушы-
лар мен қарым-қатынасы барысында олардың 
тәртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас-құл-
шынысын, адамгершілік тәрбиелілік дең гей ін 
анықтау мен бағалау барысындағы обьек тив-
ті лігі әрі оның адамгершілігіне өзіндік баға 
беретін ерекше сипаты. Педагогикалық әділдік 
өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың 
іс-қи мыл ды бағалау және оған қатысты жа-
уап рекциясының әр түрлі адамгершілік дең-
гейде болуында; педагог обьективтілігінің 
өлшемін анықтау көбінесе педагогқа байла-
ныс ты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр 
түрлі тараптар ара-қатынасының көбінесе 
жал пы моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең 
ақыр аяғында педагогпен алдын ала бағдар ла-
маланған педагогикалық қажеттіліктерді бала-
лардың түсінбеуінде.
Педагогикалық­ ар-намыс мұғалімнің өзін-
өзі жақсы көріп, сыйлап қана қоюы емес, 
оның қоғамдық қарым-қатынас барысында 
абыройға ие болып, моральдік сыр-сипатына 
және сіңірген еңбегіне қоғам тарапынан 
көр се ті летін құрметтті білдіреді. Педагог 
мамандығында жеке бастың ар-намысы мен 
қасиетін түсіну сезімі ерекше байқалып 
тұрады. Мұғалімнің ар-намысы – оның кәсіби 
борышын орындау барысында көрінетін нақты 
кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
Мұғалімнің педагогикалық­ беделі – оның 
оқушылар мен мұғалімдер және әріптес-
тер ұжымындағы моральдік статусы. Педа-
го ги калық бедел мұғалімнің осыған дейінгі 
алған моральдік-этикалық және психо ло гия-
лық-педагогикалық даярлығына және оны 
моральдық тұрғыдан үнемі жетілдіріп отыру-
ы мен байланысты. Оның деңгейі білімнің
зеректіктіктің, шеберліктің тереңдігімен және 
өз еңбегіне деген ерекше қатынасымен т.б. 
анықталады [1].
Мұғалімнің оқушысына тұлға ретіндегі 
құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп 
отырған адамды тыңдай білуі, оны түсіне 
білуі, ара-қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз 
ұстанымдылығы, сабырлылығы, адамдарға 
қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы – 
барлығы педагогикалық тәртіпке жатады.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне 
қойы латын талаптардың ішінде педагогикалық 
тәжірибенің даму барысында қалыптасқан 
жалпы адами мәдениет те бар. Бірақ педа го ги-
ка лық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің 
ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік 
үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені 
педагогтың іс-қимылын ешкім бақыламайды. 
Ол көбінесе өз қылығын өзі бағалайды, өзі 
түзетеді. Сол себепті мұғалімнің моральдік 
«барометрі» педагогикалық ұяты аса сезімтал 
және жоғары деңгейлі болуы шарт [2].
Педагогтың барынша толыққанды кәсіби-
этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігін тө-
мен дегі педагогикалық тәртіп сипаттарымен 
ұштастыра ұсынсақ:
- талапшылдық, жеке бастың қасиетін 
қорламау, түртпектей бермеуі;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, 


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет