Орындаған: Абдукадир м тобы: 7М1501-22 Қабылдаған



Дата05.10.2022
өлшемі154,79 Kb.
#41518
Байланысты:
Педагогикалық іс әрекет


Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Орындаған:
Абдукадир М
Тобы: 7М1501-22
Қабылдаған: Арзымбетова Ж
Жоспар:
1. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
3. Педагогикалық болжам жасаудың маңыздылығы
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады .
Қажеттілік – аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.
Мотив – қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп;әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды
Мақсат – күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.
Есеп – қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты 
Операция  берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.
Әрекет  іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік 
Педагогикалық іс-әрекет ұғымына түсінік .
Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие – бұл "адам-адам" қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар бірлестіктер т.б.) тарапынан болатын істер.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі.
Тәрбиеленушінің әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формаларының белсенді қабылдауы мен меңгеруі
Мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер ету.
Педагогикалық әрекеттестік келесі құрылым арқылы жүзеге асырылады:
Педагогикалық болжам жасаудың маңыздылығы Педагогикалық болжам жасаушылық педагогтың маңызды ұйымдастырушылық, гностикалық ( студенттермен өзара әрекет етудің құралдары, әдістерін іздеу) немесе коммуникативті функциялары сияқты әр педагогтың функциясы болып табылады.Әрекеттердің ойластырылуы, олардың реттілігі адамда жақсы қасиеттердің жобалануына, батыл да бай тұлғаның қалыптасуына бағытталды.1989ж. осы маңызды педагогика саланың дамуына бастама берген әйгілі педагог В.П.Беспальконың педагогикалық жобалау туралы жеке еңбегі шықты
Педагогикалық жүйелерді, процесс немес ситуаццияларды болжамдау - күрделі көпсатылы іс-әрекет. Бұл іс-әрекет субъектілерге және объектілерге тәуелсіз, бір-бірінен кейін болатын кезеңдермен жасалынады. Өзіміз көріп отырғандай болжам жасау педагогикалық процесте маңызды роль атқарады. Яғни, оқытушының қызметінің бірі де болжам жасай білу.
Педагогикалық болжам жасау жоспарланған іс-әрекеттің мүмкін нұсқаларын жасауға және оның нәтижелерін болжамдауға көмектеседі.Педагогикалық болжам жасаудың құрылымын: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуациялар анықтайды.Педагог үшін педагогикалық процесс болжам жасаудың басты объектісі болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді:
  • құрылымдық,
  • ұйымдастырушы,
  • коммуникативті.

  • Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда іскерліктер мен қабілет қажет.

Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда іскерліктер мен қабілет қажет.
Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:
құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),
құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),
құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау).
Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен
айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің
басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.
Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет