1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын зерттеуші ретіндегі орнын бағалаңыз



бет37/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

42. Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын зерттеуші ретіндегі орнын бағалаңыз
Абайтанудың алғашқы негізін де М.Әуезов жазған Абайдың ғылыми өмірбаянында жатқаны мәлім, Абай өмірбаянын ғылыми негізде жаза отырып М.Әуезов абайтану саласындағы бірнеше күрделі мәселелерді тұтастай қарастыруды бірден қолға алды. Себебі Абайдың жаңа типтегі ақын, қоғам қайраткері боп қалыптасқанын көрсету үшін, сол дәуірдің тарихи шындығын яғни жасаған әлеуметтік ортасы мен араласқан адамдарын, руларын, билік атаулары мен жер аттарын, ақын шығармалары нәр алған бұлақтарын, Абай мұрасындағы жаңа бағытты, Абай өлеңдерінің жазылу себептерін т.б. көптеген қосалқы мәселелерді қамту қажет еді. Бұларды тұтас қамту, дұрыс шешімін, бағыт-бағдарын табу - жазушыға зор даярлықты, қуатты шығармашылық ізденісті талап етті.
Абай өмірбаянын қалпына келтірудің басты әдісі – ауызша сұрау, тірі архив иелерінің естеліктерін жинау, жариялау. Ең бастысы Абай өлеңдеріндегі негізгі әлеуметтік сарындарға сүйену арқылы М.Әуезов көп шындықтың бетін ашады. Осы арқылы жазушы Абай мұрасының зерттелу жолына зор үлес қосты.
Абайдың ғылыми өмірбаяныны ойдағыдай жазып шығуы арқылы М.Әуезов келешекте абайтану саласында зор көлемде жүгізер зерттеу жұмыстары үшін табан тірер ғылыми негіздегі ірге тасын жасап алды. 1924 жылдың өзінде-ақ М.Әуезов Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын анықтап алуға ұмтылды. «Абай», Шолпан» журналындағы ақын жайлы пікірлері мен орыс Географиялық қоғамы Семей бөлімінің Абайға арналған салтанатты кешендегі «Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орыны» деген баяндамасы – осы әрекеттің айғағы.
М.Әуезов 30-жылдары Абай мұрасына әрқилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде, ақынның ұлылығын, қалдырған мұрасының аса құндылығын тани білді.
Ұлы Абайдың көзі тірісінде жарық көрмей қалған қымбат қазынасын жинастырып, баспаға әзірлеген, сонан соң оны ғылыми ыждағаттылықпен зерттеген М.Әуезовтің еңбегі оның Абай тақырыбына арналған көркем шығармашылық мұрасымен пара-пар еді.
Бұл бағыттағы М.Әуезовтің ең бірінші еңбегі – ақынның танымдық, мағлұматқа бай ғылыми және шығармашылық өмірбаянын жасап бергендігі. Сонау 1933 жылғы Абай жинағында жариялаған «Абайдың туысы мен өмірі» атты көлемді мақала мен сол томда ақын өлеңдеріне қосымша ретінде берілген түсінік кейін көлемді монографиялық зерттеуге ұласты.
Абайдың жалпы шығармашылық мұрасына арналған ғылыми еңбектердің ішіндегі ірісі – М.Әуезовтің осы монографиясы. Он тараудан тұратын бұл жұмыстың бастапқы үш тарауында абайтанудың ең алғашқы қадамдарынан бастап, елуінші жылдарға дейінгі бұл игілікті іске қосылған ірілі-ұсақты зерттеулер, сын мақалалар.
Жазушы кейінгі тарауларда Абайдың жастық шағындағы шығармалары бір жүйе, ал қаламгер ретінде қалыптасқан кезеңдегі туындылары жанр-жанр бойынша қарастырылады. Сол тараулардың ішіндегі маңыздысы - «Абай лирикасы» деп аталатын бесінші тарау.
Бұл тарауда М.Әуезов ақынның шығармашылық ғұмырының соңғы жиырма жылдан астам кезеңдегі өлеңдерін хронологиялық тәртіппен алып, оларға жан-жақты талдау жасайды. Тарауда өлеңнің шын мәніндегі лирикалық шағын түрлерін алғаш рет енгізген Абайдың жаңашылдық үрдістері сипатталады. Жазушы ақынның әр шығармада әр қырынан көрінген шыншыл реалистігін, суреткерлігін, қоғам өмірі мен адам мінезін бейнелеудегі сыншылдық бағдарын әрдайым ерекше мән бере атап көрсетеді,
М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ тарихи орны бар ұлы ақынның ғылыми өмірбаянын жазуды алғаш рет қолға алғанда осы бір үлкен жауапкершілікті ұғына білді. Жазушы қолға түскен беймәлім деректердің ғылыми тұрғыдан сырын ашып, оларды Абай атқарған ақындық-қоғамдық қызметіне сәйкестендіріп беруге күш салды. Абай өмірбаянын сан рет өзгерте жазып, уақыт өткен сайын дәуір талабына сай толассыз іздену, соны деректер көзін еселеп табу арқылы оны жаңғыртып, өсіріп, тереңдетіп отырған. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы Абай өмірбаяны жөнінде деректерді, сұрыптау жолында «Абай жолына» аса қажетті көл-көсір тарихи деректер көзінің ірге тасын қалады.
Абай шығармашылығын зерттеудің кейбір маңызды проблемаларын өзі тікелей қарастыруға мүмкіндігі болмаған тұстарда, оларды мәселе қою түрінде әдеби жұртшылықтың талқысына салып, бұл бағыттағы жемісті жұмыстың жөн-жобасын, әдістемелік принциптерін анықтап берген еңбектері және бар. Олардың ішінен, мәселен, «Абай жайын зерттеушілерге», «Абай мұрасы жайында», «Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеудің маңызды мәселелері» сияқты мақалаларын атап өтуге болады.
Сонымен қатар М.Әуезов айқындап берген абайтанудың сегіз түрі тақырыптық зерттеу аясында құнды еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай өмірбаянына қатысты Б.Байғалиевтің «Абай өмірі – мұрағат деректерінде» монографиясы, Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М.Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» монографиясы, «Абай және Шығыс монографиясы, Қ.Салғариннің «Тереңге тартқан тамырлар» зерттеуі, С.Оразалиевтің «Абай және Дауани», Ғ.Есимовтің «Хакім Абай», А.Машановтың «Әл Фараби және Абай», Ж.Ысмағұловтың «Абайдың ақындық тағылымы», М.Бекбосыновтың Абайдың библиографиялық көрсеткіштері (1965, 1988, 1995), М.Әліпханның «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» т.б. зерттеушілердің зерттеулері жазылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет