Байланысты: 1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із
36. Абайдың «Интернатта оқып жүр» өлеңін талдаңыз. Абайдың осы кезеңде яғни 1886 жылы жазған "Интернатта оқып жүр" өлеңінің өзегінде шынайы тарихи шындық жатыр.Өлеңде әлеуметін терең таныған ақынның өз қоғамының оқығандарына деген сыни көзқарасы жан-жақты тереңнен ашылған.XIX ғасырдың екінші жартысында өзінің отаршылдық саясатын одан ары жүзеге асыру үшін Ресей империясы жергілікті ұлт өкілдерінен тілмәш-аудармашылар мен ұсақ патшалық шенеуніктер даярлайтын мектеп ашқаны белгілі.Оларды қазына есебінен интернатта жатқызып,оқытқаны да рас.Абайдың "Интернатта оқып жүр" өлеңі сол алғашқы орыс оқуында оқып жүрген қазақ балаларына арналады.
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы,-деп басталатын өліңінде Абай ,"шариғаты шала"білімсіз де тоғышар қазақ оқығандарының орыстың тілі мен жазуын біліп,"прощение-арыз" жазуға ғана шамасы жететін шала оқуын:
Прощение жазуға
Тырысар келсе шамасы,-деп әжуалай мысқылдайды.Шариғаты да,оқуы да,білімі де шала оқушыларды:
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой.
Я тілмәш,я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,-деп қатты сынаған ақын,оқуды қызмет үшін оқыма,Салтыков,Толстой секілді ойшылдардың еңбегін оқып біл,солардан үйрен,халқыңа пана бол,еліңе пайдаң тисін,сол үшін оқы,-дейді.
Абайдың "Интернатта оқып жүр"өлеңінде алғашқы қазақ оқығандарының жиынтық бейнесі шынайы тұрғыда әдемі суретелген.Көмекке зәру халқы мен еліне жаны ашымас безбүйрекке айналған олар,мансапқор әрі құлқынның құлы ынсапсыз.Өлеңді оқып болған соң,қазақ оқығандарының адамгершілік тұрғысынан осыншама құлдырауына олардың ғылымнан хабарсыз білімсіздігі себепкер,-деген түйінді ойға оқушы еріксіз байлам жасайды.Абайдың данышпандығы сонда,ол-адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің барлығының бастауында білімсіздік тұр деген астарлы ойды ақындық түйсікпен ғажайып түрде бейнелеп жеткізген.
Қазақ оқығандарының бойындағы жағымсыз қасиеттерді санамалап көрсеткен Абайдың "Интернатта оқып жүр"өлеңінің жазылған уақытынан бері тура 133 жыл уақыт өтіпті.Содан бері қазақ оқығандарының бойындағы Абай сынаған жаман қасиеттерден не өзгерді?Ешнәрсе де!