51. Ақынның философиялық лирикасын талдап қорытыңыз. Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.
«Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмей ме? Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дұйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей...» Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: «Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл ащы шындықта айрықша мағына бар. «Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін ернектеп, одан шаруа-жайға көшіп, іле мүнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де, одан алған өзінің ақындық әсерін, азаматтық пікірін қорытады.
«Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ ұзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып». Бұл - Абай заманындағы типтік көрініс: түндей қараңғы, қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұңы, арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі. Таңның атысы, күннің батысы аяғы сайға тимей, ұйқысыз да күлкісіз, бай малының соңында сабылып өзі жүрсе, азынаған қырық қүрау қараша үйде ең болмаса жылынар отыны да жоқ, құныса бұрісіп, жыртық шекпенін жама пәйелі отыр. Бұл-бір көрініс: кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай. Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елестете: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі...», — дейді де, әлгісіне қайта оралып: «Қай жерінде кедейдіңтұрсын күйі? Қара қцдан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» - деп, тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып, теңсіздік сырын баяндайды. «Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқанайналасы...» Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы... Бұл - бір көрініс. Жә, енді кедей баласы, әлгі жыртық лашықтағы жарлы-жақыбай ата-ананың жалғыз Ұлы не күйде? «Бай ұлына жалшы Ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы». Жалшыдан туған күнәсіз сәби бала дажалшы. Байға әке-шешесі қызмет етсе, бай баласына бұл да тәуелді халде... Бәрінен бүрын, дәл осы шындықты, дәлірек айтқанда, теңсіздікті Абайдың тура тауып, тануы керегендік қана емес, кемеңгерлік болатын. Оның үстіне, өзі танып қана тынбай, өмірді өнерге көшіріп, өзгеге танытуы - өзінен бұрын көп адамның қолынан келе бермеген шыншылдық.
Абай өзі суреттеп отырған өмір шындығынан көрінген кедейдің ауыр тұрмысына оқырманның аяныш сезімін туғызып, өзі де іштей сол жағында болады. Тілегі ауып, мейірімі тұсіп тұрады. Бірақ қайткенде кедейдің халі жақсарып, жеке басына теңдік тиеді? Осы жолда жөн таппай көп түйткілдейді. «Байда мейір, жалшыда бейілдежоқ, Андыстырған екеуін, құдайым-ай!..»- деп, не істеудің бабын таба алмай, тіпті ыза да болады. Ақыр аяғында белгілі бір жөн жолға тұсе алмай, бұлыға-бұлыға келіп, бай мен жарлыны алдына қатар келтіріп алады да: «Алса да аяншақтау кедей сорлы, Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны. Жас бала, кемпір-шалынтентіретпей, Бір қыс сақта, тас болма, сен де о құрлы» - деп, тамаша саяси лирикасының аяғын жай ғана салқын қалпымен, оларды өзара ымыраластыру ниетінде бітіреді.
Абай өз заманындағы әлеуметтік өмірдің ең бір көзек күттірмес күрделі, түйінді мәселелеріне жауап іздеп, өзін қоршаған қүбылыстарды, жалпы ел тұрмысын терең зерттеп, өзіңдік ой таразысына сала талдап, өз пікірін айтпақ болды. Бұл ретте орыс революци- яшыл-демократтарының идеялары және орыстың классик. әдебиетінің сыншыл реалистік бағыты Абайдың әлеуметтік көз қарастарындағы ағартушы-де- мократтық бағыгын қалыптастыруға, философиялық көзқарасындағы кейбір материалистік белгілерді жинақ- тауға үлкен себепші болды. Осының нәтижесінде Абай, сөзжоқ, қазақелініңәлеуметтік өміріндегі алуан түрлі қайшылықтарды көрді. Халық басына тұскен зауалды - екі жақты қанауды әшкереледі. Бірақ халықтың осы ауыр тұрмыстан қалай құтылу.турмедей қапас өмірді қалай өзгерту жолын көрсете ал- мады. Міне, осыған байланысты Абай байға да, кедейге де жай ғана ақыл, басу айтып, ымыраға мегзеумен тынады. Абайдың дүниетанымындағы жұртқа мәлім тарихи шектелудің бір көрінісі осы болыптабылады. Бірақ Абай халықты қараңғылықтан, қапас өмірден қалай қүтқару жолын таппаса да, қоғамдық құрылыстың қалайша өзгеретіндігін аңғараалмасада, елдіңертеңінесенді. Оғанөзінің: «Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шелмек...»,- деген түйінді сөзі дәлел.
Ақыңдығының алғашқы көзеңінде, Абайдың орыс классиктерімен етене жақын емес көзінде жазған махаббат тақырыбындағы өлендері - теңеу, тіл жағынан да, махаббат-достық мәселесін сөзініп, үғыну жағынанда қазақ ауыз әдебиетінің бұрынғы көне үлгісіңде жазылған шығармалар. «Айттым сәлем, калам қас...», «Қиыстырып мақтайсыз...», «Қактаған ақ күмістей кең мандайлы...» т. б. өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, осы жайды аңғарамыз.
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа үқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура тұскен қырлы мұрын,
Ақша жүз ал қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды...» Осында не бар? Мұңда Абайдың ақындық шеберлігімен біздің көз алдымызға, өз сөзімен айтқанда, «қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» бір сұлу пайда болады. Бар сән-салтанатымен, мінсіз көркімен көзалдымыздатұр. Бірақ бары сол ғана. Мұның өзі түрлі-тұсті бояумен келістіріп салған жансыз сурет сияқты: үнсіз, тілсіз... Сұлу бір жалтетіп көрінді де, көлеңкедей қатып тұрып қалды... Қысқасы, ақынның бұл айшығы толық қанды адам образына айнала қоймаған. Адамның ішкі сыры мен сезіміне терең бойламай, сырт бедерін ғана қызықтап, статикалық портретпен тынған. Бұған қарап, әрине, өлеңнің поэзиялық қуатына нүқсан келтіруге болмайды. Ұлы ақынның бұл шығармасы да өз дәуірінің өлең сөздерінен озық, алда, биікте тұр. Біз жоғарыдағы сынды осыдан кейінірек туған тамаша сырлы лирикасын көріп, білгендіктен ғана айта аламыз. Бұл өлендеріңдегі бізге сырттай ғана таныс сұлуды кейінгі өлендеріңдегі бізге бар сыр-сынымен түгел танылып, мәлім болған адам образдарымен салыстырамыз. Сонда ғана әлгідей болып шығады. Осы айтылғандардың Абай шығармаларынан біздің көзімізге түсуі заңды, себебі бұл өлеңді жазған көздегі Абайдың образды ойлау машығының өзі осы сипатта, эстетикалық таным-талғамының өзі осы дәрежеде болатын.
Ал оның А.С.ПушкинменМ.Ю.Лермонтовты оқып-үйренген, үлгі алған тұстағы қалам сілтеуі әлгіден әлдеқайда өзге: «Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден үрланып, Өзді-өзі керегі...»- Мұнда адамның сырт құбылысының өзінен-ақ сөзім толқындары тулап керініп түр. Бұл арада ақын да бағанағыдай ауыз әдебиетінің үлгісінде жалаңсылдырата бермей, адам жанының нәзік иірімдеріне тереңірек барып, өзгеше бір суреткерлік мәдениет танытады. Бұл тұста Абай ұлы ақындардан үлгі, ернек алып, соны өзінше қүбылтып, өзгеше жағдайда жұмсап және өз оқушысына ұғымды, қонымды етіп бере білді. Ендігі қыз да, жігітте алғашқыдай құрсыртқы портрет, жалаң сурет емес, кәдімгі адам. Оларға енді ақын жан бітірген. Оларда енді қимыл, әрекет бар, сөйлейді, сыр шертеді. Енді біз олардың сыртын керіп қана құр таңырқамаймыз, ішкі психолиялық жайларын бірге аңғарамыз. Осылардың бәрі Абайдың ақын ретінде есу-ербуі болса, лириканың бұл саласында аңғарылатын Абайдың махаббат мәселесіне эстетикалық көзқарасы қандай? Абай, әрине, эстетикалық трактат жазып,теориялық қисын калыптастырған адам емес. Оның сұлулыққа көзқарасы да өлеңдерінен көрініп, белгі беріп отырады. Абай да сұлулықты қиялдан емес, өмірден іздеді. Ескі сағат-сана, әдет-ғүрыпқа, әртүрлі алдамшы ұғымға байланысты қиялдағы «періштеден», «хор қызы- нан» сұлулық тапқан жоқ. «Әзірет Әлі айдаһарсыз» сөз айтып, «алтын иек, сары ала қызды» қоя түрып:
«Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,
Аспаңда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде, сірә, сеңдей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,