1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз



бет2/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық Бозбастық,
Адастық,
– деуі үлкен ілімнің есігі­нен сығалап, жылдам жапқан білімге құмар шәкірттің сөзі десе болғандай. Жауап­кершілігіне ерте түскен елдегі тірлік ілімі жолынан бұрып әкетіп, өмірдің мектебіне ауысады. Оның өкініші жоғарыдағы жырда қалса керек.
Демек, бұл діни мектептер Абай үшін жабылған болатын. Сол кезеңдерде Семей­ге жақын жердегісі Қаратаудағы Қарнақ, Түркістан, одан әрі Бұқара мен Ташкентте исламның үздік оқу орындары дәуірлеп тұрса да, орыс жайлап, өз заңдарын енгізген Абайдың өмір сүр­ген уақытында Арқада бұл ілімді қол­даушылар да ізденушілер де сирек бол­ды. Оның басты себебі патшаның дін-білім беру саласына қатысты қазақ дала­сындағы үлкен өзгерістері еді.
шәкірт Абайдың алғашқы ақындық, шығыс өлеңі мәнеріне жазған жолдары туралы қысқаша айта кетелік.
Олар – «Йузи раушан», «Физули Шәмси» және «Әліп-би» өлеңі.
«Иузи – раушан, көзі гәуһар
Лағилдек бет үші әхмар,
Тамағы қардан әм биһтар
Қашың құдрәт қол шиғә,
Өзәң гузәллаәра раһбар,
Сәңә ғашиқ болып кәмтар,
Сүләйман, Яшмит, Искәндәр
Ала алмас барша мүлкигә.
Мүбадә олса ол бір кәз,
Тамаша қылса йузмә-йуз
Кетіп қуат, йұмылып көз,
Бойың сал-сал бола нигә?»
Ұлы ақынның 1864 жылы он тоғыз жа­сында жазған өсиет, үгіт сарынды діни біліміне негізделген өлеңі алғаш рет 1933 жылғы ақын шығармаларының толық жинағында жарияланған. Осы өлең төңірегінде М. Әуезов: «Абайдың жария­ланбаған материалдары» жинағын­да мынадай үзінді келтіреді:
«Әліп би» мен «Иузи Раушан» айыр­машылығы «Иузи Раушанда» жер үстінде көретін махаббат емес, сопылық сарында жазылған, «Әліп биде» сырт үлгісін сақ­тай отырып, әсерленген түрді алады. Мұнда адамның сезімінің шындығы басым емес, ақыл басым сияқты. Оны өлеңің аяғында көреміз».
Әилиф би деп ай жүзіңе ғибрат еттім,
Би – бала й дәртіңе нисбәт еттім.
Ти – тілімнен шығарып түрлі әблат,
Си – сәнай мәдхыңа хұрмәт еттім.
Ләм, ләбіңнен ем қылсаң мен дерттіге,
Мем, меһіріңнен қалмас ед бар апатым.
Нон, нала ғып қайғыңмен күйдірдің көп,
Уау, уайлана ғишқында уайым жеп...
Я, ярым, қалай болар жауап сөзің,
Мәт-қасың, тәштит-кірпік, сәкін-кө­зің.
Бір қарағанда бұл жырларда біз көр­гіміз келген шығыстың шынары бірден бай­қалмайды да. Бірақ бұл жырлар не­нің әсерімен, кімдерге еліктеп жазыл­ды? «Ға­шықтық» шоғы жүрегінде жалын­дағанда ақын қанша жаста еді, алған білімі, жаттап оқыған жырлары қандай еді?» деген сұрақ­тарды түгендегенде ғана шығыс ша­йыр­ларының ізіне адас­пай түсеміз. Ең бас­тысы, «ғашықтық» шайыр­лар тілінде бір жаратушыға деген ықылас-пейілін біл­діретінін есте сақ­тағанымыз абзал. Өкі­ніш­ке қарай, сопылар тіліндегі бұл сөз­дердің мағы­насын бүгінгі күні ғана біліп отыр­мыз. Шайырлар тіліндегі «биіктік, ас­қар бел» деп аталатын сөздердің астарынан «ұстаз» ұғымын да кеш түcінгенімізді айту қа­жет. Егер Абайдың алғашқы мектептері мен ондағы басымдық берген сопылық мәде­ниетті қатар қарастырғанда Абай туын­дыларының жүрек қазынасы ашылады.
Абай шығармаларын 1882 жылғы өлеңдерден, мысалы: "қан сонарда" өлеңінен бастап қана тану керек дейді. Бұлай болғанда, Абайды 37 жасынан ғана, бір-ақ күнде ақындықты, пайғамбарлық дарығандай, ағыл-тегіл бір-ақ бастады деуіміз керек. Жолдас Нұрышов өз аузымен: "Абай алғашқы кезде ақындықты ойлаған жоқ" дейді. Екінші - "Абайдың жас шағында жазғаны" дегенді күдікке алғанда, үш түрлі дәлел айтады. Әуел бұлар 1909 жылда басылған жинақта жоқ. Екінші - "Мүрсейіттің қолжазбасында жоқ және "Абайдың архивінен табылған өлеңдер емес"- дейді.
"Абыралыға", "Сап-сап, көңілім", "Тайға міндік", "Жарқ етпес" өлеңдерінің жылдары белгісіз. Олардың жылы белгісіз болғанда, 1865 жыл мен 1870 жылдың қайсысы екені бізге күдікті болғандықтан солай қойылған. Ал ол жастық дәуірінің, 20-25 арасының өлеңі екенін шындап ойланып оқыған дұрыс ойлы оқушы өзі де айыра алады. Мысалы, жылы белгісіз өлеңдер қатарына біз Әбдірахманның өліміне арналған төрт өлеңді де қостық. Әбдірахман 1985 жылы өлген. Абай сол жылы да көп өлең шығарып, кейін де бірнеше жыл бойында арманда кеткен сүйікті ұлын есіне түсіріп, өлеңдер жазып жүрген. Сондықтан бұл өлеңдер 1896, 1897, 1898 жылдарда да жазылуға мүмкін болғандықтан, дәл жылын білмегендіктен, "жылы белгісіз" өлеңдер қатарына қойдық.
Сап,сап,көңілім,сап көңілім!
Сабыр түбі- сары алтын.
Сабыр қылсын жайыңды,
Білер ме екен бекзатым?
«әлі-ақ өзің танасың, өртенесің,жанасың,
Бірақ атайтыны бір ауыз экспромат қалжың - "Шәріпке" деген өлең. Ол - мысқыл өлең. Шәріптің күйеуі Түндікбай Абайға жасы құрбы адам. Соған, әрине, қалжың айтқанда, сыпайы түрде айтпай, өткір мысқыл, тапқыр теңеу келтірсе де, Абай тұрпайы түрде, натуралистік дәрежеде айтады. Бірақ сол қалжыңның өзі де, аңдасаңыз, күшті ақын айтарлық қалжың өлең деп білеміз.
Жолдас Нұрышов күдіктенген Абай жастығына қимайтын өлеңнің енді бірі "Абыралыға" деген өлең болса, бұл аса қызық шығарма. Мұнда Абай Абыралыны мазақ етем деп мұсылманның намазын, намазда айтатын дұғалығын қылжақ мазақ қып отыр. Қира атын оқытып Көріп едім, шатылды. Құржаң-құржаң етеді, Жер ұшық берген кісідей Тоңқаңдай ма, не етеді? - деп, намаз оқып тұрған Абыралыны бар қимыл - қозғалысымен бір мазақтап өтеді де, енді дұғалықты сықақ қылады: Еннаттайына кәл кәусар, Пошол дереу күнәкәр, Аяғын ойлап айтқаны, Әні-шәні күләптар. Осында "пошол дереу" деп орыс сөзін қосып, құран аятына араластыра мысқылдап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет