1. Абай өлеңдері мен қарасөздерінң тақырыптық ерекшелігі, жалпы мазмұны Абай өлең жазуды 10 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған »



бет6/8
Дата07.11.2022
өлшемі43,18 Kb.
#48158
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 межелік бақылау бойынша жауаптар

тоқырау кезеңі. Бұл кезең отызыншы жылдардың аяғы, қырқыншы жылдардың басынан бастап елiмiздiң тәуелсiздiк алуына дейiн, яғни 1991 жылға дейiн созылды. Ол саяси қыспақтың әлсiреп, не болмаса күшейгенiне байланысты толқымалы болды. Абайды «ұлы ақын» деп бағалаған таным өзгермей сақталып, ал ойшылдығы шет қағылған ахуал қалыптасты. Бұл Абай ұлылығын толық тануға мүмкіндік бермейтін тоқырау кезеңі еді. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында «Абайтану» деген бөлім ашылды. Кеңес дәуiрiнде, 1985 жылға дейiн, абайтану саласында жиырма төрт докторлық және кандидаттық диссертация қорғалған екен. Бұлар, негiзiнен, Абайдың ақындығын, сөз өнерiн зерттеген филологиялық бағыттағы жұмыстар. Әрине, Абайдың ойшылдығына көңiл аударған К.Бейсенбиев, Ә.Жиреншин, С.Мұқанов, Н.Смирнова, М.Сильченко, Т.Тәжiбаев тәрiздi зерттеушiлердiң iрiлi-кiшiлi бiрсыпыра жұмыстары болды. Бiрақ оларға заманның тар арнасы ойшылдың рухани дүниесiн толық ашып, өзіндік бағасын беруге мүмкiндiк бермедi. Дегенмен, осының өзi, бұл тоқырау кезеңі үшiн, ұлы ақынды мүлде ұмыттырмау жолындағы жеңiс едi. Сөйтiп, Абайдың хакiмдiк тағылымы шоғырланған қарасөздерiн философтар емес, әдебиетшiлер зерттеді. Оның өзiнде елуiншi жылдардың бас кезiнде ғана филолог ғалым Ханғали Сүйiншалиевтiң «Абайдың қарасөздерi» атты монографиясында көрiнiс тапты. Ол, әрине, негiзгi назарды қарасөздердiң идеясына емес, әдебиетшi ретiнде олардың текстологиясына, түр, стиль, тiл ерекшелiктерiне аударды. Бұл кезеңде Абай мектебiнде заманымыздың заңғар жазушысы, әдебиетшi ғалым, академик Мұхтар Әуезовтiң орны бөлек болды. Оның «Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы» атты монография жазып, оны бiрнеше рет өңдеуден өткiзгенi, Абай өмiрiне сүйене отырып «Абай жолы» атты эпопеясын жазғаны көпшiлiкке белгiлi. Бiрақ Абай үшiн күресу жолында ол үнемi қудалануда болды. М.Әуезов Абайға шығыс мәдениетiнiң әсерiн, суфизмнiң әсерiн көрсеткенi, мұсылман әлемiнде Абайдың жаңашыл, реформист болуға жақындағанын, Абайдың өзiн орыс ақындарынан кем санамағанын көрсеткенi үшiн сынға алынды. Абайдың рухани дүниесiне тереңдеп енуге саяси жағдай мүмкiндiк бермегендiктен, бұл кезеңде ойшыл мұрасы тек қана жалпы өркениеттiк және гуманистiк деңгейде бағаланып, оның ағартушылық, немесе демократиялық пікірлеріне көңiл аударатын шығармалар басым болды. Абай мектебiнде осы бағытта Х.Әдiлгереев, Т.Әлiмқұлов, К.Бейсембиев, Е.Ермеков, Ә.Қоңыратбаев тәрiздi бiрсыпыра зерттеушiлер еңбек еттi. 
Дегенмен уақыт өткен сайын саяси қыспақ әлсiреп, Абай мұрасының деңгейi қоғамдағы қалыптасқан ой-пiкiрден әлдеқайда жоғары екенi көптеген ғалымдардың көкейіне қона бастады. Сондықтан Абайдың дүниетанымын басқа қырынан талдауға ұмтылған бiрсыпыра еңбектер де пайда болды. Бұлардың қатарында Ж.Әбдильдин, Қ.Әбiшев, С.Ақатай, М.Бурабаев, Ғ.Барлыбаева, Ә.Нысанбаев, Қ.Нұрланова, М.Орынбеков, Ғ.Есім және басқа философ ғалымдарды атауға болады. Жалпы алғанда, бұл кезеңде Абай дүниетанымына тереңдеп енуге мүмкiндiк болмаса да, халқымыздың өнер-бiлiм жетiстiктерiне қол жеткiзген iрi-iрi тұлғалары әрдайым Абай өнерi деңгейiмен бағаланып отырды. Бұл олардың шығармашылық биiгiне ылғи да Абай биiгiнен қарап, жетiлу жолдарын болжап отыруға мүмкiндiк бердi. Төртiншi, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет